Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 21:03, лекция
Университеттер — көпбағытты жоғары оқу-ғылым орындары, олар жаратылыстану, қоғамдық, гуманитарлық салалар бойынша жоғары білікті мамандарды дайындайды. Университеттер түлектердің болашақтағы ғылыми-практикалық және педагогикалық қызметіне қажетті терең теориялық дайындығын жүзеге асырады.
1. Европада университеттердің құрылуы: Болонья, Париж және Оксфорд.
2. Қайта Өрлеу Дәуірінің мәдени дәстүрлері: Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаль Санти, Тициан
3. Петраркадан Эразмге дейінгі гуманизм. М.Монтень
4. Н. Макиавеллидің жаңа саясаты
«Европаның интеллектуалдық тарихы». №6 дәріс.
Автор – философия ғылымдарының докторы, профессор Нұрышева Г.Ж.
Тақырып: Ортағасырлық батыс Европа мәдениеті және білімі
Ортағасырлық интеллектуалдық
ойдың дамуына
Университеттер — көпбағытты жоғары оқу-ғылым орындары, олар жаратылыстану, қоғамдық, гуманитарлық салалар бойынша жоғары білікті мамандарды дайындайды. Университеттер түлектердің болашақтағы ғылыми-практикалық және педагогикалық қызметіне қажетті терең теориялық дайындығын жүзеге асырады. Университеттерге тән сипат – оқу және ғылыми-ізденіс жұмыстарының тығыз байланыстылығы. Осы анықтамаға алғашқы университеттер сай келеді. Кейінірек, әсіресе Кеңес заманында университеттер тек білім беру ошақтарына айналды, ал қазір олар өздерінің алғашқы мазмұныдарына, яғни біліммен ғылымды қатар алып жүру ісіне қайта оралуда. Мұның үздік үлгісі – қазақстан-Британ техникалық университеті, соңғы жылдары оның құрамына ғылыми-зерттеу институттары енді.
Universitas (лат. — жиынтық, universus
— тұтас, жиынтығымен алғанда)
деп Орта ғасырда әртүрлі
2. Қайта Өрлеу Дәуірінің мәдени дәстүрлері: Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаль Санти, Тициан
Қайта Өркендеу дәуірі шамамен
алғанда 14-17-ғасырлар аралығын қамтиды.
Бұл кезең мәдениеттің барлық
саласында керемет
Қалыптасу жағдайлары:
Осы әлеуметтік-тарихи жағдайлардың бәрі жаңа көзқарастар қажеттілігін туғызды. Бұл кезең Орта ғасыр кезеңі мен антикалық мәдениеттің жалғасы, әсіресе, антикалық мәдениетті қайта Өркендету, қалпына келтіру болды. Дәуірдің Қайта Өркендеу деп аталуы да сондықтан.
Қайта Өркендеу Дәуірінің дамуы үш кезеңнен тұрады: 1) гуманистік немесе антропоцентристік - 14-ғ. ортасынан 15- ғасырдың ортасына дейін; 2) онтологиялық мәселелер шешілген неоплатонизм кезеңі - 15-ғ. ортасынан 16-ғ. бірінші үштігіне дейін; 3) натурфилософиялық кезең - 16-ғ. екінші жартысынан бастап 17-ғ. басына дейін. Бұл жіктеудің салыстырмалы екендігін ескерткен дұрыс.
Ерекшеліктері:
Қайта Өркендеу Дәуірі ойшылдарының көбі ғылым мен өнердің бірнеше саласын бір басына жинаған тұлғалар ретінде белгілі болды. Солардың бірі - Леонардо да Винчи (1452-1519). Классикалық білім алмаса да, өз бетімен көп оқыды, антика ілімімен жақсы таныс болды, өнер туындыларын жасау процесінде ұлы суретші, ойшыл ретінде қалыптасты. Оны қазіргі жаратылыстану ғылымының пионері деп атайды. Мысалы, сол кездің өзінде-ақ ол танк, парашют, шлюз идеяларын және тағы басқа идеяларды ойлап тапты. Философиялық ойлары өз заманынан озық еді. Арнайы философиялық шығармалар жазбағанымен жазба кітапшалары философиялық ойларға толы болды.
Рафаэль Санти
Тициан
Ренессанс гуманизмінің негізін салушылар: Данте Альгиери, Франческо Петрарка, Колюччо Салютати.
Данте Альгиери (1265-1321) - итальяндық Ренессанстың астанасы Флоренцияда дүниеге келген ақын және ойшыл. Оның “Құдайы комедиясы” - гуманистік ойлардың бастауы. Бір жағынан алып қарағанда, бұл еңбек ортағасырлық христиандық көзқарастар энциклопедиясы, Құдай адам өмірінің басшысы ретінде бейнеленеді. Сонымен қатар, “Құдайы комедияда” адамның жер бетіндегі өмірі, қызметі, жаңа адамның психологиясы мықты суреттеледі. Поэмада антикалық образдар, антикалық ақындар мен философтар көп кездеседі. Негізгі идея - “Құдай даналығының көріністерінің бәрінен де ғажайыбы - адам”. Адамдардың бәрінің табиғи қабілеті бірдей, мәселе оны жетілдіре білуде (өнер, ғылым, өндірісте).
Данте гуманистерге күш беруші болса, Италиядағы гуманистік қозғалыстың негізін қалушы - ақын және философ Франческо Петрарка (1304-1374). Оның поэзиясында Ренессанс дәуірінің жаңа адамының ішкі жан дүниесі тамаша ашылды. Христиан дініне сенуші бола тұра ол схоластиканы “диалектиканың мылжыңы”, белсенді адамға қажетсіз оқымыстылық деп сынады, дінбасылардың даңққұмарлығы мен нәпсіқұмарлығын айыптады, алғашқы христиандық гуманизм идеясына сүйенді және антикалық философия мен христиан дінін табыстыруға тырысты.
Осы бағытты әрі қарай дамытуға үлес қосқан Колюччо Салютати (1331 - 1406) болды. Ол өз шығармаларында Италия қалаларының қоғамдық өмірін суреттеді, феодалдық қоғамға қарсы тұрған қала еркіндігін мадақтады. Осы позициясы арқылы оның адам еркіндігін қолдаған көзқарасы көрінеді. Тұлға еркіндігі мәселесі оның мәдениет тілі мәселесін түсіндіруінен де айқын байқалады. Дүние, құдай, адам туралы, ілімді, адамгершіліктік құндылықтар дүниесін гуманистер схоластикалық философия категориялары арқылы емес, антика мифологиясын, поэзия тілін қолдану арқылы жеткізуге тырысты. Салютатидің ойынша: өз ойын жеткізу құқығын адамның өзіне беру керек. Бұрынғы тіл түсініксіз және жат. Философиялық мәтіндерді, әсіресе Аристотельдің шығармаларын қайта аударып, тазарту қажет. Филологиялық және тарихи комментарий-түсіндірмелер текст-мәтіндердің объективтік мазмұнын ашуға мүмкіндік береді.
Эразм Роттердамский (1469-1536) - католик шіркеуіне қарсы бағытталған христиандық гуманизм бағытының өкілі, жас кезінде Нидерланды монастрінде монах болып, 15-ғ. соңында Лондонда өмір сүрді. Көне грек тілінде жазылған көптеген еңбектерді латын тіліне аударды. Өз ілімін “Христ философиясы” деп атады, ол алғашқы христиандықтың идеялары мен идеалдарын қайтадан дамытуға бағытталған. Роттердамский адамның Інжіл (Библия) уағыздарына сүйене отырып, өзін сол жоғары деңгейге көтере алатынына сенімді, тек оны толық меңгеру керек, дінге сенушінің кейпіне өтірік ену дұрыс емес дейді. Бірақ Роттердамский Інжілді халықтың арасында таратушы ғана емес, рационализмді насихаттаушы, ал бұл діни ілімнің қағидаларына қайшы келіп отырды. Осы ерекшелік оның “Ақымақтықты мадақтау” (“Похвала глупости”) еңбегінен байқалады. Негізгі тұжырымдары: Адамдардың басым көпшілігі ақымақтар, сондықтан адам қоғамы ақымақтыққа толы, бәрін жасайтын ақымақтар және ақымақтардың арасында. Ақымақтық көпшіліктік, ұйымдық сипатқа ие. Оның көріністерінің ең қайғылысы - соғыс, ол христиандар ұмтылуға тиіс ізігілікті жоқ етіп отырады. Осының бәрі адамдардың кім, қандай дәрежеге ие екеніне қарамастан, ақымақтық ауруына душар болып отырғанын дәлелдейді, бұлардың арасында корольдер мен папалар да бар. Эразм бұл қағиданы Христосқа байланысты да қолданады: “Христиандық сенім ақымақтықтың бір түрі секілді, құдайға ақымақтардың ұнайтыны кездейсоқ емес”. Ол дінбасыларды “маса толы батпаққа” және улы өсімдікке теңейді, ақымақтық даналықтан күшті деп есептейді.
Эразм Роттердамский ақымақтықты даналықтан күшті деп пайымдайды. Себебі, сезімдік адам тәнімен байланысты, сондықтан ол адамның басында жиналған ақыл-ойдан күрделі, яғни, адамға адамгершілікті сақтау қиынырақ. Өмір иррационалды. Адамның бақыты оның адаспауында емес, керісінше, адасуында, даналыққа ақымақтықты кішкене болса да араластырып отыруында. Бақыт заттың өзіне емес, адамдардың ол туралы пікіріне байланысты. Сол себепті адам өмірі күрделі, түсініксіз, ештеңені білу мүмкін емес. Тек “табиғат қана адаспайды”, ол адамдарды ақымақтықтан құтқарады, ғажайып, керемет күш жоқ, ол тек табиғаттың өзі, бірақ табиғатты да танып-білу мүмкін емес.
Еркіндік мәселесі. Адам өмірін бастайтын да, аяқтайтын да - Құдай, бірақ екі ортадағы өмір ағымында адамға еркіндік қажет. Бұл еркіндік белгілі бір мөлшерде: ерікті ақыл-ой реттеп отыруы қажет. Шамадан, мөлшерден көп ештеңе болмауы керек. Роттердамскийдің өзі де осы принципке сүйенді. Тілі ащы болса да, сақ болды.
Э.Роттердамскийдің қағидалары: “...кез-келген заттың екі жағы бар: өлімнің артында өмір, өмір - өлім, әдемі - ұсқынсыз, байлық - кедейлік, білімдік - надандық...”
Э.Роттердамский 16-17 ғғ. ойшылдарының ілімдеріне, әсіресе, француздың философ-гуманисі Мишель Монтеньге (1533-1592) мықты әсер етті. Негізгі шығармасы - “Тәжірибелер” (1580). Бұл абстрактылы-философиялық еңбек емес, адамға күнделікті қажет, практикалық туынды. Монтеньді Аристотель мен Платон философиясы қызықтырмайды, Аристотельді ол тіпті “схоластикалық ғылымның құдайы” деп атайды, негізінен скептиктерді жоғары бағалайды. Адамды табиғаттың бөлшегі ретінде қарастырған Монтень күнделікті болмыс, күйбең тіршілікті (адамның киім кию мәнері, өзін қоғамдық жерде ұстай білу өнері, балалар тәрбиесі және тағы басқаларды суреттей отырып, философияны өмірмен салыстырып байқайды, өмірге қатысы жоқ, бос, көпірме пікірталастарға әуестігі үшін философияны сынға алады: “менің ойымша, философияның бізге парасат пен ақымақтықтың, қаталдық пен кешірімшілдіктің, адалдық пен арамдықтың бірлігі табиғатқа жат, қарсы деп үйретуі баланың ойыны секілді”. Антика философтарының негізгі кемшілігі қарапайым адамның күнделікті өмірінен алыстығында екендігін түсіне білдген Монтень өз өмірінің жақсы-жаман жақтарын сараптай отырып, адам үшін ең бастысы - философиялық ілімдер дамытатын ақыл-ойға жүгініп қана қоймай, өз табиғатының сұраныстарын да тыңдай білуі екенін көрсетті: “біз бөтен ойлар мен білімдерді сақтап қана қоямыз. Оларды өз меншігімізге айналдыруымыз қажет. Әйтпесе, біз от іздеп көршісіне барып, бөтен үйдің отына жылынып, өз үйінде от жағуды ұмытып кеткен адамға ұқсаймыз”.
Информация о работе Ортағасырлық батыс Европа мәдениеті және білімі