Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:43, реферат
Білікті маман, зерделі азамат болып өсіп шығуға, ертең халық шаруашылығының тұтқасын ұстап, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып-үйрену өте қажет. Онсыз мынау күрделі, сансалалы, қатпар-қатпар дүниенің, бүкіл әлемнің ішкі сырын, табиғатын, дамуының мән-мағынасын ұғыну мүмкін емес. Философияны оқып үйрену — іске творчестволықпен қараудың, ойлана-толғана білудің, түрлі құбылыстарды талдап, маңыздысын ажырата білудің, ой-өрісті кеңейтудің, жан-жақтылық пен жоғары мәдениеттің кепілі. Бұған бүкіл адамзаттың жүріп өткен тарихи жолы куә.
Кіріспе...............................................................................................................2
Философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі 2
Дүниеге көзқарас 2
Дүниеге философиялық көзқарас 6
Қорытынды............................................................................................................12
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................13
ЖОСПАР
Кіріспе.......................
Философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі 2
Дүниеге көзқарас 2
Дүниеге философиялық көзқарас 6
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Білікті маман, зерделі азамат болып өсіп шығуға, ертең халық шаруашылығының тұтқасын ұстап, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып-үйрену өте қажет. Онсыз мынау күрделі, сансалалы, қатпар-қатпар дүниенің, бүкіл әлемнің ішкі сырын, табиғатын, дамуының мән-мағынасын ұғыну мүмкін емес. Философияны оқып үйрену — іске творчестволықпен қараудың, ойлана-толғана білудің, түрлі құбылыстарды талдап, маңыздысын ажырата білудің, ой-өрісті кеңейтудің, жан-жақтылық пен жоғары мәдениеттің кепілі. Бұған бүкіл адамзаттың жүріп өткен тарихи жолы куә.
Философия — бүкіл ғылыми жүйелердің көнесі. Ол қауымдық құрылыс ыдырап, қоғам құл иеленушілік дәуірге аяқ басар мезгілде, мифологиялық — діни түсініктермен күрес барысында қалыптасты, сол кездегі пайда болған барлық білімнің басын құрады. Грек тілінен аударғанда «философия» ұғымы «данышпандыққа құштарлық» деген мағына беретіндігі де тегін емес. Философияның басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол — дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады. Сондықтан философияның маңызын, құрылымын, пәнін тереңдеп білу үшін, ең әуелі, оның дүниетаныммен байланысын, арақатынасын қарастырып көрелік.
Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз — айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.
Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі — өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы. Расында, дүниенің пайда болуы, оның зволюциялық тұрғыдан жетілу ерекшеліктері, адамның дүниедегі орны, болмыстың мән-жайы, адамзат өніп-өсуінің сипаты мен бағдары сияқты мәселелер қай дәуірде де адамдарды толғандырып, көкейлерінен кетпей, ізденіске салды. Сөйтіп, әлем құбылыстарын түсіндіруге талпынған әрекеттер дами берді. Ал қоғамдық өмірдің ілгері басуы, бір кезеңнен екіншісіне өтуі, олардың сабақтастығы, өмір салтының материалдық және рухани деңгейінің жоғарылауы, яғни еңбек өнімділігінің артып, тәжірибенің молаюы дүниетанымдық ықыласты жетілдіре түсті. Осы факторлар өмірдің негізгі мәселелерін ескерусіз қалдырмай, ол туралы түсініктерді үнемі дамытып, тереңдетіп отырды.
Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары «дүние» және «адам». Олар ажырамас бірлікте. Яғни адамнан бөлектенген дүние және табиғат, сондай-ақ сыртқы дүниеімен салыстырылмаған адамның іс-әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясы, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар аумағын кеңейтеді. Адам мен дүние арақатынастары бір-бірімен жаңа байланыста қаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақталынады. Осыдан келіп дүниеге көзқараста, біріншіден, әлем, табиғат және қоғам туралы, олардың бірлігі туралы, екіншіден, адам және оның дүниедегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен болашақтың мән-жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастайды.
Дүниетанымның, дүниеге көзқарастың тұтастығын құрастыратын негіз — білім. Ертедегі ойшылдар тек білім ғана надандықты жоятынын, қала берсе, халық пен халықты теңестіретін күш екеніне кәміл сенді. «Ештеңе білмейтін және бірдеңе білейінші деп талпынбайтын адам — өте нашар адам»— деп ертедегі грек философы Платон бекер айтпаған. Әл-Фараби бабамыз айтқандай: «Білімді болу деген сөз — белгісіз нәрсені ашу, игеру қабілетіне ие болу деген сөз». Ал халқымыз «білім — ырыс қазығы» дейді. Білім тереңдеген сайын, ғылыми арнаға түскен сайын одан бастау алатын дүниеге көзқараста нақтыланып, екшеленіп, жүйелік, тұрақтылық сипатқа ие болады. Білім адамның көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады. Сенім дегеніміз — дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне, ұмтылған мұрат-мақсатына деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.
Дүниеге көзқарас адам қызметіне, оның белсенділігі мен әлеуметтік бағдарына шешуші ықпал тигізеді. Сондай-ақ, дүниеге көзқарастың қалыптасуы мен дамуының өзі табиғи, әлеуметтік және нақты мәдени ортаға тәуелді. Осы тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарастарды ғылыми және ғылыми емес, қарапайым деп бөлуге болады.
Дүниеге көзқарастың кең тараған түрі — ғылыми емес, қарапайым көзқарастар. Олар күнделікті қызмет әрекет барысында қалыптасады, өмірдің қалған салаларына назар аудармайды, жеке фактілерден нәр алып, олардың сапалық ерекшеліктерін ескере бермейді. Дәйекті білімнен гөрі, жалпылама, сыдыртпа «білімпаздық» басым. Сөйтіп, қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ағымдар араласып, шатысып жатады.
Ал тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілу дәрежесіне байланысты дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және философиялық түрлері қалыптасты.
Адамзат қоғамымен бірге қалыптасқан мифологиялық дүние көзқарасына тән нәрсе — адам қоршаған ортадан өзін ажырата алмауы, құбылыстардың құрамындағы ұқсастықты ғана пайымдау, сананың, өнердің, дәстүрдің бір ғана сипатына — символдың қызметіне ерекше көңіл бөлу. Осыдан келіп, мифтік көзқараста білімсіздік, ырымшылдық, аңқаулық, алданушылық, бұрмалаушылық пен соқыр сенім элементтері қат-қабатымен кезігеді. Миф — адамның қауымдық санасының алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Тек ғажайып құбылыстарға көңіл аударады, оларды сол күйінде ұғынуды, қабылдауды талап етеді.
Діни негіздегі дүние көзқарасы мифологиялық сананың табиғи жалғасы. Діни дүниетаным табиғаттан тыс, құдіретті күшке адамның мүлтіксіз бағынуын уағыздайды. Адам санасында табиғи құбылыстардың бұрмаланған бейнесін туғызады, оны табиғатты өзгерту мүмкіндігінен шеттеуге бейімдейді.
Мифология мен діни сананың кемістіктеріне қарсы күресті біршама батылдықпен жүргізген натуралистік философия болды. Ол жеке жаратылыстану ғылымдарының тұжырымдарына сүйене отырып, табиғат туралы тұтас көзқарас қалыптастыруга тырысты. Бірақ онда дүниені өзгермейтін нәрсе ретінде қарастыру басым еді.
Натуралистік дүниеге көзқараста жаратушының даралығын дәлелдейтін тұжырымдар да аз емес. Әйтсе де, XVIII — XIX ғ. бұл дүниетанымда табиғатқа деген материалистік көзқарас жүйеге келтірілді. «...сол кездегі философияның сіңірген аса зор еңбегі мынау деп білу керек,— дейді Энгельс,— ол өз заманындағы жаратылыстану ғылыми білімдердің таяздығына қарамастан, түзу жолдан жаңылған жоқ. Спинозадан бастап ұлы француз материалистеріне дейін ол дүниенің мәнін өзі арқылы түсіндіруге табандылықпен әрекеттеніп, мұны толық дәлелдеп шығу ісін болашақ жаратылыстануға тапсырды».
Ал, философиялық ойталғамдар мен тұжырымдар таптың қоғамның орнығуы барысында, яғни ертедегі Қытай, Греция, Үнді елдерінде айқынырақ қалыптасты. Осы кезеңде экономика мен саудасаттық, саяси құрылым мен мәдениет ошақтары ірі-ірі қалаларда шоғырланды. Жерге жеке меншік орнады. Өндіріс құралдарының шоғырлануы еңбек бөлінісін тездетті, әрі тереңдетті.
Біреулердің қолында өндіріс байлығы, саяси билік, жерді, сондағы бар мүліктерді иемденуге мүмкіндіктері сақталынды. Басым көпшілік, бұқара қауым мұндай игілік пен праводан мүлде айырылды.
Өндіріс өсті, өндіріспен бірге өндіргіш күш те жетілді. Осыдан адамның табиғи ортадан тәуелсіздігі дербестелінді, керісінше, адамдар арасындағы қарым-қатынаста практикалық саяси тәуелділік тұрақталынды. Қоғамдық қайшылықта адам тұлғаланды, қажетті күшке айналды. Сонымен қатар адамның әлеуметтік жағдайы мен жеке билік арасындағы алшақтық күшейе түсті. Жеке билік өзімшілдікті орнықтырды, оран әлеуметтік мән берді.
Таптық қайшылық қоғамдық өмірдің күрделі мәселелерін күн тәртібіне қойды. Қайшылық салдарынан таным мен өндіріс қызметі, ой еңбегі мен дене еңбегі бір-бірінен дараланып бөлінді. Білім жеке биліктің есебімен ғана практикалық қолдау тапты. Міне, осы жағдайда дүниеге деген көзқарас қалыптасты.
Бір жағынан, өмір мен сұлулық, бақыт пен болашақ жайлы сезімтал көзқарастар дами түсті. Жеке адамның артықшылығын мойындаушылық үдеді. Адамзат күші табиғаттағы ең керемет күш деп ұғынушылық негіз алды. Адам өз тағдыры үшін өзінің де, өзгенің де ой-пікіріне талғаммен қарайтын болды.
Екіншіден, шындық пен білім үшін күрес ымырасыздықпен жүргізіліп, шынайы күшке қуат берді. Ертедегі грек ойшылдары үшін философия дегеніміз — болмыстың алғашқы бастамасы мен себебін іздеу, мән жөніндегі ілім, шындықты пайымдау, болмысты құдірет күш Алла тағаламен теңестірудің баламасын табуға үйрететін қабілеттілік деп түсінілді.
Парасат пен дүниені ұғыну өздігінен келмейді, күресте қалыптасады. Ал күрес білім мен практиканың көкжиектерін кеңейтті, мифологиялық наным мен теріс ұғыныстардың қай-қайсысына болмасын бөгет жасады. Әлеуметтік дертке қарсы күресте адам да, қоғам да, олардың көзқарастары да мәдениеттің жаңа сатысына көтерілді. Билікке қареы ымырасыздықтың барысында ескі мифологиялық санадан жаңа, философиялық білімге бетбұрыс басталды.
Ой жүйесінің ең жоғарғы деңгейі — дүниеге философиялық көзқарас. Дүниеге философиялық көзқарас дегенде дүниені, табиғи және қоғамдық құбылыстарды ой жүзінде түсініп-ұғыну, табиғат пен адам арасындағы байланыстар, әрекеттің және қарым-қатынастың саңада ерекше бейнелену формасын айтамыз.
Адамдардың жаһанды танып-білуге, тіршілік болмысының мән-жайын ұрынуға және болашаққа көз жеткізуіне көмектесетін идеялар, принциптер, теориялар, мақсат-мұраттар дүниеге философиялық көзқарасты құрайды. Сонымен бірге сана қызметін реттеуші ой-пікірлер, адамның әлеуметтік позициясын бейнелейтін білімдер бағдары да оған негіз болады.
Философия адам санасының мазмұны мен табиғаты туралы мәселені зерттейді. Сана дүние туралы ой, бейне мен ол ойдан тысқары тұрған әлем арасындағы қатынас арқылы талдауға алынып, қарастырылады. Басқаша айтқанда, философ өз ойлануының жемісін өзінен тысқары тұрған тәуелсіз дүниемен салыстырады. Осы бағытта ол ақиқат пен адасудың, білім мен болжамның, болмыстың шындығы мен ол туралы қиял пікірдің ара жігін ажыратудың қажеттілігін және маңызын түсінеді.
Философия таным процесінде ненің дәлелді, дұрыстығын және керісінше, ненің дәлелсіз, қателігін көрсететін мәселелерді қарастырады, теориялық ойланудың жалпы танымдық мәселелерімен шұғылданады. Философияның тарихында дүниеге көзқарас ұдайы түрленіп, толысып отырады. Дегенмен дүниетанымдық процесте үнемі кезігіп отыратын мәселе де бар. Ол, Энгельстің айтуынша «...ойлаудың болмысқа қатынасы туралы мәселе». Бұл мәселені, Энгельс философияның негізгі мәселесі — деді. Оның себебі мен мәнісі неде?
Адам дүниемен қарым-қатынаста болғанда, болмыстың екі жағы да — материалдыққа және идеалдыққа душар бола ды. Материалды дүниеге айналадағы қоршаған заттардың бәрі, яғни адамның санасынан, ой жүйесінен тысқары, әрі одан тәуелсіз, объективті түрде өмір сүретіннің бәрі жатады. Ал идеалды, яғни рухани дүниеге санадағы, ойдағы, көкейдегі субъективті құбылыстар (ойлар, сезімдер, психикалық қасиеттер) жатады. Осылардың арақатынасы, байланысы қандай? Ойдың болмысқа, материяның рухқа қатынасы қалай?
Міне, осы сұрақ философияның негізгі мәселесі болып табылады. Бұл мәселенің бірінші жағы — материя алғашқы ма, жоқ әлде рух, сана шешуші, алғашқы болып табыла ма деген сұрақтарға кеп саяды.
«Осы мәселелерге қалай жауап берулеріне қарай,— дейді Энгельс,— философтар екі үлкен лагерьге бөлінді. Олардың ішінен рух табиғаттан бұрын өмір сүрді дегендері... идеалистік лагерьді құрды. Ал табиғатты бірінші деп есептегендері материализмнің әр түрлі мектептеріне қосылды.
Материализм мен идеализм негізгі осы мағынада қолданылады, Олардың арасындағы күрес философия дамуының түбегейлі бағытын анықтады. Бірақта осы күрестің қалыптасуы адам қызметінің мазмұнына тәуелді және материализм мен идеализмнің түрлеріне байланысты.
Сөйтіп, философияның негізгі мәселесінің бастапқы, онтологиялық, жағы бар. Онтология болмыс дамуының жалпылама заңы туралы ілім. Онтологиялық мәселе материалистер үшін сыртқы дүниенің объективті өмір сүруін, оның мәңгі, шексіз тіршілігін мойындаушылық, ал идеалистер үшін рухтың болмысын алғашқы, қозғаушы күш ретінде уағыздаушылық. Бірақта сыртқы және ішкі дүниенің өзгерістері туралы көзқарастар үнемі жаңарып отырды. Осыдан материализмнің негізгі үш тарихи түрін ажыратуға болады: тұрпайы материализм, механикалық-метафизикалық және диалектикалық материализм.
«Материализм» деген ұғым философияда негізінен XVII ғасырда тұрақтанса да, ол туралы көзқарастар ертедегі Үнді, Қытай, Грек елдерінде қалыптаса бастады. Тұрпайы материализм құлдық қоғамның туындысы. Оның өкілдері (Лао-цзы, Ян Чжу, Ван Чун, локаята мектебі, Гераклит, Анаксагор, Эмпедокл, Демокрит, Эпикур және т. б.) дүниенің материалдығын және оның адамның санасынан тәуелсіздігін мойындады. Әйтседе дүниенің көрнекті көріністері мен елестеушіліктері оның қасиеттері мен құрамы туралы жалпылама түсініктерден құралды, соларға теңестірілді. Дүниеге деген көзқарас жалпы бір деңгейге тиянақталынса да, грек философтары табиғатқа тән, ортақ бастаманы — дүниенің негізі саналатын түпкі субстанцияны табуға тырысты, Левкипп және Демокриттің материяның атомдық құрылысы туралы гипотезасы ертедегі материалистік ілімнің үлкен бір жемісі болды.
Информация о работе Адам өміріндегі философиялық көзқарастың тәжірибелік маңызы