Элинизм философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:36, реферат

Описание

Антика философиясындағы эллиндік кезең шамамен б.д.д. VI ғасырдың ортасынан біздің дәуіріміздің V-IV ғасырлар аумағын қамтиды. Ұлы Александр Макендонский құрған мемлекет ыдырап, формальды түрде орталық Македонияға бағынған, шын мәнінде, көптеген өзін-өзі басқаратын кішігірім патшалыққа(Египет, Сирия, кіші Азия, Греция т.б.) айналды. Ал, б.д.д. II ғасырда күннен күнге мемлекеттік күші өсіп келе жатқан Рим Македонияны, оның бағынышты аймақтарымен қоса өзіне бағындырып, Рим империясының отарына айналдырды. Бұл саяси өзгерістер сол кездегі философиялық концепциялардың мәні мен мазмұнына әсер етпей қойған жоқ. Сонымен қатар, эллиндік және римдік философияға ежелгі грек және шығыс халықтарының (әсіресе кіші Азия)өте бай рухани байлықтарының әсерінің зор болғандығы белгілі.

Содержание

Кіріспе 2
Негізгі бөлім 3
Эллинизм дәуірінің негізгі философиялық көзқарастары 3
Стоиктік 3
Эпикурлық 6
Скептиктік 8
Жаңа платоншылдық (Неополатонизм) 9
Қорытынды 10
Пайдаланылған әдебиеттер: 11

Работа состоит из  1 файл

ПРАКТИКА ТЛЕУЛЕС.doc

— 113.50 Кб (Скачать документ)
  1. болмыс монархиялықты игерген, ие болған;
  2. барлық өмір сүрушілердің (ғалаи) рухани бастауы бар;
  3. болмыстың негізі үш түрлі түпкі бастамадан тұрғызылған: дара, ақыл, жан.

Дара (құдай) – жасампаз күш, барлығын тындататын жоғарғы болмыс. Материалдық емес құбылыс есебінде ол өзінің бостандығы мен өнімді еңбегінде, белсенділігінде шексіз. Дара – барлығының себебі, ол «өзін-өзі жаратушы игілік», өйткені «оның еркі мен болмысы сәйкес келеді».

Ақыл – Дарадан  тарайтын пайымдау, аңдау үдерісінде қалыптасқан және өзін Дарамен толықтыратын, өзі-өзінен қайта айналатын, жүзеге асатын айқындалмаған белсенділік. Бұл жерде әуелі ойлаудың мазмұны пайда болып, сосын ойдың өзі көрініс табады. Егер Дара – бұл барлық заттардың пайда болу мүмкіндігі, қабілеттілігі болса, онда Ақыл – бұл заттардың өте жақсы жүзеге асуы.

Ғаламды жасау үшін, Дара ақылға айналып, түр мен ойлауды  қабылдау арқылы – жанға айналады. Шығармашылық күшке ие болған ғаламдық жан Ақылдан туындайды. Жан материяға  қозғалысты енгізеді. Жан денесіз  субстанция есебінде, дененің бөлігі болатын қабілетке ие. Демек ол «дара және көп нәрсе» сондықтан бір уақытта бөлінеді және бөлінбейді. Жан денесіз әлемнің соңғы өзгерген түрленген сатысы.

Ғалам рухани бастаудың  материяға әсерінің нәтижесінде  жасалады. Сонымен Ақыл мен материяның ортасында ымырасыз күрес пайда болады. Жарық Ақылдың бейнесі, ал қараңғылық түнек – материяның бейнесі. Дара – жарық, материя – түнек. Материя жанның басқаша өмір сүруі. Неоплатоншылдар: материя – ақыл оған қараған уақытта ғана керек болатын айна – дейді.

Қорытынды

 

Қорыта айтқанда, Антика философиясындағы эллиндік кезең шамамен  б.д.д. VI ғасырдың ортасынан біздің дәуіріміздің V-IV ғасырлар аумағын қамтиды. Бұл кезде негізгі мынандай философиялық көзқарастар қалыптасты: стоиктер, эпикурлық, скептиктік, жаңа платоншылдық (неоплатонизм). Және бұл философиялық көзқарастардың негізін қалаушылар: Зенон, Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий

Эпикур, Аммоний Саккс, Плотин, Порфирий, Прокл, Ямвлихтар, Пиррон, Лукреций Карр.

 Эпикурдың, Лукреций  Каррдың табиғат құбылыстарын табиғи себептермен байланыстырып, адамдардың табиғаттын дүлей күштерінен қорықпауға тіршілікте құмарыңнан шығып, қуанышты өмір сүруге шақырған ілімдері философия тарихында өзіндік орын алды.

Ал Плотиннің көтерген негізгі мәселесі бір жағынан алғашқы даралық – құдай болмысынан ақыл-ой, әлемдік жан, жеке адамдардың жаны арқылы төмен қарай бейболмысқа (материяға) қмтылатын қозғалыс болса, екінші жағынан, адамдар жанының экстаз арқылы құдаймен қосылу үшін жоғары қарай қозғалысы.

Қорыта келгенде егер эллиндік философияға жалпы баға беретін болсақ, онда оны адамзат мәдениетінің, ойлаудың даму барысындағы елеулі танымдық түйін деп тұжырымдаған жөн. Эллиндік философяға ой батылдығы, болашаққа деген сенім, бейреттілік диалектика тән еді. Келешекте пайда болған философиялық ағымдардың барлығы дерлік эллиндік философиядан нәр алып, сусындаған деуге болады.

Эллиндік дүниетанымдық  көзқарастарда кейінгі кезде  қалыптасқан негізгі философиялық ілімдерге тән идеялардың барлығы  орын алды, сөйтіп олар философияның ғылым ретінде қалыптасуына зор әсер етті.

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1.Чанышев А.Н. Курс  лекций по древней и средневековой  философии. Москва 1991 

2. Бейсенов К.Ш. «Философия  тарихы» - Алматы 1992

3. Нысанбаев А.Н. «Адамға  қарай бет бұрсақ» Ежелгі Грек философиясы туралы – Алматы 1982

4. Алтай Ж., Қасабек  А., Мұхамбетәли Қ. «Философия  тарихы» - Алматы 1999

5. Ермеов Құрамыс «Философия  негіздері» 

6. Ақназаров Х.З. «Философия  тарихының дәрістер курсы» Алматы 1992

7. Ежелгі рухани таным  және қазақ философиясы «Мұрагер» - 1992 - №1 46-55б.

8. Философиялық сөздік  – Алматы 1996

9. Жамалов Қалас «Философия  тарихы» - Жезқазған 2000

10.Тұрғынбаев Ә.Х. «Философия»  Алматы 2001

11. Мырзалы Серік «Философия  әлеміне саяхат»

 

 

 




Информация о работе Элинизм философиясы