Конфуцийдің этикалық ілімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 12:32, реферат

Описание

Қытайдың ұлы ойшылы Конфуцийдің өмірі, шығармашылығы жан-жақты баяндалады. Оның ізгілік, парыз, мемлекетті басқару туралы ойлары айтылады. Конфуцийдің ілімі қазіргі Қытай елі үшін ұлттық идеологияға айналып отыр.

Содержание

Кіріспе.
Ұлы қытай ойшылының өмірбаяны.
«Лунь-юй» - шәкірттермен сұхбат.
Конфуцийдің этикалық идеялары.
Дана философтың саяси ойлары.
Конфуцийшілдік – Қытайдың мемлекеттік діні.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

Конфуций ілімі.docx

— 106.69 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия  Ұлттық Университеті

Филология факультеті

Қазақ тіл білімі кафедрасы

 

 

 

 

 

Реферат

 

Тақырыбы:  Конфуцийдің этикалық ілімі

 

 

 

 

                                                       Орындаған: Назым Кеңесбай, ФҚТ-21

                              Тексерген: Ермағамбетова Қ.С.

 

 

 

 

Астана   2011

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

  1. Кіріспе.
  2. Ұлы қытай ойшылының өмірбаяны.
  3. «Лунь-юй» - шәкірттермен сұхбат.
  4. Конфуцийдің этикалық идеялары.
  5. Дана философтың саяси ойлары.
  6. Конфуцийшілдік – Қытайдың мемлекеттік діні.
  7. Қорытынды.
  8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Ежелгі Шығыс философиясы біздің заманымызға дейінгі X ғасырда басталды. Бұл қола дәуірінен темір дәуіріне көшу, рулық-тайпалық құрылымның ыдырауы, тауар-ақша қатынасының қалыптасуы, мемлекеттің пайда болуы кезеңдері болатын-ды. Сондай-ақ ертедегі Шығыс философиясы соған дейін қалыптасқан мифологияны, одан соң діни көзқарасты сынаудан, ғылыми сананың қажеттігін сезінуден басталды. Ертедегі Шығыс философиясының қалыптасуы екі түрлі проблема төңірегінде жүргізілді. Бірі — Аспан, Көк, Ай, Күн, Жер, осылардың шығу тегі, өзара байланысы, әлемдегі барлық тіршілікке әсері жайлы болса, екіншісі — адамгершілік, адамдық қатынас төңірегінде қалыптасқан. Бұл мәселелер мифологиялық ұғымдар негізінде де болды. Бірақ мифология олардың себептерін ашуға тырысады, тек сенуді қажет етеді. Философия қашанда олардың себептерін іздестіреді. Әрине, оны екі түрлі: материалистік және идеалистік тұрғыдан түсіндіруге болады. Ол өз алдына жеке проблема.

Ертедегі Қытайдың философиялық ойлаудың бастапқы негізі Дао термині  түсіндіру төңірегінде болды. Бұл  терминнің басқа да мәндері болып, атап айтқанда кез келген болмыстың  заңнын, ұйымдастыру сипатын да білдірді. Ол арқылы заттардың табиғи жолмен бірге, аспандағы «табиғаттан тыс» күштің әмірін, ғарыштың үйлесімді  құрылымын білдірді. Дао жайындағы  ілім алғашында бес элементпен тығыз  байланысты қарастырылғанмен, бірақ  кейіннен ол жайындағы түсініктер догматтық  сипатқа ие болды.

Дао жалпы заң ғана емес, сондай-ақ дүниенің пайда болу көзі, негізі. Осыдан кейін «дао – аспан  мен жердің түп тамыры», «барлық  заттардың анасы» деген анықтамалар  туды. Даодан дүниеде бар барлық нәрселер пайда болу үшін екі бастаманың: қараңғы мен жарықтың, ұрғашы мен  еркектің, жұбайлардың (инь мен ян) әрекеттесуі керек. Бұл қарама-қарсылықтарға  бөлінуінің, олардың бірігуі мен терістеуінің шиелініскен түрін құрады.  
Ертедегі Қытай ойшылдарының пайымдауларында адамның табиғаты туралы мәселе – адам табиғаты жағынан қандай – қайырымды ма әлде мейірімсіз бе? – деген мәселе аса маңызды орын алды. Олар қоғамдық тәрбие мен жеке тәрбие мәселелеріне де үлкен көңіл бөлді.

Қытай ойшылдарының алдында  философияның негізгі мәселелері мен  даму мәселелері кең көлемде және айқын формада қойылмады. Дегенмен, Конфуцийді, Лао- Цзыны идеалистер қатарына, ал Сюнь- Цзы, Хан Фэй, Ван-Чундыт.б. материализмге  бейімдер қатарына жатқызуға болады. Лао-Цзы мен Хан Фейдің көзқарастарынан  диалектиканың кейбір элементтері  байқалады.

Ұлы қытай ойшылының Конфуцийдің өмірбаяны

Конфуций

Конфуций, Кун-цзы, Құң-фу-цзы (б.з.б. 551, Цзоу, Лу патшалығы (қазіргі Қытайдың Шандунь провинциясындағы Цюйфу қаласы – 479 ж.ш., сонда) – Ежелгі Қытай ойшылы, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері, Қытайдың мемлекеттік діні – конфуцийшілдіктің негізін салушы. Кедейленген ақсүйектер отбасында дүниеге келген. Өмірінің көп бөлігін Лу патшалығында өткізген. Б.з.б. 11 – 3 ғасырларда болған осы көне мемлекет ежелгі дәуірдегі қытай тарихы мен мәдениетінің дамуында елеулі рөл атқарғанмен, 6 – 5 ғасырлардан бастап құлдырау кезеңін бастан кеше бастаған-ды. Сондай шақта өз отанында өмір сүрген Конфуций өзіне дейін өркен жайған философиялық ой маржандарын оқып-тоқып өсті. Жас шағында төменгі буындағы шенеунік қызметін атқарып жүрді. Сосын жеке мектеп ашып, 22 жасында бала оқыта бастады. Қытайдағы тұңғыш жекеменшік оқу орнының негізін қалаушы атанды. Ең атақты мұғалім ретінде даңқы шықты. Халық оны сүйіспеншілікпен Құң ұстаз деп атады. Конфуцийдің мектебінде төрт пән – ақлақ (мораль), тіл, саясат және әдебиет оқытылды. Конфуций 50 жасында Лу патшалығының жоғары дәрежелі мемлекеттік қызметшісі болып істеді. Сол шақта саяси қызметін бастады. Алайда, қаскөйлік интригалдар салдарынан лауазымды жұмысынан кетуге мәжбүр болады. Содан 13 жыл бойы Ежелгі Қытайдың Лу патшалығынан басқа мемлекеттерін аралайды. Бірақ еш жерде өз идеяларын қолданысқа енгізе алмайды да, ақыры 484 ж. еліне қайтып оралады. Содан өмірінің соңына дейін ұстаздықпен және көне даналық кітаптарды жинап, өңдеп, таратумен шұғылданған.

Конфуций өзіне арнайы бөлінген орынға жерленген. Оның қасына ұрпағы, жақын шәкірттері мен ізбасарлары  қойылған. Тұрғын үйі ғибадатханаға айналдырылып, Конфуций рухына тағзым етушілер зиярат жасайтын орын ретінде әйгілі болған. Конфуций ілімі ол қайтыс болғаннан кейін б.з.б. 136 ж. мемлекеттік идеологияға айналған шақта ол “он мың ұрпақтың ұстазы” деп жарияланды. Мемлекет Конфуцийді 1503 ж. қасиеттілер, әулиелер қатарына қосты. Конфуций есімі Қытайда 1911 ж. болған ұлттық-буржуазиялық революцияға дейін ресми түрде ардақталған.

«Лунь-юй» - шәкірттермен сұхбат

Конфуций өзіне тән  төл ілім жасамаған деген пікір  қалыптасқан, ол Ежелгі Қытайдың бес  классикалық шығармасын – “Шуцзин” (тарих кітабы), “Щицзин” (әндер мен гимндер кітабы), “Лицзин” (рәсімдер туралы жазбалар), “Юэцзин” (музыка туралы кітап), “Ицзин” (өзгерістердің канондық кітабы) жинастырып, қайта әңгімелеген және оларға түсіндірмелер берген. Осы ретте тұжырымдалған басты көзқарастары мен ілімі жайындағы мағлұматтар “Әңгімелер мен пайымдар”' (“Лунь юй”) деген кітапта таратылып баяндалған. Бұл кітап Конфуций айтқан ойлар мен оның жақын шәкірттерімен және ізбасарларымен әңгіме-дүкенінің жазбасы болып табылады. Зерттеушілер Конфуцийдің жеке басына тиісті деп тек “Көктем мен Күздің, Лу мемлекетінің тарихы кітабына” түсіндірмелерін атайды. “Ұлы ілім” мен “Аралық туралы ілім” атты туындылар да Конфуцийдің өзінікі емес, ол тек мұның екеуін де қайта әңгімелеп берген деп саналады.

Ең ғажабы, Конфуций ілімі (трактаттар мен канондар) – жасырын  дәстүр, белді әулеттердің «меншігі» болды да, ол атадан балаға мирас болып қалдырылып келді. Әулет ақсақалы оны үлкен ұлына аманат ретінде тапсырып кететін болған.

Зерттеушілердің пайымдауынша, «Көктем мен Күз-дің, Лу мемлекетінің тарихы кітабына» түсіндірмелері оның 
жеке басына тиесілі. Ең бастысы, «Конфуций ілімінің өзіндік сипаты антропоцентризммен, яғни, адамды ғаламдық ғимараттың кіндігі және ең жоғарғы мақсаты деп білетін көзқараспен айқындалады. Конфуцийдің ой- пікірінің негізгі мазмұны табиғат заңдарына сәйкес келетін, адамдардың бірлесіп өмір сүруіндегі парасатты реттілікті, тәртіпті қамтамасыз етудің аса маңызды шарттары болып табылатын қарапайым да ғаламат зор 5 ізгілікті ұғындыруға арналған.

Конфуцийдің «Ұлы ұғынуы кітабы» 75 қатардан тұрады. Оған 1546 түсіндірме жасалған. Мақсат – императордың билігін заңдастыру еді. Оның ұстаған жолы: әділеттік табиғатты сүю әдет–ғұрыпты сақтап, сыйлау.

Конфуцийдің ең басты 72 шәкірті болса, солардың 12-сі қандай жағдайда да қасынан шықпай, даналық ойларымен сусындаған көрінеді. Ол елге оралғаннан кейін де ұстаздықпен айналысып, көне даналық кітаптарын жинап, өңдеп, мазмұнын байытыпты. Әрі оларды таратыпты. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ», - деген ғой. Қайтыс болып, тұрған үйі ғибадатханаға айналып, рухына тағзым етушілер зиярат жасайтын орын болысымен-ақ  
оның есімі, идеясы басшылыққа алатын ақыл-кеңес бола бастайды. Және де б.з.б. 136 жылы Конфуций ілімі мемлекеттік идеология болған кезде ол «Он мың ұрпақтың ұстазы», - деп жарияланып, 1503 жылы мемлекет оны қасиеттілер, әулиелер қатарына қосады, 1911 жылы болған ұлттық-буржуазиялық революциядан кейін ол ресми түрде ардақталады.

 

Конфуцийдің этикалық идеялары

Конфуций ой-пікірінің негізгі  мазмұны табиғат заңдарына сәйкес келетін, адамдардың бірлесіп өмір сүруіндегі парасатты реттілікті, тәртіпті қамтамасыз етудің аса маңызды шарттары болып  табылатын қарапайым да ғаламат  зор “5 ізгілікті” ұғындыруға арналған. Конфуций ғарыш пен әлемнің пайда болуы, эволюциясы мәселелерімен әуестенбеген деген пікір бар, өйткені ол рухтар мен о дүние мәселесіне көңіл бөлмеген. Бұл Конфуцийдің:” “Өмірдің не нәрсе екенін білмей тұрып, өлімнің не екенін білу мүмкін бе?”, – деген, сондай-ақ: “Адамдарға қызмет ете білмей тұрып, рухтарға қалай қызмет көрсетуге болады?” – деп түйген қағида іспетті ой-тұжырымдарынан аңғарылады. Ол адам проблемасына, оның ақыл-ойына, адамгершілік кескін-келбетіне мол көңіл бөлді. Конфуцийдің саяси-этикалық маңызды ұғымы – адамшылық, адамның әділ, ақжүрек болуы (жэнь). Ұлдың кішіпейіл болуын, ата-ананы, жалпы үлкен кісілерді сыйлап жүруін анықтайтын “сяо” тұжырымдамасы да осы қатарда. Бұл екі ұғым жасы үлкен мен орны жоғары адамдарға сый-құрмет көрсетіп отыруға, ел басына адалдыққа, т.с.с-ларға негізделген этикалық және әлеуметтік қатынастар жиынтығын білдіреді. Ол “текті ерлерді” (цзюнь цзы) шешімді түрде “ұсақ пенделерге” (сяо жэнь) қарсы қойып отырған. Алғашқысы кейінгісін басқарып отыруға, оларға үлгі болуға тиіс деген.

Конфуцийді ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік доктринасын моральдік максимумдарға – биік мораль, лайықты, дұрыс тәртіп, этикет эталондарына (ли) негіздеді. Нашар мінез бен келеңсіз әдетті өзгертудің ең жақсы құралы ретінде музыкаға (юе) зор мән берді. Конфуций мүлтіксіз, жетілген адам (цзюнь-цзы) тұжырымдамасын жасады. Мұндай адамның асылдығы, Конфуций бойынша, шыққан тегіне емес, алған тәрбиесіне байланысты болмақ. Өте оңды, тамаша адам өзін-өзі жетілдіру нәтижесінде қалыптасады. Ойшыл ретінде Конфуций мұндай кісіні адамшыл (жень), әділ, адал, ақжүрек болу керек деп есептейді. Ол әрқашан білім ала беруге ұмтылып тұруға тиіс. Ата-анасына, жалпы қарт адамдарға айрықша ілтипатпен қарым-қатынас жасау ләзім. “Бүкіл өмірің бойы басшылыққа алуға тұратын сөз бар ма?” деген сұраққа орай Конфуций: “Бар, ол сөз – мейірімділік”, – деп жауап берген. Конфуций адамдар арасындағы (отбасында, қоғамда, мемлекетте) мүлтіксіз қарым-қатынас заңын мынандай қанатты сөзбен тұжырымдаған: “Өзіңе тілемейтініңді басқаға жасама”. Бертінгі ұрпақ адамгершіліктің алтын ережесі ретінде дәріптейтін осынау Конфуций іліміндегі тұжырымдама ілгерілі-кейінгі ойшылдар пайымдауында адам мінез-құлқы мен тәртібінің іргетасы іспетте қолданылуда. Конфуцийдің ізбасарлары оның ілімін басшылыққа алып, дамытып отырды.

Ғалымдардың айтуынша, Конфуций ілімі: «Бәрінен  
де бауырмалдық пен перзенттік парызды ұмытпа, туған-туысқандарға қайы-рымды бол, тәубешілдік пен үнемділікті бағала, бойыңдағы ашу мен ызаны басуға үйрен, білім мен біліктілікті жоғары қой, көңіліңе сай келмейтін ілімнің бәрінен арыл, басқаларды да ағат жолға қадам басудан сақтандыр», - дейді екен. Сол себепті, ол Жапония тәрізді елдердің салт-санасына тереңдей еніп те кетіпті.

Конфуций қатаң тәртіп болуын жақтады. Өз өмір–тіршілігінде Конфуций төрт принципті қатаң ұстады:

  1. Бос қиялға салынбау.
  2. «Мен білемін» дегендіктен аулақ болу.
  3. Қасарыстық көрсетпеу
  4. Өзінің жеке басы жайлы ойламау.

Конфуцийдің аса маңызды  өсиеттерінің бірі – баланың әке-шешесіне деген махаббаты және алдымен  әкесіне деген шексіз сүйіспеншілігі. Балалар тек қана ата-аналарының айтқандарымен жүруді ғана қанағат  тұтумен шектелмей, оларды жан-тәтімен  сүюге міндетті әрі олардың айтқандарын  екі етпеуге тиіс. Егер адам ата-анасын сүймесе және олардың алдындағы  борышын мойындамаса, ол- делқұлы, есерсоқ  немесе есі дұрыс емес адам.

Ғұламаның тағы бір қыры оның халықты оқу мен білімге  шақыруынан да байқалады. Ол, әсіресе, адамдардың мінез-құлқына, олардың  салт-дәстүрлері мен өзара қарым-қатынастарына  ерекше көңіл аударуға кеңес береді. «Мені жұрт білмейді деп қынжылма, керісінше, мен жұртты білмеймін  деп қынжыл» - бұл да қытай ойшылының  аузынан шыққан дуалы сөз.

Қытайдағы әлеуметтік тәртіптің  негізі, Конфуцийдің ойынша, қоғамдағы  тәртіп пен тұрақтылыққа, жердегі  әділдікке сүйенуге тиіс болатын  және мұндай қоғамда әркім өзінің құқығы мен мемлекет алдындағы міндеттерін  терең сезінуі арқылы бұған дейін қағидаға айналған моральдық-этикалық принциптерді көзден таса қылмауы керек. Оның пікіріне құлақ түрсек: патша – патша, бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болуға тиіс. Конфуцийдің ойынша, мемлекетті тек патшаның («Көктің ұлы») өзі бас болған салиқалы азаматтар басқаруы тиіс. Әулие бола отырып, император тек Көктің алдында ғана жауапты болуға тиіс. Өйткені ол тақ пен билікті тек Көктен алады. Билеуші әділ болып, өзінің қарамағындағылардың қамын ойлаған күнде Көк барша халыққа мейірім төгеді: ал егер патша әділ болмаса елді аштық пен жұт және соғыс пен әлеуметтік бүліктер жайлап алады. Нақ осылай Көктегі Құдай жердегі билеушіні тәубесіне келтіреді.

Осыған байланысты императордың жеке басы мен іс-әрекеттеріне және бойындағы қасиеттеріне байланысты қайсыбір сұрақтар туындайды: ол қандай болуы керек және оның өзі кімді  үлгі тұтпақ? Ал Конфуцийге жүгінсек, оның абстрактілі-утопиялық бейнесі «жан-жақты  жетілген» әрі  «адамгершілігі мол» адамды сомдайды. «Әбден жетілген адам»  екі бірдей қасиетті: адамгершілік және бойдағы парызды арқа тұтқаны  жөн.

Информация о работе Конфуцийдің этикалық ілімі