Мәдениет және өркениет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2013 в 13:27, реферат

Описание

Философияның басқа пәндер арасындағы орны оның предметі мен атқаратын қызметтері арқылы айқындалады. Ол, бір жағынан, басқа пәндердің дүниетанымдық және методологиялық маңызы бар нәтижелерін жалпылайды, екінші жағынан, олар үшін дүниетанымдық және методологиялық негіздемелер қорытыңдылайды, сөйтіп арнайыланған ғылыми білімнің салаларына қойылатын міндеттерді шешудің негізгі стратегияларын және соларға қол жеткізудің тәсілдерін анықтауға, рационалды түрде ой елегінен өткізуге көмектеседі. Ең ақыры, философия, өмірлік-практикалық тәжірибенің, дүниені танымдық және құндылықтық игерудің неше түрлі формаларына сүйене отырып, өз ұғымдары мен принциптерінде өнегелік, діни, көркемдік, саяси, құқықтық, ғылыми-техникалық сана тудыратын дүниетанымдық идеяларды тасымалдайды (трансформациялайды).

Работа состоит из  1 файл

Мадениет жане оркениет.docx

— 31.98 Кб (Скачать документ)

 А.Шопенгауэрдің жыныстық  махаббат метафизикасы. «Өмір» философиясы. Ф.Ницше философиясы. Еуропалық нигилизмі Христианшылдық пен метафизиканы сынау. Батысеуропалық философияның Батыс адамының ғылыми-техникалық қызметте белсенді өзгерістерді дамытудағы эпистемологиялық сенімділігін қалыптастыруға әсері. Батыстық адамның ғылыми рационалдығының белсенділенуіне кедергі келтіретін потенциалдық мүмкіндіктер мен себептерді анықтау.

XIX ғ. - XX ғ. басындағы ресейлік  мәдениет контекстіндегі орыс философиясы.

 Орыс философиясының  мәдени-әлеуметтік контексті мен идеялық алғы-шарттары. «Мәскеу - үшінші әлем» идеологемасы және оның ресейлік қоғамдық санаға әсері. Славянофиндер философиясы. Сенім адам білімінің шеткері шегі ретінде. Ерік, махаббат, сосорлық ұғымдары және олардың Ресей діни философиясы дамуына әсері. Славянофилдер идеялары және олардың орыс тарихының, мәдениетінін, ұлттық өзіндік санасының өзгешелігі моделінің қалыптасуына, орыс өмірінің өзіндік болмысын насихаттауға әсері. Орыс дін философиясының орыс адамының рухани бағдарларына әсері. Орыс философиясының орыс адамының мәдени және әлеуметтік бірдейлікті іздестіруіне және табуына деген дүниетанымдық бағдарлары.

 

 Қазақ мәдениетіндегі философия феномені

 Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы. Номадтық мәдениеттің синкретизмі. Қазақтың халықтық шығармашылығындағы дүниетанымдық ізденістер. Жыраулар шығармашылығындағы философиялық сарындар.

 Сопылық дәстүр, оның қазақ философиясы қалыптасуына әсері.

 ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ. Қазақ хандығы қайраткерлерінің саяси-құқықтық көзқарастарындағы әлеуметтік-философиялық сарындар. «Жеті Жарғының» философиялық контексті. Космолотиялық және антропософиялық ілімдер (Доспамбет, Дулати).

 Ш.Уәлихановтың философиялық  көзқарастары. ІІІ.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің философиялық идеяларының антропоцентризмі мен гуманнзмі.

 Абай Құнанбаев адам  мен Құдайдың, сенім мен білімнің  арақатынасы, адам өмір сүруінің мағынасы туралы. Дін философиясы. Таңдау еркіндігі мәселесі. Абайдың адамгершілік философиясы.

 Шәкәрім Құдайбердиевтің философиялық шығармашылығы. XIX ғ. аяғы мен XXғ. алғашқы жартысындағы қазақ ұлттық зиялы қауымының (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Шоқай, Ж.Ақпаев және т.б.) еңбектеріндегі философиялық тақырыптама. XX ғ. Қазақ зиялы қауымы шығармашылығындағы рационалистік идеялар. Марксизмге деген қарым-қатынас.

XX ғ. кеңестік мәдениет  контекстіндегі маркстік философия және поспкеңестік философия

 Маркстік ілімнің эволюциясы. Идеология саласындағы большевиктік партия мен кеңестік мемлекеттің саясаты. Маркстік философияның дөрекіленуі және қасаң қағидаға айналуы. И.Сталин еңбектерінің канонизациялануы. Қасаң қағидаланған марксизмнің қалыптасуы.

 Кеңестік маркстік  философияның коммунистік идеология,  кенестік патриотизм мен ұжымшылдықтың  кқлыптасуына, кеңестік өмір салтының басымдылығы моделінің нығаюына, кеңес халқының бірлігінің артуына, патриотизміне, кеңестік қоғамның халықтары арасындағы интернационалдық байланыстардың нығаюына әсері.

 ТМД елдеріндегі посткеңестік  философияның жалпы сипаты. Кеңестік  идеология «тиым салған» мұраға бет бұру. Ұлттық мемлекеттер ерекшелігі мен даму жолдарын философиялық ой елегінен өткізу. Глобалдық мәселелерді философиялық ойластыру.

XX ғ. - XXI ғ. қарсаңы мәдениеті  контекстіндегі батыстық философия 

XX ғ Батыс Еуропа елдері  мен АҚШ-тағы модени трансформациялар  және мәдени-әлеуметтік дағдарыс. Еуропалық елдер дамуындағы өркениеттік табыстар мен кемшіліктерді сыни қайта ойластыу. Батысеуропалық халықтардың мәдени және философиялық мұрасын, XX батыстық мәдениетінің құндылықтары мен дүниетанымдық негіздемелер сыни қайта ойластыру. Батыс әлеміндегі өркениеттік даму мен мәдени трансформациялардың жолдарын философиялық іздестіру.

 Э.Гуссерль еуропалық  ғылымның, философияның және мәдениет дағдарысы туралы. М.Хайдеггер және батыстық әлемдегі адам өмір сүруінің трагизмі мен драматизмін қайта ойластырудың сыни тәжірибесі.

 М.Хайдеггер және еуропалық нигилизмді талдау. XX экзистенциалистерінің философиялық ізденістері. А.Камю және әлеуметтік жатсыну жағдайындағы адамның сандырақ өмір сүруі тақырыбы. Бүліктің сандырақтығы және батыстық адамның сандырақ героизмі. Ж.-П.Сартр шығармашылығындағы әлеуметтік бірдейліктің философиялық ізденістері. Шекаралық ахуал жағдайларындағы адам өмір сүруінің трагизмін философиялық талдау (К.Ясперс ).

 «Өзді-өзділікті жоғалту»  және бұқаралық мәдениет пен  мәдени идустрияның әсерінен  бір өлшемділікке ие болу. Бұқаралық қоғам және мәдени индустрия жағдайларындағы «бір өлшемділік» күйін философиялық талдау (Г. Маркузе). Франкфурт мектебі философиясындағы жатсыну феноменін философиялық талдау. Ғыльім мен техниканың мәселелері идеологиялық репрессияның құралдары ретінде. Идеологияның жаңа түсінігі.

 Философия мен ғылым  мәртебесінін сыни қайта ойланылуы. Философия және ғылым мәдениет феномені ретінде. Логикалық, лингвистикалық позитивистердің философиялық ізденістеріндегі ғылымның логикалық-ряодологиялық моселелері. Аналитикалық философия. Сыни рационализм философиясы. Ғылым мен философия демаркациялануы мәселелері.

 

                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:  

1. Ч. Мусин “Қазақстан  тарихы” 
2. К.Р. Аманжолов “Түркi халықтарының тарихы” 
3. «Егемен Қазақстан» газетi Алматы 
4. «Алматы ақшамы» газетi  
5. «Заман Қазақстан» газетi 1992 жыл 
6. «Қазақ Совет Энциклопедиясы» Алматы 1977 
7 «Қазақстан әйелдерi» журналы 1994 жыл


Информация о работе Мәдениет және өркениет