Ғаламдық мәселелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 02:14, реферат

Описание

Жалпы, әлемде қандай да бір мәселе туып, ғаламдық дағдарыс орын алған кезде, оны шешу мақсатында құрал ретінде халықаралық деңгейде жаңа институт, немесе мәселені талқылайтын сұхбат алаңдары пайда болатынын тарихтан байқаймыз. Және де мұндай үрдіске оң көзбен қарау керек. Себебі, түрлі проблемалардың шешімін табуда бұрын құрылған институттар әлсіздік танытады. Ғаламдық мәселелерді шешу мақсатында G7, одан кейін G8, G20, сонымен қатар, Халықаралық валюталық қор секілді ғаламдық институттар осы ретпен дүниеге келген. Алайда, ғаламдық мәселелердің артуы есебінен әлемдік экономиканы үйлестіру мәселесі шешімін таппай келеді.

Содержание

І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Ғаламдық мәселелер
2.2. Ғаламдық мәселелерді шешудин басты шарты
2.3.Қазіргі әлемдік саясат және жахандық мәселелер
2.4.Этнографикалық мәселелер
2.5.Демографиялық мәселелер
2.6.Демографиялық күрт өсу
2.7.Экологиялық мәселелер

ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
V. Пікір

Работа состоит из  1 файл

Ғаламдық мәселелер реферат.docx

— 49.20 Кб (Скачать документ)

     Қазіргі әлемдік саясаттың түрлі деңгейлері макро, мего, микро деңгейлері өзара байланысып біріне – бірі күшті ықпал жасап отырды.

Ұлттық мемлекеттер шеңберінен тысқары жүргізілетін, әлемдік мәселелерді  реттеуге, немесе оларға ықпал етуді  мақсат тұтатын саясат келесідей  категориялардан тұрады.

1. Сыртқы саясат – мемлекеттің,  немесе жеке халықтың сыртқы  саладағы қызметі. Бұл саясат  мемлекеттің басқа мемлекеттермен  байланыс жасау, немесе жасамау  деңгейін сипаттайды. Сыртқы саясат  мемлекеттің өмір сүруіне қолайлы  сыртқы жағдайларды жасауды көздейді. Әлемдік қауымдастықтан ұлттық  мемлекеттің орнын табуына ықпал  етеді.            

2. Халықаралық саясат  – мемлекеттердің халықаралық  аренада бірлескен қызметі болып  табылады. Саясаттың бұл саласы  мемлекеттерді оларға ортақ мәселелерді  бірлесіп, келісімдер арқылы шешу  жолдарын көрсетеді. Халықаралық  саясаттың елдер мен халықтар  арсындағы өзара тәуелділіктің,  шешімін табу үшін халықаралық  әріптестікті талап ететін мәселелердің  көбеюіне байланысты маңызды  арта түседі.

3. Мемлекетаралық саясат  – жекелеген мемлекеттердің арасындағы  қатынастар жүйесін белгілейді. Бұл саясат мемлекеттердің органдарының, қызметтерінің және өкілдерінің  (президент, парламент, үкімет, сыртқы  істер министрілігі, кеден т.б.) екі  мемлекетке ортақ мәселелерін  өзара келісіп шешулерінің жолдарын  анықтайды.

4. Ұлттық мемлекет үстіндегі  саясат (наднациональная политика) – жекелеген мемлекеттердің өздерінің  кейбір егеменді құқықтарын өз  еріктерімен халықаралық ұйымдарға  беруімен сипатталады. Мысалы, мұнай  бағасын халықаралық нарықта реттеу құқығы. Сыртқы, әлемдік саясаттың бұл бағыты Қазақстандық саясаттану ғылымында әлі зерттелген жоқ

5. Мультиұлттық саясат- бірнеше,  немесе  одан көп мемлекеттерден құралған біріккен саясат субъектілерлінің халықаралық қатынастарға ықпал етуі (ЕЫҚҰ, ЕО, ШЫҰ, БРИК). Бұл саясаттың субъектілері ұлттық мемлекеттер болып табылады.

6. Трансұлттық саясат  – мемлекеттік емес саясат  акторлары мен субъектілерінің:  партиялар, кәсіподақтар, әлемдік  діндердің ұйымдары, халықаралық  үкіметтік емес ұйымдар, трансұлттық  корпорациялардың т.б. халықаралық  аренада қызмет етуі.

     Аталған категориялардың барлығы әлемдік, немесе халықаралық саясат ұғымының түрлі аспектілерін, қырларын көрсетеді. Ал, әлемдік, халықаралық саясат ұғымына келетін болсақ бұл ұғым халықаралық құқық суъектілерінің (мемлекеттер, мемлекетаралық және мемлекеттік емес ұйымдар, одақтар, діни ұйымдар, трансұлттық ұйымдар мен корпорациялар т.б.) соғыс және бейбітшілік, адамзаттың сақталуы, жалпыға бірдей қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қарусыздану, ұлттық, аймақтық, жаһандық қайшылықтардың алдын алу және реттеу, қоршаған ортаны сақтау, аштық пен ауруларды азайту және басқа да әлемдік қайшылықтарды шеше отырып адамзат үшін әлемде неғұрлым әділетті тәртіптер орнатуға бағытталған мақсатты қызметін көрсетеді.

     Әлемдік, немесе халықаралық  саясат – халықаралық қатынастардың негізгі субъектілерінің бірлескен саяси қызметі болып табылады. Әлемдік саясат мәні мен мазмұны БҰҰ, ЕО, ЕЫҚҰ, АМҰ (американ мемлекеттерінің ұйымы), АМҰ (африкандық мемлекеттер ұйымы) Социалистік интернационал, Гринпис т.с.с. ұйымдардың қызметтерімен анықталады. Сонымен қатар әлемдік қауымдастық бірігіп жасаған заңды органдар мен ұйымдардың қызметтері арқылы әлемдік саясат іске асады. Әлем мемлекеттерінің өзара қарым-қатынастар жасаудың принциптері мен жолдарын анықтайтын әлемдік саясат халықаралық қатынастарды реттеудегі  шешуші фактор болып табылады.

      Әлемдік саясат әлем халықтарының гуманитарлық, ізгілікті ойлауының ортақ жетістігі  болып табылады. Техногендік, экологиялық мазмұндағы әлемдік қауіптер ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана маңызды болды. Ал, одан бұрын ХІХ ғасырдың аяқ кезі мен ХХІ ғасырдың басында негізгі жаһандық қауіп әлемдік соғыстар қаупі болатын. Мемлекеттер өзара  қайшылықтарын түрлі соғыстармен шешіп келді. Әлем тарихында мыңдаған соғыстар белгілі. Соның ең ауыры 1914-1918 жылдардағы бірінші, және 1939-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғыстар болатын. Екі дүниежүзілік соғыста ғана 100 миллионан астам адам қырылған болатын. Сондықтан әлем халықтары мемлекеттер арасында бейбітшілікті сақтау қажеттілігін алдымен сезінді. Әлемдік саясат соғыс және бейбітшілік мәселесін әлем мемлекеттерінің ортақтасып шешуімен басталады деп есептеуге болады.

     Аталмыш құжаттарды әлем халықтары мен мемлекеттерінің адамзатты сақтау үшін бейбітшілік пен соғыс мәселесін шешу жолындағы тәжрибесі синтезделді. Адам құқықтарын қорғау, демократия мен бейбітшілік үшін күрес ғаламдық саясат принциптерін айқындап берді. Адамзаттық тағдыр ортақтастығы мәселесі барлық халықтар мойындайтын бірінші басымдылыққа айналды. Әлем мемлекеттері ортақ азаматтық мәселелерді бірлескен күшпен шешпейінше тұрақты даму болмайтындығын түсінетін дәрежеге жетті. ХХІ ғасырда жаһандық мәселелердің күрделене түсуі әлем мемлекеттерінің әлемдік саясатпен айналысуға деген зәрулігін тіптен күшейтіп жіберді.

     Әлемдік саясат халықаралық экономикалық, саяси, мәдени-ақпараттық, технологиялық байланыстардың жаңа деңгейге трансформациялануының нәтижесінен туды. Жаһандық мәселелер ұлттық мемлекеттік шекара көлемінде мүлдем шешілмейді. Көптеген күрделі мәселелер барлық мемлекеттерге ортақ жаһандық жүйеге айналып, жалпы әлемдік сипат алуда. Әлемдік мәселелерді шешу үшін әлемдік саясат мемлекеттердің шаруашылықтарының даму динамикасына, интеграциялық үдерістерді нығайтуға ықпал етуге тырысады. Осы арқылы әлемдік шаруашылық пен әлемдік нарықта мемлекеттердің өзара тәуелді байланысы күшейді. Бұл жағдай саяси қатынастардың бейбітшілік жолымен дамуына экономикалық тірек болады.

     Әлемдік саясаттың күнделікті мақсаты - әлемдік тәртіпте бейбітшілікті, тұрақтылықты, демократияны сақтау. Сонымен қатар оның көздегені әлемдік саясатқа қатысушы субъектілердің барлығының мүдделі тоғысатын халықаралық орта жасау. Мүдделердің ортақтастығы, адамзатты сақтауға деген зәрулік көптеген мемлекетердің жалпыадамзаттық мүдделердің басымдылығын мойындауына әкеліп отыр.

      Елеулі кемшіліктерге қарамастан әлемдік саясат өркениетті адамзат пен дамыған мемлекеттер ықпалымен біртіндеп ізгіленіп, гуманизацияланып келеді. Ол адамдарды ұлттық, нәсілдік, мемлекеттік, әлеуметтік-таптық тегіне қарамастан жаһандық мәселелерді бірігіп шешуге бастап келеді. Адамдардың бостандығы мен теңдігіне негізделген әлемдік саясаттың қазіргі мақсаттары: халықаралық қауіпсіздік жүйесін жасау, мемлекетаралық қатынастарда күш көрсету, зорлыққа жол бермеу, халықтар арасындағы сенім мен бейбітшілікке бастайтын қатынастарды қалыптастыру, жаппай қырып жоятын  және ядролық қарулардың таралуына жол  бермеу, әлемдегі қорқыныш пен үрейді, өзара жауласуды тоқтату сияқты жеке адамдар мен халықтардың бейбіт және тыныш өмір сүруін қамтамасыз ету. Ең бастысы әлемдік саясат жаһандық бейбітшілікті қамтамасыз етуге тиісті. Әлемдік басым державалардың әлсіз мемлекеттерге қарсы зорлыққа бармауының, ұлттық мүдделерін адамзаттың мүдделерге бағындыруының маңызы арта түсуде. Ол үшін әлем халықтарының, әлем азаматтарының бейбітшілік пен адам құқығы идеяларының платформасында топтасу қажет. Әлемдік саясат әлемдік қатынастар сияқты аса күрделі құбылыс. Оның ойдағыдай шешімін табуы тіптен қиын. Сондықтан әлем мемлекеттері мен халықтары жаһандық мәселелер мен қауіптерге қарсы әлемдік саясаттың тиімділігін арттыра беруге мүдделі. Онсыз әлемдік тыныштықты сақтау мүмкін емес.

 

 

2.4 Этнологиялық мәселелер

       Этнология (грек. ethos – тайпа, халық және logos – ғылым, ілім, сөз) – қоғамдық ғылымдардың тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнология қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды, тарихи және мәдени қарым-қатынастарын, күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және отбасылық қарым-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты ғыл. негізде зерттейді (қ. Тарихи этнография). Өткен өмір мағлұматтарын соңғы деректермен салыстыра зерттеп, этнолог халық тұрмысы мен мәдениетінің тарихи даму үрдісін анықтайды. Халық өмірінің өткен кезеңдерінің ең көне дәуірі палеоэтнология деп аталады. Мыс., халықтардың шығу тегін зерттеуде Этнология үнемі археол. деректерге сүйенсе, археология өзінің зерттеу жұмыстарында археол. ескерткіштердің қандай этн. топтарға жататындығын анықтау барысында әр дайым этнол. деректерді кеңінен пайдаланады.Мәдениет және өнер тарихын, халықтың көркем-өнері мен ауыз әдебиетін зерттеу және халықтың дәстүрлі шаруашылығы мен кәсібін зерттеу Этнологияны толықтыра түседі. Халықтардың тілдеріндегі жақындықты зерттеу лингвистика мен Этнология мүдделерін жақындата түседі. Халықтар мен табиғи ортаның әсерін, қоныстану үлгілерін және этн. картографияны зерттеу ісі Этнологияны географиямен және дүние жүзі халықтарының санын есептеуге арналған демография пәнімен байланыстырады. Сондай-ақ халықтардың шығу тегін және алғашқы қауымдық құрылыс тарихын зерттеуде антропология ғылымы Этнологиямен ұштасып, этн. антропология саласын қалыптастырды. Этнология жоғарыда көрсетілген ғылым салаларымен тығыз байланыса отырып, ғылым үшін де, күнделікті тәжірибе үшін де аса маңызды көптеген сауалдарды шешеді. Мыс., жеке елдер мен бүкіл дүние жүзі халықтарының этн. құрамын және халықтың шығу тегі мен этн. тарихын, артта қалған халықтарда сақталған көне дәстүрлер қалдықтарының негізінде алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық өмір мен мәдениеттің қандай болғандығына ғыл. талдау жасайды. Этнология термині шетелдік тарихнамада кеңінен қолданылғанымен, кеңестік тарихнамада мүлдем пайдаланылмады. Себебі, мұнда Этнологияға бірегейлік сипат берілмей, оны этнография деп атады да, бұл ғылымды тарих ғылымдарының бір саласы ретінде ғана қарастырып келді. КСРО ыдырай бастаған кезде ғана Этнология термині этнографияны ығыстырып шығарды. Сөйтіп, оның халықты танып білудегі рөлі нақтыланды. Этнология атауы этнос терминіне байланысты қалыптасқан. Антик. заманда эллиндіктер “этнос“ терминін грек емес халықтарға қолданған болатын. Э. термині 19 ғ-ға дейін кеңінен қолданыла қойған жоқ. Тек кей жағдайлардағы этногр. үрдістер мен құбылыстарды баяндау кезінде ғана қолданысқа еніп отырды. Антропол. ғылымдардың жалпы классификациясын жасап, оның ішінде Этнология ны бөліп, 1830 ж. алғаш рет көрсеткен француз ғалымы Жан Жак Ампер еді. Осыдан кейін еур. ғыл. жұртшылық осы терминді кеңінен қолдана бастады. Этнология ғылымының дербес пән ретінде ресми түрде қалыптасуы Париж этнологтары қоғамының құрылуынан (1839) басталады. Бұл оқиға пән және оның қоғамдық ғылымдардағы орны туралы қызу ғыл.-теор. пікір-сайыстар туғызды. Кейбір мәселелерге қатысты сан алуан көзқарастар болғанымен, қазіргі таңда Этнология ның орны, пәні мен зерттеу әдістері, міндеттері, т.б. айқындалған. Алғашқыда Э. дамуы артта қалған, жазуы мен мемлекеттілігі болмаған халықтарды зерттеумен айналысып, бұл үрдіс 20 ғ-дың бас кезіне дейін созылды. Кейіннен түрлі саяси және экон. мүдделерге сай ғылымның ауқымы кеңейіп, бүгінгі күнге дейінгі мәселелер қарастырыла беретін болды. Жаңа тарихи жағдайларға байланысты қазіргі уақытта Этнология күрделі де сан салалы тармақтардан тұратын іргелі ғылымға айналды. Оған этн. антропология, этн. социология, этн. психология, экон. Этнология, этнодемография, этн. география, этнопедагогика сынды бірнеше бөлімдер кіреді. ҚазақстандаЭтнологиялық ізденістердің дамуы ілкі замандардан бастау алған. Ерте темір дәуірінен басталған мол Этнологиялық материалдар ғасырлар бойы жинақтала берді

2.5 Демографиялық мәселе

     Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.

       Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшу-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынасында алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи жағдайларға және миграцияның ықпалына қарай өзгеріп отыруы. Отбасының құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда дербес мәнге ие.  
     Демографиялық процестер қоғамда қалыптасқан белгілі бір әлеуметтік қарым-қатынастарға негізделеді. Сондықтан халықты зерттеуде демография саясат, экономика, медицина, математика, этнография, т.б. бірқатар ғылымдармен тығыз байланыста болады. Олардың зерттеу әдістері мен тәжірибелерін, материалдарын пайдалана отырып, демография өз тарапынан да өзге ғылымдарға қажетті деректер береді. Демографиялық процестердің өзіндік ерекшеліктері, көбінесе халықтың табиғи қозғалыстары демографияның өзіндік зерттеу әдістерін қалыптастыруға негіз болды. Олар: әр түрлі буын өкілдері үшін жас айырымыкөрсеткіштерін жасау арқылы дәл сол уақыттағы даму-құлдырау заңдылықтарын көрсететін гипотетикалық ұрпақ әдісі; когорт әдісі(адамдардың нақтылы буынының дамуын зерттеу); потенциалды демография әдісі, т.б. демографияда ғылымның басқа салаларындағыдай болжамдар жасау, оларды деректер арқылы тексеру және соның негізінде ғылым қорытынды жасау қажет. Көбінесе халықтың санын ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі қолданылады. Сондай-ақ демографиялықкоэффициенттерді пайдалану, оларды салыстыру, салғастыру тәсілдері де демографияның өзіндік зерттеу әдістерінің бірінен саналады. Демография ғылымының негізін салушы – ағылшын ғалымы Дж. Граунт. Ол алғаш рет Лондондағы тіркелген адам өлімдерінің бірнеше жылдық жлазбалары негізінде халық арасындағы өлудің көрсеткішін жасауға және оның заңдылықтарын анықтауға талпыныс жасаған. 

2.7 Демографиялық күрт өсу


      Демографиялық күрт өсу (Демографический взрыв; грек, demos— халық, grapho — жазамын) — әлеуметтік- экономикалық немесе жалпы экологиялық жағдайлардың жақсаруымен байланысты халық санының күрт өсуі.

 

Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:

  • Ресурстар проблемасы;
  • Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;
  • Энергетикалық проблема;
  • Демографиялық проблема;
  • Климаттың өзгеруі;
  • Экологиялық проблемалар;
  • «Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;
  • Қауіпті ауруларды жою;
  • Әлемдік мұхит пен космосты игеру;
  • Қылмыспен және терроризммен күрес;
  • Наркобизнеспен күрес.

                               2.7 Экологиялык маселелер 
       Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық , ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды. 
 
Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларга төтенше өкілеттік беру.

Информация о работе Ғаламдық мәселелер