Дәстүр және жаңашылдық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 08:04, лекция

Описание

Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озат үлгілерімен деңгейлес тұрғаны білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абайдың маңдай алды ақын болып үздік шығуы, алдына жан салмауы, әрине, оп-оңай өзінен-өзі бола қалған нәрсе емес. Ұлы ақынды заман туғызады. Абай халықтың мүддесін, тілек-талаптарын терең түсініп, ез шығармаларына өмір шындығын арқау етті. Қоғам өміріндегі аса маңызды мәселелерді терең толғап, заман ағымын, ел жайын шебер бейнелеп айтқан қазақ ақындары аз болған жоқ. Солардың бәрінен Абайдың асып-түсіп тұрғаны оның шығармаларынан көрінетін өмір шындығы аса терең болғандықтан. Абай - қазақтың жаңа реалистік жазбаша поэзиясының, әдебиетінің негізін салды. Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы

Содержание

1 Абай - керемет суреткер ақын
2 Жыршы-ақындар поэзиясы
3 Абай поэзиясы
4 Абайдың өз шығармашылық тұлғасы
5 Сұлтанмахмұт
6 Сұлтанмахмұттың «Кедей» поэмасы
7 Мағжан поэзиясы
8 «Жастық туралы» өлең
9 Пайдаланған әдебиет

Работа состоит из  1 файл

адебиет теориясы Microsoft Word.doc

— 154.00 Кб (Скачать документ)

«Оюын ойып, Орындап қойып, 
Түр балғаңдай өрнекке. 
Қиыннан қиып, Қиырдан жиып, 
Қарап сөзді термекке, 
Еңбекке егіз тіл мен жақ, 
Ерінбесең, сөйлеп бақ. 
Именіп кептен, 
Сақтық қып еппен, 
Тасалама ойыңды! 
Ашынса етің, 
Ашылмақ бетің, 
Тірі көмбей бойыңды. 
Жүрегіңнің жарасын 
Көрсет жұртқа, қарасын...»

Одан әрі ақынның  ел жайын, халық тағдырын толғайтын  сөздерінен Абайдың «Сегіз аяғымен» сарындастықты да, жаңа дәуірдің шындығын ашып көрсетуге ұмтылғандықты да кере аламыз. «Емшегін еміп, Анаға сеніп,

Бала  ұйықтайды жастықпен. 
Қымызға қанып, 
Қызарып жанып, 
Бай ұйықтайды мастықпен. 
Шалап ішкен кедей мас. 
Мына жұрттың түрі оңбас. 
Қазағым, елім, 
Қайқайып белің, 
Сынуға тұр таянып. 
Талауда малың, 
Қамауда жаның, 
Аш кезіңді оянып! 
Қанған жоқ па елі ұйқың, 
Ұйықтайтын бар не сиқың?!»

Мазмұнына қарай  мұнда елеңнің ырғақ-интонациясы  икемділігіне, құбылмалы еркіндігіне  қоса салмақты, байсалды сезіледі. «Сегіз аяқ» Абайдың ең таңдаулы поэзиялық  туындысы болатыны - онда ақынның шеберлігіне тән ойшылдық, нәзік сыршылдық, керемет суреткерлік - бәрі ұштасып келеді. Ой-толғанысқа толы елеңнің мазмұнына сай кең тынысты өлшемнің иірімі мол, еркін өзгеріп отыратын, серпінді, ширақ ырғағы, интонациялық әуезділігі айқын көрініс тапқан. Шәкәрімнің кемеліне келістіріп жасаған Абайдың осы сез үлгісін қайталамай, бұл өлшемді басқа қырынан алып, молырақ қолдануы да тегін болмаса керек. Абаймен тура бетпе-бет келіп, бой өлшеу қандай ақынға болса да оңайға түспейтіні анық. Ал Шәкәрімнің өлең ернегін түрлендіріп, өзінше қолдану жағынан озық ақын екенін дәлелдеп жату артық. Абай дәстүрлерін жалғастырған, өрістеткен ақындар қатарында арнайы сез қылған Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Мағжан, А. Байтұрсынов пен М. Дулатов - әдебиеттегі ірі тұлғалар. Әрқайсысы - ез бағыты, өз стилі бар, қазақ әдебиетіне үлкен жаңалық әкелген қайраткер. Бұлармен қатар, не бұларға ілесе шыққан ақын, жазушылар да аз емес екенін ескерсек, Абайдан кейінгі қазақ әдебиетінде ұлы ақынның ағартушылық, адамгершілік, демократиялық идеялары, өмірді көркемдеп бейнелеу әдіс-тәсілдері жан-жақты жалғастық тауып, батыл шығармашылық ізденістерге тіреу болғаны айқындала түседі. Жоғарыда айтқанымыздай, Абай дәстүрлерін игеру мәселесі 20 ғ-дың бас кезімен шектелмейді, одан кейінгі кезеңдермен, қазіргі әдеби процеспен де ұласып жатыр. [1]

Пайдаланған әдебиет


  1. ↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

Информация о работе Дәстүр және жаңашылдық