Дәстүр және жаңашылдық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 08:04, лекция

Описание

Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озат үлгілерімен деңгейлес тұрғаны білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абайдың маңдай алды ақын болып үздік шығуы, алдына жан салмауы, әрине, оп-оңай өзінен-өзі бола қалған нәрсе емес. Ұлы ақынды заман туғызады. Абай халықтың мүддесін, тілек-талаптарын терең түсініп, ез шығармаларына өмір шындығын арқау етті. Қоғам өміріндегі аса маңызды мәселелерді терең толғап, заман ағымын, ел жайын шебер бейнелеп айтқан қазақ ақындары аз болған жоқ. Солардың бәрінен Абайдың асып-түсіп тұрғаны оның шығармаларынан көрінетін өмір шындығы аса терең болғандықтан. Абай - қазақтың жаңа реалистік жазбаша поэзиясының, әдебиетінің негізін салды. Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы

Содержание

1 Абай - керемет суреткер ақын
2 Жыршы-ақындар поэзиясы
3 Абай поэзиясы
4 Абайдың өз шығармашылық тұлғасы
5 Сұлтанмахмұт
6 Сұлтанмахмұттың «Кедей» поэмасы
7 Мағжан поэзиясы
8 «Жастық туралы» өлең
9 Пайдаланған әдебиет

Работа состоит из  1 файл

адебиет теориясы Microsoft Word.doc

— 154.00 Кб (Скачать документ)

-десе, тағы бірде:

«Дүниенің дөңгелегі айналады, 
Кім үстіңде гөлайттап жиналады. 
Кім астыңда езілер саз балшықтай, 
Білмейтін түбі неге айналады. 
Үстегіде не қасиет, астағы да 
Не жаздық деп еріксіз ойланады. 
Үстегі сындырмаған шептің басын, 
Соңда да тамағы тоқ, киімі асыл, 
Жасаулы, зинеттеулі палатада 
Қызметкер дайын қылар керек асын, 
Он жыл қызмет бір кедей қылып таппас 
Қондырған бір жүзікке асыл тасын. 
Бір кедей жылдық тамақ етер еді 
Өңдеген бояуына бет пен қасын...»

Сұлтанмахмұт ой сонылығына, сездің қарапайымдылығы мен терең мағыналылығына айрықша мән беріп, бұл бағытта Абай өнегесін жақсы жалғастырады. Абай өз заманын, өткен ғасырдағы қоғамдық құрылысқа сын кезімен қарап, «жеп жүр ғой біреуінің біреуі етін» деп сипаттайды. «Ойлы адамға қызық бүл жалғанда. 
Көбінің сырты бүтін, іші түтін...» 
-дейді. Сұлтанмахмұт Абайдың осы дәстүрін берік ұстайды. Ақын өткен дәуірді, қанаушылар үстемдік еткен, әділдіктің жоқтығы «адамды сорлы қылған» заманды суреттегенде «бақытсыздық дүние толған, нақақ қан, нақақ көз жас дария болған» деген секілді сипаттауларды қолданады. Ақын сол заманды, сол кездегі өмірді бірнеше көркем бейнелі айқындаулар арқылы айрықша ұтымды етіп көрсете алған.

«Дүние - алдау екен, алдасуда, 
Өз обалым өзіме қалсам кейін, 
Дүние - жеу, жегізу майданы екен, 
Жеңе алсам жеймін демей мен не дейін. 
Әділдік болады деп тоса берсем, 
Өзімді жеп қоятын оған дейін. 
Байып алып, біреуді мен де жекпей, 
Неге өгіз боп оларға жегілейін?!»

Осылай етіп Сұлтанмахмұт дүниені, айналасындағы  өмірді біреудің біреу түбіне жетіп тынатын «жеу, жегізу майданы» деп сипаттап, дүние, заман сияқты ұғым мен сол ортада өмір кешкен жеке адам тағдырын қатар алып айтып отыр. Бірақ, байып алып, басқаны жегу әркімге тиетін үлес емес екенін де ақын жақсы түсінеді. Және ол осыны мұрат етіп отырған жоқ. Тек заманның, ортаның, әділетсіздік, зорлық-зомбылық бел алған қоғамның адамның ой-санасына қандай әсер ететінін ғана айтып отыр. Мұны біз ақын тағы бір тұста дүниені, заманды және жеке адамды қарама-қарсы қойып сипаттағанда әсіресе анық байқаймыз. «Жан иесі жегелі бірін-бірі Өлмеу үшін аузын ашқан заман. 
Дүние - өзен, ағысын кім тоқтатар, Ағып кете баратын мен бір салам...» 
Қанаушылар үстемдік еткен қоғамда қарапайым халықтың хәлі қаншалықты аянышты екенін будан айқын, әсерлі етіп айту қиын-ақ болар. Абай үстем тап өкілдерін қатты шенеп, сықақ етіп, әшкерелеп береді. Мысалы, ол дін адамдарын:

«Кітапты  молда теріс оқыр, 
Дағарадай боп сәлдесі. 
Малқұмар көнілі бек соқыр, 
Бүркіттен кем бе жем жесі?..»

-деп суреттейтіні  белгілі. Осындағы көркем сипаттама, теңеу, салыстырулардың бәрі молданың жексұрын, жиіркенішті ұсқынын барынша айқындап көрсетуге қызмет етіп тур. Сұлтанмахмұт бұл жағынан да Абайды өзіне үлгі тұтқан. Адамның кескін-кейпін, әрекетін бейнелеудегі ақынның ұсталығы бірлі-екілі белгі-сипат арқылы-ақ оның тұлғасын өзіндік құлық-мінез өзгешелігімен тұтас әкеп кезге елестете білуден әсіресе айқын көрінеді. «Мынау терде ишандар, 
Аузы-басы кисаңдар. 
Ат, тоныңмен жұтады, 
Аузына егер сисандар...» 
Осындағы Сұлтанмахмұттың дін адамдарын суреттеуіндегі ұтымдылық - алдымен ақын олардың бет-жүзіндегі бір ғана қозғалыс - белгіні алып, сол арқылы есте қаларлықтай көрнекті бейнесін жасап береді. Одан арғы сипаттауы сырт құрылысына қарасақ, әсірелеп айту секілді. Дүниеқор ишандар аузы кісі ат, тонымен сияр лық үлкен болып көз алдымызға сәт елес бергендей болса да, осы сөздердің ауыспалы мағына беретіні айқын аңғарылады. Күші жетсе, қолынан келсе, барыңды жалмап-жұтып қоюға дайын нысапсыз, жемқор дегенді әдетте осылай айта беретінін түсіну қиынға соқпайды. Олай болса, осы сөздердің нақтылы мазмұн-мағынасында иненің жасуындай да артықтық, асырып айтушылық жоқ. Қалайда оқушыны елең еткізетін бірден-бір типтік сипат - белгі болып шыққан. Абайдың жас қыз бен оны мал беріп, еркіне қоймай алмақшы болған кәрі шалдың бейнесін бір-біріне қарама-қарсы қойып, шендестіру тәсілімен өте әсерлі суреттегенін білеміз. «Біреуі - көк балдырған, бірі - қурай, 
Бір жерге қосыла ма қыс пенен жаз...» 
Жайнаған көк балдырған қыздың балама бейнесі болса, жапырағы жоқ сидиған қурай - шалдың балама бейнесі. Көркем символ ретінде жаз бен қыстың алғашқысы балғын қыздың үлбіреген нәзіктігі, сүйкімділігі секілді сипаттарын елестетсе, соңғысы зорлықшыл шалдың мейірімсіз қаталдығын тұспалдап аңғарта алады. Қызды айтқанда Абай «ет жүрек», «жас жүрек» сияқты сипаттамаларды алса, метонимия тәсілімен «қартайған қу сүйек» деп бейнелейді.

Сұлтанмахмұттың «Кедей» поэмасы


Сұлтанмахмұт  «Кедей» поэмасында «жексұрын шал» мен оған малға сатылып, еріксіз  қосақталған жас қызды суреттегенде шендестіру, қарама-қарсы келтіріп сипаттау тәсілін үлкен шеберлікпен қолданады. «Жастық қызу шөлдеткен жас ерінге Кек мұртты кепкен ерін тұрды-ау тиіп. Кәрі қол талдай нәзік белді қысып, Үлбіреген жас тәнді зорлап, кұшып, Қуарған, кепкен тәнін жылытпақшы, Сәулесі қара кездің нұрын ішіп, Сәбидің білегіңдей торғын тамақ, Тікенектей көк сақал соны қадап...» Міне, мұнда балғын жас сұлу мен шалды үнемі бір-біріне қарсы қойып, салыстыра бейнелеп отыр. Қыздың кескін-келбетін, сипатын танытатын сипат-белгілер - «жас ерін», «нәзік бел», «үлбіреген жас тән», «сәбидің білегіндей торғын тамақ» деген секілді болып келсе, шалдың сиқын - «кепкен ерін», «кәрі қол», «қуарған, кепкен тән», «тікенектей көк сақал» деген сияқты сипаттамалар арқылы байқатады. Сұлтанмахмұт - әрине, ақындық тұлғасы мүлде басқаша, тек қана өзіне тән дарыны бар суреткер. Сөз бұл жерде әдеби дәстүр жалғастығы туралы ғана. Сұлтанмахмұттың кейде Абайша толғап, өмір құбылыстарын Абайша бейнелеп көрсеткен кездері бар, бірақ ол ұлы ақынның сөз үлгісін құр қайталау емес, суреттеу тәсіліндегі кейбір ұқсастықтар ғана. Халық өмірі, бүгінгісі мен кешегі туралы ойланып, тебіренгенде Мағжан да езі «алтын хакім» деп атап, айрықша ардақтаған Абай үлгісінен алыстамай, ашынып, ащы сын пікірлер айтудан тайынбайды.

«Сорлы қазақ жаны алқымға тығылып, 
Қара күн кеп, тіккен туы жығылып, 
Алға баспай барлық ісі кер кетіп, 
Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп...»

-деп күңіренген  ақын, тығырыққа тығылған елге  шығатын жол сілтемек ниетпен  қала салсақ, мектеп пен медреселер  көп болса дей келіп: «Жиылмай өнерге аяқ баса алмаспыз, 
Нық сіңген надандықтан қаша алмаспыз...» 
-деп түйіндейді.

Мағжан поэзиясы


Жетті енді қам  жер мезгіл, жапа бекер, Ойламау келешекті  түпке жетер, -деп жұртты жігерлендіруге ұмтылады. Әрине, түгелдей алғанда Мағжан поэзиясында қоғамдық мәселелерді қозғау, талдап-баяндаудан нәзік сыршылдық басым жатыр. Мағжанның сыршылдығы - сезім тереңдігінен туатын ешбір жасандылығы жоқ, нығыз лирикалық сыршылдық. Өмірден алынған сезім-әсерлермен нәрленген, көркем қиялмен қанаттанған сыршылдық. Сезім қуаттылығына, нәзіктігіне орай тілінің, әр сөзінің келісті көркем болуы да ақынның суреткерлік шеберлігінің басты сипаты. Бұл жағынан алғанда Мағжан қазақ поэзиясында өзінше тың өрнек тапқан, үздік шыққан ақын. Мағжан ақындығының осы өзгеше қасиетін, оның сирек кездесетін сыршылдық дарынын жете түсінген, жоғары бағалаған адамның бірі - Жүсіпбек Аймауытов болды. Ол «Мағжан сыршылдығымен, суретшілдігімен, сезге еркіндігімен, тапқырлығымен күшті, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңцы зарымен күшті», - деп дәл тауып айтқан. Мағжанның осындай сыршылдығы Абайға да жат емес десек, мәселе, әрине, нақтылы шығармаларды салыстырып, тікелей ұқсастық табуда емес. Абайдың көңі күйі лирикасына, немесе табиғат лирикасына жататын өлеңдерінде сыршылдық сарыны айқын көрінеді. Алайда, тұтастай алғанда Абайдың таза сыршыл болып көрінетін тұсы көбінесе ақындық дарынының бір қыры ғана болса, Мағжанда сыршылдық, сезім нәзіктігі үнемі басым келеді. Сондықтан Мағжан Абай дәстүрлерін негізінен сыршылдық лирика саласында өрістеткен дей отырып, оның поэзиясындағы енерпаздық өзгешелігіне көбірек назар аударған дұрыс дейміз. Және ақынның жеке пікірлерін, сөздерін бағалағанда, соның қай жерде, қандай контексте, қалай айтылғанын да ескеру қажет. Мағжанның, мысалы, өмірдің етуі, адам тағдыры жайлы мынадай сөздерін еске алайық:

«Өмір - көпір, от үстінде салынған, 
Діңгектері зәндем отқа малынған. 
Қорқу білме, аяқтарың таймасын, 
Ойнап қана ет, шарпу керме жалыннан. 
Өмір - өзен, сылқ-сылқ күлер, 
сылдырар, Қайда ағады, 
оның жөнін кім сұрар? 
Аққан сумен біз де ағармыз, кетерміз, 
Ағынға ермей, жағасында кім тұрар?..»

Осыны жас сұлуға сыр ашқандай ғып айтып отырғаны, ертең, ер жеткенде «кеп уланған, кеп  сүйген», «кеп жылаған, көп күлген ақын ағам болып еді дегейсің» деп наз қылып, яғни езінің жылы сезімге беріліп, толқыған көңіл күйіне орай айтып отырғанын ойдан шығармаған жөн. Өмірдің келеңсіз, көлеңкелі жағы бар десе, оны «сұм өмірдің күлін керме, гүлін көр» деген түйінді ойына сабақтастыра айтып отыр. Ал «Қорқыт» атты дастанындағы:

«Ақын - жел, есер, гулер жүйрік желдей, 
Ақын - от, лаулап жанар аспанға ерлей, 
Қиялы, жан жүрегі - ойнаған от, 
Ақынды аласұртар тыныштық бермей...»

Деген сөздерді Қорқыт жолын қуып, мұрагері болғандай  кейінгі ақындардың жинақтап алынған бейнесін сипаттаған деуге болады. Сонымен бірге бүл сездер ажалдан қашып құтылу ниетімен дүниенің төрт бұрышын шарлаған Қорқыт бейнесін көтермелеу үшін шабыт үстінде айтылғаны да айқын емес пе? Ендеше: «Өмірде арманым жоқ Қорқытқа ерсем, Қорқыттай жанды жаспен жуа білсем. Жас төгіп, сұм өмірде зарлап-сарнап, Құшақтап қобызымды керге кірсем...» -дегенді де Мағжан елім күйін шерткен екен деп сыңаржақ пікір түймей, алдымен «атасы ақындардың ақын Қорқыт» деп, соны қастерлеу үшін әдемі әсірелеп, әсерлі етіп айтылған деп ұққан дұрыс. Мағжанның махаббат лирикасында да өз ойлау, сөйлеу ерекшелігі, әсем сыршылдығы, жастық жалын шарпуы айқын байқалатын сезім нәзіктігін жеткізудегі өз қолтаңбасы тайға таңба басқандай анық. Салыстырып қарасақ, Сұлтанмахмұттың жалындап тұрған кезіңде шығарған өлеңдерінде де махаббат сезіміне беріліп, елжіреп, елтігендей күй байқалмайды. Мұны ақын дарынының өзгешелігі, ішкі сырын ақтарып тастамайтын, тартына сөйлейтін әдеті дейміз бе, тіпті: «Қарадың неге, жан қалқам, Күйдірейін дедің бе?.. Көлеңкеңді керейін, Құрбандықта өлейін...» - деп толқығандай болғанның өзінде: «Осындай сүю көрмесең, Қатын алма өмірде...» -деп, аяғын әзілге айналдырады. . Тағы бір өлеңінде: «Сәулешім» деген бір сезің Есімнен кетпес өмірде. 
Серт қылдым берік мен езім Өшпестей жазып көңілге...» 
- деп ынтықтығын білдірсе де, ойын сезімге жеңдірмей:

«Топас  күш - тасқын, біз - жаңқа, 
Сең соқса достар айрылар. 
Бар қайғым осы, жан қалқа, 
Топанды күш жоқ қайырар...» -

деп іркіле сөйлейді. Мағжанның «Өткен күн» атты өлеңінде Абайдың «Жаз» («Жаздыкүн шілде болғанда...») деген өлеңіне сөзбе-сөз жақын, үндес келетін тұсы бар. Мағжан халықтың бірнеше ғасырды қамтыған тарихына көз салып, Қасым мен Есімнің ескі билік өнегесін, Хақ Назар мен Абылай ханды, Қабанбай мен Бөгенбай батырларды, Қаз дауысты Қазыбекті, палуан Жәнібекті, Шөже, Орынбай, Жанақ, Біржан, Наурызбай секілді жыршы, ақын, әнші өнерпаздарды еске алады. Ал, еткендегі қазақ ауылының нақтылы суретін көзге елестетпек болғанда Абай елеңіне сүйенеді:

«Шілдеде  самал ескенде, 
Жайлауға ауыл көшкенде, 
Ат - айғырға мінісіп, 
Қыз - бозбала жарысып, 
Тереңнен әзілдескенде... 
Бұрала басып былқылдап, 
Әзілдесіп, сыңқылдап, 
Жас келіншек, 
жас қыздар Кереге жайып, 
үй байлар Үйден-үйге жүрісіп...»

Абай өз өлеңінде ауыл өмірінің көркін сол кездің шындығы етіп бейнелесе, Мағжан өтіп кеткен дәуірдегі қазақтың «дәулеті мен сәулеті» айқын көрінетін суреттеме осы деп, жайлауға көшіп келіп қонып жатқан ауылды ұлы ақынға әдейі еліктеп сипаттаған. Әрине, ауыл өмірінің мұндай көрінісін Мағжанның бар үлгіні алдына ұстамай-ақ суреттеп бере алатыны ешбір талассыз. Сондықтан оның бүл жерде Абай өлеңін тірек еткені құр жайдан-жай еліктеу емес. Ол Мағжанның Абайды алдындағы ізашар ақын деп санағанының, өзіне үлгі тұтқанының белгісі дей аламыз. А. Байтұрсыновтың да Абай шығармашылығымен тақырыптық-идеялық үндестігі бір емес, бірталай аса маңызды қоғамдық мәселелерді толғауынан анық байқалады. Ақынның «Жұртыма» деген елеңіндегі: «Білмейсің жөнің менен терісіңді, Ел болып іс етпейсің келісімді. Жөн айтқан жұртшылыққа адам болса, Шығасың қолыңа алып керісіңді. Бытырап бет-бетіне жөнелгенде Кердік қой жайылатын өрісіңді. Келгенде езі-езіңе мықты-ақсыңдар, Қайтейін өзге десе көнгішіңді. Сықылды сынық бұтақ төмендесең, Кім жұлмас оңайдағы кемісіңді?! -деген сөздерді еске алсақ, Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...» атты өлеңімен негізгі пікірлері сабақтас келетінін керу қиынға соқпайды. Сондай-ақ, «Жиған-терген», «Жауға түскен жан сөзі» атты өлеңдері де ел жайын, халық тағдырын ойлап тебіренуі, сыншылдығы жағынан ақынның Абаймен сарындас келетінін аңдатады. Абайдың «Сегіз аяқ» («Алыстан сермеп...«) атты өлеңіндегі:

«Қайнайды қаның, Ашиды жаның 
Мінездерін көргенде. 
Жігерлен, сілкін, Қайраттан, беркін, 
Деп насихат бергенде, 
Ұятсыз, арсыз салтынан Қалғып кетер артынан...»

деген түйінді  жеке сарын ғана емес, ағартушы-ақынның  шығармашылығындағы үлкен бір тақырыптық-идеялық  арна десек, Байтұрсынов та, Дулатов  та ез шығармашылығының ең басты идеялық  нысанасы халықты ояту, оны өнер-ғылымға, еңбек етуге, прогресс жолымен алға басуға шақыру деп түсінді. «Оян, қазақ!» деп ұран тастаған Дулатов өз шығармаларында қоғам өмірінің бірталай мәселелерін, Абай дәстүрлерін жалғастыра отырып, жаңа заманның талабына сәйкес батыл қоя алды. Осы екі үздік шыққан енер иесін қатар қойып, айтып отырғанымыз, олардың ақындық тұлғасында ортақ сипат мол, сондықтан олардың Абаймен үндестігі де бір арнаға түсіп жатқандай көрінеді. Абайдың шығармашылығында желідей тартылған бірнеше басты тақырып - сарындар сабақтаса түйісіп келетін шығармасы «Сегіз аяқ» болса, соның қазақ поэзиясына тыңнан қосылған ернегі ізбасар ақындардың назарынан тыс қалған жоқ. Бүл тұста әсіресе Шәкәрім мен Ахмет айрықша тоқталып айтуға тұрарлық.

«Жастық туралы» өлең


«Жастық туралы»  өлеңінде Шәкәрім бұл өлең өрнегін жеңіл, ойнақы ырғақпен айтуға лайықтап келтірген:

«Гауһардай  көзі, Бұлбұлдай сөзі, 
Жаннан асқан бір пері. 
Жүзі бар айдай, 
Мінезі майда, 
Өзгеден артық сол жері. 
Дариядай ақыл мол еді, 
Жан ғашығым сол еді... 
Ұжмақтың хоры, 
Іздедім соны, 
Тал бойының кірі жоқ. 
Бойы бар сымдай, 
Белі бар қылдай. 
Мүшесінің міні жоқ. 
Қыз осыңдай болар ма? 
Оны сөккен оңар ма?

Өлең сұлу қызды  сипаттаудан басталады да, бозбаланың сол қызды алыстан ат сабылтып түнделетіп іздеп келіп, қазақы әдетпен  қасындағы жолдасын жіберіп, хабар алып, қыз жатқан үйге кіріп, құмардан шығып, таң ата қайтқанын баяндаумен тынады. Осындай мазмұнына өлеңнің ырғағы да сәйкес келіп, әлдеқандай бір әсерлі ойнақылық, құбылмалы ширақтық сипат танытады. Шәкәрімнің бұл өлең өрнегін «Кәрілік туралы» деген елеңінде қолдануы да осыған ұқсас. Ақын қартайған адамның күйкі хал-жағдайын әзіл араластыра, әжуалап бейнелегендіктен, мұнда да елең ырғағы жеңіл, ойнақы болып келеді:

«Қызусыз  тәнің, Сезімсіз жаның - 
Болады кәрілік белгісі. 
Оны да сезбей, 
Үмітін үзбей, 
Келмейді шалдың өлгісі. 
Алпыстан әрі бармандар, 
Байқамай шал боп қалмандар!..»

«Сегіз аяқ» өлшемі әр алуан интонация туғыза алатынын елеңнің мазмұнына орай осындай сипат алуы да мүмкін екенін Абай өзі жақсы білген. Оған: «Бұралып тұрып, Буыны құрып. Қисайта тартып мұрынын; Әсемсіп, сәнсіп, Білгенсіп, бәлсіп, Әр нәрсенің орынын. Керенау, кердең бір керім, Жақпайды маған сол жерің...» - деген бір шумақ өлең-ақ толық дәлел бола алады. Алайда Абай бұл өлең өрнегін осылайша қолдануды кеп қызықтамай, оның ырғақтық байлығын басқа қырларынан келіп ашуға көбірек көңіл аударған. Байтұрсыновтың «Жиған-терген» атты өлеңі Байтұрсынов «Сегіз аяқ» өлшемін қолданған «Жиған-терген» атты өлеңін Абайға бір жағынан еліктеп, бір жағынан жарыса жазғаны байқалады. Еліктегені елеңді Абайша бастағаннан-ақ бірден ап-айқын:

Информация о работе Дәстүр және жаңашылдық