Сактандыру нарыгы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2012 в 10:06, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі өндірістің төмендеуін тежеу мен тұрақты экономикалық өсу үшін негіз құруға бағытталған нарықтық қайта құру фазасына өтумен сипатталады. Нақ осы мәселе Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді мақсаттар мен стратегияларында көрініс тапқан – “шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтардың жоғары деңгейі тән ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу”.
Осындай нарықтық қоғамда пайда болатын тұрлаусыздық пен тұрақсыздық, экономикадағы үнемі болатын өзгерістер тәуекел тудырады. Әсіресе мұндай жағдай кәсіпкерлікте жиі болады. Нарықта туатын кездейсоқ және тұрлаусыз жағдайлар, экономикалық толқулар, бәсекелестердің әрекеттері тіпті білікті басқару шешімдерін жоққа шығаруы мүмкін. Тәуекелді сақтандыру мен өзін-өзі сақтандыруды қолданып, басқару облысында білікті жұмыс жүргізу арқылы айтарлықтай төмендетуге болады. Яғни көріп тұрғанымыздай, нарықтық шаруашылықтың дамуымен қоғам мүшелерін әлеуметтік-экономикалық, соның ішінде сақтық қорғау ерекше мәнге ие болуда. Сол үшін де еліміздегі сақтандыру нарығының жағдайын кешенді бағалау қажет.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Сақтандыру нарығының түсінігі мен мәні..............................................5
1.2 Сақтандыру нарығының құрамы мен құрылымы....................................7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау......................................................................................................................17
2.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының проблемалары мен даму тенденциялары.......................................................21
3. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Сақтандыру нарығының қызмет етуінің шетелдік тәжірибесі........24
3.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары....................................................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................38

Работа состоит из  1 файл

Сактандыру нарыгы.doc

— 420.50 Кб (Скачать документ)

2 кесте  – Сақтандыру компанияларында  өмірді  сақтандыру бойынша жасалған   сақтандыру  төлемдері

Сақтандыру (қайта сақтандыру)  ұйымдары

2007

     2008

2009

2009 жылды 2007 жылмен   салыстырғанда, %

1

"Альянс-Полис" СК" АҚ

108 281

156 466

231657

144

2

" Amanat insurance" СК" АҚ

29 952

53 541

110465

2,5

3

"АМСГ" СК" АҚ

61 740

56 018

17063

-27,6

4

"Еуразия" СК" АҚ

248 501

498 394

669542

169,4

5

"Казахинстрах" КИС"  АҚ

1 016 811

2 592 990

1810008

78

6

"Алтын-Полис" СК" АҚ

19 732

78 126

0

0

7

"Казкоммерц-Полис"  СК" АҚ

189 113

481 397

550778

191,2

8

"Мұнай сақтандыру  компаниясы" АҚ

317 299

388 311

396160

24,2

9

"БТА Сақтандыру" АҚ

1 033

724

0

0

10

ТұранӘлем Банктің еншілес сақтандыру компаниясы "БТА Қамқорлық" АҚ

460 218

807 383

692037

50,3

11

"Коммеск-Өмір" АСК"  АҚ

124 762

179 168

167813

34,5

12

"НОМАД Иншуранс" СК АҚ

23 347

25 465

45788

96,1

13

"ИНТЕРТИЧ" ДС ж  МС ҚК" АҚ

483 629

972 502

1426874

195,1

14

ТұранӘлем Банктің өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы "БТА Өмір" АҚ

485 992

 

773 622

513530

5,6

15

"АТФ Полис" СК " АҚ

214 278

-

-

-

16

"PREMIER САҚТАНДЫРУ" АҚ

783

21 845

24693

3053,6

17

"Қазақмыс" СК" АҚ

61 791

60 515

35483

-42,6

18

"Атланта-Полис"  СК" АҚ

517

9 360

2703

443

19

"ТрансОйл" СК" АҚ

8 057

1 898

2074

-74,2

20

"Нұрполис" Сақтандыру  компаниясы" АҚ

9 292

30 146

29035

212,4

21

"Лондон-Алматы" СК" АҚ БК

2 178

521

1724

-21

22

"Cентрас Иншуранс" СК" АҚ

19 000

60 258

53976

184

23

"ӨСК Мемлекеттік аннуитеттік  компаниясы" АҚ

140 777

368 730

703384

399,6

24

"Астық сақтандыру  компаниясы" АҚ

0

0

0

0

25

"Виктория" СК" АҚ

1 530

552

836

-45,3

26

"АСКО" СК" АҚ

8 130

9 408

9304

14,4

27

"НАСКО-Казахстан"  ҰСК" АҚ

0

0

0

0

28

"Валют-Транзит-Полис"  СК" АҚ

329

-

-

-

29

"Эко Полис"  СК" АҚ

42 808

100 888

83920

96

30

"ЭйАйДжи Казахстан"  СК" АҚ

39 678

78 315

71002

78,5

31

"Казкоммерц-Life" ӨСК"  АҚ

34 746

91 342

281761

711

32

"Валют-Транзит Life" ӨСК АҚ

33 372

53 400

0

0

33

"САЯ" СК" АҚ

9 757

13 712

19055

95,2

34

"Мемлекеттік сақтандыру  корпорациясы" АҚ

237

0

0

0

35

"ЦАСО" СҚ" АҚ

0

0

0

0

36

"Пана Иншуранс" СК"

4 524

2 921

2013

-55,5

37

"Алатау" СК" АҚ

0

0

0

0

38

"Халык-Life" ӨСК"  АҚ

10 404

59 931

449143

4217

39

"Темір Ат" СК" АҚ

0

0

0

0

40

"Чешска поиштовна"  АҚ  ЕК Қазақстан Чех сақтандыру  компаниясы - ӨС" АҚ

102

9 308

-

-

41

"Alliance-Өмірді сақтандыру "Сақтандыру компаниясы АҚ

0

20 772

85670

0

42

"Allianz Kazakhstan СҚ" АҚ

-

159 791

85510

0

43

"Астана-финанс"ӨСК"  АҚ

-

2 169

114274

0

44

АО "Медициналық сақтандыру компаниясы "Архимедес - Казахстан"

-

19 940

264530

0


         Кесте мәліметтерінен көріп  отырғанымыздай   өмірді  сақтандыру  саласы  бойынша Қазақстан Республикасында сақтандыру(қайта  сақтандыру) ұйымдарының саны 2007 жылы 41 және 2008 жылы 44  болса,ол  көрсеткіш 2009 жылы  39 –ға  дейін қысқарған.  Берілген мәліметтер бойынша  «АТФ Полис «СК» АҚ, «Валют-Транзит-Полис «СК» АҚ, «Валют-Транзит Life» ӨСК АҚ және "Чешска поиштовна" АҚ  ЕК Қазақстан Чех сақтандыру компаниясы - ӨС" АҚ компаниялары  2007-2009  жылдар аралыгында өз  қызметтерін тоқтатқан. Жалпы  алғанда   соңғы  3 жыл  ішінде   өмірді  сақатандыру  компанияларының  көбісінде  тұрақты  өсу  байқалады. Мысал  келтіретін  болса, өз қызметін  атқаруымен және де даму темпінің  жылдамдығымен  елеулі  жетістіктерге   жеткен  бірнещше  сақтандыру  ұйымдарын  атап  көрсетуге  болады.Осы  ұйымдардың  ішінде  ең  көзге  түсетін  компания  "Халык-Life" ӨСК" АҚ болып  табылады. Бұл  компанияның  2007 ж төлемдері 10404 мың  теңгені құраса, бұл  көрсеткіш 2009 ж  449143 мың  теңгеге жеткен. Осыған байланысты сол  жылдар  аралығындағы  өсімі 4217% құрады.   Келесі  орынды  "PREMIER САҚТАНДЫРУ" АҚ иеленеді. Оның 2007ж  төлемдері 783 мың т.  болса,2009ж ол  көрсеткіш 24693мың  т.   дейін жетті, ал  өсімі 3053,6% жетті. Ал 3 орынды "Казкоммерц-Life" ӨСК" АҚ алды. Оның 2007ж төлемдері 34746 мың т. құраса, 2009ж ол  көрсеткіш 281761 мың т. жетті, ал  өсімі 771%  құрады.  Сонымен қатар  осы  жылдар  ішінде  керісінше сақтандыру  төлемдері  төмендеген  компаниялар да жоқ  емес. Олардың  ішінде  ең  алғашқы орында "ТрансОйл" СК" АҚ тұр. Кестеден  көріп отырғанымыздай  бұл компанияның 2007ж жүргізген төлемдері 8057мың т.  болса,  ол  көрсеткіш 2009ж 2074 мың т.  төмендеген, сәйкесінше  осы жылдар  аралығында   оның  төлемдері 74,2%  төмендеген. Екінші орынды "Пана Иншуранс" СК" иеленеді. Оның 2007 ж төлемдері 4 524мың т. болса, ал 2009ж ол   2013 мың т. құрады, яғни компанияның төлемдері 55,5% төмендеген. Ал келесі орындарды Виктория" СК" АҚ,  "АМСГ" СК" АҚ,  "Лондон-Алматы" СК" АҚ БК компаниялары өзара бөліскен. Олардың төлемдері сәйкесінше 42,6%, 27,6% және 21%  төмендеген. Өкінішке  орай, бұл берілген тізімде мүлдем  3 жыл бойына да ешқандай   іс  жүргізбеген компаниялар да  бар. Олар: "ЦАСО" СҚ" АҚ,  "Астық сақтандыру компаниясы" АҚ, "Темір Ат" СК" АҚ және т.б  компаниялар  болып  табылады.

 

 

2.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының проблемалары мен даму тенденциялары.

 

 

    Бүгінгі таңда сақтандыру нарығының даму проблемаларының негізгілері болып республикада өмірді және жеке басты сақтандырудың басқа түрлерінің, сақтандыру ұйымдарын корпоративті басқару жүйелерін енгізудің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметі туралы статистикалық және өзге де мәліметтер базасының қол жетерлігін қалыптастыру мен қамтамасыз етудің жеткілікті түрде дамымауы табылады.

     Сақтандыру секторының проблемаларының ішінде келесілерді атап өткен жөн:

  • ұзақ мерзімді және өмірді жинақтаушы сақтандыруды қосқанда, ерікті сақтандыру бойынша ұсынылатын қызметтердің шектеулігі;
  • сақтандыру өнімдерінің (сақтандырудың міндетті түрлерінен басқа, бұнда ақы заңдылық негізінде бекітіледі) айтарлықтай қымбат тұруы және оларға сұраныстың төмендігі;
  • нарықтағы бірқатар сақтандыру ұйымдарының жеткіліксіз белсенділігі;
  • сақтанушылардың сақтандыруға, атап айтқанда өмірді сақтандыруға қызығушылығының төмендігі;
  • сақтандыру ұйымдарының өздерінің тәуекелдерін дұрыс басқара алмауы (анықтау, бағалау, есеп беру);
  • сақтандыру ұйымдарының жинақтаушы өмірді сақтандыру келісім-шарттары бойынша сақтанушыларға қарыз беру жүйесінің дамымауы;
  • халықтың сақтандыру нарығына деген сенімділігінің төмендігі, сақтандыру ұйымдарындағы қызмет көрсету сапасының төмендігі;
  • сақтандыру бизнесі облысындағы алдап-сулаушылық.

     Сақтандыру нарығының құқықтық базасындағы едәуір өзгерістердің, сондай-ақ жоғарыда атп өткен проблемаларды шешу жолындағы шаралар ішінде Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамытудың 2006-2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын ерекше атап өткен жөн. Мақсаты – ұлттық сақтандыру индустриясын одан әрі реформалау. Бағдарламаның алдына қойған негізгі жұмыстары:

  • жеке басты сақтандыруды, соның ішінде оның жинақтаушы және ұзақ мерзімді түрлерін дамыту;
  • өзара сақтандыру жүйесін дамыту;
  • халықтың сақтық мәдениетін жоғарылату;
  • сақтандыру ісінің ақпараттық және автоматизация деңгейін жоғарылату;
  • міндетті сақтандыру облысында мемлекеттік саясатты дайындау және сақтандыру нарығының инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру;
  • сақтандыру аясындағы мамандардың мамандану дәрежесін дайындау және жоғарылату;
  • сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау стандарттарын жоғарылату;
  • қайта сақтандыру және бірлесіп сақтандыру тетіктерін жетілдіру.

    Осы бағдарламадан күтілетін нәтижелер:

  • ұлттық сақтандыру индустриясының тұрақтылығы мен сенімділігін бекіту;
  • жеке сақтандыруға деген сұранысты қалыптастыру;
  • сақтандыру нарығының қазіргі заманға сәйкес инфрақұрылымын қалыптастыру;
  • халықтың сақтық мәдениет деңгейін жоғарылату;
  • міндетті сақтандырудың тиімді жүйесін құру;
  • сақтандыру аясындағы кадрлық әлеуетті жақсарту;
  • жаңа сақтандыру өнімдері мен технологияларын енгізу;
  • сақтандыру қызметтеріның сапасын жақсарту;
  • сақтандыру нарығының қатысушыларын қадағалау мен реттеудің тиімділігін жоғарылату.

     Сақтандыру ұйымдарының қызметінің стандарттарын белгілеу, ұжымдық басқаруды жақсартуды ынталандыру және жинақтаушы өмірді сақтандыруды дамыту үшін ынталандырушы жағдайлар қалыптастыру мақсатында 2004 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының  “Қазақстан Республикасының салық салу бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы” Заңына бірқатар өзгерістер енгізілді. Осы Заң бойынша аннуитеттік сақтандыру бойынша ұжымдық табыс салығының мөлшерлемесін алынуға тиіс сақтандыру сыйақыларының сомасынан 2%-нан 1%-ға төмендетті. Сондай-ақ, 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалар мен оларға жұмыс берушілерді жинақтаушы сақтандыруға, соның ішінде аннуитеттік сақтандыруға деген қызығушылығын жоғарылату мақсатында келесідей өзгерістер күшіне енді:

  • жинақтаушы сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақыларын төлеуге бағытталған  табысқа салық салу сақтандыру төлемдерін алатын уақытқа ауыстырылады;
  • жұмыс берушінің өз жұмысшысының пайдасына жинақтаушы сақтандыру бойынша төлеген сақтандыру сыйақыларының сомасы жұмысшының табысы саналмайды;
  • жеке тұлғаның өз пайдасына жинақтаушы сақтандыру келісімдері бойынша енгізген сақтандыру сыйақыларының сомасы толық көлемінде алуға жіберіледі.

    Нарықтың негізгі  көрсеткіштерін, соның ішінде нарық сыйымдылығын арттыру және шетелде қайта сақтандыру үлесін төмендетуді ынталандыру мақсатында Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігі сақтандыру ұйымдарының капитализациялаудың үш жылдық жоспарын дайындады. Сонымен қатар, осы бағдарламаның мақсаты болып сақтандыру ұйымдарының жеткіліктілігінің негізгі көрсеткіштерін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру табылады. Бұл өз кезегінде ұйымдардың қаржылық жағдайын нығайтуға және сақтанушылардың тарапынан сенімділіктің жоғарылауына көмегін тигізеді. Жаһандану және интеграция жағдайларында эффективті сақтандыру секторы жалпы инвестициялық қызықтылығы жағынан да, жеке ірі жобаларды жүзеге асыру жағынан да тиімді. Кешенді түрде сапалы сақтандыру қор нарықтарындағы қаражаттардың шоғырлануына, арзандау несие ресурстарын тартуға және шетел компанияларымен келісім-шарт жасасуға көмегін тигізеді.

   Қазіргі кезде әлемдік тәжірибені пайдалану, жаһанды масштаб бағдарламаларына қатысу қажеттілігі анық көрінуде. Және де қазіргі кездегі Қазақстанның сақтандыру нарығындағы позитивті тенденцияларды қарай отырып, 2010 жылға қарсы біз әлеуметтік және қаржылық қауіпсіздікті максималды қамтамасыз ететін жан-жақты дамыған қаржы қызметтерінің нарығына жетеміз деп айтуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.   САҚТАНДЫРУ  НАРЫҒЫН   ДАМЫТУ   ЖОЛДАРЫ

 

  3.1 Сақтандыру  нарығының    қызмет  етуінің   шетелдік   тәжірибесі

 

 

Шетелдік тәжірибе ретінде  мен еліміздің экономикалық, саяси  және басқа 

да қатынастары бойынша  серіктес елдерінің сақтандыру нарықтары  жайлы айтқым келіп отыр. Осылайша, мен Қытай Халық Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының нарықтарын қарастырып өтпекпін.

     Қытай Халық Республикасының сақтандыру нарығы. Сақтандыру нарығы Қытайдың ақша-несие нарығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қытай Халық Республикасындағы сақтандыру негізінен мүлікті сақтандыру, азаматтық жауапкершілікті сақтандыру, кепілді сақтандыру және жеке сақтандыру сияқты төрт негізгі сақтандыру түріне бөлінеді. Қазіргі кезде Қытайда сақтандыру компаниялары сақтандырудың 400 түрі бойынша қызмет көрсетеді. Қытайдың сақтандыру мекемелерінің ішінде ерікті және міндетті болып бөлінетін қайта сақтандыру операциялары кеңінен тараған.

     Реформалардың тереңдеуі және Қытай Халық Республикасының сақтандыру нарығының ашыла түсуіне байланысты сақтандыру операцияларының, әсіресе өмірді сақтандыру операцияларының қарқынды дамуы өтіп жатты. Егер 2006 жылы өмірді сақтандырудан түсетін табыстар сақтандыру табыстарының 55%-н құраса, 2007 жылы 60%-ды құрады. 2007 жылы Қытай Халық Республикасының сақтандыру саласының табыстары 124,7 млрд юань (15 млрд $), оның ішінде 49,96 млрд юань (8,2 млрд $) - мүлікті сақтандырудан, 68,3 млрд юань (8,2 млрд $) - өмірді сақтандырудан түссе, қалған сақтандыру операцияларынан түскен табыс - 6,5 млрд юань немесе 783 млн $ құрады. Дәл сол жылы мүліктік нұқсандар бойынша және қысқа мерзімді жеке сақтандыру бойынша өтемдер 31,8 млрд юань (3,8 млрд $) құрады. Өмірді сақтандыру бойынша өтемдер 23,8 млрд юань немесе 2,9 млрд $ құрады. Қытай Халық Республикасының ұлттық экономикасындағы сақтандыру саласының үлесі жылдан-жылға өсуде. Осылайша, ЖІӨдегі сақтандыру саласының үлесі 2002 жылы 0,25%-дан 2007 жылы 1,48%-ға дейін өсті. Соңғы 6 жылы Қытай Халық Республикасының сақтандыру саласының орташа жылдық өсу қарқыны 34% құрайды. Бұл жайлы 4-кесте мәліметтерінен көруге болады.

 

3 кесте - Қытайдағы сақтандыру саласының 2002-2007 жылдардағы табыстары. (млрд юань)

Жыл

2002

2003

2004

2005

2006

2007

Табыс

59,5

77,7

108,0

124,7

210,9

388,0

Информация о работе Сактандыру нарыгы