Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 23:05, реферат
Бұл көзқарас қияли заңдылықтарға сүйенген мифологиялық дүниетаным мен жаңадан дүниеге келіп жақан білім және ойлау қабілетінің арасындағы қайшылықтарды шешуге тырысты. Бірақ, мұндай көзқарас әлі де болса философия емес еді. Себебі, Ежелгі Шығыста өндірістік тәсілдің баяу қалыптасуы, философиялық ой-пікірдің сол кездегі жетістіктерімен нашар байланыста болуы, шығыс философиясының діни мифологиялық көзқарастан, күнделікті әдептілік санадан толық арылуына мүмкіндік бермеді.
Ал адамгершіліктің негізгі-"
Конфуцийшылдар өздерінің
"Текті адам" тек қана этикалық үғым емес,ол саяси үғым да. Ол халықты басқарады. Ал басқарудың негізгі қайнар көзі-басшының өз басының эдептілік қасиеттерін өзінен төмен тұрғандарға мысал ретінде көрсету. Егер басшылар "дао" жолымен жүрсе, онда халық оларға қарсы келмейді.
Кун-фу-цзы барлық нэрсе өзгерісте болады, уақыт тоқтамай өтіп жатады десе де, қоғамдық өмірге келгенде, ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз-қалпында дпмуы керек деп есептейді. Сондықтан, билеуші, шенеунік-шенеунік, эке-эке, ал бала-бала болып, аттарына байланысты емес, шын мэнісінде қалулары керек. Ал оларда күтпеген жерде кездейсоқ өзгерістер бола қалса, ол тез арада өз қалпына келуі керек. Билеуші-эке, халқы оның балалары. Осы түрғыдан мемлекет басқарылуы керек. Демек, "Білу дегеніміз-табиғатты емес, адамдарды танып білу",-деп есептейді. Кейбір адамдарға "туа біткен білім болғандықтан, олар басқалардан жоғары деп саналады". Оқу, білу таңдамалы түрде болуы керек. Оқығанда тек өмірде керекті, ең дүрыс деген қағидаларды білу керек те, қалғандарынан аулақ болу қажет. Білу дегеніміз-тек қана өзіміз білмейтінді үйреніп, білу емес, сонымен қатар зерттеп отырған мәселелерді жан-жақты қарастыру тэсілі.
б) Мэн-цзы (б.д.д. 372-289 ж.ж) Кун-фу-цзының ілімін ары қарай жалғастыра отырып, аспан (көк)-объективтік қажеттілік, тағдыр ретінде жақсылықты қорғайды дей отырып, аспанның еркі-адамдардың жігер-еркі арқылы көрінеді деген пікір айтады. Осыдан келіп, ол:"Олай болса, ван (билеуші) халықты өз баласындай сүйсе, халық оны экесінен жақсы көруі керек,-деген түжырым жасайды.
Сюнь-цзы -(б.д.д. 313-белгісіз) Аспан мен жерді барлыү денелердің шығу тегі ретінде мойындаса да, тағдырды аспанның жігер-еркі ретінде мойындамайды. Оның пікірінше, аспанды қастерлеп, ол туралы ойланып отырғаннан гөрі, керекті заттарды көбейтіп, аспанның өзін бағындырған дүрыс.
Әлем өзінің табиғи заңдылықтарымен өмір сүреді, оны зерттеп, сырын ұқса, өз қажетіңе жаратуға болады. Олай болса, бақытты н/е бақытсыз, бай н/е қайыршы болу адамдардың өзіне байланысты. Жалпы адамдар табиғатынан зүлым, қызғаншақ, дүниеқоңыз болып туады. Тэрбие арқылы адамдарды адамгершілікке баулып, оның табиғатын өзгертуге болады. Ал адамдар өз тарапынан өзін өзі жетілдіруге қүлшынуы тиіс. Конфуцийшылдық б.д.д. 1 ғ. Мемлекеттік ілімге, ал 9 ғасырдан бастап қытайдағы негізгі діни көзқарасқа айналды.
в) Легистер (заңгерлер) Негізгі өкілдері: Шан Ян (б.д.д.4 ғ) Хань-Фэй- цзы (шамамен б.д.д. 3 ғ) Легистер конфуцийшылдардың мемлекетті
эдемтілікке негізделген заңдары жүзеге асыру арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекеттік тек қана зағға сүйеніп басқаруға болады, себебі, "Мейірімділік пен адамгершілік"-қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легистер арожданың орнына
қорқынышты дэріптейді. Елде тэртіпсіздік
болмас үшін:
жазалау көп болу керек. 2) Алмай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру қажет. 3) Үсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмыс жасамайтын болады. 4) Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек. Осы қағидаларды бүлжытпай орындауға ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды ж/е керек болса, өлімге де барады.
Конфуцийшылдардың мемлекет-үлкен отбасы, оның басшысы-халықтың экесі деген ілімнің орнына легистер: мемлекет-өз алдына бір машина сияқты құбылыс, билеуші- өзін ата-баба аруағынан да, халықтан да, аспаннан да жоғары қоятын деспот. Мемлекеттің негізгі мақсаттары: 1) ¥сақ патшалықтарды біріктіріп, Аспан аясындағы (Қытай) мемлекет құру; 2)0сы мемлектке басқа халықтарды бағындыру. Осы түрғыдан өнерге, білімге деген қүштарлық теңелуі қажет. Мемлекеттің экономикалық негізгі қолөнер н/е сауда емес, егін шаруашылығы болуы керек.
Мемлекеттегі қызмет орындарды адамдардың жүмыс істеу қабілетіне қарай бөлінуі
тиіс.
Конфуцийшылдармен легистердің арасындағы күрес көп жылдарға созылды. Тіпті қазірдің өзінде де осы философиялық бағыттарды жақтаған немесе қарсы шыққан саяси топтардың кездесетінін ескерткен артық болмас.
г) Даосизм (6-5 ғ.ғ. б.д.д.) Бүл ілімнің қалаушы б.д.д. 6 ғ өмір сүрген Лао-цзы деп есептеледі. Оның негізгі еңбегі-"Дао ж/е дэ туралы кітап" (Дао дэ цзин). Даосизм "дао" үғымына негізделген. Егер басқа қайтайлық философиялық ағымдарда "дао" "жол" деген мағына берсе, ж/е ол Қытайдың дамуымен әдептілікті жетілдірудегі негізгі үғым болса, даосизмде "дао"- жалпы дүниетанымдық үғым.
Информация о работе Үнді философиясының негізгі бағыттары және мектептері