Ғаламдық мәселелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 02:14, реферат

Описание

Жалпы, әлемде қандай да бір мәселе туып, ғаламдық дағдарыс орын алған кезде, оны шешу мақсатында құрал ретінде халықаралық деңгейде жаңа институт, немесе мәселені талқылайтын сұхбат алаңдары пайда болатынын тарихтан байқаймыз. Және де мұндай үрдіске оң көзбен қарау керек. Себебі, түрлі проблемалардың шешімін табуда бұрын құрылған институттар әлсіздік танытады. Ғаламдық мәселелерді шешу мақсатында G7, одан кейін G8, G20, сонымен қатар, Халықаралық валюталық қор секілді ғаламдық институттар осы ретпен дүниеге келген. Алайда, ғаламдық мәселелердің артуы есебінен әлемдік экономиканы үйлестіру мәселесі шешімін таппай келеді.

Содержание

І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Ғаламдық мәселелер
2.2. Ғаламдық мәселелерді шешудин басты шарты
2.3.Қазіргі әлемдік саясат және жахандық мәселелер
2.4.Этнографикалық мәселелер
2.5.Демографиялық мәселелер
2.6.Демографиялық күрт өсу
2.7.Экологиялық мәселелер

ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
V. Пікір

Работа состоит из  1 файл

Ғаламдық мәселелер реферат.docx

— 49.20 Кб (Скачать документ)

       Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналады, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр; іс жүзінде тез өндіріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.  
Адамды құтқару дегеніміз – ең алдымен табиғатты сақтау. Табиғи процестердің негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу табиғат пен адам арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп соқтырғанын айта кеткен жөн. Американ экологы Риклерс: Табиғатқа келтірілген нұсқанды түзетудің ешқандай көпе – көрнеу жатқан әдістері жоқ екені айдан анық, сонымен қатар қоршаған ортаға деген келеңсіз көзқарасы үшін адамға танылатын кінә да, өзендерге шайынды суларды төгу, егістіктерге пестицидтер бүрку, аңшылардың найзасы мен мылтығы автомашиналардан шыатын түтін қала іргесінің шексі кеңеюісияқты белгілі фактілерден құралмауы тиіс.  
Адамға табиғат экономикасы  - ауыл, елді пунктер, село, қала тұрғындарымен жер жүзінің халықтарының қарым – қатынастарын, сандық және сапалық құрылымын зерттеу және реттеу, көпшілікке үздіксіз экология саласынан білім мен тәрбие беру жұмыстарын зерттейді.  
Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жер бетіне. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мыңдаған километр жерге айдап апарады. Міне, сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардын ауаны қорғау адам денсаулығы үшін де, тіршілік үшін де үлкен мән алады. Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу адамзат баласының алдында тұрған үлкен мәселе. Ауаны әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте – бірте түпкілікті мутагенді өзгерістер тудыратын анықталып отыр. Мысалы, қалалардың үстін, 2000 – 2500 м биіктік көлемінде газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл түтін басып тұрады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

    Қазіргі кездің ғаламдық мәселелері - бүкіладамзаттың, барлық мемлекеттер мен елдердің, жер шарының әрбір тұрғынының өмірлік мәні бар мүдделерін қамтитын мәселелер; олар қазіргі өркениеттің дамуынын объективті факторы ретінде көрінеді; егер оларды шешудің конструктивті жолдары табылмаса өте өткір сипатқа ие болады және адамзаттың позитивтідамуына ғана емес, өркениеттің жойылуы қаупін де төндіреді; өзінің шешілуі үшін барлық мемлекеттер мен халықтардың, бүкіл әлемдік қауымдастықтардың күш жұмсауын талап етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Казахстан и глобальные вызовы современности: материалы научно-практической конференции (Алматы, 19 мая 2010г.) Отв. ред. Б.К. Султанов. – Алматы: КИСИ, 2010.- 120 с. (5).
  2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы: ИСИ, 2007, 616 б. (85).
  3. Интернет желісі (www.yandex.kz- www.googl.kz)
  4. Интернет желісі (www. univer.com)
  5. Серік Мырзалы "Философия" - Алматы 2011

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ғаламдық мәселелер