Көне Қытай ойшылы Конфуцийдің пікірлерін философиялық тұрғыдан талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 00:07, контрольная работа

Описание

Бүгін бүкіл әлемде конфуциандық ілімі мен оның негізін салған әйгілі Конфуций(б.з.д 551-479 жж.) туралы естімеген адамды табу өте қиын. Оның аты қытай тілінде Кун-цзы немесе Кун-фунцзы болып естіледі (Дана Кун). Ескі кітаптарды оқып отырғанда оны Оқытушы деп атайтын коремиз, осыдан-ақ оны миллиондаған адамның көрегендік, адамгершілік идеалы ретінде санайтынын білеміз. Конфуций пікірлерін бүкіл әлем философтары, саясаткерлері, ғалымдары қолданады. Қазіргі кезде оның фразаларын тіпті шала сауатты қытай шаруаларының ауызынан естуге болады.

Работа состоит из  1 файл

СРС1.docx

— 100.59 Кб (Скачать документ)

     Ең басты айтатын жайт, Конфуций  шығармаларында адам мәселесі  бірінші орынға қойылады. Ол - алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп санаған. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді.

Конфуцийдің ілімі Қытай қоғамы үшін талай  ғасырлар бойы ресми ой-саналық қызмет атқарып келді. Қытай өркениетіне Конфуций заманынан бері әрбір адамның жердегі өміріндегі бақыт пен аман-саулығына бағытталған жоғары әлеуметтік-саяси белсенділік тән болды — адамның тағдыры құдайдың салғаны емес, өз еңбегінің арқасы. Конфуций ілімі тек Қытай мәдениетін ғана байытып қоймай, бүкіл әлем елдерінің байлығы болып табылады.

 


Информация о работе Көне Қытай ойшылы Конфуцийдің пікірлерін философиялық тұрғыдан талдау