ОРТА ҒАСЫР ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 23:13, реферат

Описание

Ортағасырлық философиясы Батыс Еуропа елдерінде – рим империясының күйреуімен байланысты 5 ғ. Капиталдық қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін 14-15ғ. Өмір сүрді. Ортағасырлық философия дінмен байланысты дамыды. Тіпті философияны – діннің қызметшісіне айналдырып жіберді. Батыс Еуропа едерінде христиан тарауына байланысты «шіркеу әкейлері» мен «пұтқа табынушылар» философиясының арасындағы күрестің өрлеуіне байланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Б.з II ғасырынан бастап, аполегетика(гр. қорғаушы) деп аталып кеткен діни-философиялық бағыт пайда болады

Содержание

1. Орта ғасыр философиясының ерекшеліктері, мәні, сипаттары;
2. Орта ғасырлық христиан философиясы: Әулие Августин пікірлерін талдау;
3. Фома Аквинскийдің көз-қарастарын сипаттап, талдау;
4. Орта ғасырдағы мұсылман философиясының қалыптасу жағдайлары, негізгі бағыттары.

Работа состоит из  1 файл

Философия эссе.docx

— 124.07 Кб (Скачать документ)

     Оның ілімі бойынша, материя формадан бөлек өмір сүре алады екен. Бұл, Фоманың айтуынша, ешбір материалдық дене жоғары формадан, яғни жаратушы Құдайдан тәуелсіз өмір сүре алмайды, содай-ақ құдай - таза рухани жан деген сөз. Тек табиғат әлеміндегі заттар үшін ғана форма мен материяның бірлігі қажет.

     Фома Аквинскийдің ілімінде, жалпы идеялар универсалийлер үш түрлі өмір сүреді:

Жеке заттарға дейінгі (құдайдың құдіреті)

Заттардың өздеріндегі (жекедегі жалпылық)

Заттардың кейінгі түрі (адам санасында танылатын)

     Ұлы Фома  Аквинскийдің бұл ілімдерін мен  толығымен жақтаймын, себебі осы  өмірде нені алмасаңыз да барлығы  дерлік сол 3 түрлі өмірден  өтеді, тіпті адамның – жеке  тұлғаның өзі де сол 3 өмірлік  немесе болмыстық сатыдан өтеді:  алғашында адам дүниеге келмес  бұрын ол туралы Құдайдан басқа  ешкім ешқандай мағлұмат білмейді  және сол себепті ол туралы  тек Құдай ғана ойлай алады.  Содан кейін екінші болмыстық  саты – адам баласы өмірге  келеді, ол өзі үшін өмір сүреді, өзі туралы толық мағлұматтар  тек өзінде ғана және өзі  туралы толыққанды ойлау тек  оның өзінің қолынан келеді. Сөйтіп, өмір бір орында тұрмай, жылжып  өтеді – адам өмірге келген  ой-мақсаттарын толық іске асырып, дегеніне жетіп, бұл өмірмен  қоштасады. Сонда ғана үшінші  саты және, менің пікірімше, соңғы  әрі шексіз саты басталады:  адам баласы өмірден өтіп, одан  кейін тек естеліктер мен ол  туралы жақсы не жаман ойлар  қалады. Сол мезеттен бастап адам  туралы ойлар сол адамның артында  қалған ұрпағында болады.

Аквинскийдің пікірінше, құдайдың табиғатын түсіндіретін ілім, сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде азаматтық қоғамнан жоғары тұрады. Демек, өкімет билігі құдайдан жердегі тіршілік о дүниедегі  болашақ рухани (діни) билікке бағынуы  керек екен. Рухани билікті жүргізуші – аспандағы Христос, жердегі – Рим папасы деп тұжырымдаған.         Аквинскийдің ілімі он тоңызыншы ғасырдың аяғына келіп қалыптасқан қазіргі кездегі философияда өзіндік орын алып отырған неотомизмнің теориялық және идеологиялық арқауы болып отыр.

Ортағасырлық мұсылман философияның, жалпы мәдениеттің даму тарихы ұзақ жылдар бойы біржақты, европоцентристік тұрғыдан қарастырылып келгені белгілі. Осы көзқарастың салқыны сал-дарынан  Орта ғасыр философиясы тек христиандық  философия шеңберінде ғана қарастырылды. Шындығында, сонау антика заманы мен  оның бер жағын байланыстырып  тұрған, жай байланыстырып қана қоймай, дүниежүзілік мәдениеттің, өркениеттің дамуына мықты әсер еткен Шығыстағы мұсылман философиясы еді. Оны толығырақ, объективті зерттеу мүмкіндігі енді ғана туып отыр. Бұл салада атқарар жұмыс өте көп, бірақ аз ғана уақыттың ішінде жүргізілген ізденістердін өзі мұсылман мәдениеті мен философиясының Батыс философиясынан мүлдем өзгеше екендігін керсетеді. Мұсылмандық Шығыс философиясы араб және түркі тілді болып бөлінеді. Араб тілді философияның қалыптасуына әсер еткен ислам діні, Аравияда дүниеге келген Араб халифаты ХVІ-ғасырға дейін мәдениеттің ірі ошағы болды, ал ғалымдар халифат Рим империясынан да мықты болған деген пікір айтады. Бұл пайымдаулармен келісуге де болады, себебі осыншама ұзақ өмір сүруге кез-келген империяның әлі келмес еді. Араб халифатының экономикалық дамуының күшті болуы оның фи-лософиясының да айқындаушы факторы болды. Ислам діні негізгі діні, араб тілі Құран тілі болған Араб халифатында мұсылман философиясы өзінен VI ғасыр бұрын дүниеге келген христиан дінімен күрес нәтижесінде қалыптасты. Европа өркениеті үшін антика философиясың сақтап қалған араб ойшылдары деуге болады. Орта ғасырдағы мұсылман философиясының басты өкілдері: әл Кинди, әл Фараби, ибн Сина, әл Ғазали, «Таза ағайындар» ; ибн Бадж, ибн Араби, ибн Туфейль, ибн Рушд және тағы басқалар.

    Қорыта кетсем. Орта ғасыр философиясын толық зерттеп , қателеспей айтатындай тағы да тәжирибелер керек. Орта ғасыр философиясына шолу жасау арқылы өзіме керекті көптеген мәліметтер алып; сол кезеңдік өмірді қазіргі өмірлік козкарасқа ұқсас екенін байқаймын; философия тарихында, тіпті күллі адамзат тарихында есімі өшпес ұлы данышпан философтардың пікірлерімен таныстым, талдауға қатыстым; сондай зор ақыл иелерінің көз-қарас, пікірлерімен танысқаныма өте қуаныштымын және бұлардың бәрі маған болашақ өмірде үлкен көмек көрсетіп, зор пайдасын тигізеді деп сенемін.

     Орта ғасыр  заманында философия негізінен  дінмен талас дамығандығы жақсы  байқалады. Философтардың көбі  дінге сынауыш баға беріп, халықтың  діни мәселесін шешпек болған. Бір топ философтар Құдай туралы  шындықты іздеуге бар өмірін  жұмсаған болатын. Олар шіркеулерде,  саналуан түрлі өзге діни орындарда  қызмет атқарып жүріп, өздерінен  кейінгі ұрпаққа Құдай туралы  толыққанды мәліметтер қалдырған  болатын. Сөйтіп орта ғасырда  философия мен діннің жолдары  біріккен болатын. Екеуі бірге  зерттеліп, жаңа діни-философиялық түсініктер, ұғым-терминдер пайда болды. Жұрт Құдай туралы көптеген пікірлер алмасып, тәуелсіз діни көз-қарастарға ие болды. Аталған дәуірде Платон, Сократ, Аристотель сияқты ұлы ақыл иелері, әрі ғұлама философтардың еңбектері мен ілімдері ортаға салынып, талқыланып-талданып зерттелген болатын. Сол кезеңдік философтар да ұлылардың қатарына жатқызылады. Кейбір кезеңдерге, аса дарынды ғалым-философтардың есімдері берілсе керек. Біз солардың пікірлерін оқи отырып, түрлі оң немесе теріс позиция ұстануымыз мүмкін, бірақ олардың біз үшін атқарған еңбектерінің құндылығы даусыз, себебі қазіргі барлық философиялық ағымдар мен түсініктер орта ғасырдан бастау алады.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

  1. http://kk.wikipedia.org/wiki/
  2. http://search.nur.kz/?status=1&ru=1&encoding=1&page=0&how=rlv&query=
  3. http://www.bestreferat.ru/referat-172196.html
  4. http://knowledge.allbest.ru/philosophy/d-2c0b65625a3ad68a5c53b88521316c27.html
  5. http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%92%D0%BE%D0%B7%D1%80%D0%BE%D0%B6%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5
  6. Ә. Х. Тұрғынбаев. “Философия” оқулығы,   Алматы, “Білім”. 2001.
  7. Кейқауыс. Қабуснама./Өзбек тілінен аударған Т. Айнабеков. Алматы, “Балауса”, 1992.
  8. О.А. Сегізбаев, Казахская философия 15-начало 20 века. Алматы, “Ғылым”,1996.

Информация о работе ОРТА ҒАСЫР ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ