Орта ғасырлық философия
Құлиеленушілік қоғам күйреп,
оның орнына Батыс Еуропа елдерінің
қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық
қатынастар қалыптасып, христиан
дінінің кең етек алып, тарауына
байланысты, «шіркеу әкейлері» мен
«пұтқа табынушылар» философиясының
арасындағы мәмлеге келмес күрестің
өрбу деңгейіне байланысты ортағасырлық
философияны негізгі үш кезеңге бөліп
қарастырады. Біздің заманымыздағы ІІ
ғасырынан бастап, алғашқы христиандық
ойшылдардың ілімдерін жиынтықтап, кейін
апологетика (қорғау) деп аталып кеткен
діни-философиялық бағыт пайда болады.
Негізгі өкілдері: Юстин Мученик, Тициан,
Тертуллаин Квинт Септимий Флоренс, т.б.
Олар өз ілімдерінде христиан діні ежелгі
грек философиясы сияқты жалпыадамзат
алдында тұрған маңызды да күрделі мәселелерді
көтеріп, оларға ежелгі грек философтарынан
гөрі тереңірек, ауқымды және ұтымдырақ
жауап береді, сондықтан да оларды христиан
дініне сенбейтін билеушілер мен ғалымдардың
сынауы негізсіз деген пікірді басшылыққа
ала отырып, жаңа грек философиясының
орнын басатын христиандық діни-философия
жасауға бар күштерін салды.
Патристика (pater-әке) деп шіркеу
әкейлерінің діни философиялық
ілімдерін айтады (ІІІ-VІ ғғ.). Негізгі
өкілдері: Климент Александрийский,
Амвросий, Августин Блаженный, т.б.
Мысалы, Августиннің көтерген басты
мәселесі – христиан діннің артықшылығын
дәлелдеу арқылы, шіркеудің жанды билеуге
құқықтығы. Ол – аспан мен жер арасын байланыстырушы
деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін
манихеялық, скептицизмдік және неоплатонизм
қағидаларын басшылыққа алды. Августиннің
ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып
тағы басқа оның іс-әрекеттері, қылықтары
құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған.
Ортағасырлық философияның
схоластика деп аталған кезеңі
Еуропа тарихында Рим империясының
күйреуінен бастап Қайта өрлеу
дәуіріне дейінгі 600-700 жылдай уақытты
қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған
көптеген Еуропа елдерінде (Италия, Франция,
Англия, Германия, т.б.) феодалдық қарым-қатынастар
қалыптасып, христиан дінін қоғамдық өмірдің
барлық салаларында өктемдік кқрсетіп,
шіркеудің сауаттылықтың қолжазбалар
сақтау ісінің ошағына айналған мезгілі
болатын. Осы жағдайда философия өзінің
барлық ақыл-ой, күшін христиан догматтарын
негіздеуге жұмсап, дін ілімінің күңіне
айналған-ды.
Орта ғасырлық философтар
екі топқа бөлінді: реалистер,
номиналистер:
а) жалпы ұғымдар (универсалийлер)
жеке заттардан тәуелсіз, олардан
бұрын пайда болған, бүкіл тіршіліктің
мәні жаратушы құдай деді. (Фома
Аквинский 1225-1274 ж.ж.); б) жалпы
ұғымдар өздігінше дербес өмір
сүре алмайды. Тек нақты, жеке
заттар ғана шын өмір сүреді, сондықтан
олар алғашқы (Росцелин 1050-1112 ж.ж.)
Орта Азия халықтарының философиясы
Орта ғасырлық Шығыста VІІІ-ІХ
ғасырларда Батыс Еуропаның мәдениеттік
даму деңгейі төмен дәрежеде
қалып қойған кезде араб тілді
философия, араб мәдениеті кең
өркен жайды. Ол ислам дінінің пайда болуымен
де байланысты болды.
Феодализм дәуірінде ортағасырлық
өркениеттің бір ошағы болған
Орта Азияда әл-Хорезми (ІХ
ғ.), әл-Фараби (870-950 ж. шамасы), әл-Бируни
(973-1037 ж. шамасы), Ибн Сина (Авиценна,
980-1037 ж. шамасы), Омар Хайям (1040-1123) сияқты
өз заманының ғұлама ғалымдары, ірі философ,
ойшылдары өмір сүрді.
ІХ-Х ғ. Орта Азия халықтары
араб халифатының үстемдігінен
құтылып, жергілікті феодалдық
мемлекеттер пайда болды. Осы
кезде мұнда жаратылыстану ғылымдары
айтарлықтай күшті дамыды.
Хорезмдік
математик, астроном әрі географ
әл-Хорезми үнді, грек және араб
жерлерінде математиканы дамыта
отырып, ғылымның жаңа саласы
– алгебраны бірінші болып
жасады. Оның «Астрономиялық таблицалар»,
«Күн сағаты жайлы трактаттар», «Жердің
келбеті», т.б. шығармалары латын тіліне
аударылып, Шығыс пен Батыс математикасы
мен астрономиясының қалыптасып, дамуында
үлкен рөл атқарды.
Қазақ
жерінен, оның ішінде Отырар
қаласынан шыққан атақты математик,
әрі философ Әбу Насыр Мұхаммед ибн
Тархан ибн Узлаг әл-Фараби ат-Түрки –
Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз»
атанған данышпан ойшылдың толық есімі
осындай. Ол Сырдарияның Арысқа құятын
тұсындағы көне Отырар қаласында (арабша
Фараб) әскербасы әмір қызметшісінің отбасында
дүниеге келді. Ортағасырлық көптеген
ойшылдар сияқты ол да дүниенің бастапқы
жаратушысы құдай деп білді. Әл-Фарабидің
пікірінше, материалдық дүние алты табиғи
денеден немесе элементтерден (қарапайым
элементтерден, минералдардан, өсімдіктерден,
жануарлардан, адамдардан және әлемдік
денелерден) тұрады. Әл-Фараби өз заманында
мәлім болған ғылым салдарын әрі қарай
дамытып, 160 шамасында трактат жазған.
Негізгі шығармалары: «Математикалық
трактаттары», «Философиялық трактаттары»,
«Логикалық трактаттары», «Этикалық трактаттары»
және т.б.
Жалпы
алғанда, әл-Фараби – Шығыс
мәдениетінің алып тұлғасы, ол
дүниежүзілік өркениетте өзінің
қадірлі орнын алады. Оның рухани
мұрасы өзінің ұлы ізбасарлары
Ибн-Синаға, Бируниге, Жүсіп Баласағұнға
және т.б. суалмайтын қайнар
болды.
Әл-Бируни
ғылымның түрлі салаларынан көптеген
еңбектер, оның ішінде «Ертедегі
халықтар хронологиясын», «Үнді
суреттемесін», т.б. жазды. Философиялық
көзқарасы бойынша ол да идеалист
болды, дегенмен өзінің жаратылыстану
шығармаларында әл-Фараби сияқты
кең құлашты ғалым бірқатар материалистік
пікірлер айтты.
Феодалдық
Орта Азияның аса көрнекті
ғалымы әрі философы, бұқаралық
Ибн Сина (Авиценна) есімі кең
тараған ұлы энциклопедист ғалымдардың
бірі. Ол айналыспаған ғылым саласы
кемде-кем. Алайда, оның данышпан
ой-өрісі әсіресе екі салада – медицина
мен философияда айрықша көрінді. Негізгі
еңбегі: «Дәрігерлік ғылымның қағидалары»,
«Айығу кітабы». Ол философияны үшке бөледі:
физикаға (табиғат жайлы ілім), логикаға
(табиғат пен адамды танып білу жайлы ілім)
және метафизикаға (тұтас болмысты танып
білу жайлы ілім).
Көрнекті
математик, астроном, ақын әрі
ойшыл Омар Хайям мұсылмандық
теологияның діни қағидаларын
аямай сынға алып, жан өлмейді
және ол дүниеде мәңгі өмір
сүреді деген түсініктерді теріске
шығарды.
Қорыта
келгенде, Орта Азияның орта ғасырлардағы
ойшылдары мен ғалымдарының философиялық
және жаратылыстанулық-ғылыми көзқарастары
Шығыс пен Батыс философиясының
ілгері дамуына зор әсерін
тигізді.
Қайта
Өрлеу дәуірінің философиясы
ХV ғасырдың
аяғында өндірістің, сауданың, әскери
саланың жедел қарқынымен өсуі – техниканың,
табиғаттану ғылымдарының, математиканың,
механиканың дамуына себепші болды. Қолөнер
өндірісінен машина өндірісіне өту басталды.
Капиталистік өндірістік қатынастардың
одан әрі дамуы ХV ғ. аяғы мен XVI ғ. басында
ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуына
алып келді. Мұның бәрі сайып келгенде
ақыл-ойдың схоластикалық ойлаудан азат
болып, дүниетанудың жаратылыстану ғылыми
тәсілдеріне көшуін талап етті. Бұл бағытты
Қайта өрлеу дәуірінің аса ірі ойшылдары
Н.Кузанский (1401-1464), Н.Коперник (1473-1543),
Дж. Бруно (1548-1600), Г.Галилей (1564-1642) және
т.б. жақтады. Бұл дәуірде жаңа мәдениет
– гуманизм пайда болды.
Жалпы
алғанда Қайта өрлеу философиясы
негізгі үш бағытта дамыды:
1) Біріншісі
(Н.Кузанский, П.Мирандолла, Леонардо да
Винчи, т.б.) адамның еркін, бостандығын
өздерінің философиялық ілімдерінің негізгі
өзегі етіп қабылдап, рухани өмірде, мәдениетте
гуманизм (адам сүйгіштік) деген бағытты
дүниеге әкелді.
2) Екіншісі
(Т.Компанелла, Т.Мор), қоғамдық құрылысты
сынап, утопиялық социалистік