Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 17:35, курсовая работа
Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды.
Кіріспе.....................................................................................................................4
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері.............................7
Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар..................................12
Қорытынды............................................................................................................20
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................22
ЖОСПАР
Кіріспе.......................
Қазақ философиясы қалыптасуының
тарихи ерекшеліктері.................
Көне түрік жазбаларындағы
алғы философиялық ойлар.........................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
КІРІСПЕ
Әдетте, адамдардың барлығы да ізденуші, өмірге қажеттінің бәрін өзімен бірге ала келген жоқ. Тарихты адам жасайды, адамзат тарихы дегеніміз – дарияның асау тасқыны да, толқынға қарсы жүзетін кеме де, кемені қозғаушы желкен де осы адамның бір өзі ғана. Демек өмірдің мәні де, қожасы да адам. Рас, адам өмірі ешбір бөгетсіз сырғи бермейді. Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар, ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Зерттеу тақырыбы: «Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері» деп аталады. Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды.
Оның негізгі бағыттары
ретінде тұрпайы-диалектикалық
Тақырыптың өзектілігі:
Тәуелсіздікке көзі жеткен
Қазақстан Республикасы алдында
руханиет саласында орасан зор әрі
қасиетті мақсат – халық рухын, оның
өзегі – ұлттық философияны жаңғырту
немесе қайтадан қалпына келтіру
мақсаты тұрған еді. Қаншама экономикалық
және саяси жетістіктерге жеткенмен де,
мәдениеті қайта өркендеусіз, Қазақстан
өркениетті елдер қатарына еш қосыла алмайды.
Біздер ауызша да, жазбаша да «рухы күшті
халық», «рухани биік халық» деп бағалаймыз.
Қазақылықты немесе ұлттық рухты анықтауға
тікелей қатысы бар басқа да қасиеттер
болуы мүмкін. Қалай болғанда да олардың
қазақ халқының тұтастығынан туындайтындығына
күмән келтіруге болмайды. Оны бейнелейтін,
санасына сіңіретін адам. Зерттеліп отырған
тарихи кезеңдегі және алға қойылған мақсат
негізінде төмендегідей міндеттер бейнеленеді:
- Зерттелмеген жақтарын ашу. Бүгін де
осының дұрыстығын анықтау;
- Деректемелер мен әдебиеттерді топтастыра
отырып, әр әдебиеттерге сыни көзқарас
тұрғысынан қарай отырып, қазақ философиясының
тарихи ерекшеліктерін жан-жақты ашып
көрсету.
Философия тарихы туралы жазылған еңбектер ерте заманнан белгілі. Ұлы ғұлама ойшылдардың шығармашылық мұраларын, олардың философияға қосқан үлестері, көтерген өзекті мәселелері жайлы әр елдің, әр заманның тарихшылары айқындап кеткен тұжырымдар, келелі ақын мен сезімге негізделген ойлары баршылық. Оларда философияның қоғамдық сананың ерекше түрі ретінде дүниеге келуіне басқадай алғышарттардың бастысы болып, мифологияның, діннің халықтың қарапайым санасының, ғылымның тигізген әсерлері толыққанды да ерекше сипатталған.
Реферат жұмысының деректік
негізі ХХ ғасыр басында шыққан 80-90
жылдар аралығында әдебиет, баспасөз беттерінде
жарияланған кейбір мақалалар пайдаланылды.
Сонымен қатар, М.Орынбековтың, Қ.Ш.Бейсеновтың,
Қ. Өмірәлиев сынды
Бұл еңбектердегі философиялық ой-толғамдар
оқырманды қызықтырып, сырттан қарап,
сол оқиғаларға өзінше баға беруге итермелейді
және де бұл еңбектер реферат жұмысының
жазылуына негіз болады.
Халық философиясы тарихының тәуелсіз
мемлекет үшін маңызы аса зор. Өйткені
өзінің жеке философиясы болмаған елдің
дербес рухани тұрмыс пен өркендеуге мүмкіндігі
болмай, бөгде тектік факторларға тәуелділігі
күшейе түседі. Ұлттық философия тарихы
– жүйелілік ілім, ол философияның бір
бөлігіне дәлірек айтқанда, тарих философиясына
жатады.
Қазақ философиясы
қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақатар, ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Осы рухани мұра жүйесінде
қазақтың ертедегі философиялық элементтерінен
бастап, қазіргі заманғы толысқан
философиялық теориясын түгелдей қамтитын
ұзақ та жемісті философия тарихы
мол орын алды. Оның негізгі бағыттары
ретінде тұрпайы-диалектикалық
Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер – бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әр түрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады.
Олар шынайы реализм, бітімінің негізгі жақтары еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылықққа қарсы күресу, құқықтық саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы басқалар еді.
Осы аталған көзқарастар сыңаржаққа, тоқыраушылыққа, қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы бағытталды. Бұл да қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшелігі.
Қазақ философиясының ойының тағы бір ерекшелігі деп оның шынайы патриотизмі, халқына сүйіспеншілігін, оның бағыты, мүддесі және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуі дер едік.
Бұл айтқандардан қазақ философиясы
басынан-аяқ тік тұрған, бірден қалыптасып
жеткен жүйе деген пікір тумаса керек.
Біртұтас көзқарас, дүниені жан-жақты
танып білу, оның заңдылықтарын, таным
процесін, әлеуметтік мәселелерді дұрыс
түсіну, ойлау түрлерінің жүйесін
анықтау – ол соңғы ғасырлардың
үлесіне тиеді. Дегенмен, халықтың жыраулық,
ақындық шығармашылығынада
Негізінен кездейсоқтық, жүйесіздік сипатына қарамастан онда адамдардың бай практикалық өмірін, халық даналығын көрсететін философиялық мән бар еді. Ойлау тәсілі ерекше, шығармашылық жолы мен шығармалардың сақталуы ауыз мәдениетіне сай, оны есінде сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа өзгертпей, жоғалтпай, «ұрламай» жеткізу – бұл философия тарихындағы ғажап құбылыс.
Халқымыздың өмірін бейнелеген, адамдардың түйсігін, ойларын, өскелең талабын көрсете білген фольклорда объективті шындықтың элементтері бар. Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық-тұрмыстық поэмалар, мақалдар мен мәтелдер – адамдарды табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, саяси-экономикалық жағдайларды, ізгілік мақсаттарды өз уақытына сәйкес танып-білуінің куәгерлері. Ауызша халық мәдени ескерткіштерімізді зерттеу халқымыздың танымдық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік-тәрбие және дүниеге көзқарас ерекшеліктерін білуге көмектеседі.
Табиғи және әлеуметтік өмірді
тікелей бейнелеу, дүниенің құрылымы,
оның жасырын күштері туралы тұрпайы
түсінік – бұл қазақ
Қазақ философиясының тарихы – халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Онда ғылыми таным процесі мен халықтың идеялық ізденістері, бай тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ философиясы – халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен негіз және әдістемелік құрал. Ол қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланыста. Сондықтан оны зерттеп үйренбейінше қазақ ғылымының тарихын, саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, діндарлығын және тағы да басқаларын пайымдау мүмкін емес.
Халықтың ұлт-азаттық
қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан
қазақ философиясы ғылыми құндылығымен
қатар, жоғары азаматтық қасиетімен,
әлеуметтік әділеттілікке жету жолдарын
тікелей іздеуге ат салысқандығымен,
өзініңі жемісті
VI ғасырдан бастап Қазақстанның
қазіргі аумағында алғашқы
Философияның пайда болуының тарихи алғышарты - миф. Бірақ оны философия эпос арқылы өзгерген және жүйелеген кезінде ғана пайдаланды. Әрбір заманға байланысты эпос мифтің түрін өзгертіп отырды және сонымен қатар өнер мен бастапқы ғылым элементтерінің әсерімен философияның шығу процесін, оның қоғамдық сананың шығу және жаңа бір түрі ретінде қалыптасуын жеделдетті.
Мифологиялық көзқарас пен табиғат және қоғам туралы жаңа дамып келе жатқан ғылым элементтерінің арасындағы қайшылықтарды шешу философияның пайда болуының жолы деген де қалыптасқан тұжырымдар бар. Философия мифке тән, дүниеге тұтас көзқарастың бағытын сақтауға тырысады. Соның негізінде мифологиялық не аллегориялық – көркем, не символикалық – діни, не нақты – ғылыми ойлау, бірақ олардың әрқайсысынан қабылданған түрлеріне сыймайтын, жаңа түсініктегі ойлау нысандарын құрайды.
Белгілі дүниені түсіндіруге тырысудан одан да белгісіздігі мол дүниені танып-білуге ұмтылу, егер де ол дүние, тіпті, танып- білуге мүмкіндік бермесе, тәңірге немесе құпия ғаламат күшке сілтеме жасау – мифтің өзіне тән ерекшелігі. Адамға әлеуметтік басқару жүйесін танып, оны түсініксіздеу әлдебір күштің әсерімен түсіндіру ғылым мен дамудың барысында оған сенбеушілік пайда болған жағдайда жеке адамға өзінің дүниеге көзқарасын өзгертіп, мүмкіндігін жетілдіру – бұл миф пен философияның салмағын ажыратудың бір жолы. Ақылмен ой қозғау, табиғаттың өзіне бет бұру, дұрыс көзқарастың қалыптасуы философияның пайда болуындағы диалектикалық синтез, бастапқы қайшылықтардың шешілу процесі.
Қазақ философиясының пайда болуы туралы тек ойшылдардың дүниеге көзқарасы жалпылықты, көзқарастың әмбебеап принциптерін немесе «бастауларды» анықтаудағы заңды бағыттары болған кезде ғана айтуға болады. Діни – мифологиялық тұжырымдар әдет-ғұрып пен беделге бой ұрса, философиялық заттар мен құбылыстардың, оқиғалардың мәнін ашуға, пікір-сайыс ретінде қолданылатын рационалды ойлауға, дүниені танып-білудегі қайшылықтарды аңғару мен шешуге тырысады. Бұл әрекет адамның жан-жақты ойлауы және оның интеллектуалды интуициясымен бірегей қабысқан нәтижесінде туады.
Қазақ тарихында көп кездесетін «рулық» генетизм осы қоғамның әлеуметтік, таптық бөлінуі және «ақсүйекті рулар пайда болған кезінде күшейеді. Соңғылардың қоғамдағы «заңды» орындары олардың төркіні құдайдан немесе батыр бабаларынан басталады деп түсіндірілді. Сөйтіп, олардың әлеуметтік дүниенің қажетті және заңдастырылған бөлшегі ретінде қоғамдағы белсенді ролі бекітілді. Осы рулардан шыққан ойшылдардың әлеуметтік идеялары қоғамның даму үрдісін біршама дұрыс бейнеледі.
Осыдан келіп олардың көзқарасы, қоғамның тарихи дамуының мүддесіне сай келгендіктен, қоғамдық пікір ретінде қалыптасты. Мәселен, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы басқа ой жүйесі, олардың ақыл кеңесі, айтқан тұжырымдары осыған дәлел.
Жалпы дүниежүзілік тарихтан
белгілі болғандай, қоғам дамуының
көп сатыларында экономикалық мүдделер
мен саяси қызметке қарағанда
философиялық, этикалық, діни және тағы
басқа мәселелер алдыңғы
Қоғамдық ойдың көптеген
мәселелері өзінің ауқымы жағынан ұлттық
шеңберден асып жатады. Мәселен, ағартушылық
бағыты таза ұлттық қасиетке ғана ие емес.
Оның түрлі ұлттық ерекшеліктері
әлемдік жалпылықпен астарланып
жатады. Қазақ ағартушылығының
Оның Қазақстанда қалыптасып, дамуына негіз болған демократиялық элементтері, халықтың ауыз әдебиеті мен фальклоры феодализмнен капитализмге өту барысында шыққан. Қазақ философиясында қоғамдық ой үш кезеңнен өтті. Олар – қоғам, қоғамдастық және қоғамдық пікір. Қазақ тарихының белгілі бір кеңістік – уақыт, философиялық құбылыстарды үш кезеңге бөліп қарауға болады:
1) Алғы философия: объективтілік
пен субъективтілікті өте
2) Объективтілік пен субъективтілікті
жоғары деңгейде ажырататын сана. Оның
негізінде түсініктерді логикалық қолдану
арқылы теория мен тұжырымдамалар жасау.
Яғни ойлау дәрежесі ұлғайып, қоршап тұрған
дүниені, қоғамды және адамның өзін дұрыс
бейнелеу белгісіне жету. Осы құбылыс
қазақ философиясы тарихының XIV ғасыр
XX ғасыр басына дейінгі кезеңді қамтиды.
3) Теориялық әдістемелік қасиеттермен
байытылып, классикалық жүйеге ие болған
және әлемдік рухани байлықпен ұштастырылған.
Информация о работе Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері