Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 14:48, курсовая работа
ХХ ғасырдың 90-шы жылдары мен ХХІ ғасырдың басында еліміздің тәуелсіздік алып, әкімшілік-әміршілдік жүйесінен арыла келіп, нарықтық қатынастарға көшумен байланысты кәсіпкерлік, акционерлік, қоғам жауапкершілігі шектеулі қоғамдар сияқты ұғымдар өмірге келіп, олар қазіргі кезде ерекше маңызды болып отыр. Олай деуімнің себебі, нарықтық экономика жағдайында жеке адамға экономикалық еркіндік пен бостандық, қандай да болмасын табыс әкелетін меншікке ие болу құқығы, кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндіктері беріледі. Әсіресе біздің қазіргі кездегі экономикалық жағдайымызды тұрақтандырып, дамытуда кәсіпкерлік, жеке меншік қатынастарын жетілдірудің мәні өте зор. Бұл тақырыпты таңдап алуымның себебі де осы.
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпкерліктің қызметі
Кәсіпкерлік қызметінің маңызы, мәні және түрлері
Нарықтық жағдайдағы кәсіпкерліктің экономикалық-құқықтық мазмұны
Шетелдегі кәсіпкерлік қызметтегі стратегиялық жоспарлау және кәсіпкерлік саласындағы шетелдік үлгілер
Кәсіпкерліктің стратегиялық жоспарының формалары және олардың экономикалық мазмұны
2.1 Стратегиялық жоспарлау
2.2. "Қазақстан - 2030" стратегиясы кәсіпкерлік тұрғыдан
2.3.
3. ҚР-ның кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырудағы негізгі проблемаларын және оларды шешу жолдары
3.1.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің проблемалары
3.2.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік проблемаларын шешуге ұсыныстар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Жоспар:
Кіріспе
2.1 Стратегиялық жоспарлау
2.2. "Қазақстан - 2030" стратегиясы кәсіпкерлік тұрғыдан
2.3.
3. ҚР-ның кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырудағы негізгі проблемаларын және оларды шешу жолдары
3.1.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің проблемалары
3.2.Қазақстан Республикасындағы
кәсіпкерлік проблемаларын шешуге ұсыныстар
Қорытынды
Пайдаланған
әдебиеттер
Сонымен қатар, дамыған нарықтық экономикада жетекші орынды тек қана кәсіпкерлік емес, меншіктің аралас, кооперативтік, акционерлік, секіктестік түрлері де алады. Нарықтық экономика үшін кәсіпкерліктің жеке бір түрінің ерекшеленіп, дамуы маңызды болып табылмайды, экономиканың дамыту бағытында осы меншіктің әр алуан түрлеріне негізделген кәсіпкерлік қызметтердің стратегиялық жоспары ерекше маңыға ие болады.
Кәсіпкерлік
қызмет қандай да болмасын экономикалық
жүйенің негізі болып табылады. Нарықтық
экономика жағдайында кәсіпкерлік
қызметі одан әрі жетілдірудің ең
басты жолы – меншіктің мемлекет
иелігінен алу мен
1.1.Кәсіпкерлік
қызметінің маңызы,
мәні және түрлері
Кәсіпкерлік қызметінің экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметтің маңызы өте зор, тіпті нарықтық қатынастар кәсіпкерліксіз болуы мүмкін емес. Кең тұрғыда қарастыратын болсақ, кәсіпкерлік бұл – осы қызметпен айналысатын барлы қатысушылар үшін өзара тиімді нәтиже мен пайда алу мақсатында өзіндік, жолдамалы, қарыздық қаражат және мүлік есебінен атқарылатын мүдделі шаруашылы қызмет. Кәсіпкерліктің дамуы жалпы экономиканың дамып, жақсаруына игі әсерін тигізеді. Кәсіпкерліктің басты маңызы – ол жер, еңбек, капитал сияқты өндіріс факторларын қызмет еттіретін қозғаушы күш болып табылатындығында. Теориялар мен тәжірибелерде кәсіпкерлік материалдық, еңбек және қаржылық ресурстар негізіндегі тауар немесе қызмет көрсетулердің анық қажеттіліктерін қанағаттандыратын жаңа бизнес құру процесі ретінде қарастырылады. Бір сөзбен айтқанда, кәсіпкерлік: өзіндік тиімділік пен қоғамдық пайда бірлігіне негізделген қызмет.
Кәсіпкерліктің маңызды сипатты бірлігіне келесілерді жатқызуға болады:
Кәсіпкерліктің
осы сипатты белгілері бір-бірімен тығыз
байланысты немесе бір мезгілде әрекет
етеді. Сонымен қатар кәсіпкерлікті келесідей
төрт деңгейлі процесс ретінде қарастыруға
болады:
Кәсіпкерлік қызметтің басқа коммерциялық емес қызметтерден айырықша ерекшелігі – пайданы кірістер мен шығындар арасындағы айырмасы ретінде алатындығында. Ал басты мазмұны – тауарларға немесе қызмет көрсетулерге сұранысты тауып, оны сол тауарларды немесе қызмет көрсетулерді өндіру және сату жолымен қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде кәсіпкерлікке көптеген анықтамалар берілген. Солардың бірінде кәсіпкерлік қызмет келесідей түсіндіріледі: кәсіпкерлік бұл – қандай да бір құнды, жаңа нәрсені құру процесі, ал кәсіпкер осыған байланысты барлық қаржы, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді өз мойнына алатын осыған қажетті уақыт пен күш жұмсайтын, ал нәтижесі ретінде ақшамен қанағат алатын адам. Келесі анықтамаға тоқталатын болсақ: кәсіпкерлік бұл өз пайдасы мен қоғамдық пайданың бірігуі негізіндегі қаржы салу арқылы пайда табумен байланысты қызмет түрі.
Кәсіпкерліктің мақсаты – белгілі бір уақыт ағымында жетуге тиіс жағдай. Мақсатты қалыптастыруда алдымен негізгі үш элементті анықтау керек. Олар:
Кәсіпкерліктің қалыптасуына белгілі жағдайлар қажет. Оларды экономикалық, құқықтық және әлеуметтік деп бөлуге болады. Экономикалық жағдайға: тауарды ұсыну және оларға деген сұраныс,
тауар түрлері, ақша қаражаттарының көлемі, жұмыс орындарының көп болуы немесе жетіспеуі, жұмыс күші, жұмысшылардың еңбекақы деңгейі жатады.
Әлеуметтік
жағдайға ең алдымен тұтынушылардың
белгілі бір талғам мен сән
үлгісіне сәйкес тауарларды сатып алуға
ұмтылуын, сонымен қатар әлеуметтік-
Құқықтық жағдайға кәсіпкерліктің дамуына жақсы жағдай тудыратын, кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңдарды жатқызуға болады.
Кәсіпкерлік
қызметтің көп түрлілігін негізгі
төрт топқа жіктеуге болады: өндірістік,
коммерциялық, қаржылық немесе кеңестік.
Сызба
– 1
Өндірістік
кәсіпкерлікті жетекші түрде
деп айтуға болады, себебі мұнда
өнімді, тауарды өндіру, қызмет көрсетулер,
белгілі бір бағалықтардың
өндірістік
кәсіпкерлік кезінде ұдайы
Коммерциялық
кәсіпкерлікте басты рөлді
Коммерциялық
кәсіпкерлікпен салыстырғанда қаржылық
кәсіпкерлікте сату-сатып
Кеңестік кәсіпкерлік
соңғы жылдары тәуелсіз кәсіпкерліктүрі
ретінде ерекшеленіп келеді. Көптеген
елдерде басқару сұрақтары
Консалтингтік қызметтер келесідей негізгі кезеңдерден тұрады:
Кәсіпкерлік саласындағы кез келген экономикалық және басқарушылық шешімдер қабылдаулар кеңестік қызметтерді қолдану арқылы өз тиімділіктерін жоғарылатады.
Кәсіпкерлік қызметтің барлық түрлері бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді, кәсіпкерліктің бір түрімен айналыса отырып, мүдделі түрде белгілі бір дәрежеде басқа түрлерімен айналысуға тура келеді.
Сөйтіп,
кез-келген экономикада, әсіресе нарықтық
экономикажағдайында, кәсіпкерлік
қызметтің қалыптасуы және дамуы
аса маңызды немесе кәсіпкерліктің
әр түрі боынша құрылымдардың қалыптасуы
жалпы елдің тек экономикалық
жағдайларын емес басқа да қоғамдық
жағдайлардың тиімді дамуына ықпалын
тигізеді. Сондықтан әрбір мемлекет
кәсіпкерлікті дамытуға мүдделі
болады.
1.2.Нарықтық
жағдайдағы кәсіпкерліктің
экономикалық-құқықтық
мазмұны
Кәсіпкерлік қызметті әр алуан белгілері бойынша бөліп қарастыруға болады: қызмет түрі, меншік формасы, иелер саны, құқықты ұйымдасқан, экономикалы ұйымдасқан белгілері бойынша және тағы басқа. Қызмет түрі бойынша кәсіпкерлік өндірістік, қаржылық, коммерциялық болып бөлінеді және бұл түрлері жеке болсын, бірге блсын қызмет ете береді. Меншік формасы бойынша жеке, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар меншігіндегі кәсіпорындар бола алады. Иелер саны бойынша кәсіпкерлік қызмет өзіндік және коллективті болады. өзіндік кәсіпкерлікте меншік бір адамға ғана тиісті болады. Ал коллективті кәсіпкерлікте меншік бірнеше субъектілерге тиісті. Ендеше, кәсіпкерліктің формаларының қалыптасуы үшін экономикалық – құқықтық, әлеуметтік шарттар қажет. Экономикалық шарттар – бұл ең алдымен тауарлар ұсынымы мен оларға сұраныс, тұтынушылар ала алатын тауарлар түрлері, тұты нушылар сатып ала алатын тауарларға кететін ақша, қаражат мөлшері жұмысшы күшінің, жұмыс орындарының артық болуы немесе жетіспеуі. Экономикалық жағдайға ақшы ресурстарының мөлшері, кіріс деңгейі, сонымен қатар кәсіпкерлер қаржылар мен мекемені алу үшін қолданатын құрал қаражат деңгейлері әсер етеді. Мұның барлығымен нарықтық инфрақұрылымын құрайтын көптеген әртүрлі ұйымдар айналысады. Бұл – қаржылық қызмет көрсетумен айналысатын банктер, шикізат, материалдар, энергиямен қамтамасыз ететін мекемелер, сатушылар, бухгалтерлік, делдалдық қызмет көрсететін фирма, мекемелер, еңбекке орналасу бойынша агенствалар, жұмысшылар мен маман қызметкерлерді оқытатын оқу орындары, жарнама, транспорт, сақтандыру агенттіктері, байланыс және ақпарат жіберу құралдары.
Информация о работе Стратегическое планирование в пердпринимательстве