Философиялық білімнің өзіне тән ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 14:22, реферат

Описание

Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі болашағына өз үлесін қосар білікті маман, зерделі азамат болып, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып-үйрену өте қажет.
Философияның басты ерекшелігі - әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол – дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады.

Содержание

1. Философия және оның қоғамдағы рөлі
2. Философияның тарихи типтері

Работа состоит из  1 файл

Философиялық білімнің өзіне тән ерекшеліктері реферат.doc

— 106.50 Кб (Скачать документ)

1. Дүниетанымдық, дүниені танып  білу;

2. Рационалды (заңдарды ашу);

3. Критикалық, сынға салы;

4. Болашақты болжау.

 

2. Философияның тарихи типтері 

1. Философияның үш ірі ошағы.

2. Антика заманының философиясы. 

3. Орта ғасырлық философиясы. 

4. Орта Азия халықтарының философиясы. 

5. Қайта Өрлеу дәуірінің философиясы. 

6. Жаңа заман философиясы. 

7. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының  дүниетанымдық көзқарасы.

 

 Философия тарихын зерттеудің  басты мәселесі – тарихта өткен  философтардың ой-пікірлерін, тұжырымдары  мен айқындамаларын белгілі бір  білімдік жүйеге лайықтап, осы  заманға бұрмаламай жеткізу. 

 Философияның үш ірі ошағы:  Қытай, Үндістан, Греция.

 

 Ежелгі  Үнді философиясы 

 

 Біздің  жыл санауымыздан үш мыңдай  жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде  қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына  құлдық қоғам қалыптаса бастады.  Осыған орай ежелгі үнді қоғамы  төрт варнаға (каста) бөлінді.  Олар: брахмандар (абыздар), кшатрийлер (әскербасылар), вайшьилер (ауқатты шаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі қызметтері болды.

 Мысалы, брахмандардың үлесіне – ой  еңбегі, кшатрийларға - әскери қызмет, вайшьилерге – ауылшаруашылық, қолөнер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға – қара жұмыс қана тиді. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да, қалыптасты.

 Үнді  философиясының мақсаттары – адамгершілікке, руханилыққа баса назар аудару, адамның «өзін басқа барлық нәрседен және басқа барлық нәрселерді өзінен» көру, «иога» жаттықтыру, денені машықтандыру.

 

 Ежелгі  Қытай философиясы 

 

 Ежелгі  Қытайдың қола дәуірінен темір  дәуіріне өтуіне байланысты ауыл шаруашылығы мен қала тұрғындарының еңбектерінің бөлінуіне, әр түрлі сатыдағы әлеуметтік топтардың пайда болуына әкеліп соқтырды.

 Ежелгі  Қытай мемлекеті – шын мәніндегі  шығыстық деспотия болатын. Мемлекет  басшысы - әрі патша, әрі абыз  және жалғыз ғана жер иесі болды.

 Б.д.д.  үшінші ғасырдың аяғында пайда  болған Ежелгі Қытай философиясы  кейінірек негізі алты философиялық  бағытқа – мектептерге бөлінді.  Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң  мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы  философтар (натурфилософия) және Атаулар мектебі.

 Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда  болуы және қалыптасуы, осы ағымның  негізін қалаушы Кун-фу-цзы, оның  ізбасарлары Мэн-цзы және Сюнь-цзының  есімдерімен байланысты.

 Кун-фу-цзының  ілімінше, ең жоғары жаратушы  күш – аспан. Ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы ол - әділеттілік. Олай болса, аспан (көк) осы теңсіздікті қорғайды. Ең басты мәселелер – адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие.

 Мэн-цзы – Кун-фу-цзының ілімін әрі қарай жалғастыра отырып, аспан-объективтік қажеттілік, тағдыр ретінде жақсылықты қорғайды дей отырып, аспанның еркі – адамдардың жігер-еркі арқылы көрінеді деген пікір айтады.

 Конфуцийлық  б.д.д. І ғ. Мемлекттік ілімге, ал ІХ ғасырдан бастап Қытайдағы негізгі діни көзқарасқа айналды.

 Легистер (заңгерлер) – негізгі өкілдері: Шан Ян, Хань-Фэй-цзы. Олардың пікірінше,  мемлекетті тек қана заңға  сүйеніп басқаруға болады. Елде  тәртіпсіздік болмас үшін: 1. Мақтаудан  жазалау көп болу керек; 2. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрейді тудыру қажет; 3. Ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмыс жасамайтын болады; 4. Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек.

 Конфуцийшылардың мемлекет  – үлкен отбасы, оның басшысы – халықтың әкесі деген ілімнің орнына легистер: мемлекет - өз алдына бір машина сияқты құбылыс, билеуші - өзін ата-баба аруағынан да, халықтан да, аспаннан да жоғары қоятын деспот. Мемлекеттің негізгі мақсаттары: ұсақ патшалықтарды біріктіріп, Аспан аясындағы (Қытай) мемлекет құру, осы мемлекетке басқа халықтарды бағындыру.

 Конфуцийшылдар мен легистер  арасындағы күрес көп жылдарға  созылды. 

 Даосизм (б.д.д. VІ-V ғғ.). Бұл ілімнің  негізін қалаушы Лао-цзы деп  есептеледі. Оның негізгі еңбегі  – «Дао және дэ туралы кітап» («Дао дэ цзин»).

 Даосизм ілімі «дао» ұғымына  негізделген. Егер басқа қытайлық  философиялық ағымдарда «дао»  «жол» деген мағына берсе, және  ол Қытайдың дамуымен әдептілікті  жетілдірудегі негізгі ұғым болса,  даосизмде «дао» - жалпы дүниетанымдық  ұғым. «Дао» - алғашқы бастама. Алғашқы түпнегіз және Қытайдағы, Жердегі және Әлемдегі барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы. (Дао – барлық заттардың анасы).

 Әлемдегі денелерде аспан  (ян-еркек) мен жер (инь-әйел) бастамалары  заттардың өмір сүру заңы (цу) арқасында гармониялық бірлікте болады. «Дао» - болмыс заттарды дүниеге келтірсе, «дэ» оларды қоректендіреді. Бұл екеуінсіз (дао және дэ) еш нәрсе өмір сүруі мүмкін емес. Кейін келе даосизм дінге айналып, өзінің алғашқы кездегі көптеген идеяларынан айырылып қалды.

 

 Антика заманының философиясы  (б.д.д. VІІ-VІ ғғ.)

 

 Аталған дәуірлерде Эллада  полистерінде (қала-мемлекет) қолөнер,  сауда, ақшалай-заттық қатынастар  жоғары қарқында дамып, осы  себептердің негізінде өзіндік  талап-мүдделері ерекшеленген әлеуметтік топтар пайда болды. Бұл ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуіне, осы негізде таза зиялылар қауымының пайда болуына, әртүрлі әлеуметтік топтардың талап-мүдделеріне сай саяси-әлеуметтік, философиялық көзқарастардың қоғамдық сана ретінде қалыптасуына әкеліп соқтырды.

 Сонымен қатар, антика философиясының  қалыптасуына Крит-Микен, Гомерлік  Греция кезеңдеріндегі әдеби-діни-мифологиялық  көзқарастар және күнделікті  өмір тұрғысынан тұжырымдалған  данышпандық ой-пікірлер негізінде  дамыған грек мәдениетінің сол кездегі Көне Шығыс мәдениетінің озық үлгілерін өз бойына сіңіруі арқасында қалыптасқан әлемнің субстанционалдық негізін іздеген, рационалданған көзқарастар зор әсер етті.

 Демек, антикалық дүниетанымдық  көзқарас өз кезеңіндегі ғылыми  жетістіктерге сүйене, өзінің логикалық, категориялық аппараттарын жетілдіре отырып, философияның көзқарастық және рационалдық-жүйелілік жақтарын тығыз байланыстыра қарастырып, алғашқы философиялық ой-пікірдің қалыптасып, кейінірек келе оның классикалық деңгейге дейін көтерілуіне мүмкіндік туғызды.

 Б.д.д. VІІ-V ғғ. антикалық рухани  даму мифологиялық, діни көзқарастан  ғылыми, философиялық көзқарасқа  қарай бағытталды. Бұл кезеңді  антикалық философия тарихында  Сократқа дейінгі, ал б.д.д. V-ІІІ  ғасыр ойшылдардың мәнділіктің  генетикалық бастамасын, түпнегізін жалпы дүниетанымдық көзқарастың негізі етіп алып, оны өзінің категориялық аппараты тұрғысынан түсіндіріп, философиялық ойлауды биік деңгейге көтеруіне байланысты кезеңді – Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп екіге бөледі.

 Сократқа дейінгі кезеңде  дүниеге келген алғашқы философиялық  мектеп Кіші Азияда шыққан  Милет мектебі болды. Оның негізін  қалаушы Милет қаласында өмір  сүрген, жеті данышпан қатарына  жататын солардың ішінде ең  сыйлысы Фалес болды (шамамен  б.д.д. 625-547 ж.ж.). Ол «Бастама туралы», «Күн туралы», «Күн мен түннің теңесуі туралы», «Теңіз астрологиясы» деген еңбектер жазған, бірақ олар біздің заманымызға жетпеген. Фалестің ілімінше, барлық денелердің генетикалық бастамасы – су.

 Фалестің ілімін әрі қарай оның шәкірті және жолын қуушы Анаксимандр (шамамен б.д.д. 611-545 ж.ж.) жалғастырды. Негізгі еңбектері: «Табиғат туралы», «Жер картасы», «Глобус». Анаксимандр барлық денелердің бастамасын сол денелердің түпнегізі (субстанция) сатысына дейін көтереді. Бастаманы ол заттардың түпнегізі – айперонмен теңестіреді. Олай болса, айперон бастама да, түпнегіз де.

 Анаксимандр ілімін әрі қарай  оның шәкірті Анаксимен (б.д.д. VІ ғ. ортасы) жалғастырды. Негізгі  еңбегі – «Табиғат туралы».  Анаксимен барлық денелердің  негізі деп ауаны айтады. Ауа – шексіз (аепейрос). Сөйтіп, Анаксимандрдың аепейроны түпнегізден ауаның қасиетіне айналды.

 Милет мектебінде қалыптасқан  философиялық дәстүрді ілгері  қарай дамытқан Эфес қаласынан  шыққан саяси қайраткер, ғұлама  ойшыл Гераклит (шамамен б.д.д. 544-483 ж.ж.) болды. Оны іліміндегі терең ойлары үшін «тұңғиық» деп атаған. Негізгі еңбегі: «Табиғат туралы». Гераклит заттардың бастамасын от деп есептеген. От мәңгі және құдай тектес.

 Пифагор (б.д.д. 580-500 жж.) Б.д.д. VI ғасырдың  аяғында философиялық ілімдер Кіші Азиядан «Ұлы Элладаға» ауыса бастады. Осы кезеңде оңтүстік Италия мен Сицилияда «пифагоршылар мектебі» деп аталған одақ құрылып, онда қоғамдық өмірді діни-әдептілік тұрғыдан реформалау қажеттігі туралы ілім кең өріс алады. Пифагоршылар қоғамда анархияның етек алуына қарсы болып, құдайдың айтуымен жасалған мемлекеттік заңдарды сақтау керектігін уағыздады. Пифагордың пікірінше, сандар – барлық заттардың, ғарышты, ғарыштың негізі. Оның ғарыштың бастамасы, негізі деп отырған сандары жай күнделікті өмірде қолданып жүрген сандар емес, олар – ғарыштың реттілігін, үйлесімділігін көрсететін сандар.

 Классикалық философия –  антика философиясының екінші  кезеңі. Ол Сократтың есімімен (б.д.д. 469-399 жж.) тығыз байланысты болғандықтан, «Сократтан кейінгі» немесе «классикалық кезең» деп аталады. Сократ жазбаша еңбектер қалдырмаған, оның философиялық көзқарастары бізге Платон, Аристотельдің еңбектері арқылы жетті. Сократ ауызша пікірталастырып, диалог арқылы өзінің қарсыластарын қарастырылып отырған мәселе туралы жаңа, тың білімге сендіруге тырысты. Оның қағидалары: «Мен өзімнің түк білмейтіндігімді білемін» және «Өзіңді өзің танып-біл».

 Киниктер философиясының («Киносарг»  деп аталған гимназияның атымен  аталып кеткен, аудармасы – «көреген  ит») негізін қалаушы Антисфеннің (б.д.д. 444-368 жж.) пікірінше, нақты өмір сүретін тек жеке заттар ғана, ал жалпы ұғымдар заттардың қандай зат екенін анықтайтын сөз ғана. Антисфен өзінің ұстазы Сократтың рақымшылық, ізгілік, басқа туралы ілімін ілгері қарай жалғастырып, түкке тұрмайтын құндылығы жоқ байлық, денсаулық, т.б. сияқты игіліктермен салыстырғанда, рақымшылық – ең құнды және жалғыз ғана игілік деп уағыздаған. Себебі, адам өзінің негізгі мақсаты бақытқа тек рақымшылық арқылы жетуге болады. Рақымшыл болу үшін ол туралы көп сөздің, немесе көп білімнің қажеті жоқ, ол – тек іс-әрекет арқылы ғана көрінеді.

 Материалдық тұрмыс қасиеттерін  елемей, қоғамда қалыптасқан әдет-дәстүрлерді  мысқылдай отырып, нағыз данышпандық,  рақымшылық, бақытты іздеген Антисфеннің  ізбасары Диоген Синопский (б.д.д. 412-323 жж.) киниктердің этикалық ілімін өз өмірінің негізгі қағидасы етіп қабылдаған, осыған байланысты өзінің артынан көптеген анекдотқа ұқсас әңгімелер қалдырған ойшыл. Мысалы, ол туралы замандастары былай дейді. Бірде, базар алаңында, бөшкеде отырған Диогеннен Ұлы Александр сіздің қандай өтінішіңіз болса да орындауға әзірмін деп сұрағанда, ол – күнді қалқаламаңыз деп жауап беріпті. Ол өте кедей тұрғанына қарамастан, киниктердің түсінігінше рақымшылыққа, бақытқа, шынайы бостандыққа жеткізбейтін адамдардың кемшіліктерін сынап, ляззатқа деген құмарлықты жек көрудің өзі – ляззат деп уағыздаған. Тал түсте фонарь ұстап базар алаңында «халық-көп, адам аз екен» деген сөзі осы пікірді нақтылайтын сияқты.

 Атомистер ілімі. Бұл бағытқа ежелгі грек ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур және ежелгі Рим өкілі Лукреций Кар, т.б. жатады.

 Бұл ойшылдардың шығармаларында, кейін материалистік бағыт деп  аталып кеткен дүниетанымдық  көзқарас толығымен қалыптасып, өзіндік ерекшеліктері бар философиялық ілімге айналды. Атомистік бағыттың қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл Левкипп (шамамен б.д.д. V ғ.) болды. Ол әлем бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден, «атомдардан» тұрады және олар бос кеңістікте алақұйын қозғалыста болады да, бір-бірімен байланысқа түсіп, жеке денелерді құрайды. Левкиптің бұл пікірлері Демокрит ілімінің қалыптасуына зор әсер етті. Демокрит (шамамен б.д.д. 460-371 жж.) 70-тен астам шығармалар жазған: «Пифагор», «Планеталар туралы», «Табиғат туралы», «Адам табиғаты туралы», «Ақыл-ой туралы», «Үлкен әлем құрылысы», «Кіші әлем құрылысы», т.б.

 Демокриттің ілімінше, дүниенің  бастамасы – атомдар (шын болмыс) және бос кеңістік (бейболмыс). Болмыс  пен бейболмыс бір-біріне қарама-қарсы  құбылыстар. Атомдар бос кеңістікте  соқтығысып, бір-бірімен бірігіп және байланысып, заттар әлемін құрайды.

 Платон (б.д.д. 427-347 жж.) Сократтан  дәріс алған, оның ілімін әрі  қарай жалғастырушы, өзінің терең  де мағыналық философиялық ойларымен  жалпы философия ғылымының дамуына  үлкен әсер еткен ғұлама-ойшыл.  Платон оның лақап аты (жалпақ, кең деген мағына береді), шын аты – Аристокл. Негізгі шығармалары: «Апология» (Сократты қорғау), «Критон» (заңды сыйлау туралы), «Кратил» (тіл туралы), «Заңдар», т.б. Платон пікірінше, шын болмыс-ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі.

 Оның ілімі бойынша идея  мен материядан басқа үшінші  бастама – әлемдік рух, немесе  космос рухы шығармашылық күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, сананың және таным процесінің  қайнар көзі ретінде идеялар  әлемі мен заттар әлемін қосып, байланыстырады. Платон мәдениет тарихында өшпес із қалдырған ұлы ойшыл.

 Ежелгі Греция философиясының  биік шыңдарының бірі ұлы ғұлама  Аристотель (б.д.д. 384-322 жж.) болды. Ол  философияның өз алдына ғылым  ретінде қалыптасуының негізін  қалап, өз еңбектерінде басқа ғылымдардың мәселелерін философия тұрғысынан қараған алғашқы ойшыл-философ. Аристотель сол кездегі ғылымдардың барлық саласында ат салысып, көптеген еңбектер жазып қалдырған: «Категориялар», «Аналитика» (І-ІІ томдар), «Топика», «Физика», «Метафизика», «Этикалық трактаттар», «Саясат», «Риторика», «Поэтика», т.б.

 Өзінің ілімін Аристотель  мәнділікті болмыс деп қарастырудан  бастайды да, оны сол болмыстың  өзіне тән категориялары арқылы  түсіндіруге тырысады, (түр-форма,  мән, сапа, сан, материя, қозғалыс, уақыт, т.б.). Аристотельдің пікірінше, адамдар «қоғамдық жануарлар». Отбасының, қоғамның табиғи дамуының арқасында мемлекет пайда болады. Мемлекеттің табиғаттан айырмашылығы, онда көптеген әлеуметтік, т.б. қатынастардың өріс алғандығы.

Информация о работе Философиялық білімнің өзіне тән ерекшеліктері