Элинизм философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:36, реферат

Описание

Антика философиясындағы эллиндік кезең шамамен б.д.д. VI ғасырдың ортасынан біздің дәуіріміздің V-IV ғасырлар аумағын қамтиды. Ұлы Александр Макендонский құрған мемлекет ыдырап, формальды түрде орталық Македонияға бағынған, шын мәнінде, көптеген өзін-өзі басқаратын кішігірім патшалыққа(Египет, Сирия, кіші Азия, Греция т.б.) айналды. Ал, б.д.д. II ғасырда күннен күнге мемлекеттік күші өсіп келе жатқан Рим Македонияны, оның бағынышты аймақтарымен қоса өзіне бағындырып, Рим империясының отарына айналдырды. Бұл саяси өзгерістер сол кездегі философиялық концепциялардың мәні мен мазмұнына әсер етпей қойған жоқ. Сонымен қатар, эллиндік және римдік философияға ежелгі грек және шығыс халықтарының (әсіресе кіші Азия)өте бай рухани байлықтарының әсерінің зор болғандығы белгілі.

Содержание

Кіріспе 2
Негізгі бөлім 3
Эллинизм дәуірінің негізгі философиялық көзқарастары 3
Стоиктік 3
Эпикурлық 6
Скептиктік 8
Жаңа платоншылдық (Неополатонизм) 9
Қорытынды 10
Пайдаланылған әдебиеттер: 11

Работа состоит из  1 файл

ПРАКТИКА ТЛЕУЛЕС.doc

— 113.50 Кб (Скачать документ)

  ҚАЗАҚСТАН-БРИТАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ПӘН-БАСТАУ ФАКУЛЬТЕТІ



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТАҚЫРЫБЫ: ЭЛИНИЗМ ФИЛОСОФИЯСЫ

                                 

 

 

ОРЫНДАҒАН: ТЛЕУЛЕС БАҒДАУЛЕТ

ТЕКСЕРГЕН: ДАҒЖАН ЖАНБОТА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2012-2013

Жоспар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Антика философиясындағы эллиндік кезең шамамен б.д.д. VI ғасырдың ортасынан біздің дәуіріміздің V-IV ғасырлар аумағын қамтиды. Ұлы Александр Макендонский құрған мемлекет ыдырап, формальды түрде орталық Македонияға бағынған, шын мәнінде, көптеген өзін-өзі басқаратын кішігірім патшалыққа(Египет, Сирия, кіші Азия, Греция т.б.) айналды. Ал, б.д.д. II ғасырда күннен күнге мемлекеттік күші өсіп келе жатқан Рим Македонияны, оның бағынышты аймақтарымен қоса өзіне бағындырып, Рим империясының отарына айналдырды. Бұл саяси өзгерістер сол кездегі философиялық концепциялардың мәні мен мазмұнына әсер етпей қойған жоқ. Сонымен қатар, эллиндік және римдік философияға ежелгі грек және шығыс халықтарының (әсіресе кіші Азия)өте бай рухани байлықтарының әсерінің зор болғандығы белгілі. Әсіресе шығыс халықтарына тән мистикалық әдет-ғұрыптар, астрология, гороскоп т.б. сену, Шығыстың кейбір құдайларын (Исида -Даметра, Кабела (Жер - ана) - Афродита, Артемида т.б.) өз құдайлары ретінде мойындап, оларға табыну сияқты діни сенімдері грек, рим халықтарының сол кездегі мәдениетінің басты өзектерінің бірі болды. Діндегі сияқты философияда да жеке тұлға мәселесі алдыңғы шепке шығып, жалпы этикалық проблема ретінде көптеген ойшылдардың еңбектерінде көрініс тапты. Б.д.д. IV-III ғасырда осы прпоблемаларға жауап іздеген негізгі философиялық көзқарастар мыналар болды: стоиктер, эпикурлық, скептиктік, жаңа платоншылдық (неоплатонизм).

 

Негізгі бөлім

Эллинизм дәуірінің  негізгі философиялық көзқарастары

Стоиктік

 

Стоиктер элин дәуіріндегі  ең бір дамыған, үлкен бедел, ықпалға  ие болған. Бұл философия б.д.д. III ғасырда пайда болып, өз дамуында ерте, орта, соңғы стоиктер болып үш түрлі сатыдан өтті. Стоиктер философиясының негізін қалаушы Китоннан шыққан Зенон (б.д.д. 336-264ж) өзінің мектебін Афиныдағы Стоя Пойкиле деген жерде жинаған, осыдан барып осы мектептің өкілдерін стоиктер деп атап кеткен. Негізгі өкілдері: Зенон, Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий т.б.

Стоиктер ғалам туралы түсініктерінің барлық құрылымынан  туындайтын этика сұрақтарына үлкен  назар аударыды. Олар философияны  – этикаға, физика және логикаға бөлді. Сонымен қатар этика философиялық білімнің орталығы, негізі, егер философия жұмыртқа болатын болса, онда этика – оның сары уызы, физика – белогы, логика сыртқы қабығы, деп тұжырымдайды.

Стоиктер – гилозоистер болды, барлық табиғатты жанды деп қарастырды. Материя енжар, керенау субстанция есебінде ақыл, ойдың (құдай) туындысы. Денемен, болмыспен қатар, денесіздер қатарына жататын „уақыт”, „орын”, „шексіздік” және т.б. жалпы түсініктер (универсалилар) да өмір сүреді.

Болмыс ақылдан бағыт алатын заңдылықтарға ие болады. Барлығын тағдыр билейді және бәрі мәңгілік алдын-ала анықталған. Бұл болашақты болжауға мүмкіндік береді,-деп есептеді стоиктер. Құдіретті күш болмай қоймайтын қажеттілік, ол құбылыстарды өзара байланыстыратын қайталанбайтын себептер тізбегі болып көрінеді. „Тағдыр кім жүргісі келсе соны билейді, ал кім керек етпесе сүйрейді”, - дейді Сенака.

Бізге жеткен аңызда Зенонның ұрлық  істеген өзінің құлын ұрғаны туралы айтылады. Философтың тағдырға сенетінін  білетін құлы: „Маған тағдыр даусыз ұрлауды жазған” десе Зенон „тағдыр таяқ жеуді де жазған” деп жауап беріпті.

Стоиктер этикада «адам бақытты  болады, егер барынша табиғатқа жақын  өмір сүретін болса», ал сондықтан  ол өмірге керектің ең аз бөлігімен  қанағаттануы керек, дегенге сәйкес келетін негізгі пікір қөзқарасты пайдаланды.

Табиғаттың жандылығынан (ақыл-ой иесі) адамның өмір салты да ұтымды дәлелденген болуы керек. Бұл, адам ізігілікті және бақытты болады, егер ол азбен шектелетін, ақыл-естілікпен өмір сүретін болса дегенді білдіреді. Ақыл-естілік болмыстың барлығының, яғни, адамның ақыл-есті және денелік жан иесі ретіндегі дамуына себепші болатындығы, басы қасында болуы. Ізгілік тек сонда көрініс табады, яғни, табиғатпен үндестікте, келістікпен өмір сүру керек, өйткені ол бізіді ізгілікке алып келеді.

Стоиктер ізгіліктің төрт түрін  айырады: ақыл естілік, ұстамды-сабырлылық, ерлік және әділеттілік. Жауыздық (кемістік) дегеніміз, осы өмір салтына кедергілер. Сондықтан кемістік (жауыздықтың  әр түрлілігі) ізгіліктің түрлеріне  қарсы: ақылсыз-зердесіздік, жүгенсіз бетімен кеткендік, қорқақтық, әділетсіздіктерден тұрады.

Ізгіліктік пікірлермен қатар  адамның міндет парыздары туралы ойды да насихаттайды. Адам тағдырға сәйкес өмір сүруі керек. Адамның құдай  бақылап сынаған, табиғатқа сәйкестендірілген іс-әрекеті моральдық шыңдалған болады. Моральдық шыңдау өмір салтына тек қана данышпандардың қабілеті жетеді, өйткені бұл жетістікке жету философиялық таным арқылы мүмкін,-дейді олар.

Стоиктердің пікірінше, әлем - біртұтас дене. Біртұтас денелі әлем құдаймен пара-пар деп қарастырады. Оны өзін жандандыратын тынысы (пневма) жайлаған. "Пневма"-идеалды, немесе абстракция емес, ол - материалды (ұсақ) бөлшек. Ол әлемнің жаны, ақыл-ойы. Ал денелер - оның модификациясы. Әлемде болып жатқан өзгерістер қатал қажеттілік заңына бағынғандықтан, ол мақсаттылық жолымен дамиды, ал жеке заттар, заттардың бөлшектері, құбылыстардың өзгеруі, дамуы біртұтастыққа, оның жетілуіне тікелей байланысты. Стоиктер Гераклит сияқты әлем оттан жаралады, және ол әлсін-әлсін қайтадан отқа айналады дей отырып, бұл құбылыстың себебі біртұтас әлемнің өзінің логос заңына бағынғандығында жатыр деп есептеген.

Біртұтас әлемге тән  қажеттілік заңын стоиктер қоғамдық өмірге де таратады. Осыдан келіп олар бостандық және адам өмірінің ең жоғары мақсаты сияқты мәселелерді өз ілімдерінің өзекті проблемалары деп санаған. Бостандық ұғымын стоиктер қажеттілік ұғымы арқылы түсіндіруге тырысады. Қажеттілік (“тағдыр”) талассыз айқын болатын заңдылық болғандықтан бостандықтың болуы мүмкін емес. Адамдардың іс-әрекеттері бір-бірінен ерікті, немесе еріксіз жасалғандықтарына қарап ажыратылмайды. Себебі олардың тек қажеттілікке байланысты болатындығы белгілі, керісінше, олар бір-бірінен болмай қоймайтын, заңды қажеттілікті өз еркімен, немесе амалсыздан (зорлықпен) орындауларымен ажыратылады. Қажеттілік заңына байланысты тағдыр біреулерді алға жетелесе, оған қарсы болғандарды сүйрелейді.

Ал, адамдар бір жағынан қоғамдық жандар, екінші жағынан біртұтас әлемнің  бір бөлігі болғандықтан, олардың  өзін-өзі сақтауға талпынысы, айналып келгенде, мемлекеттік игілік үшін қамқорлық деңгейіне дейін, кейбір жағдайда әлемдік біртұтастық алдындағы өз міндетін түсінуге дейін көтереді. Осы себепті данышпандар өз игілігінен гөрі мемлекеттік игілікті жоғары қойып, қажет болған жағдайда ойланбастан өз өмірін қиюға дейін барады. Стоиктер білімнен данышпандықты жоғары қойып, білімді данышпандыққа жетудің бірден-бір жолы деп уағыздайды.

Қандай да болмасын әдептілік іс-әрекеттер  өзін-өзі сақтауға бағытталғандықтан  жаман әдепсіздік іс-әрекеттер адамның өз табиғатын құртуға жетелесе, дұрыс, жақсы, әдепті іс-әрекеттер адамды тағдырға көнбеуге, ешқандай сырт күш алдында бас имеуге бастайды, сөйтіп адам бақытының кепіліне айналады.

Эпикурлық

 

Демокриттің атомистік ілімдерін  әрі қарай жалғастырған ежелгі грек философы Эпикур (шамамен б.д.д. 342/41-271/270 ж.ж.) болды. Философияны ол адам өмірін бақытты және қорқыныштардан адалаушы деп түсінді. Осыдан эпикуршылдар әлем туралы түсініктерге сәйкес келетін, негізделген этикаға үлкен көңіл қойды.

 Эпикурдың еңбектері сақталмаған, бізге тек үш хаты мен шығармаларының кейбір фрагменттері ғана жетккен. Эпикурдың ілімінше, атомдар – дүниенің алғашқы бастамасы. Оларға Демокрит атаған қасиеттерден басқа көлем, салмақ сияқты мәнді қасиеттер тән. Салмақтың арқасында атомдар еркін “құлайды” және жолдан ауытқиды. Осылай “өздігінен еркін ауытқитын атомдар” қозғалыстың себебі және қайнар көзі. Солардың арқасында атомдар өзара байланысқа түсіп, жекелеген денелер пайда болады. Космоста сансыз көп жекелеген әлемдер бар. Осы әлемдердің арасындағы бос кеңістікте мәңгі өлмейтін, бақытты құдайлар өмір сүреді. Олар әлем және адамдар жағдайын ойламайды. өмірге келіп және одан кететіндер тек тіршілік иелері мен жан ғана. Жан жіңішке, жеңіл, домалақ және тынымсыз атомдардан тұрады.

Таным теориясында Эпикур Демокрит сияқты сенсуалист(сезімді  танымның бірден-бір қайнар көзі деп  санау). Тек қана сезімінің ақиқаттығы болмысқа барар, «сезім қателеспейді», сезім танымның негізі, ақиқаттың  белгісі, - дейді ол.

Сондай-ақ Эпикур сол кезеңдегі атеист. Ол, танымның мақсаты – адамдарды білімсіздіктен, ырымшылдықтан, ескі нанымнан, құдаймен өлім алдындағы қорқыныштан босату, онсыз бақытты болу мүмкін емес деп есептеді.

Эпикурдың негізінде  «сүйіспеншілік» түсінігі жатқан этикалық ілімі де өз уақытында кең танылымын тапты. Адам бақыты – сүйсіну сезімін алуында деп есептеді Эпикур, десек те тән сұраныстарын қанағаттандыру, адамның ішкі сезіміне тыныштық орнату, оның рухани жағдайының тепе-теңдігі үшін керек. Адамның жаны осы қанағаттанудың нәтижесінде жайбарақат, алаңсыз тыныштыққа енеді. «Парасатпен өнегелі және әділетті өмір сүрмейінше, парасатпен өнегелі және әділетті өмір сүре алмайсың».

Этикалық қатынастарда қастық пен сүйіспеншіліктің өзара  әрекеттестігіне ой жіберіп, Эпикур қастандықтардан арылуды ұсынады, өйткені ол әр түрлі азап, жапа шегуді алып келеді. Тек қана сүйіспеншілікке жетіп, біз жағымсыз қасіреттерден арыламыз, - дейді ол, - ал бақытқа ұзақ оқу мен жаттығулар арқылы қол жеткізіледі.

Табиғатты танып-білу –  негізгі мақсат емес. Бірақ табиғат туралы білім адамдарды соқыр сенім мен діннен босатуға және өлім алдындағы қорқынышты жеңуге мүмкіндік береді де, олардың бақытқа және шатыққа кенелуіне жағдай туғызада. Бақыт пен шаттықтың мәні құмарлықта жатыр. Адам үшін құмарлықтың қайсысының болса да жамандығы жоқ, бірақ көптүрлі құмарлықтың ішінде – рухани құмарлықтың орны ерекше, себебі ол басқалардай емес, өте тұрақты және сыртқы әсерлерге тәуелді емес. Адамдар ақылдың күшімен және ешқандай жаманшылық бұза алмайтын сабырлық пен салмақтылықты сақтай отырып (атараксия)  құмарына жетулері керек. Эпикурдің  этикалық ілімінің негізінде кейінірек эпикуризм деген ілім және өмір сүру тәсілі кең өріс алды. Бұл ілімнің басты идеясы - өмірдегі құмарлықтардың ішінде материалдық қуаныштарға еш ойланбастан бірінші жол беру.

Эпикурдың жолын ұстап, ілімін әрі қарай дамытқан ежелгі Рим философы және ақыны Лукреций Карр (шамамен б.д.д. 96 б.д. 55 жж.) болды. Негізгі еңбегі: “Заттардың табиғаты туралы”. Лукреций Эпикур сияқты Атомдардың қозғалыс барысында материалдық денелерді қалыптастырады, ал олардың пайда болуы және өзгеріп, дамуы қатал себептілік заңына бағынады дейді. Бұл заңдылық адам тағдырына бейтараптықпен, олардың қайқы-қасіреттерін көбейтеді. Осыған қарамастан, адамдар тағдырға мойынсұнбаулары, керісінше, қолдарынан келгенінше тағдырдың тәлкегінен тәуелсіз болуға ұмтылулары  керек.

Лукреций әлемдегі заттардың  бәрі себептілік заңына бағынады десе, оларда себептілік заңынан басқа  жасырын күштің бар екенін мойындайды. Бірақ ол құдайға байланысты емес, себебі құдай жердегі өмірге араласпайды.

Скептиктік

 

Скептиктер б.д.д. IV ғасырда  философиялық тұжырымдамасы білімнің барлық күшін жариялаған, бүкіл қоршаған әлемнің түсіндірілетінін дәрептеуге бағытталған алдыңғы философиялық құрылымдарға қарсылық есебінде пайда болды. Скептиктер назарларын адам білімінің салыстырмалығына бағыттап, ақиқаттың қандайда болмысын сенімді белгісінің болатындығына күмәнданды. Бір жағынан бұл догмаға негізделген қөзқарастарға қарсы күреске қаруы болса, екінші жағынан адамның білуге деген құмарлығын шектеп, надандыққа жол ашты.

Скептиктік бағыттың негізін қалаушы және көрнекті өкілі  Эллададан шыққан Пиррон (б.д.д.360-270 ж.ж) болды. Скептиктер танымның қайсысының болса да ақиқаттығын теріске  шығарды. Негізгі ой желісі – байыпты ойлаудан, пікір айтудан өзіңді аулақ ұстау. Эпикур мен стоиктер философиясы үшін табиғаттың заңдары мен құбылыстарын тану, яғни заттарды тану, бақытқа жету жолындағы қажеттіліктен туындаса, скептиктер бұл танымнан шын мәнінде бас тартты. Адам әр уақытта өте сабырлы, байсалдылығын сақтай отырып, бақытқа ұмтылуы керек, - дейді Пирон. Заттардың мәнін тану, ақиқатқа қол жеткізу мүмкін емес, сондықтан ол пікір пайымдаулардан сақтануға шақырды. Бұндай сақтанушылықтың пайдасына күмән келтірмейді, өйткені ол адам рухына шаттық, шадымандықтың ең жоғарғы сатысын құрайтын сабырлы қалып, байсалдылық береді.

Жаңа платоншылдық (Неоплатонизм)

 

Неоплатонизм біздің III-VI ғғ. белгілі ойшылдар Аммоний  Саккс, Плотин, Порфирий, Прокл, Ямвлихтардың ілімдерінің арқасында қалыптасқан ежелгі греко-римдік философияның соңғы түрі. Неоплатонизм ілімі өз бастауын Платон  еңбектерінен және Плотиннің Шығыстан қабылдаған, енгізген аңыздық, діни элементтерінен алады.

Болмыс ілімінің негізінде  неоплатоншылдар үш түрлі түпкі  бастаманы қойды:

Информация о работе Элинизм философиясы