Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 23:26, реферат
Оқу практикасы 2010-2011 оқу жылында «Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасында өтті. Оқу практикасы барысында халықаралық стандарттармен, осы стандарттарды қолданыста ұстайтын дүниежүзілік ұйымдармен және халықаралық стандарттар ұйымдармен танысып, стандарттарға талдау жасадық. Сонымен қатар компьютер құрылғылары мен программаларымен таныстық. Жоғарыда көрсетілген мәліметтермен қоса жеке тапсырма орындадым. Отандық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіру -бәсекелестікті арттыруда негізгі мүмкіндігі, нышаны екеніне көзім жетті.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Халықаралық стандарттарды кірістіру негізі – сапалы өнім
2. Өндіріске ИСО халықаралық стандарттарын енгізу жұмыстарын талдау
3. Техникалық реттеу жүйесін жетілдіру мақсаты
4. ИСО және экологиялық менеджмент мәселесі
5. Қазақстан ИСО ұйымының мүшесі ретінде
6. “Техникалық реттеу туралы” ҚР Заңы. Халықаралық стандарттарға шолу
Қорытынды
Пайданылған әдебиет
Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есептік тіркеуді уәкілетті орган жүргізеді.
26. Есептік тіркеу уәкілетті орган халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды мемлекеттік стандарттар ретінде, ал ТМД елдерінің стандарттарын мемлекеттік немесе мемлекетаралық стандарттар ретінде, бірақ халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттардың қолданылу мерзімінен артық емес қолдану туралы шешім қабылдағанға дейінгі мерзімде, сонымен қоса өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенше қолданылады.
27. Есептік тіркеуден өткен халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын, сондай-ақ нормативтік сілтемелерді өзекті етуге оларды пайдаланушылар жүргізеді.
28. Есептік тіркеу жүргізу туралы шешім қабылданған халықаралық стандарттар мен шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың (олардың ресми аудармаларында) мұқабаларында (титул беттерінде) мыналар көрсетіліп мөртабан басылады:
1) уәкілетті тіркеу органының шартты сандық белгісі мен атауы;
2) есептік тіркеу нөмірі;
3) тіркелген күні.
Мөртабан мұқабада төменгі немесе оң жағы бұрышына қойылады.
Шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары мен халықаралық стандарттарының материалдарына есептік тіркеу жүргізгеннен кейін уәкілетті орган Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорына тапсырады.
29. Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қарау мерзімі есептік тіркеу жүргізуге уәкілетті органға ұсынған күннен бастап 30 күнтізбелік күнді құрайды.
30. Уәкілетті орган мүдделі тұлғаларды есептік тіркеу жүргізуге бас тарту туралы оның себептерін көрсете отырып, жазбаша түрінде хабарлайды.
31. Есептік тіркеуден өткен халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары аталған стандарттар мен стандарттау жөніндегі құжаттардың әрекеті қолданылатын объектілерге қойылатын өзге де міндетті талаптарды белгілейтін техникалық регламент қабылданған жағдайда қолдануға жатпайды.
Халықаралық немесе өңірлік стандарттарды пайдалану үшін ең әуелі шешілуі тиіс мәселелерді дәлме-дәл анықтай отырып, сол стандарттарды пайдаланудан түсуі ықтимал пайдаға талдау жасап, регламенттердің баскадай барлык мүмкін нұсқаларын қарастырғаннан кейін ғана тиісті шешім қабылдануы керек. Мұндай тәсіл регламенттеуден жоғарғы көлемде пайда алуды қамтамасыз етіп, отандык және халықаралық рыноктағы бизнестік шығынды азайтуға мүмкіндік береді.
Егер техникалық регламенттерде халыкаралық немесе өңірлік стандарт талаптарынан өзгеше нұсқаулар көрсетілуі қажет болса онда олар ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне, нақтылы статистикалық мәліметтерге, халықаралық құзыретті ұйымдардың шынайы ақпараттарына негізделуі тиіс. Сондай-ақ әзірлену үстіндегі техникалық стандартты мемлекеттің халықаралық міндеттерімен және шетелдік аналогтармен үйлестіру қажет.
Қолданыстағы техникалық регламенттерді бір елден екінші елге автоматты түрде көшірудің көптеген шығын әкелуі немесе көшіруші елге берер пайдасы аз болуы мүмкін. Сондықтан мұндай қадамға өте ойлана отырып барған жөн.
Қазіргі таңда Қазақстанның алдында экономиканы индустрияландыру мен отандық тауар өндірушілерге ең жақсы жағдай жасау міндеті тұр. Алға қойылған міндетті шешу үшін техникалық реттеудің тұтқасы ретінде стандарттауды тиімді қолдану үлкен мәнге ие. Бұл жөнінде Елбасы өзінің Жолдауында “Қазақстанның халықаралық экономикалық алаңда бәсекелестікке толыққанды қатысуы халықаралық техникалық стандарттарды орындауды қажет етеді” деп атап өткен болатын. Сіздерді, өнімді дайындаушы және тұтынушылар және барлық басқа да мүдделі талаптарды жұмысқа қосылуларыңызды және белсенді қатысуларыңызды сұраймыз. Стандарттау ықпалын күшейту, дәлірек айтқанда, үйлестірілген стандарттардың үлесін арттыруға ұмтылу – нақты қажеттілік болуға тиіс және рынокта, тең құқылы серіктестікке экономикалық пайда көруге, рынокта өнімнің өтуін кеңейту кілті болатынын атап өткім келеді. Сонымен қатар кез келген уақытта және кез келген рынокта бағаланатын бірден-бір экономикалық шама-өнімнің және көрсетілетін қызметтің сапасы, қауіпсіздігі және құндылығы болатынын үнемі ескеру керек.
Осылайша стандарттау және техникалык реттеудің қазақстандық жүйесін халықаралық жүйемен жоғарғы деңгейде үйлестіре алсақ Президентіміздің бастамасы бойынша жүріп жатқан бәсекелестікке қабілетті алдыңғы елу елдің қатарына кіру жолында қарышты қадам жасаған болар едік.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Егемен Қазақстан. – 2007.- 24тамыз (№ 267-269).-3б.
2. Техникалық реттеу туралы” Қазақстан Республикасының Заңы
3. Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана (29 января 2010 года).
4. Канатчинова А.К. Промышленная политика государства в переходный период (регулирование проблемы перспективы). Кн.1-Алматы: Гылым. 1999.