Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 23:29, реферат
Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Мамандығы тракторшы, филолог. 1969 жылы Шымкент педагогикалық институтын сырттан оқып бітірген.
М.Мақатаев поэзиясының бір қырында, яғни таразы басының бір жағында мұңды толғаныс, өкіну және қайғы-қасірет, күйініш жатса, таразы ның екінші басында-романтикалық өршілдік, махаббат, сүйініш-күйініш, арман, мақсат, үміт жатыр. Адамның ішкі тұңғиық тереңін, адам психология- сының көзге ілінбес нәзік қалтарысын, адамға тән құштарлықтың жан түсінбес қиын құпиясын жарқ еткізіп ашып, қопара көрсеткен осынау керемет өмір шындығы мен көркем шындықтың қызметі – ақын поэзиясының қазығы.
Ақынның шын мәнінде шеберлігі - ол қолданған әрбір амал - адам бейнесін ашуға қызмет еткен. Ақын поэзиясында адам тағдырынан тыс, бірде-бір өрнек-өмір көрінісі жоқ. Оның поэзиясы табиғат көріністерін, пейзажды әшейін бір уақыт пен кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамайды, онда адам бейнесін толықтыра түсетін тәсілдер мол. Әрі көркемдік-философиялық иірімдер мен сарындар, түйіндер мен мазмұндар арқылы өте-мөте жарқырап көрінеді. Ақын адам мен жаратылыстың үндестігін жырлайды. Ол жаратылыстың көп құбылысынан адам болмысына тән сипаттарды аңғарады. Содан да болар ақын табиғаттың әр бөлшегімен, көрінісімен ашық сырласады, мұңына ортақтасады. Ақын атаулы табиғат пен жаратылыстың құбылысына жақын болады.
Ақын өлеңдерінде бірде қуаныш пен қайғы болса, бірде көз жасы, наз бен мұң жүреді. Осы бір алма-кезек ауысқан көңіліне жұбаныш, жанына тыншу беру үшін ақын көңілі басқаны аңсайды. Ол халқымыздың табиғатына тән кеңдікті, кеңістікті іздейді, сахараны көргісі келеді. Табиғаттан пана іздейді.
Адам мен табиғат. Ақын бұлардың тұтастығын сұңғыла философтарға тән түйсікпен ұғынған. Белгілі суреттерден белгісіз сырларды аңғарды. Ақынның «Тау өзені» деген өлеңінде бала шопаннан таяқ жеген серке ата шопанның соңынан маңырайды. Ол бекер маңырап тұрған жоқ, адам мен табиғаттың арасы алшақтанып, оның соңы дүлей құбылыстарға ұрындыратынын сезді. Сол үшін де шығар, ақын қайыңнан «өмір сүрейік алмасып» деп өтінуі. Сол қайыңнан адамдар тіршілігін көргісі келеді. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынасты суреттесе де, табиғат көріністеріне үңілсе де, өткен тарих жолына көз салса да, адамның таусылмайтын арманын, өлмейтін махаббатты, үзілмейтін сағыныш сезімін, біріне-бірі жалғасып жатқан тіршілік сабағын жазды.
Әр заман поэзиясының өзіне лайық күйі, үні бар дейтін болсақ, соның шыққан биігін межелейтін туындылар мол. Дәуірден мойны озық қаламгерлер өмір құбылысын, заман тынысын тап басып отырған. Сондықтан да олардың көбінің ой-түйсігі, дүниетанымы егіздесіп жатады. Олар поэзияға өз таңбасын түсіргенімен, жалпы өнерде мезгілдес болғандықтан, кей сәт айтатын ой-пікірлері үндес болып келеді. Ал, бұл үндестіктің арасында кейде ұзақ мезгілдер жатады. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» - деп толғаған ұлы Абайдың ойшыл дәстүрінен тағылым алған, табиғат суретін сөзбен өрнектеу жөнінде Ілиястан кейінгі ірі суреткерлердің қатарына қосылған, елдік пен ерлікті жырлауда Махамбет бабасының баһадүр жырларымен үндес келетін Мұқағали мұрасы – ұлтымыздың рухани құндылығы.
«Лирикада мінез болады. Ол ақынның мінезі. Өлеңім өзіме тарт дегендей, әр өлең тек иесіне ғана тартады» [1,29-б.], – дейді ғалым З.Қабдолов. Ақын басынан кешкен сезім, ақын басында болған түрлі-түрлі толғаныс – субъективті нәрсе; бірақ, сонымен қабат ол кәдімгі объективті дүниенің әсері. Ақынның көңіл-күйі әрқашан өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның хал-жайына байланысты, өзін қоршаған шындықтың саяси-әлеуметтік сырымен сабақтас. Ол қуана шалқыса да, жабырқай толғанса да, - лирикада сол өз кезінің шындығы мен сыры жатады.
Лирикадағы мұң барлық ақында бірдей болғанымен, оның жеткізілуі әр қалай. Қазіргі қазақ әдебиетінің кемелденуіне, көркемдеу құралдарының, бейнелеу үлгілерінің молаюына байланысты ішкі монолог түрленіп қолданылады. Шығармаға көркемдік мән береді. Әдебиеттегі адамның ішкі бітімі тек мінездеу немесе жанама мінездеу арқылы ғана жасалмайды, адамды тұлғалауға қажетті өзге тәсілдер де осы мақсатта қызмет атқарып жатады.
Адамның әлдебір күйініш-сүйінішін немесе кескін-кейпін, қимыл-әрекетін суреттеу, оның өз сөзін немесе өзгемен сөйлесуін келтіру, ең арғы жағы, түрліше табиғат құбылыстарын суреттеу – осылардың бәрі, сайып келгенде, әдебиеттегі адамның сыртқы түрін анықтап, ішкі сырын ашу үшін керек. Кезінде Абай «Сөз өнері дертпен тең» екендігін ескертіп кеткені белгілі. Ал, шын дарын иесі өнердің азабын тартқанына дән разы. Отыз мың сурет пен бес жүз безендірілген кітаптың иесі, өнерде бағы жанған жапон суретшісі Кацусика Хокусай (1760-1819) өзі туралы: «Мені сурет дуалаған, мен сурет тұтқынымын»,- дейді екен. Ақын Мұқағали да
«Поэзия, сен менімен егіз бе едің», -деп өзімен туысып кеткен өлеңін жанына жақын тұтады.
Жырым-сырым екеуі егіздерім,
Екеуін екі бөлек емізбедім.
Жатсам-тұрсам мұң шағып
Жабырқаған жаныма ем іздедім, -
деп өлеңінен жанына шипа табады.
«Лирикада сезім халін
Ақын психологиясы оның
Жылату көп, көңілді жұбату жоқ,
Қалай жүрсең күйесің, бәрі бір от.
Лаулап жанған арманның
Жүрегіме тұтанып жанады шоқ,
-деген
өлеңінде ақын өмірдің бұралаң
соқпақты жолдарында
Ұлттық мінез - әр халықтың
ділі, тарихы, дәстүрі арқылы қалыптасатын
шығармадағы бөлінбес бөлшек
немесе кейіпкердің ұлттық
Мұқағалиды осы қазақтың мінезі, өмірді қазақша көріп тануы, жасаған ұлттық бейнелері оны туған халқынан бөле алмайды. Ол қанша ренжісе де, өкпелесе де тіпті одан алыс жүрген күндерінде де халқымен бірге жасады. Ұнамсыз істерін сынай отырып, оның болашағына сенді. Өзінің сырын бөлісіп, ақынның көңіл-күйін түсінуді де халқынан сұрады.
Ақын психологиясының өлең
Көктен түсіп келген жоқ дарын маған,
Сенің шырын түсіңнен
Әкелердің жолында жалындаған,
Шешек атқан шоқ гүлдер дарын маған,-
деген ақын өлеңінің жолдары оның шыққан тегі мен әлеуметтік өмірдегі дәл-ақ танытады.
Ақынның жеке басының сезім
күйлері тек бір адамның
тіршілігін күйттемей, жалпы
Басқаның жаны-сырын ұғу үшін,
Өзімді зерттегенді жөн көремін.
Ақынның «мені» – өзін өзгеге кемсітуге бермейтін күрескер, жаңа адам. Өткен өмір сырын бүгінгі шындықпен сабақтастыра ойлану, уақыт пен адам өміріндегі жаңалықты қорыту өзгешелігін байқатуы – өз оқырмандарына ұсынар бай тәжірибесінен, айтар өнегесінен, сырынан танылады. Онда өмірді сүю, оны жалықпай, шаршамай жырлауға құмарлық бар. Ол ақындық дәстүрді ғана емес, адамның тіршілігі, мінез-құлқындағы жаңаны да тарих сыры арқылы ұғынуға ұмтылды. Мұның бәрі суреткер қоғам қайраткері екенін көрсетеді. Бұлай болмайтын реті жоқ. Қаламгерлік іс – қоғамдық іс. Көркем әдебиеттің қоғамдық мәнін, әлеуметтік мазмұнын еш нәрсемен салыстыруға да, ауыстыруға да болмайды.
Жиырмасыншы ғасыр – ұлттық
жазба әдебиеттің алтын ғасыры.
Бұл кезеңде қазақ поэзиясы
мен прозасы бұрын болмаған
көркемдік деңгейге көтерілді.
Әсіресе, қазақ поэзиясы дәуірдің
қоғамдық-әлеуметтік келбетін
Мұқағали әлемі – сан қырлы. Сол әдемі, мұңды, сазды, сағынышты, терең, ойлы жырлар қай кезде де оқырманын үздіктіре өзіне тартады, қызықтырады. Сүйгенін іздеген, ару аңсар талай жас «сүйгісі келе берер сүйген ерін» деп тұрғаны анық, әдемі жандар жиылған кештерде «әйелдер-ай, әй-әйлар-ай, қулар-ай» дегені, ардақты аналарға арналған «қайран біздің аналар арды ойлаған» деген айшықты сөз, жүрегімізде сақталып, қанша сырлар жан тебіренткені рас. Мұқағали өлеңдерінің қай-қайсысының да басты нысанасы – адам тағдыры, оның ішкі сезімдік әлемі, жан дүниесі. Адам жанының түрлі-түрлі психологиялық күйлерінің бейнеленуін мына жолдардан анық байқалады.
М. Мақатаев шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын көреміз. М. Мақатаев жырларындағы қазақтың жері мен суы, тауы мен даласы көрініс тапқандығы өз алдына, өзгеше пайымдау ерекшелігі, өзіндік өрнек салар тілі, шалқыған шабыты сөзге шебер халықтың ұрпағы екенін аңғартады. Мұқағали Мақатаев өлеңдерінің өзегінен ақиқат өмір шындығын көреміз, көркемдік өрнегі өзгеше өрілген сөз өнерінің үлгісін танимыз. Ол халықтың ұлттық сипаттағы көркем бейнесін, сол арқылы адам болмысын, оның жан дүниесін, сезімін, яғни, адам өмірінің асыл шындығын ерекше тебіреніспен толғайды. Ақын әрбір кейіпкерін өзінің сезім елегінен өткізіп, сол күйде өзі тұрғандай етіп шебер бейнелейді. Сондықтан да оның қаһармандары шынайы, оқырманды бірден баурап алады. Сол себепті де Мұқағали мұрасы сөз өнерінің дара мұнарасы ретінде болашаққа апарар құнды қазына болып қала береді.