Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 23:29, реферат
Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Мамандығы тракторшы, филолог. 1969 жылы Шымкент педагогикалық институтын сырттан оқып бітірген.
Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Мамандығы тракторшы, филолог. 1969 жылы Шымкент педагогикалық институтын сырттан оқып бітірген.
КСРО Жазушылар Одағының мүшесі (1969), КСРО Жазушылар Одағының пленум мүшесі (1978), «Жалын» альманахының (1984), «Жалын» журналының бас редакторы (1986), Қазақстанның халық жазушысы (1996), Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының хатшысы (1986), Республикадағы тұңғыш құрылған экологиялық қозғалыс - Арал және Балқаш проблемалары жөніндегі қоғамдық комитеттің төрағасы (1988), 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі аясында қазақ халқына «ұлтшыл» деп кінә таққан КОКП Орталық комитеті Саяси Бюросының қаулысына қарсы және сол Желтоқсан кезіндегі шындықты қалыптастыру жөнінде тұңғыш рет Қазақстан Жазушылар Одағының Пленумында (1988), КСРО халық депутаттарының І-ші съезінде (Кремль, 1989) батыл мінез көрсетті. КСРО билігі бұған құлақ аспаған соң белгілі ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты А.Сахаровтың, кейіннен Ресейдің тұңғыш Президенті болған Б.Ельциннің қолдауымен бұл проблеманы КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында екінші рет қайта көтеріп, КСРО Президенті М.Горбачевты Желтоқсан оқиғасын зерттеу және оған түбегейлі баға беру жөнінде жаңа комиссия құруға мәжбүрледі. Бұл комиссия КСРО билігі жүріп тұрған кездің өзінде-ақ КОКП Орталық комитетінің Саяси Бюросына Одақта бірінші боп саяси айып тақты... М.Шаханов 1926 жылы ислам дінінің қалдығы деген желеумен Кеңестер Одағының тоталитарлық жүйесі тойлауға тыйым салған «Наурыз» мерекесінің 62 жылдан соң қайта салтанат құруына мұрындық болды (1988 ж.). 1989 жылы 22-қарашада Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі орыс және қазақ тілдеріне бірдей мемлекеттік дәреже берген заңды қабылдап, тіпті оған дүркірете қол соғып қойғанда, екінші рет қайта шығып сөйлеп, депутаттарды қазақ тілін жеке мемлекеттік тіл жасауға үндеді және қабылданған заңның үлкен зардабы болатынын ескертті. М.Шаханов ұсынысы Президенттің қолдауымен дауысқа қайта салынып қазақ тілі жекедара мемлекеттік мәртебе иеленді. Ақын соңғы жылдары «үш тұғырлы тілге» де, тікелей қазақ халқын және республикадағы аз ұлттарды тікелей жоюға алып баратын, бастауын «американдық ұлттан» алатын «қазақстандық ұлтқа» да батыл қарсылық танытып келеді.
М.Шаханов 1989-91 жылдар аралығында КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, 1990-93 жылдары - республика Жоғарғы Кеңесінің, 2004-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.
1992 жылы М.Шаханов Олжас Сүлейменовпен бірлесіп «Халық конгресі» партиясын құрды. Бірақ екі тілде тәрбиеленген екі тұлға арасында ұлттық мүдде мен космополиттік ағым жүйелі көзқарас таба алмағандықтан партия ұзақ ғұмыр кеше алмады. 1993-2003 жылдар аралығында М.Шаханов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды. 2001 жылдан «ХХІ ғасыр және Руханият» атты халықаралық элита клубының президенті, 2004 жылдан «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы, 2010 жылдан «Тәуелсіздікті қорғау» атты 50-ден астам қоғамдық ұйымдардың, партиялардың, баспасөз орындарының басын қосатын халықтық-демократиялық қозғалыстың төрағасы және республикалық «Жалын» журналының Бас редакторы.
М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғыс ханның пенделік құпиясы) атты романдары ЮНЕСКО шеңберінде қаралып, әлемдік деңгейде қызу пікірталас тудырды. Оның шығармалары дүниежүзінің 50-ден астам тілдеріне аударылды. Автордың Ш.Айтматовпен бірлесіп жазылған «Құз басындағы аңшының зары» атты кітабы мен «Сократты ескеру түні» атты драмасы да бірнеше елдің кітап дүкендерінен, сахналарынан орын тепті.
Ақын өз елінің мемлекеттік дәрежедегі сыйлықтарынан, «Халық қаһарманы» атағынан, орден, медалдарынан жүйелі түрде бас тартты. Ол оны былай түсіндіреді. «Отан біздің ең үлкен анамыз. Әркім өз анасына еткен қызметі үшін жылу дәметпеуі керек. Отан да өзінің дараланған перзенттерін марапаттап отыруы шарт. Бірақ ол өте әділетті түрде шешім табуы тиіс. Қазір елімізде кез-келген заңдастырылған немесе заңдастырылмаған ұрылардың ең кемі екі орден, үш медалі бар. Солардың қатарында болғым келмейді. Ал шет мемлекеттер ұсынған сыйлықтарды алатын себебім, ел перзентіне көрсетілген, есепке құрылмаған риясыз құрмет сәл де болса республикамыздың рухани мәртебесін өсіреді».
Мұхтар Шаханов - «Қырғыз Республикасының халық ақыны», жиырмадан астам шет елдік академиялардың, университеттердің құрметті докторы, профессоры. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған Орта Бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының, Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият», Түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр», ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының, Түркия, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр мемлекеттері тағайындаған «Түрік әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» атағының иегері. 2002 жылы М.Шахановқа «Жазагер жады космоформуласы» атты шығармасы үшін Калифорния Ғылым, Индустрия, Білім және Өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы Алтын медалі мен Түркияның Гебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» атағы берілді. «Нобель» сыйлығының 100 жылдығына орай Тамбов қаласында өткен «Нобель» сыйлығы лауреаттары мен нобелшілердің халықаралық конгресінде «Нобель» ақпарат орталығы, «Нобель» қоры, Ресей жаратылыс ғылымдары академиясы бірлесіп бекіткен «Нобельдің Алтын медалімен» марапатталды.
Қазақ халқы
аса күрделі проблемаға маңдай тіреді.
Өз ұлтымыздың ішінен орыс және батыс
мәдениетімен жете сусындаса да, ана
тілінде «екі ауыз сөйлем құрай алмайтын,
құраса да күнделікті тіршілік ауқымындағы
жүрдім-бардым әңгімеден алыс ұзай қоймайтын
және онысын кемшілік деп есептей бермейтін
үлкен топ – «Космополит қазақтар» тобы
пайда болды». (9. 5 бет). Енді қалыптасқан
жағдайға көзді ашып қарайтын мезгіл де
жетті деп білеміз. Қайта олардың мемлекеттік
тілге бұрылуына, рухани құндылықтарды
мойындауына және игеруіне мүмкіндігінше
ат салысып, еңбегі сіңген белгілі ақын,
қоғам қайраткері М. Шаханов осы орайда
бұл мәселеге байланысты «Космополит
қазақтар» атты өлеңінде тереңінен ой
қозғайды:
«Безбүйрек нарықтың бәсейтіп даңғырын,
Зарланған, қорланған туған тіл тағдырын
Космополит басшылар шешпей ме, шеше ме?
Тіліміз қала бере ме панасыз адамдай
көшеде?
Ұлт үшін қазір бұл – Нөмірі бірінші мәселе»
(9. 3бет).
М. Шаханов поэзиясы өз халқының тарихи
тәжірибесіне сүйене отырып, бүгінгі таңдағы
аса ділгер, жан толқытар проблемаларға
жаңа кілт таба білуімен қуантады.
Дарын танылды. Адал күш танылды. Ар-намыс
танылды. Бұл ақынымыздың әрбір шығармасын
оқығаннан кейін, азды-көпті ойланбай
қала алмайсыз. Ой мен сезімге едәуір жүк
түседі… Адамзаттың ата жауы адамның
өзі екені қашаннан бері айтылып келе
жатқан шындық. Мұхтар Шаханов шығармасының
басты жетістігі осы мәңгілік проблемалар
хақында ой жарыстыруында.
М. Шахановтың ақындығы мен ойшылдығы
бір бөлек әңгіме болса, философтығы бір
басқа дүние. Бізге керегі – М. Шаханов
поэзиясының, яғни өлеңдерінің ой-ілімдері.
Оның өзі де, ойы да әлемді шарлап кеткен.
Сөйтіп барып ой түйген, содан барып, адамзат
туралы толғанысқа түскен, әлемге жауар
бұлттай түнеріп тұрған зұлымдықтан, апаттан
құтқару үшін дабыл қаққан. Мұндай ерлік
– Мұхтар Шаханов сияқты санаулылардың
қолынан ғана келмек.
Біздің ойымызша, адамзаттың бүгінгі таңдағы
рухани көркем ойының биігінен қарай отырып,
М. Шаханов рухани-адамгершілік құндылықтар
тұрғысынан сан қырлы, еліміздің таза
ұлттық рухынан тыныс алған күрделі туынды
– тұлпарларын әлемдік әдебиеттің үйіріне
қосты. Поэзия есігін алғаш ашқанда, М.
Шаханов әлі ешкім бастамаған жол іздеуге
мақсат ұстанған болатын. Бұл күнде оның
өз жолы бар. Оқырман қауым сол жолдың
әлі де болса кеңи түсіп, ақынның алда
талай татымды дүниелер беретініне сенімді.
Қоғам тіршілігін майданға теңесек, Мұхтар
ең алдыңғы шепте, оқтың өтінде өлімге
бас тіккен жанкешті жауынгер секілді.
Бұл жолда
«Мықты болсаң, жарқыным, ізіңді сал елсізге,
Ізсіз жандар өнерде толып жатыр сенсізде»
- деп, кейінірек жазған бір өлеңінде жолын
қууға талап білдірген бір інісіне айтқандай,
Мұхтардың талай талпынысы, еңбегі зая
кетпеді». (16. 45 бет).
Мұхтар шығармаларының негізгі лейтмотиві
– адамдықты, адалдықты, әділдікті, тазалықты,
пәктікті паш ету; ездікті, зұлымдықты
әшкерелеу. Тегінде, бұл – бүкіл ақ ниетті
өнер атаулының мұраты болса керек. Бірақ,
Мұхтар осы жайларды ешкімге ұқсамай,
өз даусымен, өз дәлелімен өрнектеуге
тырысады. Мысалы:
«Өмір жайлы сан толқыдым, толғандым,
Достар, достар менен үміт үзбеңдер
Мені кілең адал ойлы жандардың
Қатарынан іздеңдер», - (2. 210 бет)
дейді ақын. Оның өлеңдері бірде осылайша
жан сезімін алдыңызға бар ақиқатымен
жайып салған адамның сырындай қабылданса,
енді бірде жігерлендіруші күш танытып
отырады:
Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау
Жеңудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сәтсіздіктері
Бақытсыздық емес ендеше! (2. 93 бет)
Өмірде өз қабілетіңді дұрыс танып, қоғамның,
халқыңның қажетіне жарау үшін арманды
дұрыс таңдай білу керектігін уағыздай
отырып, осындай қорытындыға келді.
Мұхтар Шаханов сонау поэзияға алғаш келген
кезінен бастап ел тағдырын жырлаудан
жалыққан жоқ «Сейхундария», «Күре тамырды
іздеу», «Сенім патшалығы» секілді философиялық
поэмаларында ақиқат пен жалған, сенім
мен күдік, махаббат пен қызғаныш, адалдық
пен арамдық, ізгілік пен қиянат, ерлік
пен сатқындық секілді рухани өмір өлшемдерінен
болмыс заңдарына бойлай отырып, бар жақсылықтың
басы – туған анаға, туған жерге деген
сүйіспеншіліктен басталатынын дәлелдейді:
«Төсінде өзім қызық күндер кешірген,
Дархан далам кетпейді бір есімнен.
Қанша үңілсем, көрінбейді жас шегі,
Сенен шырқау таулар да көп еңселі.
Даңқы сенен биіктер бар.
Солардың барлығынан артық сүйем мен сені.
Ақ қарыңа арманымды түнеткен,
Өзіңсің ғой жүрегіме гүл еккен.
Сол жүрекпен қызды сүйсе несі айып,
Сені сүйем қызды сүйген жүрекпен.
Өміріңде бір адамды беріле
Сүймегендер – сүйе алмайды сені де!»
(1. 295 бет)
(Туған жермен сырласу)
Мұхтар шығармаларының ерекшелігі, адамды
селт еткізер тұсы - өлеңнің ішкі мазмұны,
өлеңдегі ойдың тереңдігі мен көкейкестілігі.
Табиғатында суреткерлік қасиеті басым
болғандықтан ол ашынған жүрек, ақырған
ашу, қанжылаған қайғыны мезгіл, мекенсіз
өлеңнің өзегіне итере салмайды, соған
әкелген жағдай мен заманды, тарих пен
тағдырды баяндап, тұтас бір өмір келбетін
жасайды. Айтар ой, айшықты сезім кейіпкер
тағдырымен, ақынның өз тағдырымен тікелей
астасып жатады. «Сенім патшалығы» поэмасын
оқыған адам осының куәсі болар еді:
Бірдей төзіп ыстыққа да,
Салқынға
Жер астында жатпай ма алтын көзден таса
қалпында?
Қашан қазып алғанша күтетін
Шындық кейде ұқсайды сол алтынға!
Сен ақынсың өніп шыққан ертеңге
Қандай өрсі ұсынасың ертеңге?
Қандай жеміс ұсынасың ертеңге?
Ойлан, ойлан…
Әділеттің қылышы
Енді сенің желкеңде,
Енді сенің желкеңде! (2. 294 бет)
Ол ой маржанын бүкіл әлемнен, ал поэзияның
басуларын халықтық жырдан іздейді. Мұхтардың
«Жеңілген жеңімпаз хандығы Отырар дастаны
немесе Шыңғысханның қателігі» атты шағын
поэмасындағы қираған қаланың тағдыры
бүгінгі халық тағдырымен тікелей астасып,
ұрпаққа ауыр да абыройлы жауапкершілік
жүктелгендей болады. Сатқындықтың құрбаны
болған Отырар ойран болды. Осы кезге дейін
дауасы табылмаған сатқындық туралы, адам
бойындағы ең жек көрінішті қасиетті ақын
осылайша өз жырына арқау етті.
Қазір адамның ақыл-парасатымен
бірге нәпсісі үстемдік құрған кезең.
Нәпсі қуаты бүгінгі жылтырақ «бұқаралық
мәдениетті» туғызады. Адамды өлтіру,
қорлау, зорлау, азаптау, міне қазіргі
күннің қызықтырар басты тақырыптары.
Ал, қазір жер жүзі «соғыс алаңына» (ойындар,
кинофильмдер арқылы) айналды. Мұның бәрі
жас ұрпақ санасына мысқалдап сіңе бермек.
«Нәпсі философиясынан Рух философиясын
жоғары қою адамзат мүддесіне сай екенін
Мұхтар Шаханов тамаша дәлелдеп шыққан
және ол Рух болмысын қорғауды проблема
етіп көтерген. Бұл биік гуманистік позиция
автордың әлемдік деңгейдегі ой-санасының
көрінісі». (14. 3 бет).
Жалпы байқап отырсақ нені жырласа да
– достықты ма, махаббатты ма, табиғатты
ма – тереңнен тартып, философиялық ойға
құру, күтпеген тың байламдар жасау –
Мұхтар творчествосына тән бір ерекшелік.
Мұхтар Шахановтың «Жазагер жады космоформуласы»
(Шыңғысханның пенделік құпиясы) атты
поэмасы екі жыл бұрын оқырман қолына
тиген «Өркениеттің адасуы» атты кітабымен
үндес, бір-бірін толықтырып тұрған, терең
философиялық астары бар, мәңгілік өмір
айналымының сыры мен жұмбағына үңілген,
оқырманның алдына түйіні күрделі сауалдар
тастап, терең ойға тартатын дүние екеніне
көз жеткіздік.
Мәңгілік өмір айналымының қозғаушы күші
не? Ақ пен қара... Оң заряд пен теріс заряд…
Жарық пен қараңғы… Періште мен шайтан…
Махаббат пен зұлымдық… Міне осылай жалғасып
кете береді…
Мәңгілік өмір осылай жалғасып кете бермек
пе? Егер қозғалыстың қозғаушы күші қарама-қарсы
екі күш дейтін болсақ, онда зұлымдықтың
да азаматтың дамуына қосқан өзіндік үлесі
болғаны ғой, деген заңды сұрақ туындайды.
Иә, белгілі бір дәрежеде солай екені рас.
Екі күштің күресі қалай, қашан басталды
десек түп тамырымызға үңілуге тура келеді.Құл
сырттай ғана бағынышты болуы мүмкін.
Ішкі байламы берік, рухы мықты болса ол
адамдық қалпын жоғалтпайды. Ал ішкі «Менінен»
айырылған адам рухсыздық дертіне шалдығады.
Рухсыздық – барлық бақытсыздықтың бастауы.
М. Шаханов адамзатты осы РУХСЫЗДЫҚ АПАТЫНАН
сақтандырды…
Әуел баста Алланың рухынан жаратылған
Адам өмір айналымына не үшін жіберілді.
Әрине, эволюциялық жетілу жолынан өтіп,
өсіп, өркендеп, пенделіктен періштелік
биіктікке дейін көтеріліп, тазалап барып
Ұлы Рухқа – Аллаға қайта қосылу үшін
жіберілген деп түсіндіреді қазіргі заман
ойшылдары. Адамзаттың эволюциялық даму
жолына көз жіберетін болсақ, талай тар
жол, тайғақ кешуден өтті. Мың өліп, мың
тірілді.
Қазір біз компьютер, интернет дәуірінде
өмір сүріп отырмыз. Шегімізге жеттік,
енді Жерді қойып, Ғаламның тағдырына
да жауаптымыз біз! Біз енді Мейірім мен
Махаббатты төрге шығаруымыз керек. Біз
сонда ғана Ұлы Мейірімге, Ұлы Махаббатқа
қосыла аламыз. Онсыз тұйыққа тірелеміз.
Жапон ғалымы Хироенори Итоның Мұхтар
Шахановтың «Жазагер жады космоформуласы»
романы туралы жазған: «Это произведение
уникально тем, что в историческом плане
освещает смертельную борьбу добра и зла,
наталкивает нас на мысль о надвигающейся
катастрофе бездуховности, способной
уничтожить человечество или привести
к такой безобразной форме существования,
которая обусловит его саморазрушение
и самоуничтожение» (12. 2 бет) деген пікірі
көпке ой салады ғой деп топшылаймыз. Адамзат
Рухсыздық апатының алдында тұр. Ақшаға
құл болу, материалдық байлыққа бас ию
адамды рухани азғындыққа бастайды. Бұлай
жалғаса берсе, адам санамен емес қарынмен
ойлайтын халге жетпек. Бізге енді «Менен
асқан мықты жоқ!» деген озбыр күш иесі
емес, «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп…»
дейтін жылы жүрек керек. М.Шаханов – осындай
поэзиялық ақын. Ал өзінің «Өркениеттің
адасуы» деген дастаны да шоқтығы биік
туынды. Бұл поэма қазіргі әлемдік поэзиядағы
жетістіктердің бірі ретінде ЮНЕСКО тарапынан
жоғары бағаға ие болып, көптеген елдердің
қызығушылығын туғызғаны мәлім.
Шаханов «Өркениеттің адасуында» маңызды
мәселені көтерген, ол – адамзаттың қазіргі
адасуы. Енді оның екінші проблемасы бой
көрсетпек, ол – адасқан цивилизацияны
жөнге салу. Міне, осы тұста жалған пайғамбарлар,
әуесқой әулиелер, дүмше саясаткерлер
көптеп өсіп-өніп кетсе, сөйтіп олар жығылған
үстіне жұдырық дегендей, суға батар–батпас
болып тұрған жанды мүлдем батырып жіберсе
не болмақ? Шаханов сага поэмасын оқығанда
осындай терең ойларға ақынмен бірге сүңги
бересің, ол адамды ой тұңғиығына батыртып,
санаға салмақ, ойға өріс береді.
Мұхтар Шаханов «Желтоқсан оқиғасына»
орай азаматтық әрі парасаттылық көрсетті.
Өзі айтқандай:
Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары,
нары жоқ,
Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар,
қоры жоқ.
Кемсітпекші «желтоқсанның жалаң аяқтары»
деп
Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде
жанып от,
Тұрған олар аяз сорған қызыл беттің ары
боп,
Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.
(13. 3 бет)
Мұхтар Шаханов жайлы қандай еңбек жазылса
да, «желтоқсан оқиғасы» мен ақын Мұхтар
есімі аталары хақ.Халық намысы жер етілген
сол жылдары Мұхтар Шаханов болмағанда
күні бүгінге дейін «желтоқсанға» қатысты
мәселелердің кейбірі, бәлкім, әлі де жабулы
қазан күйінде қалар ма еді?
«Желтоқсан» Мұхтардың азаматтығының,
парасаттылығының, нағыз халық ақыны екендігінің
айшықты мезеті болғаны аян.
М.Шаханов поэзиясы тоғанға жиналған судың
бөгетін ашқанда арындап ағатындай көрінеді.
Мұхтардың да көкірек сарайында көптен
жиналып қордаланған ой-армандары арындап
жыр жолдарына құйылғанын байқаймыз.
Ақын шығармасына ойлы сөз жазған Шыңғыс
Айтматов «Қазақ поэзиясында бұрын-соңды
мұндай қуатты дүниені кездестірген емеспін»,
- деп өте жоғары бағалапты. Шыңғыс айтса
айтқандай, адамзат тарихынан сыр тартқан
небір тағлым аларлық жәйттер, кесек-кесек
қанатты тың ойлар, батыл тұжырымдар жан-дүниеңді
баурап алып, асыл армандарға жетелейді.
Тек өзің емес еліңнің, бүкіл адамзаттың
болашағы үшін ақынмен бірге толғанасың.
Өзіңе де бір міндет жүктелгендей болады.
Өмірден өз орныңды іздейсің. Қанша оқығанда
сусының қанбайды. Қазақ поэзиясының әлемдік
деңгейге көтерілгеніне мақтанғың келеді.
Өлеңдерін айтпағанда алғашқы поэмасы
«Танакөзбен»-ақ ол талайды тамсандырған.
Бұған қарап талантты таланттың танитынына
көзің жететін секілді. Мұхтар Шахановтың
поэзиясының мықты бір ерекшелігі – бұрынғы
дәуірлерден қалған үлгі, ғибрат әңгімелерді
қазіргі заманның құбылыстарына байланыстыра
айта алатындығында. Оның халыққа кең
танылған поэмаларының, өлеңдерінің басқа
ешбір ақынның жаратылысына ұқсамайтын
тосын келбеті осы тарапта болатын. Қандай
тақырыпта ой қозғамасын өлеңдерінің
ішкі астарында адамға, достыққа, халыққа,
Отанға деген құрмет сезімі сезіліп тұратын
рухани-адамгершілік құндылықтарға толы
екенін байқадық. Егемендігімізді алғанымызбен,
қоғамдағы көптеген жастарымыздың ұлттық
рух пен ұлттық болмысын жоғалтып бара
жатқандығы бәрімізді толғандырады. Сол
рухсыздық апатынан сақтануда Мұхтар
Шахановтың адамгершілік құндылықтарға
толы поэзиясы көмеккке келетініне сенімім
мол.
Мұқағали Мақатаев |
(1931-1976)
Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады. Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер, Қазақ радиосында диктор болған, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімін басқарған. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған. Тырнақ алды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» (қазіргі «Хан тәңірісі») газетінде 1948 жылдары жариялана бастаған. 1954 жылы бір топ өлеңі «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналында, одан кейін бір шоғыр жыры Ә.Тәжібаевтың сәт сапар тілеген сөзімен «Қазақ әдебиетінде» жарияланған. Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді, әже, шырағын», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Н.Тілендиев ән шығарған. Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, әпербақан сынға ұшырағанда да "Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана" деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге де, лауазым-атаққа да қызықпаған. М.Мақатаев қаламынан "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір-дастан" т.б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір-өзен" т.б. жыр кітаптары, "Қош, махаббат!" атты прозалық кітабы оқырманның қолдан-қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды. Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали "Жан азасы" (реквием) поэмасында өмір туралы гимн туғызды. "Аққулар ұйықтағанда" поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр етсе, "Райымбек, Райымбек!" дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді. М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген. |
XX ғасырдағы
қазақ поэзиясында өзгеше
Оның өлеңдерінде кешегі Абай мен Мағжанның ақындық мінезі байқалады. Абай бәрінен бұрын, қазақтың әдеби тілінің шынайылығын жан сала қорғады, өлең сөзін әртүрлі тіл безеуден құтқарды, поэзияда тек қана «іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын келістірудің» жолдарын нұсқады. Мазмұн мен пішіннің әсем үндестігін қалаған Абай, әрине, мазмұнның пішіннен басымдығын жете аңғарды: «Ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін...» деді. Бұл да көркем шығарманың болмысын аса талантты, нәзік әрі терең сезінуден туған тілек деп түсіну керек. Мағжан ақын озбыр өмірдің қиындығын тартқанда, «қолым емес, қызыл тілім кісендеулі» деген жоқ па? Заманынан көңілі қалған Мұқағали, әсіресе, Абаймен сырласады.
Ұлы Абай:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, - деп өзінің ағартушылық, қайраткерлік мұратын аңдатса, Мұқағали ақын:
Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін,
Ермек үшін немесе өлмеу үшін.
Жазсам, жазам жырды мен, жасырмаймын,
Жаралы жүректерді емдеу үшін, -
деп жырға жан сезімнің, ішкі дүниенің дауасы ретінде қарайды.