Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 08:04, лекция
Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озат үлгілерімен деңгейлес тұрғаны білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абайдың маңдай алды ақын болып үздік шығуы, алдына жан салмауы, әрине, оп-оңай өзінен-өзі бола қалған нәрсе емес. Ұлы ақынды заман туғызады. Абай халықтың мүддесін, тілек-талаптарын терең түсініп, ез шығармаларына өмір шындығын арқау етті. Қоғам өміріндегі аса маңызды мәселелерді терең толғап, заман ағымын, ел жайын шебер бейнелеп айтқан қазақ ақындары аз болған жоқ. Солардың бәрінен Абайдың асып-түсіп тұрғаны оның шығармаларынан көрінетін өмір шындығы аса терең болғандықтан. Абай - қазақтың жаңа реалистік жазбаша поэзиясының, әдебиетінің негізін салды. Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы
1 Абай - керемет суреткер ақын
2 Жыршы-ақындар поэзиясы
3 Абай поэзиясы
4 Абайдың өз шығармашылық тұлғасы
5 Сұлтанмахмұт
6 Сұлтанмахмұттың «Кедей» поэмасы
7 Мағжан поэзиясы
8 «Жастық туралы» өлең
9 Пайдаланған әдебиет
Дәстүр және жаңашылдық
Мазмұны[жасыру]
|
Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озат үлгілерімен деңгейлес тұрғаны білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абайдың маңдай алды ақын болып үздік шығуы, алдына жан салмауы, әрине, оп-оңай өзінен-өзі бола қалған нәрсе емес. Ұлы ақынды заман туғызады. Абай халықтың мүддесін, тілек-талаптарын терең түсініп, ез шығармаларына өмір шындығын арқау етті. Қоғам өміріндегі аса маңызды мәселелерді терең толғап, заман ағымын, ел жайын шебер бейнелеп айтқан қазақ ақындары аз болған жоқ. Солардың бәрінен Абайдың асып-түсіп тұрғаны оның шығармаларынан көрінетін өмір шындығы аса терең болғандықтан. Абай - қазақтың жаңа реалистік жазбаша поэзиясының, әдебиетінің негізін салды. Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы. Ол - керемет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері. Сонымен бірге біз Абайды ойшыл ақын дейміз. Мұны алдымен өмір құбылыстарын терең толғап айту жағы басым келетін өлеңдеріне қатысты айтсақ, сонымен қатар өмір, адам тағдыры, дүние, заман ағымы жайлы пікірлері, дүниетанымы көбірек көрінетін өлеңдеріне қатысты, яғни ойшыл-философ ақын деген мағынада айтамыз. Қай ақын болсын халық даналығынан сусындайды, сөз байлығы, өнерпаздық үлгісінен үйреніп нәрленеді. Абайдың дәстүрлерін сөз етпей тұрып, оның езінен бұрынғы поэзиялық өнеге-үлгілерге табан тірегенін атап айту керек. Абайдың жаңашылдығын айту үшін, оны бұрынғы ақындардан алшақтатып әкету, тіпті, оларға қарама-қарсы қою дұрыс емес. Мұның өзі біздің әдебиеттануымыздағы орын алып келген бұрынғыны жете бағаламаудың, ол аз болса мүлде жоққа шығарудың бір көрінісі еді.
Абайға дейін
бірнеше ғасырлық тарихи әдебиет
болғанын, ол негізінен ауыз әдебиеті дәстүрлерін
өрнектеген, авторлары бар, индивидуалдық
сипатты қазақ поэзиясы болғанын мойындай
отырып, 15 ғ-дан бастап 19 ғ-дың ортасына
дейінгі ұзақ әдеби - тарихи дәуірді, әдеби
процесті жырау, жыршы, ақындар поэзиясы,
қысқартып айтқанда, жыршы-ақындар поэзиясы
деп атау дұрыс. Өйткені жаңа реалистік
жазба әдебиеті 19 ғ-дың ортасыңда қалыптасып
дами бастады дегенді оның арғы жағы, түп
тамыры, қайнар бұлағы тек фольклор мағынасындағы
ауыз әдебиеті еді деп түсінуге болмайды.
15-17 ғ., әсіресе, 18-19 ғ-да жүздеген қазақ
ақындарының шығармалары ауызша шығарылып,
ауызша тарағанмен, авторы, шығарушысы
белгілі және сол автордың өзіндік жеке
тұлғасы, қолтаңбасы, стилі айқын танылады.
Сондықтан бұл - жалпы халықтық шығармашылығы
ұғылатын фольклордан мүлде басқаша, өзінің
өзгеше сапасы, сипаты, қалпы бар, тарихи
өсу-өзгеру кезеңдері бар әдебиет. Оны
ауызша поэзияның дәстүрімен жалғас, тығыз
байланысты десек те, әдебиет деп қарауымыз
керек, қазақ әдебиеті тарихында аса бір
үлкен, арналы, бұл бірнеше ғасыр бойы
созылып келген әдеби процесс. Осы тарихи-әдеби
процестің бас жағында тұрған Шалкиіз, Доспамбет секі
Алдында бірнеше
ғасыр бойы кеңінен қанат жайып
өркендеген жырау, жыршы ақындар
поэзиясы болмаса, тамыры тереңде жатқан халық
ауыз әдебиеті болмаса, Абай поэзиясы
шырқау биікке көтеріле алмас еді. Мәселе
Абайдың белгілі бір ақындардың өнерін,
шеберлігін қалай бағалауында, қаншалықты
мойындағанында емес. Әдебиетте мүлде
жаңа өріс іздеп, өзгеше өрнектер табуға
ұмтылған жаңашыл ақын алдындағы кейбір
атақты сөз зергерлерін сынай сөйлесе,
оның жөні бөлек. Абайдың шығармашылық
өнерінің арнасы кең, ақын сусындаған
бұлақтары мол екені үнемі айтылып келеді.
Алайда, атап, анықтап айтатын нәрсе - Абай
поэзиясының негізгі тірегі, қайнар көзі,
ана сүтіндей нәрлендірген арнасы - халық
поэзиясы, қазақтың ақындық енері, Абай
поэзиясы қазақ топырағында өсіп-өнді.
Шығыс, орыс, Европа әдебиеттерінің ықпалы
да мол болғаны талассыз. Абай шығармашылығының
қоғамдық, танымдық, көркемдік-эстетикалық
мәнін толық түсіну үшін оның әдебиетте
орнықтырған бейнелеу әдіс-тәсілдері,
дәстүрлері, үлгі-өнегесі қалай жалғастық
тапқанын арнайы қарастырып, тексеру қажет.
Ақын тұлғасы қаншалықты ірі болса, ықпалы
да соншалықты зор болатыны, айналасына
түсетін жарығы да мол болатыны анық. Абайды
ұлы ізашар ақын деп қарағанда оның шығармашылық
дәстүрлерін дамытып жалғастырған ізбасар
ақындар деп, қазақ поэзиясының бір туар
аса көрнекті қайраткерлерінен Шәкәрім, Сұлт
Абайдың өз шығармашылық
тұлғасы жан-жақты. Ондай әрі ойшыл,
әрі сыршыл лирик, әрі суреткер, әр
қырлы дарын иесі болған кесек тұлғалы ақын
сирек кездеседі. Жаңа реалистік жазба
әдебиетінің негізін салған, ұлттық сөз
өнеріміздегі жаңа дәстүрді бастаушы
болған ақын тұлғасы осындай жан-жақты
болуы да тегін емес. Сонда оған ілесе
шыққан аса көрнекті ақындардың - Шәкәрім,
Сұлтанмахмұт, Мағжан, А. Байтұрсынов пен
М. Дулатовтың қайсысы болсын алдындағы
ізашар ақынның дәстүрлерін өз шығармашылық
өнерінің өзгешелік сипатына сәйкес өзінше
жалғастырғаны заңды құбылыс болып шығады.
Біз Шәкәрімді Абайдың оқу-білім, ғылымды,
адал еңбекті, талаптылықты, адамгершілікті
уағыздау өнегесін, пәлсапашыл ойшылдығын
өзінше өрістеткен ақын десек, Сұлтанмахмұтты,
әсіресе, әлеуметтік өмірдің қайшылықтарын,
өз заманының шындығын нақтылы түрде,
үлкен сыншылдықпен ашып көрсетуі жағынан
Абай дәстүрлерін дамытуда өзіндік тың,
жаңа өріс тапқан дей аламыз. Ал Мағжан
ол теңдесі жоқ лирик ақын ретінде Абайдың
өз көңіл-күйін және адамның жан дүниесін,
ішкі сезімін суреттеудегі дәстүрлерін
езінің сыршылдық шеберлігіне тірек етіп,
өзінше жалғастырған. Байтұрсынов Абайға
қоғам өмірінің бірталай маңызды мәселелері
жайлы толғана айтуы және мысалшылығы
жағынан, ал Дулатов, әсіресе, сөз енерін
халықтың санасын оятудың, қоғам көшін
алға бастаудың бірден-бір күшті құралы
деп санаған ағартушылық өнегесі жағынан
үндес. Және Ахмет те, Міржақып та Абай
бастаған ағартушылық, демократиялық
идеяларды жаңа заманның тілек-талаптарымен
терең ұштастыра алған. 20-ғ-дың бас кезіндегі
қазақ әдебиетінде ағартушылық, демократиялық
идеялар қоғам өміріндегі ілгерішіл ізденістерге
орай кең еріс алғандықтан, Абай дәстүрін
жалғастырушылар тобы да молая тусті.
Абайдың өнерпаздық өнегесі жаңа дәуірде
әр қырынан өркендеп, жан-жақты жалғастық
тапқанын айту үшін біз ең ірі әдебиет
қайраткерлерін ғана айтып отырмыз. Және Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Ма
«Абұйыр,
атақ сол жанда,
Кімді кеп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?
Кеп тәңірі атқан мақтай ма,
Ол тәңірі атқан болмаса.
Жоқты-барды шатпай ма,
Көптің езі оңбаса.
Мақтау - жел сөз, жанға қас,
Қошеметшіл шығарған.
Бір мақтаса боқтамас Ел табылса, құмарлан...»
«Не іздейсің, көңілім, не іздейсің...» дейтін елеңінде осыны айтса, «Әсемпаз болма әрнеге...» дейтін елеңінде былай дейді:
«Пайданы
керсең бас ұрып,
Мақтаңды іздеп, қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйге алма...»
Мақтан қуу, ішінде қулық сақтап айтылған мақтау сезге сенгіштік - сағым қуып босқа алдану екенін ақын анық аңдатады. Ғақлия сөздерінде де Абай мақтау жайында сез қозғап, мақтаныш сезімі мен мақтаншақтықты ажырата білу қажеттігін ескертеді. Мақтау, мақтанудың жағымды жағымен қатар жағымсыз жағы да бар екенін ашып көрсетіп, бұл мәселе хақында қазақ әдебиетінде терең пікір айтқан Абай болды. Осыған үндес, жалғас өткір пікірлерді Шәкәрім ақынның өлеңінен табамыз:
«Дос
мақтайды сені жақсы кермек үшін,
Дұспан мақтар елірте бермек үшін,
Есептемей есірік елін мақтар,
көп нені айтса, соны айтып ермек үшін,
Бұл үш мақтау бере ме саған
пайда,
Мақтаулыны білерлік адам қайда?
Өзіңнен ілгерілер
сүйсінерлік Жол тап тағы, ақылды
солай айда. Кейде дос та жамаңдар
жоқ нәрсе үшін, Дұшпан сөгер сыртыңнан
қайрап тісін. Өнері жоқ өсекшіл
ел жамандар Өтірік пе, рас па, кермей
ішін...» Мақтау шын көңілден тап басып
тауып айтылса ғана пайдалы, орнымен айтылса,
сөгіп, сынаудың езі де ой саларлық, ал
басқадай білместікпен де айламен айтылған
мақтау болса - елірмеу, даттау болса -
елемеу қажет дегендей ой түйеді ақын.
Шәкәрім Абайға пәлсапашылдыққа бой ұруы
жағынан жақындайтынын байқаймыз. Абайдың
«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес...» - деп
басталатын елеңіне назар салсақ, осы
«адам өлмес» дегеннің езі қандай мағынада
айтылған екен деген сауал ойға оралады.
«Адам өлмес» деп кесіп айтқан Абай ойын
қалай жалғастырады, соған тоқталайық:
«Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес,
«Мені» мен «менікі»-нің айрылғанын «Әлді»
деп ат қойыпты өңкей білмес...»
Дәл осы өлеңінде «мен» және «менікі»
деген ұғымдарды Абай ажыратып, дәлірек
айқындамайды. Келесі шумақта: «Көп адам
дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып аяғын көп шалдырған...»
деп келіп, алғашқы ойын енді тікелей жалғастырғандай:
«Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...»
- дейді.Бұл орайда «адам өлмес» дегенінің
мағынасы өзі өлсе де, сөзі өлмес, кейінгіге
сөзі, айтқан ойы қалады деген пікірге
саяды. Абайдың бұл пікірі бір жағынан
халық даналығын танытатын сөз үлгілерімен
де жанасып жатыр. Бұхар жыраудың нақыл
сөз үлгісінде келетін: «Өлмегенде не
өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Әкімнің хаты өлмейді...»
-деген сөзін еске алсақ та болар. Мағыналы
сөз өлмейді дегенді ақындар ез шығармаларына
қатысты да айтады. Мен кетермін, сөз қалар,
Ақ қағазға басылып. Боз балалар қолға
алар, Әр ауылға шашылып...» - дейді Шәкәрім
ақын. Мәселе, ақынның кейбір басқалар
да айтқан, айтатын пікірді қай қырынан
келіп, өзі қаншалықты терең мән беріп
айтуында екені талассыз. Осы жағынан
келгенде елең сөздің әлеум. мәнін жаңаша
танып, жоғары бағалаған Абайдың «өлмейтұғын
артына сез қалдырған» дегенді аса зор,
жаңа мағына беріп айтқаны айқын. Ал «Кек
тұман алдыңдағы келер заман» атты өлеңінде
Абай «мен» және «менікі» деген ұғымдарды
дәлірек айқындай түседі: «Ақыл мен жан
- мен өзім, тән - менікі, «Мені» мен «менікі»-нің
мағынасы екі «Мен» өлмекке тағдыр жоқ
әуел бастан, «Менікі» өлсе, өлсін, оған
бекі. Сөйтіп, адамның тәні өлсе де, ақыл
мен жаны өлмейді деген тұжырым айтылады.
Осы адамның тәні қалып, жаны о дүниеге
ауысады деу діни ұғыммен сабақтас дейміз
бе? Келесі шумақтағы: «Әділеттік, арлылық,
махаббатпен Үш жолдасың қабірден әрі
еткенде... - деуіне қарағанда адамның адамгершілік
қасиеттері жанымен бірге болатын сияқты.
Жоғарыда келтірілген «өлмейтұғын артына
сез қалдырған» дегенді еске алсақ, Абай
адамның ақыл-ойы кейінгі ұрпақтарға қалады
деп санайтынын аңғарамыз. Адамның жаны
өлмейді деген пікірді шығыс философтары,
мысалы, Әбу-Насыр
Әл-Фараби да айтқан. Ол наданның емес,
адал ниетті, білімдар адамның жаны өлмейді
дейді. Мұны адамның ақыл-ойы кейінгіге
қалады, солардың санасында сақталады
деген мағынада түсінсек, мұндай пікірді
Л. Фейербах секілді ғалымдар да айтқан.
Қалай десек те, Абайдың «адам өлмес» дей
отырып толғайтын пікірі әлдеқалай айтыла
салған нәрсе емес, өмір мен елім, адам
тағдыры, келешек, мәңгілік туралы терең
толғанудан туған тұжырым. Ерекше көңілге
қонарлық нәрсе - Абай жоғарыда аталған
«Көк тұман алдыңдағы келер заман» деген
елеңінде «Менікі» өлсе өлсін, оған бекі...»
- дей отырып, өмірдің мағынасын адамгершілік
идеясымен ұштастырып ашып беруге ұмтылады:
«Мазлұмға
жаның ашып, ішің күйсін,
Қарекет қыл, пайдасы кепке тисін.
Кептің қамын әуелден тәңірі
ойлаған,
Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін.
Ғаділет пен махаббат - көп азығы,
Қайда көрсең, болып бақ соған көмек.
Көпке қызмет қылу, әділеттілік, рақымдылық,жапа шеккен адамды аяу - міне, осыларды Абай нағыз адамгершілік қасиет деп санайды. Осы айтылған мәселе Шәкәрімді де кеп толғандырған:
«Талайдан
ой бар менде:
Бар әлемді жаратқан не?
Жоғала ма жан өлгенде,
Түзу істер іс қалай?
Ей, жастар, қалай дейсің бүл дүние?
Мұны бүйтіп жаратқан қандай нәрсе?
Білімсіз мақсатсыздықтан шыққан болса,
Мақсат, білім, ой шықты мұнан неге?..»
Осындай сауалдарға беретін жауаптарынан ойшылдыққа бой ұру ғана емес, сонымен қатар ақындық сезімінің әсерлілігі, бейнелеп айту шеберлігі де жақсы аңғарылады:
«Күн
батып, ай, жұлдыздың айналуы -
Шынында дөңгеленген жер жүрісі-ау.
Күн жауды, көз шағылды назағайдан,
Судан от жаратылып шыққаны анау.
Күн нұрын, жер жүрісін, көлеңкені
Жарық уақыт, қараңғы деп атаймыз.
Жоқ болса ыстық, жарық, қараңғылық,
Біздің мүмкін бе еді барлығымыз?..»
Шәкәрім дүниенің, табиғаттың кереметтігі, керексіз бір тозаңы жоқ болып жасалған кемелдігі жаратушының шексіз қуаттылығын танытады дейді.
«Себебі
толымдының ісі толық,
Ең түпкі жаратушы - мінсіз ие.
Күш, білім, шеберлікті іс білгізер,
Есті, мінсіз шебердің ісі емес пе?..»
О дүниеде адамның
адал, арамдығы сыналатын «бір тексеру
болмай қоймас» деген ойын ақын адамгершілік
мақсат тұрғысынан дәлелдеуге тырысады.
«Егер құдай барлығы анық болса,
Тең болмас ақ жүрек пен сұм залалкес...»
дей келіп: «Жоқ, шырағым, жанымыз жоғалмайды,
Осы өмірдің азығы - осы ұждан...»
-деп тұжырымдайды. Сонымен қатар жан деген
ұғымды Шәкәрім кең мағынада алып түсіндіреді:
«Жарылыс
басы - қозғалыс,
Қозғауға керек қолғабыс.
Жан де мейлің, бір мән де,
Сол қуатпен бол таныс.
Әлемді сол мән жаратқан.
Қозғаған қуат жан дейміз,
Жан есті жаннан сан дейміз.
Сол жандар әсер берген соң,
Жаралды сансыз тән дейміз.
Жанына қарай тән солар...»
Ал енді Сұлтанмахмұтты алсақ, оның әлем-дүние, өмірдің мағынасы, адам тағдыры туралы ой толғауы да көбінесе әлеум. көзқарас тұрғысынан келеді. Ол бірде:
«Қандай
мән бұл адамның өмірінде?
Дәм татқызар өмір үміт не көңіліңде?
Туысында еріксіз жердің құрты,
Және еріксіз аһ ұрып сенуіңде...»