ОРТА ҒАСЫР ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 23:13, реферат

Описание

Ортағасырлық философиясы Батыс Еуропа елдерінде – рим империясының күйреуімен байланысты 5 ғ. Капиталдық қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін 14-15ғ. Өмір сүрді. Ортағасырлық философия дінмен байланысты дамыды. Тіпті философияны – діннің қызметшісіне айналдырып жіберді. Батыс Еуропа едерінде христиан тарауына байланысты «шіркеу әкейлері» мен «пұтқа табынушылар» философиясының арасындағы күрестің өрлеуіне байланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Б.з II ғасырынан бастап, аполегетика(гр. қорғаушы) деп аталып кеткен діни-философиялық бағыт пайда болады

Содержание

1. Орта ғасыр философиясының ерекшеліктері, мәні, сипаттары;
2. Орта ғасырлық христиан философиясы: Әулие Августин пікірлерін талдау;
3. Фома Аквинскийдің көз-қарастарын сипаттап, талдау;
4. Орта ғасырдағы мұсылман философиясының қалыптасу жағдайлары, негізгі бағыттары.

Работа состоит из  1 файл

Философия эссе.docx

— 124.07 Кб (Скачать документ)

             

Қазақстан Республикасы Білім  және Ғылым Министрлігі

Пән-Бастау факультеті

Гуманитарлық пәндер кафедрасы

 

«Философия» пәнінен

№1 СӨЖ (ЭССЕ)

Тақырыбы:

«ОРТА ҒАСЫР ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»

 

      Орындаған:  Асылбек А. Е.

                                                                                АТФ, АЖ,

                               1 курс студенті  

 

                                                                                         Оқытушы: Билялова Г. Қ.

философия ғылымдарының

    докторы, профессор

               

 

 

Алматы – 2012 жыл

 

           ОРТА ҒАСЫР ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

                                                ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

 

Эссе барысында  зерттелетін мәселелер;

     1.    Орта ғасыр философиясының ерекшеліктері, мәні, сипаттары;

     2.    Орта ғасырлық христиан философиясы: Әулие Августин пікірлерін талдау; 

     3.   Фома Аквинскийдің көз-қарастарын сипаттап, талдау;

     4.   Орта ғасырдағы мұсылман философиясының қалыптасу жағдайлары, негізгі бағыттары.

 

Ортағасырлық философиясы  Батыс Еуропа елдерінде – рим империясының күйреуімен байланысты 5 ғ. Капиталдық қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін 14-15ғ. Өмір сүрді. Ортағасырлық философия дінмен байланысты дамыды. Тіпті философияны – діннің қызметшісіне айналдырып жіберді. Батыс Еуропа едерінде христиан тарауына байланысты «шіркеу әкейлері» мен «пұтқа табынушылар» философиясының арасындағы күрестің өрлеуіне байланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Б.з II ғасырынан бастап, аполегетика(гр. қорғаушы) деп аталып кеткен діни-философиялық бағыт пайда болады. Бұл бағыттың негізгі өкілдеріне Юстиан Мученик, Тациан, Тертуллиан Квинт Септимий Флоренс. Апологетиканың мақсаты – ақыл-парасатқа жүгінген дәлелдердің көмегімен дін ілімін қорғап, сақтау. Апологетиканың құрамына мыналар енеді: құдай болмысының дәлелдемелері, жанның мәнгілігі, құдайдың сыр беруінің белгілері туралы ілім, дінге және оның жекелеген догматтарына қарсы бағытталған наразылықтарға, сондай-ақ басқа діндерге талдау. Барлық нақтылықтың денесі бар. Құдай – нақтылық, демек, Құдайдың да денесі бар болғаны. Жалпы нақтылықтың уақыттық бастамасы жоқ, бұл Тертуллианның пікірі. Апологеттердің христиан дінінің өнегелік қағидаларының артықшылығын ескере отырып, оны мемлекеттік дінге айналдыру қажет деген идеясы, құдайдың мәні мен табиғаты, әлемнің жаратылуы, адам табиғаты мен өмір сүру мақсаты туралы көтерген мәселелері патристика, схоластика кезеңдерінде өз көріністерін тапты.

     Патристика (лат. Pater-әке) 2-8 ғасырлардағы христиан дін ілімі. Пұтқа табынушылыққа қарсы христиан дінінің догматтарын қорғайтын, діни нанымның ежелгі философиямен үйлеспейді дейтін "шіркеу әкелерін” мадақтау, қостау. Бұл ілім шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін атаған болатын. Оның негізгі өкілдері: Клемент Александрийский, Амворсий Майландский, Августин және тағы да басқа ұлы философтар. Үшінші ғасырларда жүйеленген бұл діни ілімде алғашқыда Христостың табиғаты туралы пікірлер ал IV ғ. ұлы император Константин христиандықты мемлекеттік дін ретінде қабылдағаннан кейін, саяси-шіркеулік мәселелер алдыңғы шепке шығып, шіркеу әкейлерінің көзқарастарында өз көріністерін тапты.

    Теологияның негізгі қағидасы адам жердегі күйбең тіршіліктен бас тартып, Иисус Христостан үлгі ала отырып, Жаратушыға махаббат жолымен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Бұл қағида ең әуелі Орта ғасыр философиясының мазмұнынан, оның негізгі өкілі Августин Аврелий ілімінен айқын көрінеді. Еңбектері өте көп, негізгілері: «Құдайы қала туралы», «Жан сыры». Августин ақылдың рөлін жоққа шығармайды: «Адам Құдайды іздегісі келуі үшін ақылды болуы қажет. Құдай өзін түсініп іздегендерді ғана қалайды». Ең басты мәселе – космос емес, жеке адам мәселесі. Өзіңді сырттан іздеме, өзіңе орал, ақиқат адам жанының тұңғиығында. Адамның жанында Құдай бейнеленеді, жанымыздың қатпарларына үңіле отырып, біз Құдайды табамыз. Құдай концепциясын түсіндіру процесінде ол Платонның «Идеясына» жүгінеді.

Августин Құдай болмысының үш дәлелін келтіреді:

1) Гректердің өзі дүниені  жаратушының бар екені туралы идеяны айтқан. Дүниенің сантүрлілігі мен өзгермелілігі, оның объектілерінің әдемілігі оны ұлы да әсем, көзге көрінбейтін және білінбейтін Құдай жаратқанын дәлелдейді.

2) Адамзаттың ауызбіршілігі. Табиғаты түгелімен бұзылған адамдардан басқа адамзат ұрпағы Құдай дүниені Жаратушы деп мойындайды.

3) Ең жоғарғы бақыт  бұл өмірде емес, о дүниеде.  Оған Құдайды сүйе алған адам  ғана жетеді. 
Құдай Дүниені Жаратушы. Неден жаратты? «Ештеңеден», онымен бірге Құдай уақытты да жаратты. Адамды Құдай сезімдік дүниенің соңғы «рациональді жануары» ретінде жаратқан, оның жаны өлмейді, мәңгілік, ол өлетін болса, Ақиқат та еледі. 
Зұлымдық мәселесі. Құдайдан шығатын нәрсенің бәрі ізгілік, жақсылық болса, зұлымдық қайдан шығады? Августин зұлымдықты үш түрге бөледі:

1) метафизикалық-онтологиялық  – зұлымдық болып көрінетін  нәрсенің өзі жалпы универсалдық  оптика деңгейінде жоғалып кетеді. Зұлымдық туралы пікіріміз кебіне  субъективті. Әрбір нәрсенің болмыстық  мәні бар, яғни жағымды бірдеңеге  ие. 
2) моральдік зұлымдық – күнә. Күнә залым жігерге тәуелді. Құдайға берілгендікті өзгерту де моральдық зұлымдық.

3) физикалық зұлымдық  – ауру, қайғы, күйзеліс және  өлім – мо-ральдық зұлымдықтың  салдарлары. 
Зұлымдық – өзіне деген махаббатта, ізгілік – Құдайға махаббат. Әуелі өзіне деген махаббат, Құдайды жек көру сезімдері Жер қаласын, Құдайды ақыл-есінен айрылғанша сүю – Кек, Аспан қаласын туындатады. Екі қаланың да аспанда періштелері бар. Бірінші патшалықтың адамы жер бетінде дүниені билеуші ретінде, ал көк қаласының тұрғыны кезбе ретінде көрінеді. Бірақ біріншісі қарғысқа ұшырайды, ал екіншісі – мәңгілік құтқаруға ие болады. Нағыз адам, Августиннің ойынша, сүйе білген және сүюге лайық адам. Бұл махаббат Құдайға, өзін қоршаған алыс және жақын адамдарға, Құдай-дың бейнесі – заттарға бағытталған болуы керек. Адамның, тұлғаның өлшемі – сүйе білу деңгейі. Философиялық ойлау осы принципке, Құдайға Сенімге негізделген болуы тиіс. Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып оның іс-әрекеттері, қылықтары Құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған. Ол белгі игілікке(адам оған лайықты болмаса да) немесе азаптарға(жазықты болмаса да) бағытталған болуы мүмкін. Құдай әлемді жаратқанда, барлық заттардың түрлерінің бастамасын енгізіп, әрі қарай өздері дамитындай мүмкіндік береді. Адамзат тарихы да осы заңдылыққа бағынады. Тарихтың даму негізінде адам санасының өзіне сенімділігі мен Құдайға деген сүйіспеншіліктің танымдық күші жатыр. Осы түсінікті басшылыққа ала отырып, Августин адамзат тарихы бір-біріне қарсы екі патшалық күресінің нәтижесі деп тұжырымдайды. Олар Құдайға қарсы, күнделікті өмірдің қызығын жақтырмайтындар мен Құдайдың патшалығы арасындағы күрес. Августин Құдай патшалығы дегенде жердегі оның өкілі – Рим шіркеуін айтады. Шіркеу Құдай патшалығы атынан сөйлейтін болғандықтан, оған жердегі пенделердің де бағынулары керек.

     Енді осы  Августиннің ілімдері бойынша  өз пікірімді айта кетсем. Августиннің  жазба-пікірлері бойынша, адам  өмірге келгенде дайын тағдырмен  келеді екен. Қазіргі таңда әлем  жұрты әрине Блаженныйдың ілімінен  өзге ілім таба қоймады. Қазір  халық аузына құлақ түрсек, еститініміз: “тағдырдың жазғаны” деген секілді сөздер. Менің ойымша, адам өз тағдырын өзі жазбақ мысалға алсақ, адамды құдай жаман адам, ұры, қылмыскер қылып тағдырын жазбайды ол оз қолымызда. Мен, Августиннің ілімін жақтаушы емеспін.

     Бірақ адам тағдыры толығымен жазылмаған деп ойлаймын. Адам өмірге келеді, ата-анасы немесе тума-туыстары оған есім таңдап, үлкен шешім қабылдайды; мектепке барғанда тағы таңдау: қандай мектепке апару, қай тілде білім алғызу, сөйтіп бірнеше үлкен таңдаулар жасап, ата-ана ұлын немесе қызын бағып-қағып, өсіріп, үлкен өмірге аттандырады. Ал ол үлкен өмірде кәмелет жасқа жаңа жеткен жасаөспірімдер мен бойжеткендерді не күтіп тұр деп ойлайсыз? Әрине шексіз толған таңдаулар мен шешімдер. Болашаққа мамандық таңдау, оқу орнын таңдау, жұмыс орнын таңдау, өзіне сүйікті жарын таңдау және балалы болған соң дайын тағдырмен дүниеге келген ұл-қыздарына есім қою! Міне осы кезеңнен кейін жоғарыда аталған процесстер тағы шексіз қайталанбақ, яғни адам өмірі тек осы мен атап өткен таңдау-шешімдерден тұрады десем жалынбаймын деп ойлаймын. Сонда өзіңіз ойланып көріңізші, бәріміз де пендеміз ғой: біреулеріміз осы таңдаулардан өттік, бір тобымыз сол бір қысқа кезеңнің орта шамасындамыз, ал тағы бір тобымыз бұл таңдаулардың иісін жаңа сезіп көрмекпіз. Біздің қай жерге және қай уақытта қалай баратынымыз белгілі болса, бұл өмірдің қызығы неде?

     Адам өмірге  періште болып келді, ақ матаға  оранған ақ жанды періште. Бірақ бұл сәтте Августиннің пікірін есіне алған кісі бар ма? Дүниеге келген нәрестенің тағдыры жазулы болып, мүмкін ол алдағы өмірде көп жамандықтарға жақын болып, оны арғы өмірде тозақтың оты күтіп тұрған шығар?! Қалай ойлайсыз? Әрине ондай болмасын деп тілейміз, бірақ сондай жағдай туындап қалған жағдайда, сол нәрестенің қандай күнәсі бар? Бір нәресте өмірге келді, оның тағдырында «бұл өмірде бақытты, бай адам болып, о дүниеде жұмақтың төрінде орналасасың» деген жазу бар. Тағы бір нәресте дүниеге келсін, оның маңдайында «бұл дүниеде қиындық көріп, оған шыдай алмай, көп жаман әрекеттер жасап, сол үшін тозақтың отында жанасың» деген жазу бар дейік. Сонда біраз ойланып, екі сәбиді салыстырып көріңізші, олардың қандай айырмашылықтары бар? Мүмкін бір сәбидің генетикалық жолы үшін шығар, мүмкін ата-анасының жасаған істерінің кесірі сәбиге тиіп отырған шығар? Ондай жағдайда туындайтын қайта сол сұрақ: «Сәбидің күнәсі неде? Немесе ата анасыныңда сәби болған жолынан санасақ, олардың да тағдыры жазылса.»

     Схоластика (гр. мектептік) – орта ғасырлық "мектептік философия”, оның өкілдері – схоластар христиандық дін ілімін рационалды түрде негіздеуге және жүйелеуге тырысты. Бұл үшін олар Платонның, Аристотельдің философиялық көзқарастарын пайдаланды. Ортағасырлық Схоластика универсалия төңірегіндегі дау-дамайлар үлкен орын алды. Өз тарихында Схоластика бірнеше кезеңге бөлінеді:

1. Алғашқы кезең Схоластикасында  ( 9-13 ғ.ғ.) неоплатонизмнің ықпалы  басым болды. Өкілдері Эриугена, Ансельм Кентерберийский

2. 14-15 ғ.ғ. кезеңде, яғни "классикалық” Схоластикада "христиандық  аристотелизм” үстемдік етті, яғни, кемеліне жеткен схоластика ғылыммен  философиялық теологиядан бөлініп,  философиялық, теологиялық ілімдердің  қалыптасып, етек жайған кезең.  Өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский.

3. Құлдырау кезеңі (XIV-XV ғ.ғ.) – шынайы ғылыми және философиялық  ойлардың тез қарқынды түрде  дамуының салдарынан теологияның  мистикалық ілімге айналуына  байланысты схоластика мүлдем  нәтижесіз ілім кейпіне енді. Өкілдері – Уильям Оккам, Жан Буридин т.б.

     Реализм- ортағасырлық схолистикада орын алған философиялық бағыт, ол ұғымдар (универсалиялар) реалды түрде өмір сүреді және жалқы заттардан бұрын өмір сүреді деген көзқарасты қалыптастырды. Ортағасырлық реализм іс жүзінде ұғым мен обьективтік дүниенің, жалпы мен жалқының арақатынасы туралы мәселенің шешіміне кедгенде Платонның бағытын жалғастырды. Көрнекті өкілдері – Ансельм Кентерберийский және Шамполық Гильом, Фома Аквинский болды. Ортағасырлық реализмге қарсы номинализм өкілдері күрес жүргізді. Ансельмның ойынша жақсылық, әділеттілік, ақиқат ұғымдары адамның іс-әрекетінен тыс шынайы өмір сүреді. Ол Құдайдың бар екендігін  дәлелдеуге тырысады. «Егер Құдай жоқ болса, Құдай туралы ұғым да пайда болмас еді. Ал Құдай туралы ұғымның бар екені рас болса, демек құдайдың да бар болғаны» дейді Ансельм. Бұны Ансельм «Құдай болмысын онтологиялық жолмен дәлелдеу» деп атаған.

     Біз өмір  сүріп жатқан кезеңімізде әрине  халық реалистпын немесе номиналистпын  деп бөлінбейді. Бірақ олардың әрбіреуінің көзқарастарын, ойпікірлерін талдай келе мен өзімді сол кездің реалисты деп атай аламын. Құдай бар деп ойлаймын және, менің ойымша, Құдайдың бар екендігіне дәлелдер мен фактілер өте көп. Солардың бастылары туралы қысқаша айтып кетсем.

     Қазіргі таңда  медицина секілді ғылымдарда  жұмыстар көп жүргізілуде теледидар  экранынан түспей жүрген өзекті  мәселелердің бірі – «Клиникалық өлім» шынымен де бұл әлемде кездеседі екен. Немесе тоқ ұрған адамдарды көмген кезде тіріліп кетуі, ұйықтамайтын адамдар. Ғалымдардың зерттеуінше Америка Құрама Штаттары тұрғындарының 3 пайыздан астамы клиникалық өлімді бастан кешіріпті. Және олар сол кезде бастан не кешірді? Кімнің алдына барды? Сол жағдаймен кездескен адамдардың айтқан сөзіне көңіл аударсақ, олар «клиникалық өлім кезінде жанымыз денемізден босап, бір Құдыреттің алдына барды» дейді. Ол Құдырет – әрине Құдай. Қазақстан газеттерінен көрінген моладан қайта шыққандар. 23 жасынан бастап ұйықтамаған әкесі мен ұлы.

     Құдайдың бар  екендігінің тағы бір дәлелі  – бұл әлемде Әділеттіліктің  болуы. Осы шаққа жеткенше менің  байқағаным ол – өмір әділ. Әділдік әлемді басқарып отыр, әділдіктен сескеніп адам жаман  әрекеттер жасамайды, әділдіктен  қорықпағандары жамандықтарға кіріптар  болып, кейін сол үшін әділ  күнә басынан кешіреді. Менің  пайымдауымша, Құдай бізге жоғарыдан  бәрімізге бірдей қарап, әрбір  әрекет-қимылдарымызды бақылап,  санап отыр. Және сол күнделікті  бақылау бойынша Ол бізге сыйлық  тарту етеді, ол сыйлық –  жақсы адамдармен кездесу, жаңа  бір табыс түрінде келуі мүмкін.

     Бұл мәселені  қорыта кеткенде, айтатын ойым: Кентерберскийдің әлем, әлемді басқарушы ұлы күш – Құдай туралы ілім-түсініктері тура болды деген пікірдемін. Өзім де бұл әлем Құдайдың қарамағында деген ойды ұстанамын. Ансельм Кентерберский туралы соңғы мәліметтерді айта кетсем, ол сол кезде «шіркеулік алғашқы ұстаз» атағын иемденген болатын. Кейін шіркеулік теолог-философ атанған

     Фома Аквинский  туралы мәліметтерге көңіл бөлсек, ол Аристотельдің іліміне сүйене отырып, белсенді форма мен тұрақсыз және қалыптаспаған материяның арасындағы байланысты түсіндіру арқылы Иисус Христостың бойындағы құдайлық (идеалдық) және адамдық (материалдық) қасиеттерін теориялық жолмен негіздеуге тырысты. Құдайдың арқасында қосылған алғашқы бастамалар – форма мен материя – жеке заттар әлемін тудырады деп пйымдап, ілімдерін бізге қалдырған. Ол Платонның идеализмі мен Аристотельдің философиялық идеалистік жақтарын пайдалана отырып, діни-идеалистік томизм ұғымын туғызды.

Информация о работе ОРТА ҒАСЫР ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ