Ежелгі Грек философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 07:33, реферат

Описание

Грек философиясы мен мәдениетінің өркендеген жері грек жері емес, Жерорта теңізі жағалауындағы елдер. Бұл елдерді бір кезде гректер жаулап алған болатын. Милет, Самос, Абдер сияқты қалалар Жерорта теңізіне жақын болып, оларда сауда-саттық және экономикалық қатынастар кеңінен өркендеді.

Работа состоит из  1 файл

Ежелгі Грек философиясы.docx

— 61.34 Кб (Скачать документ)

Ежелгі Грек философиясы

 
      Грек философиясы мен мәдениетінің өркендеген жері грек жері емес, Жерорта теңізі жағалауындағы елдер. Бұл елдерді бір кезде гректер жаулап алған болатын. Милет, Самос, Абдер сияқты қалалар Жерорта теңізіне жақын болып, оларда сауда-саттық және экономикалық қатынастар кеңінен өркендеді. Сондықтан бұл қалаларда ірі мәдениет ошағы, философиялық орта пайда болып, дами бастады. Алғашқы грек философиялық мектебі Милет қаласында пайда болды. Милет мектебі Ежелгі Грекияда б.з.д. VI ғ. өмір сүрді. Бұл Милет мектебінің негізін қалаушылар Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Бұлар дүниені біртұтас, бір-бірінен бөлінбейтін жалпы процесс деп қарай отырып, оның негізін материалдықтан іздеді. Фалес (б.з.д. 640-560 ж.ж.) дүниенің негізін судан, Анаксимандр (б.з.д. 610-540ж.ж) апейроннан (шексіздіктен), Анаксимен (б.з.д. 546ж. туған) ауадан іздеді. Олар өткен дәуірдегі мифологиялық көзқарастан бас тартты. Алдымен жаратылыстану саласын зерттеушілер болды. Олар дүниеде не бірінші деген мәселені емес, керсінше, дүниенің біртұтастығын белгілі бір материалдық бірінші негіз арқылы шешуге тырысты. 
      Эфестік Гераклит (шамамен б.д.д.540ж.). Оның есімі философия тарихында өшпес із қалдырған. Сонымен қатар, Гераклит тарихта Қараңғы деген қосымша атпен белгілі. Мұндай теңеу оның шығармаларының ерекшелігіне: ойлау машығының сипатына, тіліне, стиліне қарай айтылады. Гераклиттің ойлары өте қысқа әрі жинақты келеді. Ол түсініксіз сөздер арқылы терең ой жүйесін ширатып, әрбір құбылыс пен заттың мәнін ашуға тырысады. 
      Гераклит қарама-қарсылықтардың бірінсіз-бірі өмір сүрмейтіндігін дәлелдеп шықты. Ол дүниенің тұрақсыздығын, оның үнемі қозғалыс пен өзгерісте, жалпы дамуда болатынын айқындап берді. «Өзендегі суға екі рет түсе алмайсың, өйткені ол ағып жатыр» дейді. Мұның өзі барлығы ағып, үнемі дамуда болады деген пікірді білдіреді. Гераклит қарама-қарсылықтардың бір - бірінен ажыраспайтынын, бір - біріне өтетінін, алмасатынын, бірін-бірі толықтыратынын, бірі жойылса, екіншісі де жоғалатынын айқындап берді.  
      Гераклит сол кездегі басқа ойшылдар сияқты жаратылыстану саласымен айналысып, дүниенің негізін материалдық біртұтастықтан іздеді. Сондықтан да ол дүниенің негізін отта деп есептеді. 
     Гераклит – көрнекті диалектик, теориялық ойлаудың шым-шытырман тұңғиығына, оның қайшылықтары мен бұрылысы көп жолдарына батыл көз жүгірткен ғұлама философ. Гераклиттің диалектикасы көптеген келелі мәселелерді көтерді. Сондай проблемалардың бірі таным процесін, әсіресе, диалектикалық танымның салыстыру әдісімен қалыптасатынын атап көрсетті. Салыстыру арқылы жақсылық пен жамандықтың, әсемдік пен көріксіздіктің т.б, жігін ашып, мәнін негіздеуге тырысты.  
      Грек философиясында Гераклит диалектикасына қарама-қарсы бағытта пайда болған сол кездегі ағымдардың бірі - Элей мектебі болды. Ол мектептердің өкілдері – Парменид пен Зенон. Парменид пен Зенон бастаған Элей мектебі келелі философиялық мәселелерді көтерді. Ең алдымен олар болмыс туралы проблеманы жан-жақты талқылады. 
     Элей мектебі болмыс туралы философиялық мәселе көтере отырып, оның мәнін ашуға әрекеттенді. Болмысты тек ойлау арқылы білуге, түсінуге, сырын ашуға болады. Ендеше, негізгі мәселе – ойлаудың болмысқа деген қатынасы. Бұл - Элей мектебінің ашқан жаңалығы. Мұның өзі кейін философияның негізгі мәселесіне айналды.  
     Элей мектебінің негізін қалаған Парменид деген ойшыл. Оның ұстазы атақты ақын, ойшыл Ксенофан. 
      Міне, Парменид болмыс туралы терең ой-пікірлер қозғаған. Ол: «Болмыс бар, болмыс емес жоқ» - кесіп айтты.  
      Зенонның атақты апориялары: «Ахиллес пен тасбақа», «Жебе». Апория - ойлаудағы қиналу, аң-таң болу, шешілмейтін жұмбақ мәселе. 
     Пифагоршылдар – ежелгі грек философы, әрі математигі, Пифагордың ізбасарлары. Олар дүниенің негізін сандық қатынастарда, сан барлық заттар мен процестердің мәні деп есептеді. Сандардың негізі әрбір зат пен процестің өлшемінде жатыр.  
     Атомистер – материалистік тұрғыдағы философиялық мектеп. Негізі өкілдерінің бірі: Демокрит. Оның пікірінше, барлық материалдық дүние атомдардан тұрады. Атом бөлінбейді, мәңгілік, өзгермейді, өзіне-өзі тең. 
     Софистер б.д.д. V-IVғ. өмір сүрген. Софистік философия, шын мәнісінде, антропалогиялық ілім болып қалыптасқан еді. Оның негізін қалаушы аға буынның өкілі — Протагор болатын. Протагордың «Адам - барлық дүниедегі заттардың мөлшері» деген қағидасы адам туралы ілімнің іргетасын калаған негізгі принцип болды. Шынында да, адам барлық заттардың және соған қатысты процестердің мөлшері болуға тиіс. Мұндай идеяның негізінде адамның өзінің рөлі де және оның қызметінің маңызы да жан-жақты қамтылады.  
 
Классикалық философия. Сократ, Платон, Аристотель. 
      Сократ (б.з.б. 469-399 жылдары) жасында мүсіншілікпен айналысып, кейін философ, қоғам қайраткері дәрежесіне дейін көтерілді.  
     Сократтың философиясы әрбір ғасырдағы, әрбір дәуірдегі адамдарды үнемі ойлантатын, ешуақытта маңызын жоймайтын аса қажетті ілім. Сократ софистер басын бастап, бірақ, аяқтай алмаған адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Ол, ең алдымен өзіне дейінгі философтардың ой-пікірлерін талдай келе, олар негізгі кемшілігін көре білді. Сократтың ойынша, таным философияның негізгі мәселесі адам болуы керек. Сократ мәселені батыл қойды. Дүниені тану, әлемді тану, әрине, қажет-ақ. Дегенмен адам өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін білуге ұмтылуы керек. Осыдан келіп Сократтың бірінші принципі шықты. «Сен алдымен өзінді-өзің таны». Сократ бұл жерде адамның өмірін философияның негізгі мәселесі етіп қараумен шектелмей, өмірдің өзін өзіндік сана ретінде қарап отырған. Ендеше, адамша өмір сүрудің өзі өнер екен. Оның екінші қағидасы: Менің білетінім - менің ештеңе білмейтіндігім, ал басқалар мұны да білмейді». Адам өзіне-өзі сырттай үңілген сайын, өзін өзі тануға ұмтылған сайын, сайып келгенде ештеңе білмейтіндігін анықтайды.  
     Платон (б.з.б. 427-347 жылдары өмір сүрген) атақты және аса ауқатты бай жанұядан шыққан. Философия тарихында Платонның қалыптасуы, көбінесе оның ұстазы Сократтың есімімен тығыз байланыстырады. Оның үстіне Платонның көптеген шығарма сұхбаттарының негізгі кейіпкері — Сократ. Ол Афины демократиясын қатты сынға алды. Платонның еңбектері: «Мемлекет», «Театет», «Федон», т.б. Сезімнен тұратын шындықты Платон нақты шындық емес, ол тек өмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндірді. Таным дүниені білу емес, еске түсіру деп уағыздады. Идея деген ұғымды алғаш философияға енгізген де - сол. Табиғатта идея тек түр ретінде өмір сүреді. Заттар өз қасиет сипатын сол түрге сәйкестенуі арқылы иемденеді. Идея ол біріншіден мәңгі, ол тумайды да, өлмейді де, өспейді де, кемімейді де; екіншіден, ол біртектес, әр түрлілік тек заттарға тән, олар өнеді, өшеді, - дейді Платон. Сөйтіп, ол идеяны алға тартады. Шәкірттерін оқыту үшін Академия ашты. Мемлекетті философтар басқармайынша адам баласы зұлымдықтан арылмайды. Платон жастарды философиямен айналысуға шақырды. Философ болу үшін, таңдана білу керек, — дейді. 
     Аристотель (б.з.б. 384-322 ж.ж.) философиясы, жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан, Аристотель көзқарасы ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген проблемаларға жан-жақты талдау жасап, өз заманының көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті. 
     Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасалды. Ол «Метафизика» деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі - болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты. 
     Аристотель - Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе, өзінің философия жүйесін жасау процесінде ол Платонның көзқарасына қарсы шықты. Аристотельге: «Сен неге көзінің тірісінде ұстазыңа қарсы шықпадың», - деп айып таққанда, ол: «Платон маған дос, бірақ ақиқат одан да гөрі қымбатырақ» - деп жауап беріпті. 
     Эллиндік философия. Эллинизм дәуірі (б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырдағы) басталды. Эллинизм ойшылдары стоялықтар – Аристотель ілімін, эпикуршілдер Демокритті, скептиктер Элей мектебі мен софистерді, Платонды әрі қарай ілгері жалғастырушылар болды. 
     Ендеше, заманның мәнін, ішкі рухани дүниесін түсіну үшін эллинизм дәуірі, ондағы стоялықтар, эпикуршілдер және скептиктер маңызды рөл атқарды. 
Стоялық бағыттың негізін салған – Зенон. Әсіресе, стоялық ойшылдар өзінің логикасында, физика мен этикасында табиғатты, яғни сезімдік материалды, ғарышты субъекті ретінде қарап, сол арқылы адамның негізін түсінуге ұмтылды. 
     Эпикуршілдік бағыттың өкілі Эпикурдің есімімен аталатын философиялық ағым сонау Демокриттің атомдық философиясын дамыта отырып, осы эллинизм дәуірінде адам туралы көптеген мәселелер көтерді. Эпикуршілдікті жаратылыстану саласын және этика мен эстетика мәселелерін көтерген ғылыми бағыт деп қарауға болады. Бұл ағымның негізгі бір ерекшелігі ұсақ бөлшекті атомдарды қарастыра отырып, солар арқылы адамдардың қоғамдық өміріне талдау жасайды.  
     Скептиктер (грек тілінде «қараймын», «зерттеймін», «күдіктенемін») бағыты адамның ішкі дүниесін, рухани өмірін өзгерткен көптеген ойларды қамтыды. Бұл ағымның негізін қалаушылар \Пиррон, Секст Эмпирик, тағы басқалары болды. Бұл философияның негзі адамның ойы арқылы айналадағы дүниеге кеңінен көз салу, оны жақсылап көріп алу, өткен жолымызға қайта қарау және танымның жетістігіне сын көзбен шолу арқылы оны қайта бағыттау.  
     Неоплатонизм өз дәуіріне тән философиялық бағыт болғандықтан сол заманның қоғамы мен адамының әлеуметтік тәжірибесін дәл ұғынып, оны абстракциялық философиялық формулаларда шебер көрсете білді. Тіл жеткісіз Тұтастық пен оның алуан түрлілікпен байланысын іздеу, Тұтастықты абсолюттендіру және Тұтастық пен материалдық ғарыш, құдай мен адам арасындағы шексіз аралық сатыларды іздеу мифологиялық ойлауды философиялық тұрғыда жаңғыртуға әкелді. Тәнге қатысты барлық нәрселерге қарсы шығу, аскетизм мен экстаз туралы ілімге басымдылық беру тек ерте христиандық философияға ғана емес, бүкіл ортағасырлық теологиялық ойлауға озінің едәуір ықпалын тигізді. Филон Александрийскийдің Көне Өсиет (Ветхий Завет) грек философиясымен алғаш синтездеуге ұмтылысы өзінің жалғасын таппады. Христиан дінінің жеңіске жетуі ертедегі гректердің ойлау тәсілін игере отырып, теріске шығару арқылы жүзеге асты. Бұл ортағасырлық өркениетте бастапқыда антиктік-христиандықты, ал кейінірек еуропалық христиандықты даярлады.

 

 

Антика философиясы

 

Білімнің салыстырмалы екендігін  Протагор өздігінен ештеңе өмір сүрмейді және пайда болмайды, олар басқаларға қатынасы арқылы айқындалады деген пікір төңірегінде дәлелдемек болады. Оның ойынша, ешкімде де теріс пікір жоқ, бірақ сол көп пікірлердің ішінде біреуі ақиқат болуы немесе дұрысырақ болуы ғажап емес. Данышпандардың пікірлері басқа адамдардікінен гөрі дұрысырақ келетініне талас жоқ.

Пікір таңдауда адамдар пайдалылық мөлшеріне сүйенуі керек. Ол жамандық пен жақсылықтың салыстырмалы болатындығын , ал объективті нақтылықта олардың жоқ екендігін көрсетеді. Олай болса, ненің жаман, ненің жақсы екенін өз пайдаңа байланысты шешуің керек.

«Рақымшылық (адамгершілік, ізгілік) дегеніміз не, оған адамдарды  үйретуге болады ма? - деген сұраққа  Протагор былай деп жауап береді: ізгілікке, рақымшылыққа талпыну қабілеті барлық адамдарда бар, бірақ ізгіліктің, рақымшылықтың өзі туа біткеннен болмайды, сондықтан оған адамдарды үйрету керек. Егер адамдар өздері соған талпынса, онда ізгілікті, рахымды адам болып шығады. Осыған байланысты мемлекет қоғамда ізгілік , рахымшылық сияқты қасиеттерді тәрбиелей алатын болғанда ғана қылмыскерді жазалауға болыды, себебі, жазалаудың өзі жамандықты болдырмау үшін қолданылатын шара ғой, - дейді Протагор.

Сократ та, Платон да, Аристотель де софистік ілімді, оның ішінде Протагордың  ілімін сынға алып, софизм деген  шын данышпандық емес, ал софистер осының арқасында пайда тауып  жүрген адамдар көп көрсетеді.

Эмпедокл (б.д.д. 487/82-2424/23). Негізгі еңбектері: «Табиғат туралы», «Тазару». Бұл шығармалардың кейбір үзінділері ғана қазіргі кезеңге дейін жеткен.

Әлемнің алғашқы бастамасы  етіп дәстүрлі қалыптасқан «заттардың төрт тамырын» - жер, су, ауа және отты алған. Бұл бастамалар бір-біріне ауыспайды. Эмпедокл төрт алғашқы бастаманы төрт құдаймен теңестіріп қояды. Олар Зевс, Гера, Аид және Нестис (су құдайы). Ал қалған құдайлар осы тамыр - құдайлардан жаратылады. Әлемдегі заттар осы төрт бастаманың бір-бірімен әртүрлі мөлшерде араласуынан пайда болады. Мысалы, сүйек - судың екі, бір-бір жердің және оттың бөліктерінен тұрса, қанда төрт тамырдың төртеуі де тең орын алған.

Төрт тамырдың қай-қайсысы да белсенді болмағандықтан әлемдегі болып жатқан үздіксіз өзгерістер мен процестердің қозғаушы күші ретінде Эмпедокл бір-біріне қарама-қарсы екі бастаманың күресін алады. Біріншісі, Филия - махаббат (сүйіспеншілік)- ғарыштық күш ретінде, «төрт тамырдың» қойнауын қорғап-сақтауға әрекеттеніп, бірлік пен жақсылықтың, әртектілерді біріктірудің, біртектілерді бөлудің ғарыштық себебі болса, екіншісі - Нейкос жек көру мен жаманшылық ретінде көпшілік пен жамандықтың әртектілерді бөлудің, біртектілерді біріктірудің ғарыштық себебі. Өзара күресте Филия мен Нейкос алма-кезек жеңіске жетеді. Олардың жеңіс кезеңдері ғарыштық циклдің төрт фазасына сәйкес келеді. Бірінші, үшінші фазаларда махаббат (сүйіспеншілік)) жеңеді.Бұл фазаларда әлем шарға (сфайрос) ұқсайды да, төрт алғашқы бастама тепе-тең түрде бір-бірімен араласқандықтан, сондықтан бұл кезеңдерде заттар жеке-дара болып қалыптаспаған. Ал, екінші, төртінші фазаларда жек көрушілік жеңеді де, оларда махаббат пен жек көрушілік, немесе жек көрушілік пен махаббат тепе-тең болады. Бірақ бұл тепе-теңдік тұрақсыз, демек олардың үздіксіз қозғалысының арқасында олардың дамуы бірлік пен жақсылықтан көпшілік пен жамандыққа (екінші фаза) және көпшілік пен жамандықтан бірлік пен жақсылыққа (төртінші фаза) бағытталады. Эмпедокл әлемді мәңгі қайталанып отыратын құбылыс деп санайды. Әлем өзінің тамырлары деңгейінде және «уақыт айналымы» шеңберінде өзгермейді де, ал жеке заттар деңгейінде және уақыт айналымының» ішінде ылғи да өзгерісте болады. Ғарыштық махаббат пен жек көрушілікті адам өзіне тән осы сияқты махаббат пен жек көрушілік арқылы танып-біле алады.

Анаксагор (б.д.д. 500—428жж.).Негізгі еңбегі - «Табиғат туралы». Анаксагордың пікірінше, алғашқы бастама төртеу емес, сан жағынан шексіз көп, және ол - заттардың барлық жағдайын қамтиды. Бастама зат күйіндегі, су, алтын, т.б. емес, ол - от, су, алтын, т.б. заттардың кішкентай, көрінбейтін, сезінуден тыс жатқан бөлшектері, оларды Анаксагор - «барлық заттардың тұқымы (ұрық)» деп, ал Аристотель оны - «гомеомерия» деп атаған. Гомеомерийдің әртүрлі өзіне тән сапалық қасиеттерін сақтайды. Мысалы, қанның тұқымы (ұрығы) қанға тән барлық сапамен, темірдің ұрпағы - темірдің сапасымен, ағаштың ұрпағы - ағаштың сапасымен т.б. ерекшеленеді. Сапалар мәңгі және өзгермейді.

Анаксагордың пікірінше, заттарды қарама-қарсы қасиеттеріне қарай танып-білуге болады. Мысалы, салқын жылу арқылы, тәтті-ащы арқылы т.б. Бірақ, сезім мүшелері, соның ішінде түйсік бізге ақиқатты ашып бермейді, себебі гомеомерийді сезім мүшелері арқылы танып-білу мүмкін емес, оны тек ақыл-ой арқылы тани аламыз. Білім бізге бостандыққа жетуге мүмкіндік береді, Анаксагордың ілімі кейінгі антикалық ойшылдарға үлкен әсер етті.

Антика философиясының екінші кезеңі атақты ойшыл - философ Сократтың (б.д.д. 469- 399жж.) есімімен тығыз байланысты болғандықтан «Сократтан кейінгі» немесе «классикалық кезең» деп аталады. Ол жазбаша еңбектер қалдырмаған, оның философиялық көзқарастары бізге Платон, Аристотельдердің еңбектері арқылы жетті.Сократ ауызша пікірталастырып, диалог арқылы өзінің қарсыластарын  қарастырылып отырған мәселе туралы жаңа, тың білімге әкелуге тырысты.Бұл жолда ол мысқылдауды ақиқатқа жетудегі таным құралы етіп алады.Сократ қарапайым, түк білмейтін адам сияқты көрінеді де, қарсыластарына олардың өздері жақсы білетін сұрақтарды қояды, қарсыласы ол сұраққа жауап бергеннен кейін, тағы да алдын-ала дайындалған сұрақтар қойылады, сөйтіп қарсыласы өзінің бастапқы айтқан пікіріне өзі қарсы пікір айта бастайды. Осы кезде Сократ мысқыл - кекесінмен қарсыласын менменшіл, өзім білем сияқты пікірінен толық арылтады да, енді онымен бірге өзі де көтерілген мәселені айқындай түсуге, реті келсе, оған түсініктеме беруге тырысады. Сөйтіп, Сократ өзінің қарсыласын қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы біртіндеп ақиқатқа жақындата түседі.Өзінің осы тәсілін ол-майевтика (дүниеге келетін сәбиді қабылдау өнері деген мағынада) деп атады. Майевтиканың мақсаты - қарастырып отырған мәселеге түсініктеме бере отырып, осы сияқты құбылыстардың бәрін қамтитын жалпы ұғым қалыптастыру.Олай болса, Сократ жалқыдан жалпыға қарай ой түзеп, индуктивтік тәсілді қолдану арқылы жалпы ұғымды қалыптастырмақ болды. Бұл ретте қарсыластары ол ұғымды қалай қалыптастыру керектігін түсінбегендіктен, ол ұғымның не екенін әлі Сократтың өзі де білмегендіктен, ол: «Мен өзімнің түк білмейтіндігімді білемін», - деген қағиданы өз философиясының негізгі қағидаларының бірі етіп басшылыққа алды.

Осыдан келіп, ол екінші қағиданы ұсынады, ол - «Өзіңді өзің танып-біл!». Өзіңді тану деген - өзіңді қоғамдық , әдептілік тұлға ретінде қарастыру арқылы барлық адамдарға тән өнегелі негізгі қасиеттері төңірегінде этикалық ұғымдар қалыптастыру. Сократтың пікірінше, моральдық өлшемдер объективтік құбылыстар. Ал жақсылық пен жамандықтың арасындағы айырмашылық - салыстырмалы емес, абсолютті бағытта болады. Сондықтан софистер сияқты бақыттылықты пайдалықпен теңестіруге болмайды, керісінше, бақыттылық игілікке пара-пар. Жақсылық жасағанда, ол жақсылықтың неде екенін білген дұрыс. Егер адамдар жақсылықтың да, жамандықтың да не екенін, олардың табиғатын түсініп-білетін болса, онда олар ешуақытта да жамандыққа бармас еді. Жамандықтың өзі жақсылықтың не екенін білмегендіктен болатын құбылыс. Олай болса, әдептілік дегеніміздің өзі танып-білудің салдары. Сондықтан адамдар баюға, жұмыс бабында жоғарылауға, мемлекеттік басқару ісіне араласуға т.б. құмартпаулары керек, керісінше, «өз қамыңды өзің ойлап», өзіңді өзің өнегелік, интеллектуалдық жағынан көтер, бұл бетте адамдарға философия көмектеседі.

Өмірінің соңғы кезінде Сократқа жастарды бұзды, құдайды жоққа шығарды деген кінә тағып, ол у ішіп өлу керек деген үкім шығарды. Түрмеден қашып шығуға мүмкіндігі болғанымен, ол мемлекетте қабылданған және өмір сүріп жатқан заңдар орындалуы тиіс деген пікірді желеу етіп, б.д.д. 399 жылы өзінің достарының, ізбасарларының алдында у ішіп өледі. Сократтың әр адамның өз пікірі болуы мүмкін, бірақ ақиқат олардың бәріне ортақ - ол біреу ғана деген тұжырымы, сол сияқты ұғымдардың ауыспалылығы туралы идеялары өзінен кейінгі ойшылдарға үлкен әсер етіп, ұғымдар диалектикасы туралы ілімнің қалыптасуына және дамуына ойтүрткі болды.

Рақымшылық және бақыт  туралы сократтың ілімдері, б.д.д. ^-Уіғ.ғ. кең етек алған екі философиялық мектеп: киниктер және гедонизмнің этикалық ілімдерінің өзекті мәселесіне айналды.

Киниктер философиясының («Киносарг» деп аталған гимназияның  атымен аталып кеткен, аудармасы - «көреген ит») негізін қалаушы Антисфеннің ( б.д.д. 444-368жж.)пікірінше, нақты өмір сүретін тек жеке заттар ғана, ал жалпы ұғымдар заттардың қандай зат екенін анықтайтын сөз ғана.Ал білім дегеніміз ұғымдардың мазмұнын құрайтын пайымдаулар. Бірақ олардың мазмұнында заттардың мәнін көрсететін қасиеттер мен әр түрлі белгілерді теріп көрсетуге болмайды, себебі олар туралы пайымдаулар қарама-қайшы пікірде болуы мүмкін. Ал заттар туралы дұрыс пайымдау субъекті мен предикат тепе-тең (товталогия) болған жағдайда ғана (математик дегеніміз математикадан сабақ беретін адам) қалыптасады. Киниктердің жеке заттар мен жалпы ұғымдар туралы пікірлері ортағасырлардағы номиналистердің жалпы ұғымдар мен жеке заттар туралы идеяларымен ұштасып жатқанын байқаймыз.

Антисфен өзінің ұстазы Сократтың  рақымшылық, ізгілік, басқа туралы ілімін ілгері қарай жалғастырып, түкке  тұрмайтын құндылығы жоқ байлық, денсаулық т.б. сияқты игіліктермен салыстырғанда, рақымшылық - ең құнды және жалғыз ғана игілік деп уағыздаған. Себебі, адам өзінің негізгі мақсаты бақытқа тек рақымшылық арқылы жетуге болады.Рақымшыл болу үшін ол туралы көп сөздің, немесе көп білімнің қажеті жоқ, ол - тек іс-әрекет арқылы ғана көрінеді. Жұрттың бәрі рақымшыл болуға қабілетті, бірақ оған өз құмарлығын шектей алатын адамдар ғана жете алады. Ондай адамдар тағдырға тәуелсіз шын мәнінде ерікті рақымшыл данышпандар. Олардың идеалы - өздерін күнделікті қажет тілек-талаптармен шектеп, табиғатпен үйлесімді өмір сүру.Ал, шын мәніндегі, ең жоғарғы бақыт - бақыттымын деп өлу.

Материалдық тұрмыс қасиеттерін  елемей, қоғамда қалыптасқан әдет-дәстүрлерді мысқылдай отырып, нағыз данышпадық, рақымшылық, бақытты іздеген Антисфеннің ізбасары Диоген Синопский (б.д.д. 412-323жж.) киниктердің этикалық ілімін өз өмірінің негізгі қағидасы етіп қойып, осыған байланысты өзінің артынан көптеген анекдотқа ұқсас әңгімелер қалдырған ойшыл.Ол өте кедей тұрғанына қарамастан, киниктердің түсінігінше рақымшылыққа, бақытқа, шынайы бостандыққа жеткізбейтін адамдардың кемшіліктерін сынап, ләззатқа деген құмарлықты жек көрудің өзі - ләззат деп уағыздаған.

Киниктер материалдық  игіліктерден бас тартып, аскеттік өмірді уағыздаса, гедонистік (Кирендік - Кирен қаласының атымен) мектептің өкілдері өмірде өз түйсіктеріңнің мәліметтерін басшылыққа ала отырып, сезімдік қуаныштарға, ләззатқа берілу керек деп уағыздайды. Ал ләззат, бақыт дегеніміз - минуттық сезімдік қуаныштардың жиынтығы, оларды қадірлеп, қастерлеп, мүмкіндігінше пайдалану керек.

Гедонистік философияның негізін қалаушы ойшыл Аристипптің (б.д.д. 435-355) көзқарасының қалыптасуына Сократтың ілімімен қатар софизмнің  де әсері болды. Оның пікірінше, танымның қайнар көзі - түйсік. Аристипп тек өзіміз сезінген ләззат пен қасірет қана игілік , рақымшылық деген тұжырым жасайды. Ләззат өткенге де, болашаққа да бағытталмайды, ол тек қазіргі нақтылық. Сондықтан қазір ғана ала алатын ләззатқа ұмтылу керек.Аристипп рахатқа бөлену, бақыт сияқты субъективтік көзқарастарды адамдардың іс-әрекетінің негізгі өзегі (мотив) және мақсаты ретінде қарастырады.

Аристипп ізбасарлары - данышпандарға  әдептілік қағидаларды сақтаудың  қажеті жоқ, мысалы данышпан өзін Отаны  үшін құрбандыққа шалмайды, себебі «оның Отаны - бүкіл әлем» деген  идеяларды өз ілімдерінің басты  қағидаларының бірі етіп қабылдап, онда ең жоғарғы данышпандықтың белгісі жатыр деп есептеген.

Информация о работе Ежелгі Грек философиясы