Стратегическое планирование в пердпринимательстве

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 14:48, курсовая работа

Описание

ХХ ғасырдың 90-шы жылдары мен ХХІ ғасырдың басында еліміздің тәуелсіздік алып, әкімшілік-әміршілдік жүйесінен арыла келіп, нарықтық қатынастарға көшумен байланысты кәсіпкерлік, акционерлік, қоғам жауапкершілігі шектеулі қоғамдар сияқты ұғымдар өмірге келіп, олар қазіргі кезде ерекше маңызды болып отыр. Олай деуімнің себебі, нарықтық экономика жағдайында жеке адамға экономикалық еркіндік пен бостандық, қандай да болмасын табыс әкелетін меншікке ие болу құқығы, кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндіктері беріледі. Әсіресе біздің қазіргі кездегі экономикалық жағдайымызды тұрақтандырып, дамытуда кәсіпкерлік, жеке меншік қатынастарын жетілдірудің мәні өте зор. Бұл тақырыпты таңдап алуымның себебі де осы.

Содержание

Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпкерліктің қызметі
Кәсіпкерлік қызметінің маңызы, мәні және түрлері
Нарықтық жағдайдағы кәсіпкерліктің экономикалық-құқықтық мазмұны
Шетелдегі кәсіпкерлік қызметтегі стратегиялық жоспарлау және кәсіпкерлік саласындағы шетелдік үлгілер

Кәсіпкерліктің стратегиялық жоспарының формалары және олардың экономикалық мазмұны
2.1 Стратегиялық жоспарлау
2.2. "Қазақстан - 2030" стратегиясы кәсіпкерлік тұрғыдан
2.3.


3. ҚР-ның кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырудағы негізгі проблемаларын және оларды шешу жолдары
3.1.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің проблемалары
3.2.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік проблемаларын шешуге ұсыныстар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

курсовая работа.docx

— 48.88 Кб (Скачать документ)

      Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың біршама шарттары бар. Бұлар мемлекет тарапынан  барлық шаруашылық салаларына олардың меншігінің талан-таражға түспей, сақталуына кепілдік және нарықтық қарым-қатынастардың  барлық өнімдеріне заңда ескерілген жәйттерден тыс жағдайларда тең  құқықпен экономикалық еркіндік беру:

  • шаруашылықты жүргізудің  нарықтық бәсеке тәртібіне көшу;
  • нарықтық қажетті инфрақұрылымның қалыптасуы;
  • қолда бар пайда көзі, несие, ақпарат құралының еркін де ашық болуы,
  • бұрынғы заңдардың кәсіпкерлікке қарсы баптарын алып тастау,
  • қажетті баптармен жаңа заңдарды қабылдау тәрізді шарттардан тұрады.

   Кәсіпкерліктің  қалыптасуында кәсіпкерлерді дайындау, қайта даярлай және маман –  кадрлардың квалификациясын көтеру де маңызды қызмет атқарады. Бұған: кәсіпкерлік қызметті қазіргі кезге  байланысты жүргізу әдістерін үйрету ұйымдары, маман – кадрлардың дамыған  елдерде тәжірибе алуы, кәсіпкерлердің оқытушыларды қайта даярлау ұйымдары және тағы басқалар жатады.

   Кез келген кәсіпкерлік қызмет белгілі  бір құқықтық ортаға байланысты жұмыс  атқарады. Сондықтан құқықтық шарттар  құрудың мәні өте зор. Бұл, ең бірінші, кәсіпкерлікті бақылайтын және оның дамуына қолайлы жағдайлар тудыратын  заңдар жиынтығы, нақты айтқанда, кәсіпорындардың  ашылуы мен регистрациядан өтуінің  қарапайымдығы; кәсіпкердің мемлекеттік  бюрократизмнен қорғануы; салық жүйесін  жетілдіру; шет елдердегі кәсіпкерлік  қызметпен бірлестіктердің дамуы.

   Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, яғни кәсіпкерлік  формаларына келесідей құқықтық шарттар қойылады:

  • орта жылдық жұмысшылар саны (оның ішінде филиалдар, жұмысшылар) серіктестіктер үшін 50 адамнан аспау керек;
  • ойын, шоу – бизнес саласындағы коммерциялық ұйымдар шағын кәсіпкерлік субъектілері бола алмайды;
  • мемлекеттік регистрациядан кейін 3 жыл бойы кәсіпкерлік субъектілері қозғалмайтын мүлікке  құқықтарын регистрациялау төлемдерінен босатылады.

   Сонымен қатар шағын кәсіпкерлік субъектілері ретінде кезкелген толық серіктестік, жауабы шектеулі серіктестік, өндірістік кооператив фирмаларындағы және заңды тұлғалар, егер де орта жылдық жұмысшылар саны 50-ден аспаса, қарастырылады.

   Кәсіпкерліктің  қатынастарын қарастырған жағдайда, меншіктің экономикалық және құқықтық қатынастарына міндетті түрде ерекше көңіл бөлуі керек. Кәсіпкерліктің экономикалық қатынастары меншіктен түсетін пайда немесе кірістің қолдануының бағытталғандығымен анықталады, басқаша айтқанда кәсіпкерліктің экономикалық қатынастары меншік кіріс көзі ретінде болғанда ғана пайда болады. Кәсіпкерліктің құқықтық қатынастары меншік иелері арасында құқықтарды беру, айырбастау формасында іс жүзіне асысрылады. Осыдан кәсіпкерлііктің үш өкілеттігі туындайды және де меншікке деген толық құқық осы элементтерден тұрады:

  • иелену құқығы – және құндылықтарды нақты иемдену;
  • пайдалану құқығы – пайдалану кезінде пайда алу;
  • өнім жүргізу немесе нұсқау беру құқығы – мүліктің заңды тағдырын шексіз айқындау: сату, сыйға тарту, жойып жіберу және тағы басқа мүмкіндігі.

   Меншік  категориясының экономикалық және құқықтық мазмұндары қарама-қайшылықты интегралдық  бірлікті құрайды. Иемдену процесі  экономикалық сферада пайда болып, мұнда меншік субъектілері белгілі  бір қарым-қатынаста болады. Осы  қатынастар арқылы олардың меншік объектілерімен байланысы жүзеге асырылды және де бұл осы қатынастары негізі болып  табылады. Ал құқықтық  қатынастар экономикалық қатынастардың нәтижесінде пайда  болып, олардың заңнамалық формада  бекітіліп, одан әрі өмір сүруін қамтамасыз етеді.

   Сонымен, жоғарыда аталған кәсіпкерлік формаларының экономикалық-құқықтық, әлеуметтік шарттарының  бар болуы және орындалу кез - келген кәсіпкерлік қызмет формасы үшін қажетті жағдай. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.3.Шетелдегі кәсіпкерлік қызметтегі стратегиялық жоспарлау және кәсіпкерлік саласындағы шетелдік үлгілер

      Дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші бір факторы шағын бизнесті жан-жақты дамыту болып табылады. Олардағы кәсіп орындардың жалпы санының шағын және орта фирмалардың үлесі 80-нен 99 процентке дейінгі үлесті қамтып, елдің жалпы ұлттық өнімнің 50 процентке жуығын өндіруді қамтамасыз етіп отыр. Мысалы жапондық мамандардың есептеуінше екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде бұл елдің әлемдегі дамыған елдердің бірі болуына осы кәсіпкерлік қызмет әсерін тигізді. Жапонияда шағын және орташа кәсіпорындар өңдеу өнеркәсібінде, құрылыста, қызмет немесе сауда сфераларының барлық кәсіпорындардың 99,2 процентін қамтиды. Жапония халық шаруашылығында шағын және орташа кәсіпорындар  тек кәсіпорындардың саны бойынша ғана басым емес, сонымен қатар олар еңбеккерлер саны және тауарлар өткізу көлемі бойынша маңызды орын алатынын көрсетеді. Бұның негізгі себебі Жапонияда кәсіпкерлікті стратегиялық жоспарлауға ерекше мән койылады және Жапондық өндірісті басқару жүйесінің жоғары тиімділігін айтуға болады. Бұл жүйеде кәсіпкерліктің түрлі жаңалықтармен, жоғары пайданы жұмысшылар туралы қамқорлықпен сәйкестендіреді. Жапониядағы маңызды көрсеткіштер бойынша кәсіпкерліктің ұғымдық түрдегі формасы кең дамыған. Жапондық қоғамда тарихи қалыптасқан еңбекке деген қадірлік және басшы мен бағынушы арасындағы қатынастардың қатаң айқындалмауы жапондық кәсіпкерлік карпорацияларының топтық формасының жоғары дәрежедегі дамуына әсер етті. Оның үстіне кәсіпкерлікті стратегиялық жоспарлауды әрқашан жоғары басқарушылар жасағанымен міндетті түрде осы шешімдерді қабылдау кезінде бағынушы топтардың қатысуы немесе  осы шешімдерді дайындауы қажетті шарт блып табылады. Және бұл жапондық кәсіпкерлікті стратегиялық жоспарлаудың басты ерекшелігі. 

      Ал  Қытай компартиясының шешімдеріне  сәйкес жоспарлы тауарлы экономика  болып табылатын экономикада  реформалаудың басты бағыты "кәсіпкеркерлікте стратегиялық жоспарлаудың басым бағытын айқындау " болып табылатыны көрсетіледі.

      Қытайдағы экономикалық реформалардың стратегиясы  ұйымдық аспектіде болғанымен "ауылдан қалаға" деген қағидаға негізделініп ерекшеленеді. Осы қағидалар бойынша реформалардың алға басуы ауылдағы нарықтық қатынастар элементтерінің пайда болуы мен оларды мемлекеттік стратегиялық жаспарлау арқылы реттеу қамтамасыз етеді. Қытай кәсіпкерлікте стратегиялық жоспар жургізудің 3 деңгейлі жүйесін пайдаланады. Осы 3 деңгейдің әрқайсысы өзіндік модельге сай келеді: жоғары деңгей үшін негізгі өндірістік көрсеткіштерді директивті (экономика құрылымы және даму қарқыны мемлекеттік резервтер, тұрақты тауар сұранымы, мемлекеттік бюджет) жоспарлау қолданылады, екінші деңгей шаруашылық деңгейі , экономиканың алғашқы саласын қамтиды. Мұнда шығаратын өнімді өткізу және кешенді проблемаларды минималды-текникалық қамтамасыз етілуінің жоспарлауымен айқындалады. Стратегиялық жоспарлаудың үшінші деңгейі жергілікті және мерзімді өндіріс тауарларымен әр түрлі қызмет көрсетулермен және нарық механизмдерін қолданумен реттеледі. Коріп отырғанымыздай ҚХР-да кәсіпкерлікті стратегиялық жоспарлау жалпы мемлекеттік нарықыты зерттеу арқылы жүзеге асырылады және де бұл Қытайдың кәсіпкерлікті жоспарлауының озіндік ерекшелігі болып табылады.

      Оңтүстік  Кореяда кәсіпкерлікті стратегиялық жоспарлау ішкі жалпыұлттық өнім, жинақ көлемі және қор, еңбек ақының өсуі,екбек өнімділігі т.б көрсеткіштерді қамтитын экономикалық жоспарлау арқылы жүзеге асады. Кореяда кәсіпкерлікті  әлемдік шаруашылық интеграцияға  қіргізу мақсатында қаржы-банк, салық  баға және сыртқы экономикалық саясатты жүргізу шаралырын қолданады. Кореяда  кәсіпкерлікті ағымдағы, орта мерзімдегі стратегиялық жоспарлаудыдың ғылыми-әдістемелік  және ұйымдастырушылық мәселелерін  кәсіпорынның арнайы басқарушылық органдары  шешеді. Кәсіпкерліктің ұзақ мерзімді экономикалық даму және күрделі жұмсалымдар  аясының құрылымдық саясатымен қатар  өндірістің аймақтық орналасуының ұзақ мерзімді мақсаттарын белгілеу Кореяның кәсіпкерлікті стратегиялық жоспарлауының  мықты жағы деп саналады. 
 
 
 

2.Кәсіпкерліктің  стратегиялық жоспарының  формалары және  олардың экономикалық  мазмұны 

    2.1. Стратегиялық жоспарлау 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    2.1. "Қазақстан - 2030" стратегиясы кәсіпкерлік  тұрғыдан 

      Қазақстан келешегі мол, әрі сенімді серіктес ретінде барған сайын әлем назарын  өзіне аудара бастады. Қазақстандағы  тарихи өзгерістердің жаңа кезеңінің  негізіне айналған біздің бүгінгі табыстарымыздың  негізгі 1997 жылдың өзінде қаланғанын айқын  орындады. Біздің даму жолымызды айқындап берген әрі әлемге еліміздің жаһандану  заманындағы мақсат-мұратын мәлім  еткен Қазақстанның - 2030жылға дейінгі  Стратегиясын біз нақ сол кезде  қабылдадық.

      Елбасының "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасы, мемлекет дамуының 7 ұзақ мерзімді басындағы да сол кезде таңдап алынды.

      2030 жылға дейінгі Стратегиямыздың  қағидаларын орындай отырып, біз  қазірдің өзінде көп істерді   озық қарқынмен тындырдық. Мұны  барша қазақстандықтар көріп,  сезініп оыр мұны халықаралық  қоғамдастықта танып отыр. Бүгін  Қазақстан зор мүмкіндіктер табалдырығында  тұр.

      "2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналды және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін", деді Н.Назарбаев.

      2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен  өзі пайда болмайды. Оны республика  халқы өз қалауымен және табысқа  жетуге талпынған ерік - жігері  арқылы тұрғызады. 2030жылғы Қазақстан  Еуразияның орталығы бола отырып, жедел өркендеп келе жатқан  үш аймақтық  - Қытай, Ресейдің  және Мұсылман әлемінің арасындағы  экономика мен мәдениетті байланыстырушы  буын рөлін атқаратын болады. 2030 жылғы Қазақстан күрделі жолдан  ойдағыдай өткен және дамудың  келесі нық қадаммен аяқ басқан  ел болады.

      Осыдан  он төрт жыл бұрын - 1997 жылы Қазақстан  халқына жасалған Президенттің алғашқы  Жолдауында Еліміздің 2030 жылға дейінгі  Дамуының стратегиясы - біздің қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің  болашақтағы бітімі баян етілді.

      ҚР  Президенті Н.Назарбаев өткен кезеңді  қорыта келіп, ұзақ мерзімге арналған басын мақсаттар мен оларды іске асырудың стратегияларын анықтайды. Ұзақ мерзімді жеті басын бағытты ерекшелейді, олар өзара байланысты:

1. Ұлттық қауіпсіздік. Аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанньщ тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.

2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның қалыптасуы. Қазақстанға бүгін және алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру.

3. Шетел инвестициялары мен ішкі  жинақталымдардық деңгейі жоғары  ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу.

4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы білім мен әл-ауқаты. Барлық қазақстандықтардын, өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.

5. Энергетика ресурстары. Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану.

6. Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс. Осы шешуші секторларды ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге жәрдемдесетіндей етіп дамыту.

7. Кәсіби мемлекет. Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның беделді кәсіпорындарын құру, мемлекеттік қызметшілерінін, ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау.

         Осы ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін біз бір жылдық, үш, ал кейіннен бес жылдық жоспарларда белгіленген нақты іс-қимылдарға күш-жігерімізді жұмылдыра отырып, біз стратегиямызды талдап жасауға және оны дәйекті түрде іске асыруға тиіспіз.

        Осы ұзақ мерзімді басымдықтар мемлекет пен біздін, азаматтарымыздың күш-жігерін жұмылдыру үшін қызмет етуге, еліміздін, бюджеті мен кадр саясатын қалыптастыру кезінде өлшемдер негізіне алынуға тиіс.

       Осы жерде жерде менін курстық  жұмысымның тақырыбына байланысты  жеті басымдықтың бірі кәсіпқой  мемлекетті, яғни Қазақстандағы  кәсіпкерлік қызметті стратегиялық  жоспарлауға тоқтап өтсем:

Бүгінгі күні қоғамның және экономиканың күрделі  жүйелік қайта жаңғыруларын мемлекеттік басқару жүйеснің өзін жүйелі ету мәселесі күн тәртібіне өткір қойылып отыр. Әрине, бұған біртіндеп, соның өзінде мемлекеттің функцияларын ұзақ мерзімді реформалаудың үйлестірілген, дәйекті жоспарын алдын ала әзірлеген жағдайда ғана жетуге болады.

Информация о работе Стратегическое планирование в пердпринимательстве