Бұл мәселені құндылықтар теориясы
немесе аксиология (грек тілінде
''axia'' – құндылық және ''logos'' – ілім)
шешуге ұмтылады. Аксиология – құндылықтардың
жаратылысы туралы, оның нақтылықтығы
орны мен құндылықтық әлемдегі құрылымы
туралы, яғни әлеуметтік және мәдени факторлар
мен тұлға құрылымы арасындағы әртүрлі
құндылықтардың байланысы туралы ілім.
Философиялық білімнің арнайы бөлімі
ретінде аксиология XIX ғасырдың екінші
жартысында ғана қалыптасты.
Құндылықтар проблематикасы ежелгі
Шығыс және антикалық философияларда
қарастырылғанымен «аксиология»
терминін тұнғыш рет Э.
Гартман қолданды. Ойшылдар үнемі
сұлулық, береке, қайырымдылық және
т.б. түсініктердің мәнін ұғынуға
ұмьылды, кейінірек мұның бәрі
«құндылық» ұғымына біріктірілді. Философия
тарихында «Игілік деген не?» деген сұрақты
алғаш қойғандардың бірі Платон. Ол болмысты
«заттар әлеміне» және «идеалар әлеміне»
бөле отырып, заттар әлемінде ақиқат, әсемдік,
әділеттілік және т.б. жоғары игіліктерге
сәйкес келетіндей еш нәрсе жоқ деп есептейді.
Және сыртқы әлеснің өткіншілігі мен салыстармалылығын
ескере отырып адамдардағы ақиқат, әсемдік
т.б. ұғымдарды уақыттан тыс мәңгі идеалар
кеңістігіне орналастырды. «Егер кім әсемдікті
дұрыс пайымдаса, ол бұл жолдын ақырына
жетіп, тосыннан жаратылысы жағынан таңқаларлықтай
әсем нәпсені көреді... бұл нәрсе, ең алдымен
мәңгі, яғни ол туылуды да, күйреуді де,
өсуді де, шөгуді де білмейді, екіншіден
ол ешбір жағынан тұрпайы болмайды, қашан
да, қай жерде де өзгелермен салыстырғанда
әдемі, ал басқа уақытта, басқа жерде өзгелермен
салыстырғанды тұрпайы. Әсемдік – бұл
бет, қол немесе қандай да бір дене бөлігі
түрінде емес, қандай да бір сөз немесе
білім түрінде емес өзінен-өзі әрқашан
да өзінде түтас бейне ретінде көрінеді:
әсемдіктің өзге түрлерінің барлығы оған
қатысында туылатын және күйрейтін болса,
ал ол артып та, кеміп те кетпейді, ешқандай
ықпалды сезінбейді» (Платон. Соч. В 3-х
т. М., 1970, 142-бет).
Құндылықтар мәселесінің XIX ғасырдың ортасына
дейін философиялық талдаудың дербес
объектісіне айналмаған. Антикалық философияда
ғана емес онан кейіегі ортағасырлар мен
жаңа заман философиясында да құндылықтық
сипаттамалар нақтылық, болмыстың шынайылығы
ұғымдарына енгізілді. Классикалық философияда
құндылықтар болмыспен тұтас күйінде
қарастырылды және сондықтан акиология
дербес философиялық пән ретінде бөлініп
шыққан жоқ. Аксиология философиялық зерттеудің
дербес аймағы ретінде болмыс ұғымы екі
элементке ыдырағанда ғана пайда болды:
нақтылық пен құндылық әр түрлі талап
пен ұмтылыстардың объекті ретінде қарастырылғанда
аксиологияның басты мақсаты болмыстың
жалпы құрылымындағы құндылықтың мүмкіндігін
және оның нақтылық айғақтарына деген
қатынасын көрсету. Мәдениеттің маңызды
компаненті ретіндегі, адамның нақтылықты
рухани – практикалық игеруінің негізі
және реттеушісі ретіндегі құндылықтардың
теориялық талдануы философиялық ой тарихында
әр түрлі бағыттармен сипатталады. Бұл
бағыттардың арасында мынадай типтерді
атап өтуге болады: натуралистік психологизм,
трансцендентализм, мәдени-тарихи релятивизм
және социологизм.
Натуралистік психологизм өкілдерінің
(А. Мейног, Р.Б. Перри, Дж. Дьюи
және т.б.) тұжырымдауынша құндылықтың
қайнар көзі индивидтің биопсихологиялық
тұрғыдағы қажеттіліктерінде, ал құндылықтардың
өздері құндылықтың заттай нақтылыққа
орын алмасуын білдіретін қадағаланатын
нақтылықтың ерекшелігі ретінде эмпирикалық
тұрғыда көріне алады. Аксиологиялық трансцендентализм
(жаңа кантшылдар – В. Виндельбаед,
Г. Риккерт) үшін құндылық идеалды болмыс
ретінде «таза» нормативті санамен сәйкестендірілетін
болмыстың нормасы ретінде қарастырылады.
Нормалар мәдениетінің барлық функцияларының
(қызметтерінің) жалпы жоспарын құрайды
және құндылықтың әрбір жеке іске асуын
анықтайды. Сонымен бірге болмыс нормасының
тәсілі норма статусын беретін оның субъект
үшін маңыздылығы болып табылады. Трансценденталистер
құндылықтардың мәнін нормалар қалыптастырудың
өте күрделі процесінде жасақталатын
өзара қатынастардың өзіндік рухани концентрациясы
ретінде қарастырады. Бұл құндылықтарға
олар ақиқатты, сұлулықты, қайырымдылық
пен әділеттілікті жатқызады. Демек, құндылықтар
– бұл қоршаған нақтылықтың көріністері
емес, адамзат санасының терең тұңғиықтарында
қалыптасатын трансценденталдық нормалардың
әртүрлі формалары.
Пермоналистік онтологизмнің құндылық
концепциясының негізгі діни
этика принциптері болып табылады.
Бұл бағыттың көрнекті өкілі
М. Шелердің пікірінше құндылықтар
әлемінің өз иерархиясы бар.
Құндылықтардың бұл жүйесінің
ең жоғарғы сатысында Құдай
орналасады. Құдайға деген сүйіспеншілік
– адамзат сезімдерінің ең
жоғарғы формасы. Иерархияның
онан кейінгі баспалдақтарында
«сұлулық» және «таным» орналасады.
Мәдени-тарихи релятивизм аксиологиялық
имморализм идеясына, яғни тең
құқықты құндылықтық жүйелердің
көп болуы мүмкін деген идеяға
сүйенеді. Бұл концепцияның ерекшелігі
тек бір «шынайы» құндылық
жүйесімен шектеліп қана қоймай,
белгілі мәдени-тарихи кезеңдердегі
құндылықтық жүйелер мен құндылықтық
бағыттарға басымдылық береді. В. Дильтейдің
көптеген ізбасарлары, мысалы
О. Шпенглер, А. Тойнби, П. Сорокин және
т.б. мәдениеттің құндылықтық мәнін түсіндіруде
интуитивтік тәсіл қолданады. Мәдени-тарихи
релятивизм өзінің пікірлері мен тұжырымдарының
әлеуметтік психология мен әлеуметтік
философияның тиісуі негізінде жариялайды.
Құндылықтар концепциясындағы социологизмнің
негізін қалаушы
М. Вебер болып табылады. Ол жаңа кантшылдардың
норма ретіндегі құндылықтар туралы көзқарасын
қабылдап, оны әлеуметтік әрекет пен әлеуметтік
білімді түсіндіруге қолданады. Ол құндылықты
әлеуметтік субъект үшін маңызды норма,
болмыстың тәсілі ретінде қарастырады.
Онан ары қарай құрылымдық-функционалдық
талдау мектебінде (Т. Парсон және өзгелері)
«құндылық» ұғымы әлеуметтік инститтардың
қызмет етуі мен әлеуметтік байланыстарды
анықтаудың құралы ретінде методологиялық
мәнге ие болады.
Құндылықтар өмір сүріп қана
қоймайды, сонымен қатар бір-бірімен
салыстырыла отырып өзіндік құндылықтық
қатарды, құндылықтық сатыны құрайды.
Бізге белгілі барлық құндылықтар
адамға бағытталған және шындығында,
кез-келген құндылық өзінің нақты
тарихи пайымдалуы мен іске
асуында салыстырмалы. Алайда мұнан
тек нақты тарихи өмір сүретін
адамдар мен әлеуметтік топтардың
қажеттіліктері мен мүдделерін
өтейтін игіліктер ғана құнды
және барлық өзге құндылықтардың
өлшемі болып табылатындай адам алдында
категориялық талап ретінде қойылатын
құндылықтар-мақсаттар жоқ деген пікір
туындамайды.
Әдебиеттерде құндылықтардың жіктелуі
әдетте былайша беріледі: витальды
(өмір, денсаулық, игілік, экология
және т.б.); әлеуметтік (әлеуметтік
статус, жағдай, байлық, отбасы, тәуелсіздік
және т.б.); діни (құдай, сенім, құрып,
шіркеу және т.б.); моральдық (қайырылымдық,
достық, сүйіспеншілік, парыз, адалдық,
әділеттілік және т.б.); эстетикалық
(сұлулық, идеал, үйлесімділік
және т.б.); саяси (заңдылық, мемлекеттілік,
ата заң, азаматтық еркіндіктер
және т.б.). Осылайша құндылықтар
жалпы динамикамен сипатталатын
мәдени реттеушіліктің қозғалмалы
саласын білдіреді.
Қорытынды:
Сөйтіп құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі болып
табылады. Мәдениеттің құрамдас бөлігі
болуы себепті құндылық адамдардың өзін
ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін
айқындайды. Мәдениет құндылықтары, тиісінше,
материалдық және рухани болып бөлінеді.
Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен
шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің
кең мағынасында, мәдениет әлемі деген
сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның
санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның
рухани байлығының елшеуіші іспетті. Құндылықтарды
мүдделердің қарапайым жалғасы немесе
бейнеленуі ретінде қарастыруға болмайды.
Олар салыстырмалы өзінділікке ие.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
- Мырзалы Серік.
Философия. – Алматы: «Бастау», 2008. –
644 б.
- Бейсенов
Қ.Ш. философия тарихы. – Шымкент,
2005 ж. – 452 б.
- Философия:
жоғары оқу орындары студенттеріне
арналған оқулық //Құрастырған Т. Ғабитов
/. – Алматы, 2002. – 441 б.
- Философия
тарихы: Оқулық / Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ.
Мұхамбетәли. – Алматы: Жеті жарғы,
1999. – 288 б.