Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 12:25, доклад
Аристотельдің (б.з.б. 384—322 жылдары) философиясы, бір жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан, Аристотель көзқарасы орта ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген мәселелерге жан-жақты талдау жасап, өз заманындағы көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті.
Аристотельдің адам тәрбиесі мәселесіне өзіне дейінгі ойшылдарға қарағанда айрықша көңіл бөлгенін айта кетуіміз керек. Адамның жан-жақты мәдени және рухани дамуына ерекше ықпал етіп, айрықша рөл атқаратын ең алдымен — өнер. Ол адамдарды тәрбиелеудегі негізгі құрал болып табылады. Осы өнердің ішінен Аристотель трагедияны ерекше бөліп алып, оның адамдарға тигізетін әсерін барынша бағалады. Трагедия демосқа (демос — грек тілінде “халық”) жақын тұрады. Өйткені демос — бұл күш, саяси шындық, одан ешқайда кете алмайсың. Негізінен біртұтас болған жағдайда демократиялық көпшіліктің көптеген жақсы касиеттері де бар. Бұл көпшілік әрдайым даналық ой-пікірлер айтады. Осы даналық ой-пікірлердің біразы сахнада көрінуге тиіс. Біртұтас демосқа әсер ететін өнер — трагедия. Ендеше, трагедия осы көпшіліктің, халықтың тікелей катысуымен пайда болады. Сөйтіп, халыққа зор әсер етеді.
Афина мемлекетінде (полисінде) маңызды тәрбиелік рөл атқаратын өнердің тағы бір түрі бар. Ол — музыка. Оның әсері адамның сезімін жетілдіреді. Музыка адамның рухани дүниесіндегі жай-күйін қалыпқа келтіріп, әсем дыбыстар мен идеалды тербелістер арқылы объективті өмірдегі орын алатын сезімдік жайларды жете түсінуге көмектеседі. Музыка, сонымен қатар, тек қана дыбыс псн шудың көрінісі болып қалмай, оз тындаушыларын, әсіресе, жастарды адамгершілік пен парасат рухында тәрбиелеуге айрықша кәңіл бөледі.
Аристотель барлық тәлім-тәрбие
мәселесін адамның жан-жақты
Аристотельдің философиясы өз заманымен шектеліп қалмай, оның көптеген идеялары кейінгі ойшылдардың арасынан қолдау тауып, шығармашылықпен дамытылды. Бұл жерде Шығыстың орта ғасырдағы үлкен алыбы, философия саласында “екінші Аристотель” атанған әл-Фарабидің еңбектерін атап өтсе де жеткілікті. Оның “Философиялық трактаттары”, “Әлеуметтік-этикалық трактаттары”, “Логикалық трактаттары”, “Тарихи-философиялық трактаттары”, тағы басқа да еңбектері Аристотельдің көзқарасын барынша ілгері дамыта отырып, өз заманына сейкес жаңа көзқарастарының негізін қалады.
Сөйтіп, Аристотель философиясы, бір жағынан, өзіне дейінгі философияның, ғылымның, таным теориясының, әлеуметтік-саяси, экономикалық ілімдердің бәрін жинақтаған көне грек дәуірінің энциклопедиясы болды. Екінші жағынан, Аристотельдің өзі көптеген философиялық, саяси-әлеуметтік мәселелерді көтеріп, оларды өз заманының деңгейінде шешуге ұмтылды. Оның қойған философиялық проблемаларының маңыздылығы сонша, олар келесі дәуірдегі ұрпақтардың игілігіне айналды.
Аристотель философиясының аса бір маңызды жағы — ол софистер, Сократ және Платон бастап, бірақ аяқтай алмаған адам туралы көкейтесті меселеге барынша назар аударды. Ол көне грек философиясында алғашқылардың бірі болып, адамды қоғамдық қатынастардың жемісі ретінде қарастыруға ұмтылыс жасады. Бірақ оның заманы, құлдық демократиялық дәуір ұлы ойшылдың бұл әрекетін іске асырмады.
Бірақ бұл философиялық мәселелерді нақты, ғылыми тұрғыдан шешу, көп жағдайда, олар қоғамдағы әлеуметтік-саяси топтардың көзқарастарымен үнемі қарама-қайшы келгендіктен оңайға түспеді. Өйткені әрбір кезеңнің, әсіресе, құлдық демократиялық дәуірдің тұсында мәдениет пен саяси-әлеуметтік салаларда көптеген адамдардың арасында күрес жүріп жатты. Сол күрестің әсері философиялық мәселелерді шешуге де тікелей қатысты болды.
Айталық, көне грек дәуірінің мифологиясында аристократиялық үстем таптың көзқарасы бейнеленіп, олар діни-мистикалық негізде талданса, құлдық қоғамда жаңа экономикалық және саяси қарым-қатынастардың өркендеуі қарапайым түрде болса да ілімдер мен білімдердің пайда болып, әрі қарай дамуына жол ашты. Сондықтан философиялық ойлар да ғылымның, әсіресе, жаратылыстану саласының қауырт дамуына байланысты жаңа сатыға көтеріліп, натурфилософиялық дәуірді дүниеге әкелді. Көне грек философиясының бұл дәуірінде Эмпедокл, Анаксагор, Демокрит сияқты ғалымдар дүниеге келді. Бұлар ғылыми білімдердің дамуында айрықша рөл атқарды.
Көне грек философиясының аса бір дамыған дәуірі — құлдық демократиялық қоғамның кұлдырап, идеология саласында қиян-кескі күрестің басталған уақыты. Міне, осы кезде философияда бір-біріне қарама-қарсы екі ағымның арасы бұрынғыдан да ашыла түсіп, олардың күресі саяси-әлеуметтік мазмұнға ие болды. Көне грек философиясына көз жүгірте отырып, басқаша түйінге де келуге болады. Көне замандағы философтардың, әсіресе, грек ойшылдарының негізгі мақсаты ұдайы күрес, пікір тартысы, идеологиялық тұжырымдарды қарсыластарына қарсы жұмсап, қалайда жеңіске жетуді көздеу емес. Керісінше, әрбір дәуір тудырған экономикалық, саяси-әлеуметтік қайшылықтарды жете түсініп, дұрыс шешу оңайға соққан жоқ. Мұндағы басты қиыншылықтар философтардың, ойшылдардың сана-сезімінің артта қалғандығынан емес, замана тағдыры, сол кездегі саяси-әлеуметтік жағдай сананың, ойдың осы қайшылықтардан туындаған мәселелерді шешуіне мүмкіндік бермегендігінде.
Бірақ біз бұдан келіп сол кездегі алдыңғы қатарлы ойшыл-философтардың санасы, ойы тек болмысты ғана тікелей бейнелеп, өзінің әлсіздігін, бишаралығын көрсетті деуден аулақпыз. Көне грек тарихындағы әрбір дәуірдің ойшылдары қоғамның мәнін түсінуге барынша қатыса отырып, келелі мәселелер көтерді. Олардың ойлары мен идеялары шығармашылықтың асқан үлгісін көрсетіп, өз дәуірінің шеңберінен шығып, келешектегі проблемаларды да қамтып отырды.
Сондықтан біз қысқаша шолып өткен дәуірдің философтарына өз заманымыздың биік кезеңінен ғана қарап, олардан таптық қақтығыстар тауып; “олар таптық позицияда тұрды”; “көзқарасы тек таптық болды” десек, онда сол ойшылдарға жасаған қиянат болады.
Олардың белгілі бір мәселені шешу барысында қайшылыққа тап болып, соның кесірінен әртүрлі позицияларда тұрғанын жоққа шығара алмаймыз. Сондай-ақ, Демокриттің философиясы мен Платонның көзқарасы өзара тіл тауып, бірін-бірі толықтыра түсті деп тағы да айтпаймыз. Бұлардың қарама-қарсы ағымдарда тұрғаны айдан анық. Бірақ мәселе басқа жақта жатыр.
Белгілі бір мәселені шешуге ұмтылғанда, одан туған қайшылықтарды әркім әртүрлі түсінеді ғой. Ендеше, сол мәселелерді шешу занды түрде әртүрлі болады. Тіпті бұл мәселе қоғамдағы әртүрлі топтардың көзқарасының әсерінен ойламаған жерден өзгеше шешілуі де мүмкін. Олай болса, бір топтың мүддесін қорғап отырған философтар қайшылықтарды шешуде бір-бірінен бөлініп, озара айтыс-тартысқа түсіп, дауласа кетуі де мүмкін. Айталық, Платон мен Аристотельдің арасындағы айтысты тудырған мәселелер осыны айқын көрсетеді. Өзінің шәкірті бір кезде ұстазына қарама-қарсы шығады ғой деп кім ойлаған. Ендеше, бұл екі ой алыбының ортасында ақиқат жатыр. Ақиқат барлығынан да, әсіресе, достықтан да, туысқандықтан да жоғары тұр.
Дегенмен өзіміз талдаған,
барынша жан-жақты қарауға
Сондықтан Аристотельден
кейінгі философия тек
Ендеше, заманның мәнін, ішкі рухани дүниесін түсіну үшін эллинизм дәуірі, ондағы стоялықтар, эпикуршілдер және скептиктер маңызды рөл атқарды десек, асыра айтқандық болмас.
Әсіресе, стоялық ойшылдар өзінің логикасында, физика мен этикасында табиғатты, яғни сезімдік материалды, ғарышты субъекті ретінде карап, сол арқылы адамның негізін түсінуге ұмтылды. Өйткені табиғат, олардың ойынша, көркем турде жаратылған. Ендеше, адам да ешбір бүлінбей, идеалды түрде шебердің қолынан шыққандай, өзінің мәнін айқара ашып, күнделікті күйбең өмірдің лас жағынан тазаланып шығуы керек. Сондықтан ол ешбір қайғыны, ауыр азапты басынан кешірмей, тыныш, жайбарақат өмір сүруі тиісті. Ол үшін адам өз рухына өзі барынша беріліп, өзінің ішкі дүниесіне қарай бет бұрып, соған ғана барып орналасқаны жөн.
Көне грек дәуірінің аумалы-төкпелі заманында, әсіресе, мәдениет пен философия құлдырап, барлық ел дағдарысқа ұшырағанда, бұл да бір табылған дұрыс жолдардың бірі еді. Бірақ ол үшін адамдар рухы берік, нағыз философтар болуы керек қой. Қазіргі біздің осындай дағдарысқа ұшырап отырған заманымызда мұндай рухы берік стоялықтар табыла қояр ма екен?
Ал енді эллинизм дәуірінің келесі ағымы — эпикуршілдік — атақты философ Эпикурдің есімімен аталатын философия. Ол ағым сонау Демокриттің атомдық философиясын ілгері дамыта отырып, осы эллинизм дәуірінде адам туралы көптеген мәселелер көтерді. Эпикуршілдікті жаратылыстану саласын және этика мен эстетика мәселелерін көтерген ғылыми бағыт деп қарауға болады. Бұл ағымның негізгі бір ерекшелігі ұсақ бөлшекті атомдарды қарастыра отырып, солар арқылы адамдардың қоғамдық өміріне талдау жасайды. Егер құлдық демократиялық дәуірдің өркендеп тұрған кезінде Демокрит атомдар біркелкі және тура қозғалады деп есептесе, Эпикур өз заманына байланысты атомдардың қозғалысындағы өзгерісті көрсетті. Сондай-ақ, Демокрит атомдар қажеттіліктерге ғана бағынады, олардың озара байланысында ешбір кездейсоқтық болмайды деп тұжырымдаған еді. Эпикур болса, атомдардың өмір сүруі мен қозғалысында кездейсоқтықтардың орын алатынын ашып көрсетті.
Осы екі ойшылдың атомдық көзқарасының айырмашылығы сырт қарағанда онша маңызды емес. Ал, шындығында, мәселенің негізі басқада. Эллинизм дәуіріндегі Эпикур атомдардың қозғалысында үлкен өзгеріс болады, олар кездейсоқтыққа ұшырайды деп сол кездегі қоғамдық өмірдің бейнесін беріп отыр. Бұл жердегі әңгіме атомдардың қасиеттері туралы болып отырған жоқ. Керісінше, Эпикур атомдар арқылы еркіндік пен бостандық мәселесін көтерді деуге болады.
Сондай-ақ, скептиктер (грек тілінде “қараймын”, “зерттеймін”, “күдіктенем”) ағымы да адамның ішкі дүниесін, рухани өмірін өзгерткен көптеген ойларды қамтыды. Бұл ағымның негізін қалаушылар Пиррон, Секст, Эмпириктағы басқалары болды. Бұл философияның негізі адамның ойы арқылы айналадағы дүниеге кеңінен көз салу, оны жақсылап көріп алу, өткен жолымызға қайта қарау және танымның жетістігіне сын көзбен шолу аркылы оны қайта бағыттау. Скептиктер көне дәуірдегі диалектика мен софистиканы ұштастырды. Олар өз заманындағы қайшылықтарды айрықша анықтап, соларға ерекше назар аударды. Сондықтан болар, олардың философиясында қарама-қарсы анықтамаларға шебер түрде талдау жасалады. Гегельдің тілімен айтқанда, скептиктер диалектиканың өзіне қарсы шығу үшін, диалектиканы жақсы пайдалана білді.
Алайда, білімнің шындығына сын көзбен қарай отырып, оған күдік тудырып, олар адамның практикалық қызметін жоққа шығармады. Олардың негізгі теориясы адамның қызметіне бағытталды десек, қателеспеген болар едік.
Расында да осы эллинизм дәуірі бір жағынан Аристотельдің философиясымен аяқталған процесті жалғастырды да, екінші жағынан жаңа дәуір — орта ғасыр дәуірінің жаршысы болды. Бұл ағымдар — стоялықтар, эпикуршілдер және скептиктер — философия тарихында бір-бірімен үнемі жауласып өткен топтар. Алайда, олар адам өмірінің негізгі мақсатын бақыт деп білді. Сондықтан олар адамның бақытқа жетуінің жолдарын өзінше көрсетіп беруге барынша ат салысты.
Аристотель ең алдымен көне грек мәдениетінің жемісі. Сондықтан оның философиясын, саяси-әлеуметтік көзқарасын, ғылыми тұжырымдамаларын түсіну оңайға соқпады. Өйткені ол үшін ерекше жоғары дәрежеде дамыған мәдени орта қажет болатын. Құлдыраған көне грек және көне Рим мәдениеті ұлы Стагириттің даналық еңбектерін ілгері апаруға дәрменсіздік көрсетті. Не грек, не Рим стойцизмі, скептицизмі данышпан философтың ойларын дамыта алмады. Ол — ол ма, орта ғасырда атағы дүркіреген христиан дінінің негізін қалап дамытушылардың бірі — Фома Аквинскийдің (1225—1274) өзі грек данышпанының логикалық ойларын жете түсіне алмады.
Ал Аристотельдің философиясын ортағасырлық Таяу Шығыс және Орта Азияда Әл-Фараби шығармалары және Ибн-Сина, Ибн Рушдтың түсіндірмелерінде оны әрі қарай дамыту арқылы дүниежүзілік сахнаға алып шықты.
Мұның себебі неде жатыр? Бұған осындай шығармашылыққа жол ашқан қауырт дамыған Шығыс мәдениеті мен өнері еді. Бұл мәдениет пен өнер араб тілі арқылы бүкіл Шығысты толық қамтып, сонау ғажап “Жібек жолы” арқылы Батыс пен Шығысты жалғаған үлкен мәдени көпірге айналды. Сол көпірден сауда-саттыкқа негіз болған материалдық дүниелермен қатар мәдени, философиялық ойлар мен өнер-білімде сапырылысып, бір-біріне әсер етіп, әрлі-берлі өтіп жатты.
Осы Ұлы Жібек жолының дәл кіндігінде отырған Орта және Қиыр Шығыс халықтарының әдебиеті, философиясы және саяси әлеуметтік көзқарасы Аристотельдің қайта туып жаңғыруына, жаңаша түлеуіне, оның философиялық ойларының жаңа арнада тасқындай тасып, қайтадан Батысқа қарай бет бұруына әкеліп соқты.
Осы Таяу Шығыс философтарының, әсіресе, Ибн Сина мен Ибн Рушдтың әсерінен христиандық діни көзқарастары Фома Аквинский, Аристотельді қайта ашып, оны өзінше түлетуге шамасы келді. Ол формаларды абсолюттендіре отырып, формалардың формасы — Құдай деп ұлы Стагириттің еңбектерін христиан дінінің түпкі негізі ретінде қарауға ұмтылды.