Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:43, реферат
Білікті маман, зерделі азамат болып өсіп шығуға, ертең халық шаруашылығының тұтқасын ұстап, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып-үйрену өте қажет. Онсыз мынау күрделі, сансалалы, қатпар-қатпар дүниенің, бүкіл әлемнің ішкі сырын, табиғатын, дамуының мән-мағынасын ұғыну мүмкін емес. Философияны оқып үйрену — іске творчестволықпен қараудың, ойлана-толғана білудің, түрлі құбылыстарды талдап, маңыздысын ажырата білудің, ой-өрісті кеңейтудің, жан-жақтылық пен жоғары мәдениеттің кепілі. Бұған бүкіл адамзаттың жүріп өткен тарихи жолы куә.
Кіріспе...............................................................................................................2
Философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі 2
Дүниеге көзқарас 2
Дүниеге философиялық көзқарас 6
Қорытынды............................................................................................................12
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................13
Материализмнің келесі түрі
капитализмнің қалыптасу
Метафизикалық материализм ілімі сыңаржақты еді. Оның басты үш кемшілігін Энгельс атап көрсетті. Метафизикалық материализм, біріншіден, табиғаттың күллі құбылыстарын тек механиканың заңдары арқылы түсіндіріп бақты, механика заңын физикалық, химиялық, биологиялық процестерге таратты, екіншіден, дүниені процесс ретінде, оның даму күйінде қарастыра алмады, яғни бұл философияда метафизикалық ойлану басым еді, үшіншіден, қоғамдың құбылыстарды, қоғамның тарихын қарастырғанда идеалистік көзқарас, идеалистік түсініктен арыла алмады.
XIX ғасырда материализмнің ең жоғары да жүйелі түрі — диалектикалық материализм қалыптасты. Диалектикалық материализмнің негізін қалаушылар Маркс пен Энгельс, оны дамытушылардың бірі Ленин. Диалектикалық материализмнің қайнар көздері — дүние туралы барлық ғылыми жетістіктерге сүйену, оларды тұжырымдау; материализм мен диалектиканы дамытудағы философиялық дәстүрлерді сын көзқарасымен жалғастыру; теорияның революциялық күрестің практикасымен тығыз байланысын қарастыру, оны басшылыққа алу. Осы бағыттағы қағидалар мен тұжырымдар философиялық материализмді, материалистік диалектиканы дамытты, оларды өзара ұштастырды,
Философияның тарихында идеализм материализмнің қашанда болмасын антиподы болды. Идеалистік лагерьдің де екі классикалық түрі бар. Олар объективті және субъективті идеалистік ағымдар. Объективті ағымдағы идеалистік ілім (Веданта, Конфуцианство) діни — мифологиялық түсініктерден әрдайым нәр алды. Платон мен Гегель философиясында объективті идеализмнің жүйесі жасалынды, теориялық негізі анықталды. Объективті идеализм екі басты қағидаға сүйенді: идея, pyx қайсыбір нәрсенің болмасын анықтаушы бастамасы және олар адамдардан тыс, тәуелсіз өмір сүре алады. Рух та, идея да уақытпен де, кеңістікпен де санаспайды. Сондық тан да оларды құдіретті күшпен, құдаймен парапар санау бекер емес.
Субъективті идеализм (Беркли, Юм, Мах т. б.) санадан тыс өмір сүретін болмысты мойындамайды, қабылдамайды Ол үшін, заттар адамның санасынан бөлек өмір сүрмейді, өйткені олар біздің түйсіктеріміздің жиынтығы болып табылады. Сөйтіп, бүкіл дүние адамның, субъективтің санасына көшіріледі. Түйсік те, идея да тек санада ғана бар болады, сол арқылы ғана өзі жеке өзіндік түрге айналмаң, Адамның психикалық дүниесінен табиғат та, кейін қоғамдық сана да шығарылады.
Философияда дуалистік ағымдар да (Декарт, Кант) болды. Дуализм дүниенің екі бірдей бастамасын — материя мен рухты, материалдық және идеалдылықты өзара тепе-тең субстанция ретінде қарастырды. Декарттың пікірінше, психикалық және физиологиялық процестер бір-біріне тәуелсіз, қатар өтіп жатады.
Дуализм философиялық ағымдардың аралық формасы. Ол материализм мен идеализмді өзара ымыраға келтірмек болды. Алайда ол әрекет аяқсыз қалды. Дегенмен дуалистік пікірде дүниетанымдық мағына да бар. Бұл жайында Ленин былай деді: «Әрине, материя мен сананың қарама-қарсылығының да тек өте шектелген саланың шектерінде ғана абсолюттік маңызы бар: бұл ретте алғашқы деп нені, соңғы деп нені есептеу керек деген негізгі гносеологиялық мәселенің шегінде ғана абсолюттік маңызы бар. Бұл шектерден тыс ол қарама-қарсылықтың салыстырмалылығы даусыз».
Идеалистік түсініктердің негізгі мәселеге айналуының тағы бір себебі, олар, әсіресе орта ғасырда, дінмен ұштасып, үстемдігін жүргізді. «Осыдан — дейді Энгельс,— ойлаудың болмысқа қатысы туралы мәселе, бірінші болып табылатын не: pyx па әлде табиғат па деген мәселе,— дүниені жаратты ма, әлде ол белгісіз ежелгі уақыттан бері өмір сүріп келе ме — деген неғұрлым қатаң формаға көшті.»
Тек буржуазиялық революцияның барысында ғана клерикализмнің рухани, діни диктатурасы әлсіреп, философияның негізгі мәселесі толығырақ қойылды. Нені және қалай өзгертуге болады деген көзқарасқа орай адам өзін табиғаттан тыс қарап, әлеуметтік өмірдегі өз орнын дұрыс түсіне бастады Қоғамдық қызметінде болмыстың материалдық және идеал дық, объективті және субъективті жақтарын қамтыды, не нәр сені рухани немесе материалдық дүниеге жатқызуға бола тынын қарастырды, оларды тану жолдарын іздестірді.
Сондай-ақ философияның негізгі мәселесінің екінші жағы бар. Ол Энгельс айтқандай біздің ойларымыздың дүниеге қатынасын қарастырды. Бұл — гносеологиялық, танымдық мәселе. Оның негізін бейнелеу процесі, яғни шын дүниені танып-білуге біздің ойлауымыздың қабілеті жете ме, дүние туралы түсініктеріміз бен ұғымдарымыз шындықтың бейнесін жасай ала ма деген мәселелер құрайды.
Философтар дүниені тануға болатынына үзілді-кесілді күмән келтірмеді. Бірақта дүние дегенде идеалистер тек рухани дүниені ғана ескерді, оол арқылы қалған құбылыстарды түсінуге болады деді. Ескі материализм өкілдері болса табиғатқа ғана басым назар салды. Ойлануды оның көшірмесі, көлеңкесі, көрінісі деп ұғынды. Сонда да дүниені әбден жете тану мүмкіндігін таласқа салатын ағымдар болды. Лениннің сөзімен айтқанда, материализм мен идеализмнің арасында «осындай ағымдар — агностицизмнің әр түрлі сарындары бар».
Агностицизм (Юм, Кант және т. б.) дүниені толық не жартылай тануға болатынына күмән келтіретін ілім, танымның ақиқаттығы туралы мәселені біржолата шешуге болмайды деген қағиданы ұстайтын көзқарас. Мысалы, Канттың ұйғарымынша, заттардың сыртқы көрінісін, табиғаттың құбылыстарын ғана тануға болады, олардың ішкі байланыстары мен мазмұнын, даму заңдылықтарын санада толық, тұтас бейнелеу екіталай.
Оның ойының тоқетері — заттардың мәнісін дәлелді, объективті тұрғыдан тануға болмайды. Кант соңғы нәрсені «өзіндік зат» деп атады. Ол дүниені тануға болатын «біздік зат» және бейнелеуге келмейтін «өзіндік зат» деп екіге бөлді.
Философияның осындай бұлтақтарының теріске шығарылуы, дейді Энгельс, «практикада, атап айтқанда, экспериментте және өнеркәсіпте жатыр». Түсінігімізді шындықпен растап, оны мақсаттарымызға дұрыс қызмет еткізе алсаң», онда ол түсініп болмайды деген «өзіндік затының құрығаны».
Сонымен қоғамдық сана материалдық өмірден және саяси-әлеуметтік практикадан алшаң қаралатын болса, онда ол тарих пен табиғатты тура, толық түсіндіре алмайды. Осы негізгі қағиданы идеализмнің объективті және субъективті түрлері ескермеді, ал ескі материализмнің ағымдары оны дұрыс түсінбеді. Осыдан келіп, философия дүниетанымдық мәселені — адамның материалдық және рухани өміріне қатынасын — екі қарама-қарсы позициядан (материалистік және идеалистік) және екі қарама-қарсы тәсіл тұрғысынан (диалектикалық және метафизикалық) талқылады. Философиялық, тұжырымда ойлау сипаты мен тіршілік сипаты өзара ұштаса бермеді. Метафизикалық екі дүниені бір-бірінен алшақ, жатқан, өзгермейтін күйде және сыңаржақты бағалады.
Сондықтан да, біріншіден, философияның бейнелеу, талдап қорыту, методологиялық және болжамдық функциялары, екіншіден, дүниеге философиялық көзқарастың ғылыми білімді жинақтайтын, ұйымдастыратын, ерекшелігі жөнді ескерілмеді. Онсыз философияның негізгі мәселесін, оның пәнін және дүниеге философиялық көзқарастың міндеттерін анықтау мүмкін емес еді. Философиялық көзқарастың құндылығы — объективті шындықты және адам өмірін тұтас бейнелеуге жеткізе алатындығында, ғылыми және гуманистік көзқарастарды біріктіріп қалыптастыра алатын әрекетінде, ол бейнелеудің де, көзқарастың да, теориялық және практикалық қызметтің де жалпылама принциптерін іздестіреді.
Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз — айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы дедік.
Осы дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс болса, оның шығуының қайнар көзі — өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы.
Дүниеге көзқарастың кең тараған түрі — ғылыми емес, қарапайым көзқарастар. Олар күнделікті қызмет әрекет барысында қалыптасады, өмірдің қалған салаларына назар аудармайды, жеке фактілерден нәр алып, олардың сапалық ерекшеліктерін ескере бермейді. Дәйекті білімнен гөрі, жалпылама, сыдыртпа «білімпаздық» басым. Сөйтіп, қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ағымдар араласып, шатысып жатады.
Ал тарихи тұрғыдан алғанда
қоғамдық өмірдің болмысы мен
санасының жетілу дәрежесіне байланысты
дүниеге көзқарастың
Ой жүйесінің ең жоғарғы деңгейі — дүниеге философиялық көзқарас. Дүниеге философиялық көзқарас дегенде дүниені, табиғи және қоғамдық құбылыстарды ой жүзінде түсініп-ұғыну, табиғат пен адам арасындағы байланыстар, әрекеттің және қарым-қатынастың санада ерекше бейнелену формасын айтылады.
Адамдардың жаһанды танып-
Философия таным процесінде ненің дәлелді, дұрыстығын және керісінше, ненің дәлелсіз, қателігін көрсететін мәселелерді қарастырады, теориялық ойланудың жалпы танымдық мәселелерімен шұғылданады. Философияның тарихында дүниеге көзқарас ұдайы түрленіп, толысып отырады. Дегенмен дүниетанымдық процесте үнемі кезігіп отыратын мәселе де бар. Ол, Энгельстің айтуынша «...ойлаудың болмысқа қатынасы туралы мәселе». Бұл мәселені, Энгельс философияның негізгі мәселесі — деді.
Адам дүниемен қарым-қатынаста болғанда, болмыстың екі жағы да — материалдыққа және идеалдыққа душар болады. Материалды дүниеге айналадағы қоршаған заттардың бәрі, яғни адамның санасынан, ой жүйесінен тысқары, әрі одан тәуелсіз, объективті түрде өмір сүретіннің бәрі жатады. Ал идеалды, яғни рухани дүниеге санадағы, ойдағы, көкейдегі субъективті құбылыстар (ойлар, сезімдер, психикалық қасиеттер) жатады. Осылардың арақатынасы, байланысы қандай? Ойдың болмысқа, материяның рухқа қатынасы қалай?
Міне, осы сұрақ философияның негізгі мәселесі болып табылады.
Философтар дүниені тануға болатынына үзілді-кесілді күмән келтірмеді. Бірақта дүние дегенде идеалистер тек рухани дүниені ғана ескерді, ол арқылы қалған құбылыстарды түсінуге болады деді. Ескі материализм өкілдері болса табиғатқа ғана басым назар салды. Ойлануды оның көшірмесі, көлеңкесі, көрінісі деп ұғынды.
Қорыта келгенде, философиялық көзқарастың құндылығы — объективті шындықты және адам өмірін тұтас бейнелеуге жеткізе алатындығында, ғылыми және гуманистік көзқарастарды біріктіріп қалыптастыра алатын әрекетінде, ол бейнелеудің де, көзқарастың да, теориялық және практикалық қызметтің де жалпылама принциптерін іздестіреді.
Информация о работе Адам өміріндегі философиялық көзқарастың тәжірибелік маңызы