Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 14:06, реферат
XІX ғасырдың екінші жартысында туған қазақтың жаңа жазба әдебиетінің атасы, үлкен ойшыл-ағартушысы – Абай Құнанбаев. Ол қазақ әдебиетінің атасы, ұлы ойшыл ғана емес, ұлттар достығын ерте бастап, қазақ даласының Ресейге қосылуын кімнен де болса келелі етіп жырлаған ағартушы, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері. Абайды біз поэзияда көрінген тұңғыш ағартушы дейміз. Бұл реттен оның есімі Шоқан, Ыбырайлармен қатар тұрады.
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Абай - қазақтың ұлы ойшыл философы.
Абай дүниетанымының ерекшелігі
Абай және дін
Қорытынды.
Жоспары:
Өлсе өлер табиғат
адам өлмес,
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап-күлмес,
“Мені” мен “менікінің” айрылғанын
“Өлді” деп ат
қойыпты өңшең білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына
сөз қалдырған?!
XІX ғасырдың екінші жартысында туған қазақтың жаңа жазба әдебиетінің атасы, үлкен ойшыл-ағартушысы – Абай Құнанбаев. Ол қазақ әдебиетінің атасы, ұлы ойшыл ғана емес, ұлттар достығын ерте бастап, қазақ даласының Ресейге қосылуын кімнен де болса келелі етіп жырлаған ағартушы, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері. Абайды біз поэзияда көрінген тұңғыш ағартушы дейміз. Бұл реттен оның есімі Шоқан, Ыбырайлармен қатар тұрады.
Өз кезеңі үшін ағартушылық поэзияның тууы зор жаңалық болды. Орыс мәдениетінен жырлау Ыбырайда да болатын. Бірақ Абай сол идеяны бір ғана өнер-білім түрінде емес, бүкіл ұлттық поэзияның арқауы – мазмұны етіп, ағартушылықпен қатар қазақ әдебиетіне сыншыл реализм әдебиетінің үлгісін енгізді. Поэзияны ол тек өлең деп қараған жоқ, рухани дамудың ағын дариясы, өмірлік тілі, мұқтажы деп білген. Осы ретпен ол қазақ поэзиясындағы сатираға зор жаңалық енгізді. Сондықтан да біз Абайды XІX ғасырдың екінші жартысында туған ұлы ойшыл, өз шығармаларына әлеумет теңсіздігін, ескі бағыттардың бәрін бірлестіріп, жаңа арнаға салған ойшыл болды дейміз.
Қазақтың ұлы
ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы
Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының
етегінде туған. Шыққан ортасы ауқатты,
тобықты руының белгілі ел билеушілері
болған. Әкесі Құнанбай кезінде болыс,
аға сұлтандық қызметтер
Құнанбайдан - Құдайберді,
Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла,
Ысмағұл деген жеті бала туған. Солардың
ішінде Абай жас кезінен-ақ ерекше көзге
түсіп, келешегінен үлкен үміт күттірген.
Сырт көзге момын және сөзге иланғыш,
аңқау Абай жас кезінен өлең, әңгімеге
әуес болады, ертегі аңыздарды құмарта
тыңдайды. Әжесі Зере мен анасы
Ұлжанның аузынан естіген ертегі-
Кішірек кезінде
ауыл молдасынан аздап сауат ашқан
Абайды әкесі он жасында Семейге
оқуға жібереді. Әуелі ол Ғабул-Жаппардың,
кейін Ахмет-Ризаның
Медреседегі діни уағыздармен шектеліп қалмай, араб, парсы, түркі тілдерін игеру арқылы шығыс классиктерін оқып-үйренуге жетуі – Абайдың аса зор табысы.
Медресенің соңғы жылында Абай, мұсылманша оқумен қатар, Семейдегі “Приходская школаға” түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Бұл – Абайдың кейін орысшаны өз бетімен үйреніп, игеріп кетуіне негіз болған.
Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, өз қасына алады да, ел билеу ісіне баули бастайды. Ел басқару қызметінде өз орнымды басар ұлым осы ғой деген дәмемен Абайға әр түрлі жол көрсетіп тәрбиелейді.
Сөйтіп, бір жағынан,
Шығыс, орыс мәдениетінен хабары бар
Абай ел тарихымен таныса келе, ақыл-ойы
толысып, көзге түсе бастайды. Балалықпен
ерте қоштасып, ел ісіне араласқан
ол елдің тұрмыс тіршілігін, атқамінер
әкімдердің қиянаттарын, шаруасы шайқалып
жүдеген кедей шаруаларды, барымта-бақталастықты,
содан туған лаң-пәлелерді
Осыдан бастап Абайдың әкесі Құнанбаймен, оның маңындағы қошаметшіл топпен ісі мен сөзі бір жерден шыға бермеген. Бірде Құнанбай өз баласының халықшыл мінездерін ұнатпай оған: “Сен жұрттың бәрімен күліп сөйлесесің, жайдақ су сияқтысың. Жайдақ суды ит те, құс та жалайды, кісіге қадірің болмайды. Көрінгенмен жақын боласың, кісі танымайтын желбегей жүрген кісінің басына ел үйірілмейді”, - деп мін тағады. Әкесіне жауап ретінде Абай: “Қолында құралы бар бірен-саранға ғана тиетін щыңыраудағы судан да қойшы қолаң, жарлы-жақыбайдың бәріне бірдей пайдасы тиетін жайдақ су артықдеп білемін”, - депті.
Бұл жағдайлар – халықтың өмір сүру жағдайлары мен келешегіне түрліше көзқарас Абайдың ел билеу қызметінен шеттей бастауына әкеледі. Ендігі жолды ол кітаптан, озық елдердің мәдениетінен іздейді.
Абай туралы еңбектерде, оның дінге көзқарасы туралы екі түрлі қате пікір болып келді. Кейбір зерттеушілер Абайды “ислам дінінің қазақ ішінен шыққан өкілі” деп келді. Бұл пікір 30-жылдарда айтылды. Ал екінші бір зерттеушілер, ақынның дүниеге көзқарасының басқа жақтарын кең де, дәйекті талдап келіп, дін мәселесіне келгенде үстірт, жол-жөнекей ғана соғып, Абайдың дін туралы түсініктері ақын шығармашылығының әлсіз, кертартпа жағы деп сылап-сипаумен ғана тынды. Бұл пікір, тіпті соңғы кезге дейін өзгермей келді.
Бірінші пікір Абайға тағылған жала болса, екінші пікір Абайдың дін туралы түсініктеріне тарихи тұрғыдан қарамай, тұрпайы социологияға бас июдің салдарынан туған еді.
Кемеңгер ақынның
дін туралы пікірлерін дұрыс түсіну
бағалау үшін оған тарихи тұрғыдан
қарау керек. Абай заманында қазақ
сахарасында ислам дінінің
Абай өскен орта – Семей қаласы мен Құнанбай ауылы – айтылған саясаттың айқын көрінісі бола алады. Семейде татар молдалары мешіт пен медресені көбейте бастайды. Семейдегі Абай оқыған молдалар - Ғабдул-жаппар мен Ахмет Риза сол ішкі жақтан келгендер. Бұлар мешітте имамдық қылып, соның жанынан медресе ашады, онда ылғи дін сабақтарын оқытады. Бұл медреселердің түпкі мақсаты – жергілікті халық өкілдерінен молдалар даярлау, солар арқылы халық арасында ислам дінінің ықпалын күшейту болды.
Абай заманында ислам дінінің ықпалы қырдан гөрі қалада басымырақ еді. Бірақ, сахараның алпауыттары қаламен ұштаса отырып, қырда да дін үстемдігін арттыруға әрекеттеніп бақты. Бұған Құнанбай ауылы көрнекті мысал. Құнанбай мұсылманшылықтың қырдағы ұйытқысы болып, қазақты “құдайдың” құлы, Мұхаммедтің “үмбеті” етуге ыждаһатпен ат салысты. Ислам дінінің қырдағы бір тірегі болуға ұмтылған ол ауылында молда, қожаларды көп ұстады. Қарқаралыда мешіт салғызды, өз балаларын діни мектепте оқытты. Жазықсыз жандарды жазалауды, еңбекшілер өкілдерін қорлықпен өлтіруді әдетке айналдырған Құнанбай мен оның сыбайластары ислам дінін, шариғат жолын қаталдық пен қайырымсыздықтың, үстемдік пен жүгенсіздіктің берік құралына айналдырды. Абай заманындағы және оның өскен ортасы Семей қаласы мен Құнанбай ауылындағы ислам дінінің қысқаша мән-жайы осындай еді. Мұның үстіне, ХІХ ғасырдың екінші жартысында, Қазақстанда діни кітаптар-қиссалар көп тарап, сол кітаптар арқылы панисламизм уыт шаша бастайды.
Сөйтіп, Абайдың
дін туралы ресми түсініктері
мен иелеріне қарсы күрес жүргізген
дәуірі – жергілікті үстем тап
пен царизмнің бірлесіп алып, ислам
дінін қалада да, қырда да өрістетуге
бой ұрған кезең еді. Феодолизм
мен колонализм халық басына жоқшылық
пен қанаудың ауыр салмағын баса салған
кезең еді. Сонымен қатар сол
мұқтаждық пен қанауға қос
қабаттасып қараңғылық пен надандық,
шамандық пен мұсылмандық та өрістей
бастаған, халық санасын уландыруды
қаракет еткен қара ойлы бақсы-балгерлердің,
“сүйенгені надандық, сөйлегені жалған,
дәлелдері тасбығы мен шалмасы”
Міне, осындай кезеңде Шоқан мен Ыбырай сияқты Абай да халық тағдырына ара түседі, сахараны басқан қараңғылықта сәуле болып, өз халқына білім мен мәдениеттің рухын сеуіп, бұқараның “көзін қойып, көңілін ашуды” арман етеді.
Ұлы ойшылдың дінге
көзқарасын сөз еткенде, оның дін
туралы түсініктерінің қалыптасуына;
дүние мен құдай, тән мен жан,
адамгершілік пен иман туралы топшылаушыларына;
дінге ғылымды қарама-қарсы
Дін мәселелері туралы
Абайдың таламдары мен
Келешек ойшыл ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына медресе бірталай әсер етеді, ықпал тигізеді. Бұл жай Абайдың алғашқы кезде жазған “Иузи-рәушан, көзі – гауһар”, “Әліфби” өлеңдерінен айқын сезіледі. Жас Абай бұл өлеңдерін өзі медреседе оқыған араб, парсы тілдерімен шұбарландырады. Бұл өлеңдер – жас ақынның алғашқы тілін және оның сол кездегі ойлау тұрғысынан бейнелейді.
Абай дүниетанымының бір ерекшелігі – ол бүкіл адамзат мәдениетінен үйреніп өнеге алған, ұлттық мұсылмандық тар шеңберде қалып қоймаған. Академик М. Әуезов айтқандай, Абай өзін “шығыс адамы едім”, “мұсылман едім” деп дін тұсауына бағындырмаған. Оқуға, үйренуге келгенде Абайға Низами, мен Науаи да, Пушкин мен Толстой да, Сократ пен Аристотель де, Фзули мен Батыр да, - бәрі бірдей. Абай бұлардың бірі мұсылман, екіншісі христиан, үшіншісі буддашы екен деп бөле қарап, діни мән беріп жатпаған. Демек, дін иелерінің және қаһарлы әкесінің уағыздарына қарамастан, Абай мұсылмандықтың құлы бола алмаған.
Абай 1890 жылы жазған “Бірінші сөзінде” өткен өміріне шолу жасап, күнінің айтыс пен тартыста, әурешілік пен қорлықта өткеніне өкініп, “Ал енді қалған өмірімізді қайтып, не қылып өткіземіз?”- деп толғанады. Бұл кездегі Абай әкім болып, ел бағудан да, софылық қылып, дін бағудан да бас тартады.
Міне, осы кезең Абай өмірі мен шығармашылығының, жалпы дүниеге көзқарасының, оның ішінде дін туралы түсініктерінің де қалыптасуындағы шешуші, асуы қиын, асқар бел еді. Осы уақыттан бастап Абай біржола поэзияға бет бұрады, ғылымға шомады, орыс, батыс жазушыларының кітаптарын көп оқып, өз бетімен білім алып, өзінше ізденеді.
Абайдың дүние тануы мен қоғамдық көзқарасының қалыптасуына ағартушының орыс достарымен қатар, өзінің оқыған атасы Халиулла Өскенбаев та көп әсер етті.
Абайдың дін туралы түсініктерінің қалыптасуына байланысты ескертетін тағы да бір мәселе - ұлы ойшылдың әлеуметтік көзқарасы панисламизм идеяларынмен күресу барысында шыңдала түскендігі.
Абай пікірінше, қазақ халқына қандас елдерді біріктіретін діни, мұсылмандық қауым емес, өзінің жерлес және рухтас көршісі орыс халқының көмегі қажет; оған шариғат пен надан молда емес, жас ұрпақтың көзін ашатын білім мен ғылым, білімді адам керек. Бұл жөнінде көмекті рухани езудің орталығы Меке мен Мединеден емес, Россиядан, оның ғылымынан, оқығандарынан іздестіру, күту керек.
Қорыта айтқанда,
ойшыл ұлы ақынның дін
Иманның екі түрін талдап келіп, Абай, біріншіден, шын иман – таныммен барабар дегенді аңғартады. Екіншіден, иманды этикалық, адамгершілік мәселесімен ұштастырып, иман дегеніміз ар мен ұят дейді. “Ұят кімде болса – иман сонда”, “кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ” деп түйеді Абай өз пікірін.
Алайда ағартушы өзі өскен ортаның шеңберінен толық шыға алмайды, “иман” деген ұғымның қиялдан туған жалған түсінік екенін, мүлдем мазмұнсыз ұғым екенін айқын аңғара алмайды. Сондықтан ол бұл ұғымға моральдық мән, мазмұн беру жағынан қарастырады. Бұл, әрине, дінге ағартушылық тұрғыдан қараған әлсіздіктің, дін шеңберінен толық шыға алмағандықтың салдары.
Абайдың “жан” туралы түсінігі де діни түсінікке сәйкес емес. Діни түсінікте адам жан мен тәннен тұрады, тән өледі, жан мәңгі өлмейді, иманды адамның жаны жұмаққа барып рахат, имансыздың жаны тозаққа барып бейнет көреді-міс. Абай бұл мәселені басқаша түсінеді. Оның пікірінше де адам жан мен тәннен тұрады. Абай:
“Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес,