Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 17:03, реферат
Қазіргі өндірістің күннен-күнге автоматтандырылуы жедел қарқынмен арта бастады,осыған сәйкес енді адамға әрі басқарушы,әрі орындаушы болу міндеті жүктеліп отыр.Адамның психо-физиологиялық мүмкіндіктерін және дене өлшемі сипаттарын,еңбек жағдайларын,жұмыс сипатын кешенді ескеретін оераторшы адамның жұмыс орнын ұйымдастыру қазіргі дамып келе жатқан ғылым-эргономиканың пәні болып табылады.
Эргономика негіздері.
Адамның жұмыс қабілеттілігі.
Техникалық эстетика.
Еңбек гигиенасы.
Қарсылықты түстер-элементтерді қарама-қарсы көлемі ,түсі және т.б. көрсету үшін пайдаланылатын компазициця құралы.Ол салыстырылатын элементтердің функциональдық және құрастыру ерекшеліктерін белсендірек көрсетуге көмектеседі.
Реңк(нюанс)-элементтердің формасы,мөлшері,түсі және т.б. бойынша контрастқа қарама-қарсы компазиция құралы.
Симметрия –оське немесе ортаға компазиция элементтерінің ұйымдастырылу принципі ,асимметрия-бұрыс орналастыру.
Машина формасы оператордың назарын қажетсіз аудармауы үшін басы артық ақпарат болмауы қажет.Жұмысқа қажетсіз сәндік элементтер,егер олар даярлау технологиясына жатпаса,алынуы керек.Машиналардың негізгі көлемдері қарапайым болғаны дұрыс .Басы артық конфигурациялар адамның назарын еріксіз тартады.
Масштабтылық
негізінде заттың бір бөлігінің
тұтасқа қатынасынан тұрады,
Үлкен зат кішкентай заттардың ішінде басты болып қабылданады.Мысалы,машина залы ішіндегі гидрогенератор .Бірақ басқа да сипатты ансамбльдер болуы мүмкін.Мысалы,үлкен және кіші мөлшерлі көптеген күрделі көптеген аппараттармен толтырылған ірі зауыт цехы.Цехтың аяққы жағында қабырғадан алыс емес бес метрлік ақшыл-көк ,тіптен ақ десе де болады басқару пульті тұр,ол адам бойынан биік,жоғарысында ашық көк түсті күнқағары бар.Цех ішіндегі жабдықтың көбі басқару пультінен үлкен болса да,пульт мұнда ең басты нәрсе екенін айғақтап тұр.
Цех ансамбльіндегі басқару пультінің мәнділігі ,байқалуы көптеген факторлармен дәлелденген.Мұндағы басты фактор пульттің технологиялық процестегі басты рөлде болуы және оның ерекше түсі мен орны-пульт көру орталығында аса үлкен емес алаңға қойылған.Бірақ оның тағы бір маңызды сапасы құрастырылуында ,соған байланысты ол өндірісте жетекші орынға ие болыр тұр.Бұл-оның елеулі елеулі масштабы мен бөлшктерінің ірілігі.
Адамның еңбек процесінде оның көз қызметіне жүктемелердің көбейе түсуіне байланысты,адам көзіне шаршатпайтын,түйілдірмейтін жағдай жасау қажет.Мәселен,өндірістік бөлмелер мен жұмыс орындары көзге жайлы болатындай боялғаны дұрыс.
Адам көзі түс түрлері бойынша күн спектрінің 120 өрілімін көре алады,70-тен астам қанық түсті және 20-дан астам ашық түсті көре алады,мұның бәрі 25 мыңнан астам түс пен түс реңктері.
Жекелеген бұйымдар
мен заттық ортаны бояу үшін түстерді
қолдану әдетте келесі бірлікте қолданылады:физикалық,
Түсті қолданудың
негізгі мақсаты еңбек
Еңбек гигиенасы , кәсіби гигиена — еңбектің және айналадағы өндірістік ортаның адам организміне тигізетін әсерін зерттейтін, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызу, кәсіби ауруларға жол бермеу шараларын қарастыратын гигиена саласы. Е. г-ның Қазақстанда ғылым ретінде қалыптасуы Қазақ медицина ин-тының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина ун-ті) санитарлық-гигиеналық ф-тінің ашылуымен байланысты (1942). Бұл саладағы жүйелі ғыл. зерттеулер Қазақстан ұА-ның Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар секторында басталды (1946). 1950 жылдары а. ш-ндағы Е. г. мәселесімен Қазақ эпидемиол., микробиол. және жұқпалы аурулар ғыл.-зерт. ин-ты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғыл.-зерт. орт.) айналысты. Е. г-ның негізгі бағыттары: өндірістегі әр түрлі физ., хим., биол. (шаң-тозаң, шу, вибрация, улы заттар, газ, сәуле, ыстық, суық, су, т.б.) факторлардың адам организміне тигізетін әсерін зерттеу; өндірістің зиянды жағдайларын жоюда инженерлік-тех. (мыс., ауыр, зиянды жұмыс түрлерін механикаландыру, жұмысшылардың жұмыс орнын, сондай-ақ, бүкіл өндіріс орындарын желдету, тазарту, т.б.) шараларды жетілдіру арқылы іске асыру, т.б. Е. г. физиология, токсикология, химия, физика, санитария, статистика және кәсіби патология ғылымдарымен тығыз байланысты. Е. г-ның тәжірибе жүзіндегі ұсыныстарының орындалуын санитарлық-эпидемиол. стансалар қадағалап отырады. Сондай-ақ, санитарлық ережелер, мемл. стандарт (ГОСТ-тар), шектеулі мөлшерде алынған концентрация, т.б. нормативтік құжаттар дайындалады. Қазақстанда Е. г. жөніндегі мәселелермен ҚР Білім және ұылым мин-нің Қарағандыдағы Еңбек физиологиясы және гигиенасы ғыл.-зерт. ин-ты, Бат. Қазақстан (Ақтөбе), Оңт. Қазақстан (Шымкент) мемл. медицина академиялары мен Қазақ ұлттық медицина ун-тінің (Алматы) гигиеналық кафедралары шұғылданады.
Еңбек физиологиясы және гигиенасы институты, 1958 жылы Қарағанды қаласында Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институты болып құрылған.
1984 ж. қазіргі
атымен қайта құрылды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Хакімжанов Т.Е. “Еңбек қорғау”(ЖОО үшін оқу құралы) Алматы 2008ж. 48-59 бет ;
2.Қазақ энциклопедиясы.