Халықаралық стандарт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 23:26, реферат

Описание

Оқу практикасы 2010-2011 оқу жылында «Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасында өтті. Оқу практикасы барысында халықаралық стандарттармен, осы стандарттарды қолданыста ұстайтын дүниежүзілік ұйымдармен және халықаралық стандарттар ұйымдармен танысып, стандарттарға талдау жасадық. Сонымен қатар компьютер құрылғылары мен программаларымен таныстық. Жоғарыда көрсетілген мәліметтермен қоса жеке тапсырма орындадым. Отандық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіру -бәсекелестікті арттыруда негізгі мүмкіндігі, нышаны екеніне көзім жетті.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Халықаралық стандарттарды кірістіру негізі – сапалы өнім
2. Өндіріске ИСО халықаралық стандарттарын енгізу жұмыстарын талдау
3. Техникалық реттеу жүйесін жетілдіру мақсаты
4. ИСО және экологиялық менеджмент мәселесі
5. Қазақстан ИСО ұйымының мүшесі ретінде
6. “Техникалық реттеу туралы” ҚР Заңы. Халықаралық стандарттарға шолу
Қорытынды
Пайданылған әдебиет

Работа состоит из  1 файл

Сис.реферат.doc

— 147.50 Кб (Скачать документ)

ИСО тәжірибесінің негізінде тұрақты жетілдірілуге ұмтылу тұрады. Бұндай көзқарас қауіпсіз өнімді шығаруға және көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Экономикалық дамыған елдер басқарудың озық құралдарын қолданудың экономикалық тиімділігін әлдеқайда жоғары бағалаған болатын.

Мысал ретінде, Финляндияда орналасқан аты әлемге әйгілі «RAUTARUUKKI» металлургиялық зауытын алсақ та болады. Аталған зауыттың мамандары мүлтіксіздікке жету мүмкін емес деген пікірді ұстанады. Бұл кәсіпорында ХС ИСО енгізілген. Дегенмен, кәсіпорын басшылары тексеріспен келетін аудиторлардың кемшілікті аз табуы – мекеменің нарық заманында алға жылжуына көп кедергі келтіреді деп есептейді екен. Яғни, мұнда сынға кеңінен жол беру арқылы өздерін шыңдауға бейімделген.

ДСҰ елдері халықаралық стандарттарға сай жұмыс жасайтын серіктестермен ғана тізе түйістіре қызмет атқарады десек, алдағы уақытта Қазақстан да бұл талаптарды толық орындап келеді.

5.     Қазақстан ИСО ұйымының мүшесі ретінде

Стандарттаудың халықаралық қолдауға ие болғаны мәлім және де ол экономиканы басқарудың бірден-бір тетігі болып табылады, сонымен қатар бәсекелестік, инновацияларды енгізу, саудадағы кедергілерді жою, сауданы кеңейту, тұтынушы міндеттерін қорғау, қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік жеткізулер және т.б. секілді мемлекеттік саясаттың бірқатар бағыттарын қолдаудың шешуші факторы болып табылады. ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңымен техникалық реттеудің халықаралық жүйесіне көшу барысында стандарттарды қолданудың аумағы айтарлықтай кеңейді.

1994 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО) және Халықаралық заң шығарушы метрология ұйымының (МОЗМ) толық құқықты мүшесі, ал 2004 жылдан бастап, Халықаралық электротехникалық комиссияның (МЭК) бақылаушы мүшесі.

Сөйтіп, ұлттық қауіпсіздік пен тәуелсіздіктің жаңа сапалы деңгейіне, азаматтардың сапалы және тұғырлы тірлігіне бет ала отырып, Егемен Қазақстан стандарттаудың дамуындағы өз таңдауын жасады.

1997 жылы Стандарттар мен стандартты үлгілердің мемлекеттік ақпараттық орталығы, ал одан кейін 2000 жылы оның негізінде Қазақстан Стандарттау мен сертификаттау институты құрылды.

Қазіргі кезде Қазақстан Стандарттау мен сертификаттау институты — стандарттауды дамыту саласындағы жетекші кәсіпорынның бірі. Республикадағы әрбір облыстық орталықта филиалдар мен өкілеттіліктер құрылып, жұмыс атқаруда.

Өзінің тарихында Стандарттау мен сертификаттау институты техникалық реттеу жүйесінің қайта құрылу шегіндегі үлкен және маңызды жұмыс атқарды және атқарып келеді, ол ұлттық стандарттар тұғырын құрудың, сапа менеджменті жүйелерін дамытудың негізін қалаған. Қазақстан экономикасының шынайы секторының өкілдері болып келетін барлық отандық тауар өндірушілер осы институттың қызмет көрсететініне назар аударғаны жөн.

Стандарттау бұрыннан-ақ халықаралық қолдауға ие болды. Сонымен қатар, ол экономиканы тиімді басқарудың қолайлы жолы болып табылады. Ол қоғамдағы бәсекелестік, инновацияларды енгізу, саудадағы кедергілерді жою, сауданы кеңейту, тұтынушы міндеттерін, қоршаған ортаны қорғау және тағы да бірқатар маңызды мемлекеттік саясаттың бағыттарын қолдаудың факторы болып табылады.  ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңымен техникалық реттеудің халықаралық жүйесіне көшу барысында стандарттарды қолдаудың аумағы айтарлықтай кеңейді.

Үстіміздегі жылдың 16 – 18 қыркүйек аралығында Кейптаунда ИСО – Халықаралық стандарттау ұйымының 162 елді біріктіретін 32-ші Бас Ассамблеясы өтті, бұнда Қазақстан ашық сайлау арқылы ИСО кеңесіне 2011 жылға дейін екі жылдық мерзімге сайланды. Қазақстан кандидатурасын ИСО кеңесіне әлемнің АҚШ, Жапония, Израиль, Австрия, Польша, ОАР және басқа да елдері ұсынды және олардың жоғары өлшемдер мен талаптар қойғанын айтпай кетуге болмайды. Бұл, ең алдымен, стандарттардың үйлестірілу деңгейі, ИСО техникалық комитеттеріне қатысуы, экономиканың даму деңгейі. ИСО кеңесі басқарушы орган болып табылады және берілген ұйымның саясатын анықтайды. Берілген бағытта Қазақстан Республикасы ИСО жұмысына белсенді қатысады және халықаралық стандарттарды дайындаумен айналысатын жетпіске жуық ИСО техникалық комитеттерінің мүшесі болып табылады.

ИСО кеңесінің жұмысына қатысу, біздің мемлекетімізге және Орталық Азия аумағының барлық елдеріне халықаралық стандарттау саласындағы стратегияны жасау мен құрастыруға белсенді қатысуға, ғаламдық мәселелерді шешуде өз ойларын ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанда стандарттауды дамытуға қосымша серпін береді, республиканың  экономика секторының дамуына, кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға белсенді ауысуына ықпалын тигізеді.

Халықаралық стандарттар саясаткерлерге, өнеркәсіптер мен тұтынушыларға климаттың өзгеруіне бірлесіп қарсы тұруға қажетті жалпы тетіктерді ұсынады.

Киото хаттамасына сәйкес, жуырдағы жылдарда климаттың өзгеруіне қарсы тұру үшін Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО), Халықаралық заң шығарушы метрология ұйымы (МОЗМ), Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК) сияқты халықаралық ұйымдар халық пен жеке сектор іс-тәжірибелік шешімдерін қабылдауға қатыса алады, қандай да болмасын  халықаралық  келісімнің бір бөлігі есебінде пайдаланыла алатын кешенді жүйені ұсынады.

Қазіргі таңда олар басқа да халықаралық ұйымдармен бірлесіп, 2009 жылдың 7-18 желтоқсан аралығында, Копенгагенде (Дания) өтетін  климаттың өзгеруі бойынша Бірлескен Ұлттар Конференциясының қатысушыларын қазірде бар және болашақта шығарылатын халықаралық стандарттар ұсынатын шешімдер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуде.

– Қазіргі таңда Қазақстанның алдында экономиканы индустрияландыру мен отандық тауар өндірушілерге ең жақсы жағдай жасау міндеті тұр. Алға қойылған міндетті шешу үшін техникалық реттеудің тұтқасы ретінде стандарттауды тиімді қолдану үлкен мәнге ие. Бұл жөнінде Елбасы өзінің Жол­­дауында “Қазақстанның халықаралық экономикалық алаңда бәсекелестікке толыққанды қатысуы халықаралық техникалық стандарттарды орындауды қажет етеді” деп атап өткен болатын. Сіздерді, өнімді дайындаушы және тұтынушылар және барлық басқа да мүдделі талаптарды жұмысқа қосылу­­ларыңызды және белсенді қатысуларыңызды сұраймыз. Стандарттау ықпалын күшейту, дәлірек айтқанда, үйлестірілген стандарттардың үлесін арттыруға ұмтылу – нақты қажеттілік болуға тиіс және рынокта, тең құқылы серіктестікке экономикалық пайда көруге, рынокта өнімнің өтуін кеңейту кілті бо­­латынын атап өткім келеді. Сонымен қатар кез келген уақытта және кез келген рынокта бағаланатын бірден-бір экономикалық шама-өнімнің және көрсетілетін қызметтің сапасы, қауіпсіздігі және құнды­­­лығы болатынын үнемі ескеру керек. Сапа  менеджменті, экологиялық менеджмент, (ИСО 14000) және т.б. жүйелерін әзірлеу және енгізу арқылы немесе әр түрлі жолмен жетуге және растауға болады, – деді өз сөзінде “Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты” РМК Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің басшысы Г.Ж.Шарапат.

“Қазақстан метрология институты” РМК бас директоры В.Н.Михалченко Қазақстанда қазіргі таңдағы өлшем құралдарымен қамтамасыз ету жүйесінің қарқынды дамып келе жатқандығы туралы баяндаса, “Халықаралық аккредиттеу орталығы” ЖШС-нің маманы К.Х.Әбенова “Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдарға арналған Қазақстан халқына Жолауын іске асыруда “Халықаралық аккредиттеу орталығы” ЖШС-нің алға қойған мақсаттарды іске асыру жөнінде атқарылып жатқан жұмыс­­тары жөнінде қысқаша баяндама жасады. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті директоры Ә.Б.Бапалақов “Енгізілген тәуекелділік бағалау жүйесі аясында техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бағалауды дамыту және жетілдіру туралы” баян етіп, бұл үш бағытта асырылып жатқандығын айтты. Олар:  Қазақстан Республикасында шығарылатын немесе шет елдерден әкелінетін өнімді өткізу (сату) кезінде қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылау; мемлекеттік метрологиялық бақылау; тауардың шығу тегі жөнінде сертификаттың тәртібін сақтауға мемлекеттік бақылау.

6.“Техникалық реттеу туралы” ҚР Заңы. Халықаралық стандарттарға шолу

Еліміздегі болып жатқан осыншама көп шаралар заңнамаға жаңа толықтырулар енгізуді талап етеді. Соған дәлел ретінде, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 39 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шетел мемлекеттерінің ережесі мен ұсынымдарын есепке алу және қолдану ережесінің негізгі толықтыруларын көрсетуді жөн деп санадым.(Ережедегі халықаралық стандарттауға қатысты пунктер ғана келтірілген!)

Осы Қазақстан Республикасы аумағында стан­дарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарт­тарды, техникалық-экономикалық ақпарат жік­теуіш­терін, шетел мемлекеттерінің ережесі мен ұсынымдарын есепке алу және қолдану ережесі (бұдан әрі – Ереже) “Техникалық реттеу туралы” Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына сәйкес әзірленді. Осы Ереже халықаралық стандарттарға және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына қолданылмайды (бұдан әрі – халықаралық стандарттарға және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары), оны өнімдерді өндіру, процестерді, жұ­мыстарды орындау және қызмет көрсету сала­сын­дағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және эксперимент жұмыстары кезінде қолдану жоспарланады.

Осы Ереже Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес немесе Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдерінің құрылысындағы техникалық нормалау және стандарттау жөніндегі мемлекет­аралық ғылыми-техникалық комиссия қабылдаған өңірлік стандарттарға таралмайды. Осы заңда мынадай  ұғымдар пайдаланады:

1) өзара алмасымдылық – бір бұйымның, процестің, көрсетілетін қызметтің дәл сондай бір талаптарды орындау мақсатында басқа бұйымның, процестің, қызмет көрсетудің орнына пайдалануға жарамдылығы;

2) мемлекеттік стандарттау – бір елдің деңгейінде жүргізілетін стандарттау;

3) техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктегіші - өнімнің, процесстердің, қызмет көрсетулердің техникалық- экономикалық ақпарат объектілерінің жіктелген топтарының кодтары мен атауларының жүйелендірілген жиынтығын білдіретін стандарттау жөніндегі құжат; <*>

4) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау – стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің міндетті талаптардың бұзылу фактілерін анықтауға, олардың жолын кесуге, оларды жоюға бағытталған қызметі; <*>

5) <*>

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартта жүйесі - өз құзыреттері шегінде стандарттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасында стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы; <*>

7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты – стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен,  тұтынушылардың қалың көпшілігінің  қолы жетімді  стандарт; <*>

8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттар қоры - Қазақстан Республикасының аумағында сақталуға міндетті стандарттардан, техникалық регламенттер мен құжаттардан тұратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдарына мамандандырылған қорларының жиынтығы;

9) мемлекетаралық стандарттау – мемлекетаралық мүддені білдіретін объектілерді стандарттау;

10) мемлекетаралық стандарт – Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің құрылысында Стандарттау және техникалық нормалау жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссия қабылдаған, олар тікелей қолданатын стандарт; <*>

11) стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым - әрбір елдің тиісті стандарттау метрология және сертификаттау жөніндегі тиісті мемлекеттік көрсетулердің нақты түріне қоыйлатын талаптарды белгілейтін, бір заңды немесе жеке тұлға әзірлеген  және тек сол жеке немесе заңды тұлға ғана қолданатын құжат;

12) халықаралық стандарттау – барлық елдердің тиісті органдарының қатысуы үшін ашық стандарттау;

13) халықаралық стандарт – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған тұтынуылардың көпшілігінің қолы жетімді стандарт;

14) ұлттық стандарт - стандарттау жөніндегі ұлттық орган қабылдаған тұтынуылардың көпшілігінің қолы жетімді стандарт;

15) стандарттау жөніндегі нормативтік құжат – стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне және олардың нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжат;

16) стандарттау саласы – стандарттаудың өзара байланысты объектілерінің жиынтығы;

17) мемлекеттік басқару органы - өнімнің сипаттамаларын немесе онымен байланысты сақталуы міндетті болып табылатын өндіріс процестері (жұмыстары) мен әдістерін өз құзыретінің шегінде белгілейтін орган;

18) негіз қалаушы стандарт – көп салада қолдануға болатын немесе белгілі бір салаға арналған жалпы ережелерді қамтитын құжат;

18 – 1) салалық стандарт – салалық маңызы бар өнімдерге, процестер (жұмыстар) мен қызмет көрсетулерге қойылатын талаптары бар стандарт;

19) стандарттау жөніндегі аймақтық ұйым – тек бір географиялық, саяси немесе экономикалық аймақтағы әрбір елдің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі тиісті мемлекеттік органының мүше болуы үшін ашық стандарттау жөніндегі ұйым;

20) аймақтық стандарттау - әлемнің тек бір ғана географиялық, саяси немесе экономикалық аймағы елдерінің тиісті органдарының қатысуы үшін ашық стандарттау;

Информация о работе Халықаралық стандарт