Конфуцийдің этикалық ілімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 12:32, реферат

Описание

Қытайдың ұлы ойшылы Конфуцийдің өмірі, шығармашылығы жан-жақты баяндалады. Оның ізгілік, парыз, мемлекетті басқару туралы ойлары айтылады. Конфуцийдің ілімі қазіргі Қытай елі үшін ұлттық идеологияға айналып отыр.

Содержание

Кіріспе.
Ұлы қытай ойшылының өмірбаяны.
«Лунь-юй» - шәкірттермен сұхбат.
Конфуцийдің этикалық идеялары.
Дана философтың саяси ойлары.
Конфуцийшілдік – Қытайдың мемлекеттік діні.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

Конфуций ілімі.docx

— 106.69 Кб (Скачать документ)

Адамгершілік Конфуцийдің  пікірінше, қарапайымдылықпен, әділдікпен, сабырлылықпен, жомарттықпен және адамдарға  деген шексіз махаббатпен астасып жатыр. Адамгершілік парыз дегеніміз – адамгершілігі жоғары адамның иығына өз еркімен артқан қияметі мол ауыр жүгі. «Әбден жетілген» адам адал және мінсіз, ақкөңіл де ақжарқын, әрі өзінің сөйлеген сөзіне, ісіне мығым, көзі қарақты болуға тиіс. Конфуцийдің пікірінше, мемлекет басшысына тек «әбден жетілген» адам ғана лайық.

 

Дана философтың саяси ойлары

Конфуцийді негізінен  қоғамды қандай жолдармен жетілдіру  мен мемлекетті қалай сәтті басқару мәселелері шамадан тыс толғандырғанын атап өту қажет. Бір ғажабы, оның осынау күрделі мәселені қатаң тәртіп пен белгілі бір тәрбиелік ұстанымдардың көмегімен жүзеге асыру керек деген ойы да оған қоса шектен шыққан қызулыққа берілмей, көбіне-көп «тепе-теңдік» және «ортаның принциптерін» місе тұтқаны да белгілі болып отыр. Түрлі ұсақ иеліктерге бөлініп, қырықпышақ боп қырқысып жатқан Қытайдағы патшалықтардың тосын бір орталыққа бағынған мемлекетке біріктіруді мақсат тұтқан ол, сонымен бір мезгілде, халықтың тәлім-тәрбиелік күш-қуатын жоғары деңгейге көтеру мен оны кәдімгідей «бақытты» ету үшін күш-жігерін сарп етті.

Этикалық теориялары негізінде Конфуций өзінің саяси тұжырымдамасын дамытты, бұл орайда оның: “Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек”, – деген атақты сөзі кеңінен мәлім. Конфуцийдің мемлекетті “адамгершілікпен басқару” теориясы оған дейін де болған идеяға – басқарушы билігін құдіреттендіру идеясына сүйенді. Соған сүйене отырып, оны дамытты әрі негіздеді. “Басқару – түзету деген сөз” деген қанатты сөзбен тұжырымдалатын негізгі принцип “чжень мин” ілімінде көрініс тапқан. Мұнда Конфуций қоғамдағы әр нәрсені өз орнына қою қажеттігін, әркімнің міндетін қатаң да дәл анықтау керектігін айтты (Конфуций бойынша мемлекет – үлкен отбасы). Ол ел билеушілерін халықты заңдар мен жазалаулар негізінде емес, ізгілік жасаушылар жәрдемімен биік адамгершілік, имандылық қасиеттер танытатын тәртіпті үлгі ету жолымен басқаруға үндеді. Халықты салық, салғырт салумен қинамай, әдет құқығы негізінде басқаруды қош көрді. Ең бастысы – шынайы принципті әрқашан басқарушы қатаң ұстануға тиіс деп білді, сонымен бірге адамдар мен олардың игіліктеріне қамқорлық көрсету – басқарушы парызы. Адамдардың байлық пен мәртебені бәрінен жақсы көріп, кедейлік пен жасқанбаушылықты жек көретіндерін дана билеуші жақсы білуге тиіс. Билеуші үшін – кісі сеніміне ие бола білу өте қажет. Осы пайымынан туындайтын: “Билікке қалай жетуге болады?”– деген сұраққа Конфуций: “Халықтың сүйіспеншілігіне қол жеткіз, – деп жауап берген, – сонда сен билікке жетесің, егер халықтың сүйіспеншілігін жоғалтар болсаң, онда билікті де жоғалтып аласың”.

Конфуцийшілдік – Қытайдың мемлекеттік діні

Конфуцийшілдік – ежелгі дәуірден бастау алатын философиялық жүйе. Конфуцийшілдік ғалым – интеллектуалдар ілімі (мектебі) негізінде пай- да болған. Оны бастап берген Конфуций. Ол – Шығыстағы үш басты діни этикалық (даосизм мен буд- дизм қатарындағы) бағыт-тың Ежелгі Қытайдағы басты идеялық ағымдардың бірі, саяси этикалық ілім. Оның көзқарасын ізбасарлары «Лунь-юй» («Әңгімелері мен ой-пікірлер») кітабында баяндап беріп, насихаттаған. Сонымен қа-тар, оның адам тағдырын «аспан» айқындайды, адам-дардың «мейірімділерге» және «нашарларға» бөлінуі өзгеріске түспейді, жасы кіші үлкенге, қызметі төмен адам лауазымы жоғары қыз- меттегі кісіге көзсіз бағынуға тиіс деген теориясын дамытты.

Қытайдың мемлекеттік діні –  конфуцийшілдік. Конфуций ілімін уағыздаушы Хаттари Унакитидің пайымдауынша: «Конфуций – шығыс данышпаны. Деген- мен, қазіргі күні ол бүкіл әлем танитын философқа айналды. Оның ілімі – өмірді танытатын оқу-лық, таптырмас тәжірибе мектебі». Ұстаз Кун осындай атақ-даңққа қалай жетті, балалық шағы қалай өтті, одан кейінгі өмір жолы қалай болды? Оған жауап іздеп, көптеген басылымдармен танысқанымызда білгеніміз: жас шағында тө-менгі буындағы шенеунік қызметін атқарып, 22 жасында бала оқыта бастаған. Сөйтіп, Қытайдағы тұңғыш жекеменшік оқу орнын ашып, ұстаз ретінде үлкен абыройға бөленген. Конфуцийдің мектебінде оқытылған төрт пән – ақлақ (адамгершілік), тіл, саясат, әдебиет.

Ғалымдардың айтуынша, Конфуций ілімі: «Бәрінен  
де бауырмалдық пен перзенттік парызды ұмытпа, туған-туысқандарға қайы-рымды бол, тәубешілдік пен үнемділікті бағала, бойыңдағы ашу мен ызаны басуға үйрен, білім мен біліктілікті жоғары қой, көңіліңе сай келмейтін ілімнің бәрінен арыл, басқаларды да ағат жолға қадам басудан сақтандыр», - дейді екен. Сол себепті, ол Жапония тәрізді елдер-дің салт-санасына тереңдей еніп те кетіпті.

Соған қарамастан, Конфуций ілімі, конфуцийшілдік туралы әртүрлі пікірлер бар. Біреу насихаттайды, біреу сынайды. Оның көрнекті ізбасары болған Мэн-цзының (б.з.б.372-289) пайымдауынша, әлеумет- тік теңсіздік құдайдың құді- ретімен. Конфуцийдің екінші бір жақтаушысы Сюнь-цзы жасаған ілім бойынша, «аспан» - табиғаттың бір бөлігі. Бірақта, конфу-цийшілдіктің «құдайдың құ- діреті» туралы ілімінің Дун Чжуншудың (б.з.б.2 ғ.) Конфуцийшілдіктің ортодоксты доктринасын жасауға негіз болғанын еске алғаны-мыз жөн. Ғылыми деректерге назар аударсақ, Сун әулеті билігі кезінде (10-13 ғасырлар) Қытай философия мектебінің Жаңа Конфуцийшілдік бағыты қалыптасқан. Онтология, натурфилософия, космогонияға көбірек көңіл бөлу – Жаңа Конфуцийшілдік деп аталған бұл ілімнің Ерте Конфуцийшілдіктен басты айырмашылықтарының бірі. Негізінен, Жаңа Конфуцийшілдік 21 ғасырдың басына дейін Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы үстем бағытқа ие болып, Жапония, Корея мен Вьетнамға да зор ықпал етті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Сонымен, сөзімізді қорытындылай келе айтарымыз, алдымен Конфуций ілімінің әлемдегі ең көне мәдениеті бар Қытайдай алып елдің қоғамдық-саяси және рухани өміріне ғасырлар бойы тигізген өлшеусіз ықпалы турасында ерекше атап өткен  жөн. Оған әрбір қытайлықтың бесіктен белі шықпай жатып-ақ, Конфуцийдің тәрбиелік эстетикалық өсиеттерімен нәр алатындығы куә болса керек. Конфуций ілімінің Қытайдай ұлы елдің мемлекеттік идеологиясына айналғанына екі мың жылдан асып барады.

Конфуцийдің ата-ананы құрметтеуден басталатын эстетикалық ілімін 21 ғасыр  есігін ашып отырған ұрпақ өкілдері, оның ішінде тек қытайлық жастар ғана емес, барша әлем жастары, қазақтардың  урбанизация тәлкегіне ұшыраған ұрпақ өкілдері де жадында ұстағаны абзал.

Ал арнайы діни тұрғыда Конфуций ілімі бүгінде 300 миллионнан аса  қытайлықтарға ресми дін болып  саналады. Ал Конфуцийдің өзі Құдаймен теңестіріліп, оның құрметіне сансыз ғибадатханалар салынды. Конфуцийдің ілімін таратушылар өздерінің ұстазын көктегі Күнге, аспандағы Айға теңеп, оның ілімін тек «Көкке апарар» баспалдақтармен өрмелеу арқылы ғана, яғни тер төгу арқылы ғана меңгеруге болатындыған үнемі тілге тиек етуде. Сонымен қатар, өзге дүниеде рахат кешуге үндеген басқа діндермен салыстырғанда Конфуций діні ілімінің нақ осы өмірдегі көрер қызықтарға жетелейтіндігін де естен шығармаған жөн.

 

 

 

.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. А. Қасабек, Т. Ғабитов, Ж.Алтаев. Философия тарихы. Алматы, 2006
  2. Ежелгі Шығыс философиясы. XX томдық. II том. «Мәдени мұра».
  3. Ж. Алтай, Т. Ғабитов, Ғ. Есім, Н. Байтенова. Философия. Алматы
  4. Әбсаттаров Р.Б. Саясаттану және оның прблемалары: оқу құралы. Алматы, 2007
  5. www.wikipedia.com, www.topreferat.kz сайттары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Конфуцийдің этикалық ілімі