Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 14:58, реферат
1. ХІХ-гасырдың соңы -ХХ-гасырдың басындагы орыс философиясына жалпы сипаттама.
2. Л.Н. Толстойдың өмірдің мәні және адамның өзін-өзі адамгершіліке тәрбиелеу ілімі.
3. В.В.Соловьевтың «орыс идеясы».
4. Н.А.Бердяевтің персоналистік философиясы.
Софья Андреевнаға да, балаларына да көңілі толмалды. Өмірін сараптай келіп, алаңсыз балалық шағынан басқа сәттерінен басқа мән таба алмай, өмірінің босқа өткеніне өкінеді. Бұл пікірімізге оның өмірінің соңғы кезеңдерінің оқиғалары дәлел бола алады. Өлімі жақын даған сайын өмірден түңіліп, көзі тірісінде бүкіл әлем мойындаса да, қоғам, дос-бауыр, жақын-жұрағат тарапынан түсіністік таба алмаған Толсой өзінің «Иван Ильичтің өлімі» әңгімесінің кейіпкері Иван Ильич сияқты тән ауруынан жан ауруы басымырақ болып, «Осы мен қалай өмір сүрдім?» деп қиналды Оның өз отбасынан безіп, алыс бір станицаға сапар шегіп, бейтаныс адамдардың арасында өмірмен қоштасуы да соның айғағы. Өмірінің соңына дейін адамдарды жақсылыққа тәрбиелеуден танбаған ойшыл (оның соңғы туындысы «Өмір жолы» да осы мақсатқа арналған) еңбегінің еш кетіп, қоғам да, адам да өзгермегенін, адамзат жаралғаннан бері өмір сүріп келе жатқан зұлымдық әлі де үстемдік құрып отырғанын түсініп, шарасыздықтан жарық дүниеден түңілген де болар. Әлде өзі «Крейцер сонатасы» еңбегінде жазғандай, «Ешқандай мақсатың болмаса, өмір бізге өмір сүру үшін ғана берілген болса, тіршіліктің қажеті жоқ. Өмірде мақсат болған соң, сол мақсатқа жетісімен өмір тоқтауы тиіс деп шешті ме екен? Қалай десек те, Л.Толстойдың өмірдің мәні туралы философиялық ойлары саналы адамды ойландырмай қоймайды. себебі ол адамды қазіргі қоғамға жетіспей жатқан мәңгілік құндылықтар Мейірімділік, Махаббат, Руханилыққа, бір сезбен айтсақ – Адамгершілікке шақырады.
3. В.В.Соловьевтың «орыс идеясы».
Владимир Сергеевич Соловьев (1853-1900) – орыс халқының көрнекті философтарының бірі. Оның да көзқарастары әлі толық зерттелмеген. Шынын айтсақ, Соловьев философиясын жан-жақты зерттеу ісі қазір ғана қолға алынып жатыр, себебі оның идеялары Ресей үшін енді ғана түсінікті болуда.
В.С.Соловьев
белгілі тарихшы, Ресей тарихы
бойынша 29 том еңбек жазған
ғалымның отбасында дүниеге
әр түрлі саяси-философиялық ағымдармен әуестеніп, материализнің әсерімен әуелі физика-математика факультетіне түскенімен, 2-курстан бастап тарих-филология факультетіне ауысып, философияны мықтап игеруге ден қояды және бұл жолда үлкен табандылық пен білімділік үлгісін керсетеді. Бір
ғана мысал келтіре кетсек, университет бітірген соң бір жылдан кейін магистрлік диссертациясын, ал 1880 жылы докторлық диссертациясын қорғап шығады. 1881 жылы ол университеттегі оқытушылық жұмысын тастауға мәжбүр болады, оған себеп – Александр II патшаны елтіруге қастандық жасаушыларға христиандық кешірім жасап, өлім жасынан босатуды ұсынды. Бірақ, өзінің пікірі бойынша, оқытушылық жұмыстан кеткені ол үшін бір жағынан жақсы да болды, философия, дін, әдбиет, эстетика мәселелерімен тереңдеп, еркін айналысуға, бүкіл өмірін ғылым ісіне алаңсыз арнауға мүмкіндік алды.
В. Соловьев
философиясының нсгізгі
Адамзат үшін жаңа жол табуға тырысқан В.Соловьев А.Блоктың сезімен айтсақ, «барлық жерде қолына үлкен қоңыр май шам ұстап жүрген секілді болды». Бұл жол ретінде Соловьев Шеллинг философиясының ізімен «жалпы бірлік» идеясын ұсынады, оны философияның жаңа түрі, ұнамды философия деп атайды. Бұл философия адамгершіліктік бастауды жоғары қояды, «жалпыбірліктің» жеке адамнан басталатынын жақсы керсетеді.
Жеке адамның адамгершілігі ұялу, аяу ризашылық секілді үш қасиеттен тұрады, олар адамның рухани өміріні байлығын ашады деп түсінген Соловьев ұятты өте жоғары бағалайды. Декарт «Мен ойлаймын, яғни мен емір сүремін» демекші, Соловьев «Мен ұяламын, яғни мен өмір сүремін» дейді. Ұят – адамның іс-қылығын, бүкіл өмірін реттеуші.
Кант этикасын қолдаушылардың бірі болған Соловьев оның парыз ка-тегориясын аса жоғары бағалады, адам қызметінің айқындаушы негізі -оның өзінің ата-анасы мен балалары алдындағы парызын орындау деңгейі деп түсінді. Ол отбасының рөлін ерекше атап көрсетеді. Ізгілікке қызмет етуге, жеке эгоизмді жоюшы күш – отбасы деп түсінеді. Соловьевтің ойынша, жеке адам үшін басқа жұрттың бәрімен бірдей адамгершілікті қарым-қатынас жасау ете қиын шаруа. Миллиардтаған адамға кіршіксіз қызмет етуді мақсат етіп қоюды жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан да Соловьев адамгершіліктік қарым-қатынас жасауға лайық шағын орта ретінде отбасын ұсынады, себебі оның әрбір мүшесі басқалар үшін нақты мақсат, нақты
мән. Бірақ
отбасындағы туыстар тек
алғашқы басқыш болуы қажет деп ескертеді.
Орыс ойшылының
пайымдауынша, адам ез «>»рЧ»і_’2ІІ»‘»~А’~»‘
1) Өзіңнің моральдық жетілмегендігіңді сезіне білу;
2) Моральдық жетілгендіктің обьективті емір сүруі;
3) Адамның осы жетілгендікке жетуге тырысуы.
В.Соловьев
моральдық жан-жақты
Соловьев үшін
маңызды тақырып болған
осы діннің негізінде қайта құруы тиіс. Соловьевтің бұл пікірі қазіргі
Ресей үшін
аса маңызды екендігіне сөз
жоқ. Ортағасырлық Аврелий
сенім Ақылмен толықтырылмаса, Құдайға да ақылсыз, соқыр сенімнің жетегіндегі пенделердің қажеті жоқ.
Осы мәселемен бірге Соловьев Ресейдің ең үлкен бір қателігін атап көрсетеді. Ол – ұлттық эгоизм . Ұлттық эгоизмнің басқа ұлттарды өзіне өшіктіріп, қарсы қоятындығының мысалы ретінде Соловьев орыстар
мен поляктар
арасындағы жауластықты
басқа ұлттарды өзімен тең деп қарастыруы, ар-ұят ұғымын ұлттық деңгейге дейін көтеруі тиіс. Осы тұрғыдан қарастырғанда, Петр І-нің реформалары орыстардың тек басқа ұлттарға ғана емес, әрбір адамға деген көзқарасын өзгертті. Соловьевтің ұлттық эгоизмнен бас тарту идеясы өте батыл, тамаша идея. «Тек осылай жасағанда ғана Ресей дүниежүзілік тарихи процестерге қатыса алады», – дейді Соловьев. Абайдың қазақ халқын сынағаны секілді, Соловьев те өз халқының жағымсыз қасиеттерін ашық айтып, оны түзетуге шақырады. Әрине, бұл қадам славянофилдерге ұнамады. Ең бастысы, олар орыс ойшылының өз халқы мен мемлекетіне сүйіспеншілігін, жақсы ниеттен туған сыни пікірлерін бағалай алмады.
Эгоизмге қарсы
тұрар, адамды жалған
Қазіргі Ресейде
Соловьевтің идеялары қолдау
таппай, мемлекеттік идеологиядан
оның теориясына орын табылмай
отыр. Жалпы, Соловьевтін идеялары
орыс мемлекетінің болашақ
қару болуға
әбден лайық. Себебі, қазіргі Ресей
әлемдік деңгейдегі беделін
өте күрделі, қарама-қайшылықты іс. Соловьев те өз отанының болашағына аса зор үмітпен қарап, Ресейді түбінде Шығыс пен Батысты татуластыратын жаңа мәдени-тарихи тип, оның негізі – христиан дінін ұстанатын дүниежүзілік шіркеу деп жариялаған еді.
Өз философиясының
зерттеу объектісі туралы
Бердяев адамды екі дүниенің тұрғыны ретінде қарастырады: 1) адам табиғаттан жоғары; 2) адам табиғаттың туындысы және табиғатта өмір сүреді. Ол табиғатқа тәуелді, бірақ адам табиғатқа жаңа сипат береді. Адам табиғаттағы принципиалдық жаңа нәрсе. Бердяев адам мәселесін идеализм де, социологизм де, психопатология да шеше алмағандығын көрсетіп, өзінің философиясы арқылы адам өмірінің мәнін тереңдеп түсіндіруге тырысатынын айтады: «Қазіргі терминологиямен айтсақ, менің философиям экзистенциалистік тип». Экзистенциалистерден өзіне Достоевский, Толстой, Ницше жақын екендігін ескертіп, Бердяев жалпы орыс философиясы экзистенциалдық сипатқа ие деген қорытынды жасайды. Бұл пікірмен келісуге болады.
Экзистенциализмге жан сырын ақтару (исповедь) тән болса, ол Бер-дяевте де бар, бірақ оның жан сырын ақтаруы ерекше. Мысалы, Толстойдың «Жан сырында» уайым мен өзін-өзі қамшылау көп болса, Бердяевте уағыз айту, басқаны үйрету басым, ол езі туралы ащы ирониямен айтады, сол арқылы басқаларға ой салуға тырысады, «өмірдің мәні туралы ойланудың
өзі – өмірдің мәні» дейді.Бердяев философиясының басты категориясы
Тұлға~(персона). Ол әрбір адамды қайталанбас, жалғыз, ерекше нәрсе, әлеуметтік жалпының элементі деп қарастырады. Ең басты құндылық – жалпы қоғамдаст ұжым, қоғам, мемлекет емес, адам, жеке тұлға. Бердяев Кант философиясына қарсы. Оның жалпыға арналған мораліне қарсы өзінің қайтал бас-индивидуальдік моралін қояды, топтық моральді қабылдамайды. » Самопознание» («Өзін-өзі танып-білу») еңбегінде ол былай дейді:
«Жалпыға бірдей міндетті адамгершілік заңға сәйкес келмеген адамды мен бақытсыз, қуғындалушы демес едім. Керісінше, жалпыға бір занды орындаушы адам – адамгершіліктен жүрдай. Менің түсінігім солай, мені қабылдамайды емес, мен қабылдамаймын».
4. Н.А.Бердяевтің персоналистік философиясы.
Бердяевтің өзі осы принцип бойынша өмір сүрді, жеке адамды жалпы қоғамнан биік қойды, өзінің өмірін де осылай түсіндіреді: «ешқандай философиялық мектептерге қосылмай, индивидуальдік философияны
ұстандым, рационализм мен оптимизмге қарсы күрестім. Менің философиям персоналистік, конфликт философиясы».
Бердяев тұлғаның ең басты сипаты – Еркіндік деп пайымдайды. Адамды жануардан ерекшелендіретін сана және еркіндік деп түсінген еркіндікті болмыстан жоғдры қояды. Құдай еркіндікте ғана өмір сүре Ақиқат еркіндікте және еркіндік арқылы танылады. Еркіндік тұлғаны, өзімен-өзі тұйықталуы емес, керісінше, творчестволық ашылуы. Осылайша пайымдай отырып, Бердяев социализм адам еркіндігін тежейді, себебі бұл қоғамда пролетариат басқа таптардың бәрінен жоғары қойылға» деген тұжырым жасайды. Бұл пікірін, жалпы социализм мен коммунизмге көзқарасын ол өз шығарма-шылығының эмиграциядағы кезеңінде нақтылай түседі: «Орыс революциясы көрсеткендей, коммунизм еркіндікті тұлғаны, рухты теріске шығарды. Мен коммунизмді экономикалық жән саяси ұйым ретінде қабылдай алар едім, бірақ рухани жағынан мүлдем қарсымын. Себебі, мен антиколлективистпін. Ұят коллективтік категор» емес, жеке тұлғаның Құдаймен тоғысу сәтінде болатын сипаты».
Бердяев тұлғаның революция кезеңіндегі тағы бір өзгерісіне тоқтал ды. Ол Ресей большевизмнен міндетті түрде өтуі тиіс еді, большеви қажеттілік, орыс халқы тағдырының ішкі моменті, экзистенциалдық дилектикасы
деп есептеді. Революция, сол арқылы келген еркіндік, Бердяевтің пікірінше, адамдарды қатты өзгертті. Кешегі қарапайым адамда билік, еркіндік
қолына тиген соң мүлдем өзгерді, тұлғаның жаңа антр пологиялық типі, бұрынғы орыс интеллигенциясына мүлдем ұқсамайты типі пайда болды. Олардың бойында мейірімділік, қайырымдылық деген жоқ еді. Осыдан келіп, Бердяев еркіндік дегеніміз демократиялық ұғым емес, аристократиялық ұғым деген тұжырымға келді. Бұл пікірмен келісу қиын.
110
Бердяев орыс
революциясын орыс
астырады, себебі
орыс революциясы осы
Бердяевтің Тұлга мен Еркіндік туралы ілімі Құдай ұғымымен тығыз байланысты. Дүниенің негізі туралы оның пікірі – дуалистік. Канттың этикалық көзқарастарын қабылдамағанымен, оның «өзіндік зат дүниесі» және «құбылыстар дүниесі» идеясын мақұлдайды. Бұл идея ақиқат дүниенін құдай сипатын түсіндіруге ыңғайлы еді. Объективті дүние – зұлымдық. Шын өмір сүретін тек қана субъектілер, яғни еркін рухтар ғана. Адам өмірінін мақсаты – еркін рухтардың көмегімен дүние мен заттар үстемдігінен азат болу. Бердяевтің пайымдауынша, зұлымдық үшін Құдай жауап бермейді. Дүниені өзі жаратқанымен, әрі қарай өз күшін Еркін адамға береді, адам арқылы дүниені басқара береді. Құдайсыз адам әлсіз, сондықтан адам Құдаймен
Информация о работе Н.А.Бердяевтің персоналистік философиясы