Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 09:52, реферат
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын! Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Енді біліңіздер,
ей, перзенттер! Құдай тағаланың
жолы деген жол алла тағаланың
өзіндей ниһаятсыз болады. Оның ниһаятына
ешкім жетпейді. Бірақ сол жолға
жүруді өзіне шарт қылып кім қадам
басты, ол таза мұсылман, толық адам
делінеді. Дүниеде түпкі мақсатың
өз пайдаң болса - өзің ниһаятлысың, ол
жол құдайдың жолы емес. Ғаламнан жиылсын,
маған құйылсын, отырған орныма ағып
келе берсін деген ол не деген нысап?
Не түрлі болса да, я дүниеңнен,
я ақылыңнан, я малыңнан ғадаләт,
шапағат секілді біреулерге жақсылық
тигізбек мақсатың болса, ол жол - құданың
жолы. Ол ниһаятсыз жол, сол ниһаятсыз
жолға аяғыңды берік бастың, ниһаятсыз
құдаға тағырып хасил болып хас
езгу құлдарынан болмақ үміт бар, өзге
жолда не үміт бар? Кейбіреулердің бар
өнері, мақсаты киімін түзетпек, жүріс-тұрысын
түзетпек болады да, мұнысын өзіне
бар дәулет біледі. Бұл істерінің
бәрі өзін көрсетпек, өзін-өзі базарға
салып, бір ақылы көзіндегі
Құдай тағала дүниені кәмалатты шеберлікпен жаратқан һәм адам баласын өссін-өнсін деп жаратқан. Сол өсіп-өну жолындағы адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды - әуелі дос көбейтпек. Ол досын көбейтпектің табылмағы өзінің өзгелерге қолыңнан келгенінше достық мақамында болмақ. Кімге достығың болса, достық шақырады. Ең аяғы ешкімге қас сағынбастық һәм өзіне өзгешелік беремін деп, өзін тілмен я қылықпен артық көрсетпек мақсатынан аулақ болмақ.
Бұл өзін-өзі артық көрсетпек екі түрлі! Әуелгісі - әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жимақтық, бұл адамға нұр болады.
Екіншісі - өзін-өзі өзгешелікпен артық көрсетпек адамдықтың нұрын, гүлін бұзады.
Үшіншісі - қастық қылмақ, қор тұтпақ, кемітпек. Олар дұшпандық шақырады.
Һәм өзі өзгеше тұтатын демектің түбі - мақтан. Әрбір мақтан біреуден асамын деген күншілдік бітіреді де, күншілдік күншілдікті қозғайды. Бұл үш түрлі істің жоқтығы адамның көңіліне тыныштық береді. Әрбір көңіл тыныштығы көңілге талап салады.
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі - надандық, екіншісі - еріншектік, үшінші - залымдық деп білесің.
Надандық - білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды.
Білімсіздік хайуандық болады.
Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады.
Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады.
Бұлардың емі, халлақына
махаббат, халық ғаламға шапқат,
қайратты, тұрлаулы, ғадаләт ісінің
алды-артын байқарлық білімі, ғылымы
болсын... Ол білім, ғылымы құдаға мұқтәди
болсын. Ғылым әуелі ғалами ғылымға
мұқтәди болсын. Яғни құдай тағала
бұл ғаламды жаратты, ерінбеді, келісімменен,
хикметпенен кәмәлатты бір
Белгілі, құдай тағала ешбір нәрсені хикметсіз жаратпады, ешбір нәрсеге хикметсіз тәклиф қылмады. Бәрінің хикметі бар, бәрінің себебі бар, біздің ғауам былай тұрсын, ғылымға махаббаты барларға себеп, парыздарды білмекке ижтиһад ләзім, сіздер әрбір ғамал қылсаңыз ізгілік деп қыласыз, ізгілікке бола қасд етіп, ниет етесіз. Ниет оның парызынан хисап, пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәссәлламнің хадис шарифі «иннама-л-ағмал, бин-ниет» деген. Енді ниет еттіңіз таһарат алмаққа, намаз оқымаққа, ораза тұтпаққа, бұл тағаттарды ниетіңіз заһирынан қалыпсыз ғибадатқа жетпегендігі кемшілік емес пе? Сіздің батиныңыз таза болмағы әуелі иман болып, бұл заһир ғибадатыңыз иманды болған соң ғана, парыз болған, сіздің заһирыңыздағы ғибадат -батиныңыздағы иманның көлеңкесі, һәм сол иманның нұрланып тұрмағына көрік үшін бұйырылған. Оның үшін ғұламалар иман екеу емес, біреу, бірақ ізгі тағатпенен нұрланады, тағат жоқ болса, күңгірттенеді, бәлки, сөну хаупі де бар деген. Егер надандар ол ғибадаттың ішкі сырын ескермей қылса, соны қылып жүріп, иманы сөнер деген.
Менің хаупім бар,
олар хас осы ғибадат екен, құданың
бізге бұйырғаны, біз осыны қылсақ,
мұсылмандық кәміл болады деп
ойлайды. Ол ғибадат күзетшісі еді.
Жә, күзетші күзеткен нәрсенің амандығын
ойламай, бір ғана ояу тұрмағын қасд
қылса, ол не күзет? Күзеткен нәрсесі
қайда кетеді? Мақсат күзетілген нәрсенің
амандығы, тазалығы емес пе? Ей, ишараттан
хабарсыздар, қара! Бұл ғибадаттан бір
үлкені - намаз, ол намаздан әуелі таһарат
алмақ, онан соң намазға шұруғ
қылмақ, ол таһараттың алды истинжа
еді. Мұны бір берік ойлап тұр.
Аяғы екі аяққа мәсіхпенен бітуші
еді, бұлар һәммасы болмаса көбі
ишарат еді. Истинжада к...іңізді жуа-сыз,
сіздің к...іңіздің ешкімге керегі
жоқ еді. Онымен сезімді тазалыққа
иіргендігіңді кәміл ыхласыңды
көрсетіп, ішімнің сафлығының соңында
халық көрер, сыртымды да пәк етемін
һәм көзге көрінбейтін
Енді намаздың аты - салауат, дұға мағынасында деген:
Аяқта, мойында болған мәсхлар - ол жумақ емес, өздері де жуулы деп көрсеткен ишараты.
Намаздан әуелі құлақ қақтыңыз - егер алла тағаланы жоғарыда деп, мәкән исфат етпесең де, бегірек созу әдепсіз болып, күнә дариясына ғарық болдым, яғни дүние әуесіне ғарық қылмай қолымнан тарт, яғни құтыларлық жәрдемдерінің ишараты*.
Онан соң қиямда
тұрып қол бағламақ - құл қожа
алдында тұрмақ - бұқара патша алдында
тұрғаннан артық алланың
Қыбылаға қарамақ - әрине, құдай тағалаға ешбір орын мүмкін емес болса да, зиратын парыз еткен орынға жүзін қаратып, сондағы дұғадай қабылдыққа жақын болар ма екен деген ишараты.
Онан соң қира әт, яғни сураһи фатиха оқисың, мұнда бірақ сөз ұзарады. Ол фатиха сүресінің мағыналарында көп сыр бар.
Руқүғ бас ұрмақ - алдында құда хазірге ұқсас, ол да ишарат.
Сәжделер - әуелі жерден жаралғанына ықырары, екіншісі - және жерге қайтпағына ықырары, бас көтермек және тіріліп, сұрау бермегіне ықырарының ишараты.
Қағадат ул-ахир - дұғаның ақырында аллаға тахият, одан тәшәһһуд, одан салауат, пайғамбарымыз саллаллаһу ғалайһи уәссәлләмге айтпақ үшін ең ақырғы сәлемменен тауысасыз, яғни алла тағаладан не тілеп дұға қылдыңыз. Ол дұға қазинасы күллі мұсылмандарды ортақтастырып, оларға да сәләмәтшілік тілеп һәм рахмет тілеп бітіресіз.
Жә, бұл сөзден не ғибрәтлендік?
< Абайдың қара сөздері
Мында өту: шарлау, іздеу
Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз, әлгі екі ғана тәуір ісін біржола жоғалтып алдық. Осы күнгілер өзге мінезге осы өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай сол аталарымыздың екі ғана тәуір мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына кірер едік. Сол екі мінез жоқ болған соң, әлгі үйренген өнеріміздің бәрі де адамшылыққа ұқсамайды, шайтандыққа тартып барады. Жұрттықтан кетіп бара жатқанымыздың бір үлкен себебі сол көрінеді.
Ол екі мінезі
қайсы десең, әуелі - ол заманда ел
басы, топ басы деген кісілер болады
екен. Көш-қонды болса, дау-жанжалды
болса, билік соларда болады екен.
Өзге қара жұрт жақсы-жаман өздерінің
шаруасымен жүре береді екен. Ол ел басы
мен топ басылары калай қылса,
калай бітірсе, халықта оны сынамақ,
бірден бірге жүргізбек болмайды
екен. «Қой асығын қолыңа ал, қолайыңа
жақса, сақа қой», «Бас-басыңа би болса,
манар тауға сыймассың, басалқаңыз
бар болса, жанған отқа күймессің» деп
мақал айтып, тілеу қылып, екі
тізгін, бір шылбырды бердік саған,
берген соң, қайтып бұзылмақ түгіл, жетпегеніңді
жетілтемін деп, жамандығын жасырып, жақсылығын
асырамын деп тырысады екен. Оны
зор тұтып, әулие тұтып, онан соң
жақсылары да көп азбайды екен.
Бәрі өз бауыры, бәрі өз малы болған соң,
шыныменен жетесінде жоқ
Екінші мінезі - намысқорлық екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен. «Өзіне ар тұтқан жаттан зар тұтады» деп, «Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер» деп, «Ағайынның азары болса да, безері болмайды», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» десіп, «Жол қуған қазынаға жолығар, дау қуған пәлеге жолығар» десіп. Кәнеки, енді осы екі мінез қайда бар? Бұлар да арлылық, намыстылық, табандылықтан келеді. Бұлардан айырылдық. Ендігілердің достығы - пейіл емес, алдау, дұшпандығы - кейіс емес, не күндестік, не тыныш отыра алмағандық.
< Абайдың қара сөздері
Мында өту: шарлау, іздеу
Зинһар, сендерден бір сұрайын деп жүрген ісім бар.
Осы, біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай?
Қайраты қайтқан шал мен жастың бәрі бітім қылады, шалдар өзді-өзі көп құрбыдан айрылып азайып отырса да, біріменен бірінің бітім қылмайтұғыны қалай?
Бір елдің ішінде жамағайынды кісі бірге туғандай көріп, іші елжіреп жақсы көріп тұрып, елге келсе, әрі-беріден соң қайта қашқандай қылатұғыны қалай?
Жаттың бір тәуір кісісін көрсе, «жарықтық» деп жалбырап қалып, мақтай қалып, өз елінде сонан артық адам болса да танымайтұғыны қалай?
Бір жолаушы алыс жерге барса, барған еліне өз елін мақтаймын деп өтірікті сыбап-сыбап, қайтып келген соң сол барған, көрген елін, жерін мақтап, өтірікті сыбайтұғыны қалай?
Қай қазақты көрсем де, баласы жасырақ болса, оның басынан пәрмене болып жүріп, ержеткен соң суық тартатұғыны қалай?
Біреудің ағайыны торқалы той, топырақты өлімде, адалдық берекеде алысуға табылмай, барымта алалық, ұрлалық десе, табыла қоятыны қалай?
Бәйгеге ат қоссаң, атыңды тартыспайтұғын ағайын, атың келсе, бәйгесіне өкпелейтұғыны қалай?
Баяғыда біреу біреуді пален жасымда келе жатқанда пәлен жерге жеткізіп салып еді деп, соны өлгенше айта жүруші еді. Осы күнде бұл жылғы берген ендігі жылға жарамайтұғыны қалай?
Байдың баласы кедей болса, ұрлық қылуға арланбайды, байға кірісуге арланатұғыны қалай?
Екі жақсы бір елде сүйіскен достығында тұра алыспайды. Кейбір антұрғандардың тым-ақ тату бола қалатыны қалай?
Біреуді досым деп ат беріп жүрсең, оған сенің бір дұшпаның келіп бір тай берсе, бұзыла қалатыны қалай?
Күнде тілін алатұғын достан кейде бір тіл ала қойған дұшпанға кісінің өле жаздайтұғыны калай?
Көп кісі досым жетілсе екен демейді, егерде жетілсе, бағанағы досына бір бітімі жоқ дұшпан сол болатұғыны қалай?
Кей жұрт ақыл айтарлық кісіні іздеп таба алмайды. Қылығының қылшығын танитұғын кісіден қашық жүретұғыны қалай?
Біреу біреудікіне келгенде үйдегі малының бәрін де айдап келіп, өз үйіне кісі барғанда бар малын далаға айдап жіберетұғыны калай?
Тыныштық іздеп таба алмай жүрген жұрт тыныштық көрсе, сәтке тұрмай, тыныштықтан жалыға қалатұғыны қалай?
Елді пысық билегені несі? Пысықтың бәрі кедей келетұғыны несі?
Тоқал қатын өр келетұғыны несі? Кеселді кісі ер келетұғыны несі? Кедей кісінің кер келетұғыны несі?
Нәпсісін тыйып, бойын тоқтатқан кісінің жаман атанып, нәпсісі билеп, мақтанға еріп, пәле шығарған кісі мықты атанатұғыны несі?
Қазақтың шын сөзге нанбай, құлақ та қоймай, тыңдауға қолы да тимей, пәлелі сөзге, өтірікке сүттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай тынбайтұғыны қалай?
< Абайдың қара сөздері
Мында өту: шарлау, іздеу
Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі нәрсе керек.
Әуелі - бек зор
өкімет, жарлық қолында бар кісі
керек. Үлкендерін қорқытып, жас балаларын
еріксіз қолдарынан алып, медреселерге
беріп, бірін ол жол, бірін бұл
жолға салу керек, дүниеде көп
есепсіз ғылымның жолдары бар, әрбір
жолда үйретушілерге беріп сен
бұл жолды үйрен, сен ол жолды
үйрен деп жолға салып, мұндағы
халыққа шығынын төлетіп
Екінші - ол адам есепсіз
бай боларға керек. Аталарын паралап,
балаларын алып, бастапқы айтқандай
жолға салып, тағлым берсе, сонда
түзелер еді. Енді мұндай халықты
еріксіз қорқытып көндірерлік күш-қуат
ешкімге бітпейді. Ол баланы қазақтың
бәрін паралап көндірерлік
Қазақты я қорқытпай, я параламай, ақылменен не жырлап, не сырлап айтқанменен ешнәрсеге көндіру мүмкін де емес. Етінен өткен, сүйегіне жеткен, атадан мирас алған, ананың сүтіменен біткен надандық әлдеқашан адамшылықтан кетірген. Өздерінің ырбаңы бар ма, пыш-пышы бар ма, гуілдегі бар ма, дүрілдегі бар ма - сонысынан дүниеде ешбір қызықты нәрсе бар деп ойламайды, ойласа да бұрыла алмайды, егер сөз айтсаң, түгел тыңдап тұра алмайды, не көңілі, не көзі алаңдап отырады. Енді не қылдық, не болдық!
< Абайдың қара сөздері
Мында өту: шарлау, іздеу
Қазақтың жаманшылыққа
үйір бола беретұғынының бір себебі
- жұмысының жоқтығы. Егер егін салса,
я саудаға салынса, қолы тиер ме еді?
Ол ауылдан бұл ауылға, біреуден
бір жылқының майын сұрап мініп,
тамақ асырап, болмаса сөз аңдып,
қулық, сұмдықпенен адам аздырмақ үшін,
яки азғырушылардың кеңесіне кірмек
үшін, пайдасыз, жұмыссыз қаңғырып жүруге
құмар. Дүниелік керек болса, адал еңбекке
салынып алған кісі ондай жүрісті
иттей қорлық көрмей ме? Өзінің кәсібін
тастап, кезегендікке салына ма? Малдылар
малын өңкей малшыларға, бала-шағаға
тапсырып, қолдағы құдай берген азды-көпті
дәулеті қызықсыз көрініп, оның ұры-бөріге
жем болып, қарға-жарға ұшырауына
шыдайды. Пыш-пыш кеңестен қалып, бір
ауылға барып, қулық, сұмдық жасап жүріп,
тегін тамақ жеп, ыржыңдасуды
қысыратуға шыдамайды. Не үшін десең, халыққа
әдет жол болған соң, шаруаға пысық,
мал бағуға, мал табуға пысық ол
өнерлі кісіге қосылмайды, я өзі
пәле шығаруға пысық, я сондайлардың
сөзін «естігенім», «білгенім» деп
елге жайып жүріп, ырбаңдауға пысық
өнерлілерге қосылғандай