Сократ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 19:22, реферат

Описание

сократқа дейінгі философтар

Работа состоит из  1 файл

Сократқа дейінгі философтар.docx

— 47.18 Кб (Скачать документ)

Сократқа дейінгі философтар, қарапайым даналар, «софистер». Дегенмен софист ақша үшін халықты арсыз риторикаға үйрететін алдамшы емес, софистерді бұлай қабылдау бесінші ғасырдың соңына қарай орын ала бастады. Ежелгі «софистес» сөзі даналық деген мағынаға ие. Бұл даналықтың көзі табиғатта, себебі адам табиғаттан жаратылды. Сократқа дейінгілердің құдай табиғаты, адам табиғаты, жалпы табиғат туралы сүйікті идеялары осыдан шығып отыр. Бұл философиялық тәжірибелер Сократқа дейін болған. Софистер адам санасының мәселелерін зерттесе, Сократ бұнымен келіспейді. Ол өмірді зерттеу объектісіне, проблемаға айналдырғысы келеді. Әрі қарай Платон келеді, содан соң Аристотель. Аристотель жиырма жыл Платонның жанында тұрған, оның академиясында дәріс алған. Оның Аристотель емес, Платонның шәкірті ғана болған кезіндегі диалогтары бізге жеткен жоқ. Бірақ бір қызығы, Шығыстағы арабтардың аудармаларында сақталып қалған. 529 жылы Император Юстиниан бұл мәжусилік даналыққа тыйым салып, Платон академиясының қызметін тоқтатқанда, академиктердің көбі Шығысқа кетті. Араб тіліне аударылған диалогтардың тарихы осыдан шығады. Шығыс пен Батыстың түйісуі де алғаш рет осы кезде орын алған. 
 
 
 
 
 

Антик философиясы  тарихындағы ерекше орынды софистер алады. Әдетте, оларды теориялық тұрғыда тұрлаусыз, ақиқатқа жету жолындағы шынайылықтың орнына жеке мүддені ойлаушылар деп және тағы да басқа күналармен айыптайды. Шындығында софистика б.з.д. V ғасырдың екінші жартысындағы Грекия өміріне обьективті әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамудың алғы шарттары мен келген феномен болып табылады. Софистер өз заманының талабын дұрыс ұғып, оған форма мен дауыс береді. Олар аға ұрпақтың дәстүрлі құныдылықтарымен қанағаттанбаған жастардың арасында үлкен табыс пен қолдауға ие болды. Оларды Сократпен қоса «грек ағартушылары» деп те атайды. Софистер дәстүрдің орнына рух еркіндігін жариялап, бұрынғы әлеуметтік кестені бұзып, оның орнына тәрбие мәселесін алдыңғы орынға қойды. Бұл мәдениетті бұрынғыдай тек таңдаулылардың арасында ғана емес, қоғамның барлық кітабына кеңінен енгізуге жағдай жасады. Полюстің тар шеңберін кеңейтіп, панэлленистік бастаудың негізін қалады. «Адам бар нәрсенің өлшемі» деген Протогор аксиомасындағы релятивизм мен прагматизм Горгия нигилизміне ұласқанымен қатар, сөз өзінің шынайылығынан гөрі нандыру мен сендірудің құралы дегенге саятын теориялық жаңалыққа әкелді. Сондықтан б.з.д. V ғасырдаҒЫ Грекияда риторика немесе сендіру өнері «мемлекет қайраткерінің қолындағы нағыз штурвалға» (В.Иегер) айналды. 
Софистер философиялы
қ рефлексияны физис және космос мәселелерінен адам тақырыбына, оынң қоғам мүшесі ретіндегі өміріне бұрғаны дүниетанымдағы төңкеріс болып табылады. Софистиканың қарасытыратын басым тақырыптары этика, саясат, риторика, өнер, тіл, дін, тәрбие немесе басқаша айтқанда барлық мәдениетке қатысты мәселелер болды. Сондықтан да софистер антик философиясындағы гуманистік кезеңнің негізін қалаушылар болып саналады.  
Алайда софистер адамны
ң бұзылған дәстүрлі өмір сүру тәртібінің орнына тартымды жаңашылдық ұсына алмады. Мұны іске асырған Сократ болды., сондықтан оны антик философиясы тарихының «кіндігі», «философияның бел отасы» деп те атайды. Сократ та софистер секілді өзінің басты назарын адам табиғатына аударғанымен қоймай, адамның мәні – ақыл-ойға негізделген белсенділік және адамгершілік бағдар ұстанған әрекет ретіндегі оның жаны деген түйінге тоқталады. Белгілі бір мағынада Сократ құныдылықтарды дәстүрлі жүйесінді төңкеріс жасалды. Байлық, даңқ, билік, денсаулық, сұлулық өз табиғаттарында ешқандай игілікке жатпайды, бірақ олар тек ғылыммен, таныммен және дұрыс пайымдаумен басқарылғанда ғана нағыз игілікке айналады. Сократ бойынша таным игілікті істің, қайырымды қылықтың қажетті алғы шарты ( « Ізгілік – бұл білім» ). Сократ сондай-ақ бақыттың жаңа ұғымын қалыптастырды: адам өз бақытының да, бақытсыздығын да ұстасы. Сократтың өзі күш көрсету төңкерісін теориялық тұрғыда өмір сыйлады. Жанды адамның мәнділігі ретінде белгілеу, танымды нағыз ізгілік ретінде, өзін-өзі билей алуды ішкі еркінділік ретінде бағалауы – оның этикасының осы тұжырымдары ... 
 
 
 
 

Софистер б.д.д. V-IVғ. өмір сүрген. Софистік философия, шын мәнісінде, антропалогиялық ілім болып қалыптасқан еді. Оның негізін қалаушы аға буынның өкілі — Протагор болатын. Протагордың «Адам - барлық дүниедегі заттардың мөлшері» деген қағидасы адам туралы ілімнің іргетасын калаған негізгі принцип болды. Шынында да, адам барлық заттардың және соған қатысты процестердің мөлшері болуға тиіс. Мұндай идеяның негізінде адамның өзінің рөлі де және оның қызметінің маңызы да жан-жақты қамтылады.  
Классикалы
қ философия. Сократ, Платон, Аристотель. 
Сократ (б.з.б. 469-399 жылдары) жасында м
үсіншілікпен айналысып, кейін философ, қоғам қайраткері дәрежесіне дейін көтерілді.  
Сократты
ң философиясы әрбір ғасырдағы, әрбір дәуірдегі адамдарды үнемі ойлантатын, ешуақытта маңызын жоймайтын аса қажетті ілім. Сократ софистер басын бастап, бірақ, аяқтай алмаған адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Ол, ең алдымен өзіне дейінгі философтардың ой-пікірлерін талдай келе, олар негізгі кемшілігін көре білді. Сократтың ойынша, таным философияның негізгі мәселесі адам болуы керек. Сократ мәселені батыл қойды. Дүниені тану, әлемді тану, әрине, қажет-ақ. Дегенмен адам өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін білуге ұмтылуы керек. Осыдан келіп Сократтың бірінші принципі шықты. «Сен алдымен өзінді-өзің таны». Сократ бұл жерде адамның өмірін философияның негізгі мәселесі етіп қараумен шектелмей, өмірдің өзін өзіндік сана ретінде қарап отырған. Ендеше, адамша өмір сүрудің өзі өнер екен. Оның екінші қағидасы: Менің білетінім - менің ештеңе білмейтіндігім, ал басқалар мұны да білмейді». Адам өзіне-өзі сырттай үңілген сайын, өзін өзі тануға ұмтылған сайын, сайып келгенде ештеңе білмейтіндігін анықтайды.  
Платон (б.з.б. 427-347 жылдары
өмір сүрген) атақты және аса ауқатты бай жанұядан шыққан. Философия тарихында Платонның қалыптасуы, көбінесе оның ұстазы Сократтың есімімен тығыз байланыстырады. Оның үстіне Платонның көптеген шығарма сұхбаттарының негізгі кейіпкері — Сократ. Ол Афины демократиясын қатты сынға алды. Платонның еңбектері: «Мемлекет», «Театет», «Федон», т.б. Сезімнен тұратын шындықты Платон нақты шындық емес, ол тек өмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндірді. Таным дүниені білу емес, еске түсіру деп уағыздады. Идея деген ұғымды алғаш философияға енгізген де - сол. Табиғатта идея тек түр ретінде өмір сүреді. Заттар өз қасиет сипатын сол түрге сәйкестенуі арқылы иемденеді. Идея ол біріншіден мәңгі, ол тумайды да, өлмейді де, өспейді де, кемімейді де; екіншіден, ол біртектес, әр түрлілік тек заттарға тән, олар өнеді, өшеді, - дейді Платон. Сөйтіп, ол идеяны алға тартады. Шәкірттерін оқыту үшін Академия ашты. Мемлекетті философтар басқармайынша адам баласы зұлымдықтан арылмайды. Платон жастарды философиямен айналысуға шақырды. Философ болу үшін, таңдана білу керек, — дейді. 
Аристотель (б.з.б. 384-322 ж.ж.) философиясы, жа
ғынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан, Аристотель көзқарасы ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген проблемаларға жан-жақты талдау жасап, өз заманының көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті. 
Аристотель философиясында ал
ғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасалды. Ол «Метафизика» деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі - болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты. 
Аристотель - Платонны
ң шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе, өзінің философия жүйесін жасау процесінде ол Платонның көзқарасына қарсы шықты. Аристотельге: «Сен неге көзінің тірісінде ұстазыңа қарсы шықпадың», - деп айып таққанда, ол: «Платон маған дос, бірақ ақиқат одан да гөрі қымбатырақ» - деп жауап беріпті. 
Эллиндік философия. Эллинизм д
әуірі (б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырдағы) басталды. Эллинизм ойшылдары стоялықтар – Аристотель ілімін, эпикуршілдер Демокритті, скептиктер Элей мектебі мен софистерді, Платонды әрі қарай ілгері жалғастырушылар болды. 
Ендеше, заманны
ң мәнін, ішкі рухани дүниесін түсіну үшін эллинизм дәуірі, ондағы стоялықтар, эпикуршілдер және скептиктер маңызды рөл атқарды. 
Стоялы
қ бағыттың негізін салған – Зенон. Әсіресе, стоялық ойшылдар өзінің логикасында, физика мен этикасында табиғатты, яғни сезімдік материалды, ғарышты субъекті ретінде қарап, сол арқылы адамның негізін түсінуге ұмтылды. 
Эпикуршілдік ба
ғыттың өкілі Эпикурдің есімімен аталатын философиялық ағым сонау Демокриттің атомдық философиясын дамыта отырып, осы эллинизм дәуірінде адам туралы көптеген мәселелер көтерді. Эпикуршілдікті жаратылыстану саласын және этика мен эстетика мәселелерін көтерген ғылыми бағыт деп қарауға болады. Бұл ағымның негізгі бір ерекшелігі ұсақ бөлшекті атомдарды қарастыра отырып, солар арқылы адамдардың қоғамдық өміріне талдау жасайды.  
Скептиктер (грек тілінде «
қараймын», «зерттеймін», «күдіктенемін») бағыты адамның ішкі дүниесін, рухани өмірін өзгерткен көптеген ойларды қамтыды. Бұл ағымның негізін қалаушылар Пиррон, Секст Эмпирик, тағы басқалары болды. Бұл философияның негзі адамның ойы арқылы айналадағы дүниеге кеңінен көз салу, оны жақсылап көріп алу, өткен жолымызға қайта қарау және танымның жетістігіне сын көзбен шолу арқылы оны қайта бағыттау.  
Неоплатонизм
өз дәуіріне тән философиялық бағыт болғандықтан сол заманның қоғамы мен адамының әлеуметтік тәжірибесін дәл ұғынып, оны абстракциялық философиялық формулаларда шебер көрсете білді. Тіл жеткісіз Тұтастық пен оның алуан түрлілікпен байланысын іздеу, Тұтастықты абсолюттендіру және Тұтастық пен материалдық ғарыш, құдай мен адам арасындағы шексіз аралық сатыларды іздеу мифологиялық ойлауды философиялық тұрғыда жаңғыртуға әкелді. Тәнге қатысты барлық нәрселерге қарсы шығу, аскетизм мен экстаз туралы ілімге басымдылық беру тек ерте христиандық философияға ғана емес, бүкіл ортағасырлық теологиялық ойлауға озінің едәуір ықпалын тигізді. Филон Александрийскийдің Көне Өсиет (Ветхий Завет) грек философиясымен алғаш синтездеуге ұмтылысы өзінің жалғасын таппады. Христиан дінінің жеңіске жетуі ертедегі гректердің ойлау тәсілін игере отырып, теріске шығару арқылы жүзеге асты. Бұл ортағасырлық өркениетте бастапқыда антиктік-христиандықты, ал кейінірек еуропалық христиандықты даярлады. 
 
 
 
 
 

Көне Грециядағы софистер (б.з.д. V ғ.) шешендік өнердің нағыз шеберлері болды. Олар әртүрлі көзқарасты тұтынушылардың арасында сөз сайыстарын өткізіп, сөз кұдіретін танытатын тапқырлық сайыстарында сынасты. Софистер өздерінің теориялық және практикалық сабақтарының мақсаты жастарды қоғамдық шынайы өмірге дайындау деп түйді Сондай-ақ олар шешендерді (кәсіби шешендерді) дайындады. Софист Горгий алғашқы шешендік өнер туралы оқулықты да жазды.

Софистік ағымның  көрнекті өкілдерінің бірі – Сократ. Сократ ғылыми трактат жазып қалдырмаған. Оның философиялық ой-тұжырымдары Аристотель мен Платон еңбектерінде көрініс  тапқан. Сократ даналық сөздерін көшеде, алаңда жиын-топқа сөйлеп, айтып  отырған.

Сократтың тәсілі — асқан шеберлікпен табылған сұрақ-жауап арқылы қисынды әңгіме-дүкен  құру, сөйтіп күрделі, ғибратты ойлар  өрбіту.

Софистердің риторика ғылымына сіңірген еңбегін әдебиетші  ғалым С.Негимов былайша бағалайды: “Олар риториканы -шешендік, эвристиканы  — тартыс өнері, диалектиканы —  дәлелдеу өнері дәрежесіне жеткізді”  — дейді.

Шешендік өнер теориясына айтулы үлес қосқан грек философтары: Платон мен Аристотель болды.

Платон шешендік өнердің пәні мен мәнін: “Шешендік -нандырудың шебері, оның маңызы мен  мақсаты осында” — деп, анықтайды.

Шешендік өнер теориясының бүтін бір дәуірін  тудырған атакты грек ойшылы, алыптардың алыбы, жаратылыс, логика, этика, психология, педагогика, тарих, саясат, эстетика ғылымдарының түп-тамырын қозғап зерттеген Аристотель творчествосы.

Шешендік өнер табиғатын жасай отырып, Аристотель риторика пәнінің ауқымын өзіне  дейінгі бұл мәселеге қатысты  көзқарастармен салыстырғанда кеңейте  түсті. Аристотельдің айтуынша, риторика жекелеген пәннің арнасында қалып  қалмауы керек. Ол нандырудың құралы мен жолдарын шартты түрде барлық пәндерден таба алады. Осы қасиетімен ол дәрігерлік, арифметика, геометрия  т.б. арнайы ғылымдардан ерекшеленеді.

Шешендік өнердің  жалпылық мәнін, мақсатын тиянақгаған  соң, Аристотель шешеннің мақсатқа жету жолында нені меңгеру керек екендігін  үйретеді.

Шешеннің сөйлеу барысындағы нандырудың амалдарын  қарастыра отырып, Аристотель өзінің “Риторика” еңбегін үш бөлімінен  түзеді. Бірінші бөлімде шешеннің тыңдаушыларын тыңдауға мәжбүр ететін принциптері сараланады. Екінші бөлім  тындаушының сеніміне кіріп мақсатқа жету үшін қажетті шешеннің жеке бас  қасиеттері мен ерекшеліктері сипатталады.

Үшінші бөлімде  Аристотель шешендік өнердің техникалық жақтарын: сөйлеу процесінде пайдаланатын ойды жарыққа шығарудың амалдарын, сөйлеу мәтіндерінің құрлысын қарастырады. Ол сөйлеудің алғы сөз, әнгіме, дәлелдеме, қорытынды секілді төрт түрлі  бөлшегін бөліп көрсетіп, әрқайсысының нандыруға, сендіруге қажетгі маңызын  жан-жақты негіздейді.

Көне Грецияның  маңдай алды шешендерінің бірі — Демосфен, (б.з.д. 384-322 жж.) Құл иеленушілік дәуірдің өкілі, демократиялық құрылымның қорғаны  болған адам. Оның Македонияның үстемдік әрекеттеріне қарсы дербестік үшін болған Афина күресінің тұсындағы  саясат шешен сөздері, әсіресе, антимакедониялық партияны басқарған кездегі және оның Македония патшасы Филипке  қарсы айтқан сындарлы сөздері тарихта  қалып, тағылымдық сөздердің қатарына енді.

Шешендік өнер Демосфен өмірінің мәні болды, ол оны  аталмыш өнердің ұстазы етіп шығарды. Ол қажырлылық пен үлкен еңбектің арқасында “өзін-өзі қайта туындатты”, әлем шешендерінің эквивалентіне айналды. Демосфен сөйлеу мен оның техникасын шегіне жеткізді. Ол өзінің болмысы  арқылы Цицеронның “Ақын болып жаралу керек, шешендер жүре келе қалыптасады” деген аталы сөзін дәлелдеп шықты. Ал бұл принциптің қазақ топырағындағы  көрінісін бабаларымыз “көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен  болады” деп ұлағатты оймен өрнектеген.

Информация о работе Сократ