Стратегическое планирование в пердпринимательстве

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 14:48, курсовая работа

Описание

ХХ ғасырдың 90-шы жылдары мен ХХІ ғасырдың басында еліміздің тәуелсіздік алып, әкімшілік-әміршілдік жүйесінен арыла келіп, нарықтық қатынастарға көшумен байланысты кәсіпкерлік, акционерлік, қоғам жауапкершілігі шектеулі қоғамдар сияқты ұғымдар өмірге келіп, олар қазіргі кезде ерекше маңызды болып отыр. Олай деуімнің себебі, нарықтық экономика жағдайында жеке адамға экономикалық еркіндік пен бостандық, қандай да болмасын табыс әкелетін меншікке ие болу құқығы, кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндіктері беріледі. Әсіресе біздің қазіргі кездегі экономикалық жағдайымызды тұрақтандырып, дамытуда кәсіпкерлік, жеке меншік қатынастарын жетілдірудің мәні өте зор. Бұл тақырыпты таңдап алуымның себебі де осы.

Содержание

Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпкерліктің қызметі
Кәсіпкерлік қызметінің маңызы, мәні және түрлері
Нарықтық жағдайдағы кәсіпкерліктің экономикалық-құқықтық мазмұны
Шетелдегі кәсіпкерлік қызметтегі стратегиялық жоспарлау және кәсіпкерлік саласындағы шетелдік үлгілер

Кәсіпкерліктің стратегиялық жоспарының формалары және олардың экономикалық мазмұны
2.1 Стратегиялық жоспарлау
2.2. "Қазақстан - 2030" стратегиясы кәсіпкерлік тұрғыдан
2.3.


3. ҚР-ның кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырудағы негізгі проблемаларын және оларды шешу жолдары
3.1.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің проблемалары
3.2.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік проблемаларын шешуге ұсыныстар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

курсовая работа.docx

— 48.88 Кб (Скачать документ)

Кәсіпкерлік қызметті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін жеті негізгі стратегия прициптері мынаған саяды:

1. Неғұрлым маңызды бірнеше функцияларды  ғана орындауға жұмылған ықшам  әрі кәсіпқой Үкімет.

2. Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл  бағдарла-малары бойынша атқарылатын  жүмыс. 

3. Нақтылы жолға қойылған ведомствоаралық  үйлестіру. 

4. Министрлердің өкілеттіктері мен  жауапкершіліктерін, олардың есептілігін  және олардың қызметіне стратегиялық  бақылауды арттыру. 

5. Министрліктердің ішінде, орталықтан  аймақтарға және мемлекеттен  жекеше секторға қарай орталыққа  тәуелділікті жою. 

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл  да ымырасыз күрес. 

7. Кадрларды жалдау, даярлау және  жоғарылату жүйелерін жақсарту.

Кәсіпкерлік қызметте табысқа жеткен үкіметтер, әдетте ықашам келеді әрі мемлекет қана атқара алатын ең басты бірнеше функцияларға жұмылады. Әлбетте, оңтайлы үкіметтер өз қызметін аз санды басымдықтарға және осы мақсатқа жету жолындағы стратегияларды іске асыруға ұмтылады.

Кәсіпкерліктің тиімділігі өзара байланысты үш факторға: оның құрылымдық ұйымына, стратегиялық үйлесімділігіне және кадрлар даярлығының дәрежесіне негізделеді. Біздің таяу болашақтағы міндетіміз стратегиялық жоспарлау әдістерін меңгерген қабілетті, әрі адал кадрлардан тұратын шағын, оңтайлы аппарат құру болады.

Республикада  кәсіпқой мемлекеттік қызмет негіздері  қазірдің өзінде қаланды. Алайда әлі  де көп іс тындыру керек. Сонымен бірге бұл мемлекеттік жүйенің білімсіз, біліктілігі төмен қызметкерлерді ығыстыра алатын қабілеті де болуы керек. Әр қызметкер іс жүзінде өзінің пайдалы екенін және керектігін ұдайы дәлелдеп отыруға тиіс

Стратегиялық  жоспарлау, қаржылық бағдарламалау  мен жобалық менеджмент тек кәсіпкерлік қызметте ғана емес таяу болашақтағы мемлекеттік басқарудағы жаңарудың өзегіне айналуға тиіс.  
 
 
 
 
 

2.3 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3.ҚР-ның  кәсіпкерлік қызметін  жүзеге асырудағы  негізгі проблемаларын  және оларды шешу  жолдары 

3.1.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің проблемалары және оны шешудің жолдары 

Әрбір мемлекеттің экономикалық саясатының басты құрамдас бөлігі кәсіпкерліктің дамуы болып табылады. Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің кіші және орта түрлерін дамыту қажеттілігі туды. Бұл саланың дамуы тұтынушылық нарықтың толықтырылуына, халықтық жұмыс жағдайының толықтырылуына, халықтың жұмыс жағдайының артуына, бәсекелестіктің дамуына, монополизмді жеңуге, республикада жүргізілетін реформалардың әлеуметтік базасының кеңеюіне және жалпы экономиканың жоғарлауына жағдай жасайды. Кәсіпкерлікті дамыту «Қазақстан - 2030» стратегиясының негіздерінің бірі.

      Дамыған елдердің шетелдік тәжірибелері көрсетіп отырғандай, мемлекеттің экономикалық өсуінің басты қоғзаушысы – кәсіпкерлік  секторы. АҚШ, Жапония, Франция, Германия және Италия кәсіпкерлік секторына  елдердің кәсіпорындарының жалпы санының 90 проценті келеді. Бұл елдердегі  кіші кәсіпорындар үлесіне ЖІӨ-нің 40-60 проценті, ал біздің елде 2009жылдың қорытынды мәліметтері бойынша осы үлес мөлшері тек ЖІӨ-нің 11 процентін, 2010 жылы – 15 процентін, 2011 жылы 20 процентін құрайды [14; 30].

      Қазақстандағы шағын және орта бизнестің даму динамикасын  талдау оның тұрақсыздығын көрсетті. Шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын мәселелерге  келесілерді жатқызуға болады:

  • салық салу жүйесінің дәрменсіздігі, себебі кәсіпкерлікті жүргізудегі көлеңкелі жақтарына жол береді;
  • кәсіпорындардың қалыптасып, дамуына кедергі болатын бюрократтық талаптардың қатаңдығы;
  • несиелендіру жүйесінің қолайсыздығы, яғни несие алуға шектеулердің болуы;
  • өнімді өткізу саласындағы сәтсіздіктер;
  • менеджерлердің тәжірибелігінің, мамандану дәрежесінің төмендігі;
  • кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жүйесінің дәрежесінің төмендігі.

   Жоғарыда  аталған мәселелерге байланысты кәсіпкерліктің дамуы қысқа мерзімді перспективада баяулай түседі. 
 
 

   Салықтық саясат мәселесі көбінесе бірінші кезектегі мәселелер қатарына жатқызылады. Бірақ, қалай болғанмен барлық аталған мәселелер де кәсіпкерліктің дамуына өз мөлшерінде кедергі жасайды.

   Кәсіпкерлік субъектілері санының өсуі, сапаның артуына әкеледі деп айтуға негіз бар. Нарықтық экономика заңдылықтарына сүйенсек, бәсекелестіктің болуы, сапаның жоғары, бағаның төмендеуінің кепілі. Яғни, қаламызда кәсіпкерліктің, әсіресе, шағын бизнес субъектілерінің көп болғаны қолайлы.

   Қазірдің өзінде Астанада қызмет көрсету түрлері сан-алуан, әрі сапалы бола бастады. әрине, өндіріс жағына келетін болсақ әзірге ауыз толтырып айтуға ертерек. Кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға кейбір кедергі болатын мәселелер баршылық. Солардың бірі жоғарыда айтып кеткендей – салық саясаты. Көптеген кәсіпкерлер салынатын салық сомасын сынға алады. Экономикамыз үшін сындарлы сәтте санқилы салық саясаты қажет. Салықтың жеңілдетілген түрлері мен оны төлеудің мерзімдеріне мән берілуі керек.

   Екінші бір мәселе кеден төлемдерінің де қолайсыз, қымбат болуы. Осы орайда Астанада қазіргі кездегі қалыптасып отырған әрбіреуінен кейін қолдан жасалған жағдай – жердің және тұрғын үй ауданының қымбат болуы. Бұл да кәсіпкерлердің талапқа сай үй-жай алуына немесе салуына салқынын тигізіп отыр.

   Бір нәрсені ескеру керек. Кәсіпкерлікпен шұғылданатындардың барлығы болмаса да басым бөлігі өзіміздің іскерлер. Ал Отандық бизнес пен туған тауарөндірушілерді қолдау бүгінгі саясатымыздың бір тармағы. Қалада кәсіпкерліктің қарқынды дамып, қанат жаюы көптеген проблемаларды шешуге ықпал етеді. 
 
 
 
 
 

    1. Қазақстан Республикасындағы  кәсіпкерлік проблемаларын  шешуге ұсыныстар
 

   Сонымен, еліміздегі экономикалық дағдарыс пен  өндірістің құлдырауын тоқтатудың бір  жолы шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті  дамыту болып табылады.

   Себебі  Қазақстан экономикасының терең  дағдарыс жағдайында болуының себептерінің бірі – жоспарлы әкімшіл жүйе кезінде  республиканың дамуында шикізат  өндіруге ыңғайлы ірі кәсіпорындар саны басым болып, ел экономикасы  түрлі кәсіпкерлік аядан алшақтап, шағын, орта және ірі бизнес дамытуда кенже қалғаны мәлім. Осыдан Қазақстанда  кәсіпкерлікті дамытудың терең  әлеуметтік-экономикалық тамырлары  мен ерекшеліктері бар. Қазір  нарықтық экономика талабына сай  меншіктің алуан түріне негізделген  шаруашылықты жүргізудің нысандарын қалыптастыру жүйесінде мемлекеттік деңгейде шұғыл шаралар арқылы шағын, орта және ірі бизнесті дамыту және қолдау кезегін күттірмейтін мәселеге айналып  отыр.

   Аталып  кеткен проблемаларды шешу кіші, орта бизнеспен кәсіпкерлікті қолдау және реттеу қызметі мемлекеттік  және аймақтық деңгейде тиімді ұштастырған  жағдайда ғана мүмкін болатын көрінеді. Жалпы алғанда, кіші, орта кәсіпкерлікті  дамыту және қолдаудың негіздері: «Еркін шаруашылық қызметі және кәсіпкерлікті  дамыту туралы», «Банкроттық туралы», «Өндірістік кооператив туралы», «Жеке  кәсіпкерлікті қорғау туралы», «Шаруашылық  серіктестіктер туралы», «Лицензиялау туралы» және т.б. заң актілерімен  реттелінеді. Бұл мәселелерге соңғы  кезде мемлекеттік деңгейде көңіл  бөліне бастағаны қуантады. Мысалы, ел президентінің «Қазақстан - 2030»  жолдауында қазіргі уақытта ауыл шаруашылығындағы нарықтық қатынастар даму деңгейі төмен, сондықтан аграрлық секторда жекешелендіруді аяқтау қажеттілігіне  көңіл аударған. 2010 жылға дейін  назарды еңбек сыйымды ірі  салаларға аударып, олардың болашақта  бәсекелестік қабілеттілігі мен  мүмкіндігін қамтамасыз ететін негізін  құруға бағытталған.

 «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы «Самрұқ-Қазына» «Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» сияқты мемлекеттік маңызы зор бағдарламалардың санын көбейтуде кәсіпкерліктің дамуына ықпалын тигізер еді.

Бұндай бағдарламалар Қазақстанның барлық аудандарындағы кәсіпкерлер мен жеке кәсіп ашуға ынталы тұрғындарға бизнесті ашу және оны тиімді жүргізу бойынша кешенді, бірыңғай және тегін білім беруді көздейді. Бұл өз кезегінде шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдаудың тиімді құралдарының бірі болып табылады және мемлекеттің Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі шараларының заңды жалғасы болып отыр.

       2009 жылы аталған оқыту курстары республикамыздағы 209 аудан, қалаларда ұйымдастырылды. Оған қатысқан тыңдаушылардың саны 11 603 құраса, олардың 40%-ы кәсіпкерлер, 60% жеке тұлғалар. Бағдарламаны іске асыру қорытындысы көрсеткендей кәсіп иелері мен тұрғындарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту ісін одан әрі жалғастыру қажеттілігі туындап отыр. Яғни біз осындай қарапайым жобалар арқылы да өз мемлекетіміздің кәсіпкерлігінің деңгейін көтере аламыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Қорытынды 

   Сонымен ,  курсттық  жұмысты  аяқтай  келе,  келесідей  қортынды  жасауға   болады.  Жалпы  курстық жұмыс үш  бөлімнен  тұрады  және  бірінші   бөлімінде  қазіргі  нарықтық  экономика  жағдайындағы   кәсіпкерліктің  қызметі,   маңызы,   мәні  түсіндіріліп, кәсіпкерлік   қызметті   шетелдегі   стратегиялық жоспарлау жазылды.  Екінші  бөлімінде кәсіпкерлік қызметті 2011-2015 жылғы стратегиялық жоспарлау мен Қазақстан - 2030 стратегиялық жоспарлаудың мақсаттары мен мәні туралы айтылды және    үшінші   бөлімінде   Қазақстан    Республикасындағы   кәсіпкерлік  қызметті    дамыту    жолдарындағы проблемалар мен оларды шешудегі ұсыныстар қарастырылды.   Нарықтық  экономика   жағдайында    кәсіпкерлік   қызметінің    мәні  өте   зор,   тіпті    нарықтық   қатынастар   кәсіпкерліксіз   болуы   мүмкін   емес.     Кең   тұрғыда     қарастыратын    болсақ,    кәсіпкерлік    бұл – осы   қызметпен    айналысатын   барлық    қатысушылар    үшін   өзара   тиімді   нәтиже    мен   пайда    алу     мақсатында   өзіндік,  жалдамалы,   қарыздық   қаражат   және   мүлік    есебінен    атқарылатын    мүдделі   шаруашылық     қызметі.   Кәсіпкерліктің   дамуы   жалпы    экономиканың    дамып,    жақсаруына   игі   әсерін  тигізеді. Кәсіпкерліктің    басты  маңызы – ол   жер,    еңбек,    капитал    сияқты    өндіріс    факторларын   қызмет     еттіретін   қозғаушы   күш   болып    табылатындығында. 

   Республикамызда   шағын      орта  және   ірі   бизнестің   басты   салаларын   жалпы   дамыту    мен    қолдау   және   банк   несиелерін     алу    үрдістерін    жеңілдету    мақсатында    маманданған    мемлекеттік    акционерлік    банктерді  құру    аса   маңызды.

   Соңғы    жылдары   Республикамызда    кәсіпкерлік   қызметті    дамытудың    алғышарттары    жедел    құрылуды, негізінен,    меншікті    жекешелендіруде   жүргізумен   жұмыстар жасалынды. Осының   арқасында   кәсіпкерліктің   дамуы   үшін   тұрақты    экономикалық   негіз   қаланады.  

Пайдаланған  әдибеттер

 
  1. Әпсәләмов  Н. Ә., Исабеков Қ. Ш., Сәулетанов Ө. С.

   «Экономикалық теория  негіздері», Алматы , Ғылым , 1999ж.

 

  1. Баимаганбетов М. «Некоторые  проблемы  развития малого предпринимательство  в Р –ке К-н» //Бугалтер №16  1999ж
 
  1. Брюммер К  «Система поддержки  предприятий  малого и среднего бизнеса в Германии»  Проблема управления 2002 №2
 
  1. Бусыгин А.В. «Предпринимательство» Москва  Инфра М 1997г.
 
  1. Дайрова  Р. «Развитие предпр-ва  в Каз –не» //эканомика Казахстана 1997 ж №7 -№8 
 
  1. Дауранов  И., Шишкина А, Рудецкая  А  «Проблемы  развития  малого  бизнеса в  Каз-не»  //Аль –Пари  2000, №3-№4.
 
  1. Жанқлииев М. «Қолдауға  ие  кәсіпкерлік  қарқында  дамиды» //Деловой Мир  –2000 №2
 
  1. Исабеков  Б  «Кәсіпкерлікті   мемілекеттік  қолдау  ж/е  дамыту  бағдарламаларын  жүзеге  асыру  концепциялары» //Аль  –Пари, №4- №5 6 2002ж
 
  1. Курманбаев  С.К. «Основы  предпринемательства»  Сем-ск, 2002г.
 
  1. Мадешев Б. «Нарықтық  эканомика», 1995 ж.
  2. Мамедов О.Ю. «Современная  эканомика», Ростов–на–дону; Феникс, 2000г.
 
  1. ОрловА. «Перспективы  развития  малого предпрининимательства  в Россий» //Вопросы  экономики, 2002 №7
 
  1. Токсанова К. «Малый бизнес в Каз-не – использвания  опыта  СГИА» //США, Канада:  эканомика, политика, культура, 1999г №3-№7

Информация о работе Стратегическое планирование в пердпринимательстве