Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 23:26, реферат
Оқу практикасы 2010-2011 оқу жылында «Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасында өтті. Оқу практикасы барысында халықаралық стандарттармен, осы стандарттарды қолданыста ұстайтын дүниежүзілік ұйымдармен және халықаралық стандарттар ұйымдармен танысып, стандарттарға талдау жасадық. Сонымен қатар компьютер құрылғылары мен программаларымен таныстық. Жоғарыда көрсетілген мәліметтермен қоса жеке тапсырма орындадым. Отандық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіру -бәсекелестікті арттыруда негізгі мүмкіндігі, нышаны екеніне көзім жетті.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Халықаралық стандарттарды кірістіру негізі – сапалы өнім
2. Өндіріске ИСО халықаралық стандарттарын енгізу жұмыстарын талдау
3. Техникалық реттеу жүйесін жетілдіру мақсаты
4. ИСО және экологиялық менеджмент мәселесі
5. Қазақстан ИСО ұйымының мүшесі ретінде
6. “Техникалық реттеу туралы” ҚР Заңы. Халықаралық стандарттарға шолу
Қорытынды
Пайданылған әдебиет
21) аймақтық стандарт – стандарттау жөніндегі аймақтық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігінің қолы жетімді стандарт;
22) мемлекеттік стандарттау жүйесінің тізілімі - стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы объектілердің, жұмыстарға қатысушылар мен құжаттардың тіркелуін есепке алу құжаты;
23) стандарттау жүйесі – стандарттауға қатысушылардың, өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы;
23 – 1) өнімді каталогтау жүйесі - өндірілетін өнімнің сипаттамалары мен дайындаушылары туралы белгіленген тәртіппен ақпарат жинауды және беруді қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық – техникалық жүйе;
24) сыйысымдылық - өнімнің, процестердің (жұмыстардың), қызмет көрсетулердің белгіленген талаптарды қойылған шарттарға орай бірлесе орындау үшін пайдалануда жағымсыз салдарларды тудырмайтын жарамдылығы;
25) стандарт – мүдделі талаптардың келісімі негізінде әзірленген және қызметтің әр түріне немесе олардың нәтижелеріне қатысты жаппай және көп мәрте пайдалану үшін ережелер, жалпы принциптер немесе сипаттамалар белгіленетін құжат;
26) стандарттау – нақты бар немесе ықтимал міндеттерге қатысты жаппай және көп мәрте пайдалану үшін белгілі бір салада ережелерді реттеудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған қызмет;
27) техникалық шарттар – нақты өнімге, процестерге (жұмыстарға), көрсетілетін қызметтерге немесе өнімнің бірнеше түріне қойылатын техникалық талаптарды белгілейтін стандарттау жөніндегі нормативтік құжат;
28) стандарттау жөніндегі техникалық комитет – экономиканың белгілі бір саласында мемлекеттік стандарттарды әзірлеу және салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін мүдделі заңды тұлғалардың базасында құрылатын стандарттау жөніндегі жұмыс органы;
29) техникалық регламент – стандартқа немесе ережелерге тікелей не оларға сілтеме жасау арқылы, не осы құжаттардың мазмұнын енгізу арқылы міндетті талаптар белгілейтін нормативтік құжат. Ол сондай – ақ терминологияға, белгілеулерге, буып – түюге, таңбалауға, олар өнімге, процеске (жұмысқа), қызмет көрсетуге немесе өндірістің әдісіне қолданылатын дәрежеде талаптарды қамтуы немесе ерекше мазмұндауы мүмкін;
29 – 1) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган - стандарттау, метрология және сертификаттау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
30) фирмалық стандарт - өнімнің, процестің (жұмыстың), қызмет көрсетулердің нақты түріне қойылатын талаптарды белгілейтін, бір заңды немесе жеке тұлға әзірлеген және тек сол жеке немесе заңды тұлға ғана қолданатын құжат;
31) стандарттау жөніндегі сарапшы - аудитор – стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен стандарттау саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталған жеке тұлға. <*>
Ескерту. 1 – бапқа өзгеріс енгізілді – Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы №432 Заңымен.
1. Жалпы ережелер
1. Халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары өнімнің, процестердің қауіпсіздігіне байланысты мемлекеттік қадағалау органдарымен олардың құзыреті шегінде, келісуге жатады.
2. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасы мүшелігі болып табылмайтын халықаралық және өңірлік ұйымдардың стандарттарын қолдану келісім-шарттарда және шарттарда көрсетілген стандарттарда сілтеме болған кезде жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік стандарттардың халықаралық және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына сәйкестік дәрежесі туралы ақпарат қалыптастырылатын электронды деректер қорына, мемлекеттік стандарттары бойынша каталогтар мен сілтемелерге кіреді.
4. Халықаралық стандарттарға және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына бұрын енгізілген өзгертулер мен толықтырулар олардың ажыратылмайтын бөлігі ретінде ескеріледі және қолданылады.
5. Стандарттау жөніндегі халықаралық және шетелдік нормативтік қүжаттардың есептік тіркеуден өтетіні туралы ресми ақпарат жарияланғаннан кейін, олардың қолданылуына мүдделі жеке және заңды тұлғалар өнімнің, процестің қауіпсіздігіне мемлекеттік қадағалау органдарымен келісуден өтудің қосымша процедурасынан өтпей құжат пайдаланушы қатарына кіргізіледі.
24-бап. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды, шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары мен стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарын қолдану
1. Қазақстан Республикасының аумағында осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сай келетiн халықаралық және өңiрлiк стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, ережелер, нұсқаулықтар мен ұсынымдар, шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөнiндегi ережелерi, нормалары мен ұсынымдары қолданылуы мүмкін.
2. Халықаралық және өңiрлiк стандарттарды, шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары ретiнде қолдану үшiн:
1) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарға мүшелiгі;
2) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында стандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы екi жақты (көп жақты) шарттардың (келiсiмдердiң) болуы қажеттi талап болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы мүше болып табылмайтын халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының қолдануы көрсетiлген стандарттарға келiсiм-шарттар мен шарттарда сiлтеме болған жағдайда жүзеге асырылады.
4. Халықаралық және өңiрлiк стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуіштерiн, ережелер мен ұсынымдарды, сондай-ақ шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттарын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға тиiс халықаралық өңірлік стандарттар, ұлттық стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға және олармен үйлестiрiлген стандарттарға қайшы келмеуге, сапалық көрсеткіштері бойынша мемлекеттік стандарттардан төмен болмауға және олардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен келiсiлуге тиiс.
6. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық және өңiрлiк стандарттар мен стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарымен және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарымен бiрдей әрi тең дәрежеде қолданылады.
7. Шет мемлекеттер ұйымдарының стандарттарын қолдану көрсетiлген стандарттарды қолдануға құқық беретiн олардың түпнұсқасын ұстаушы ұйымдармен жасалған шарттар (рұқсаттар) негiзiнде жүзеге асырылады.
25-бап. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлау
1. Қазақстан Республикасы экономикасының салаларындағы басым бағыттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттерiнiң, жеке және заңды тұлғаларының ұсыныстары негізiндегi стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламалары уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен бекiтiледi.
2. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеген кезде Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптар, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк және экономикалық дамуының жоспарлары мен ғылыми-зерттеу жұмыстары, жылдық және ұзақ мерзімдi мемлекеттiк және салалық ғылыми-техникалық бағдарламалар ескерiледi.
3. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстардың бекiтiлген бағдарламалары мен жоспарлары уәкiлеттi органның ресми баспа басылымдарында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жарияланады.
4. Мемлекеттiк стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
2. Мемлекеттік стандарттар ретінде халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды қолдану
14. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттар ретінде Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың қолданылуы мына әдістермен жүзеге асырылады:
1) растау;
2) қайта басу.
15. Халықаралық стандарттар талаптарына мемлекеттік стандарттар талаптарының мынадай сәйкестік дәрежелері қолданылады:
1) ұқсастығы (баламалығы);
2) өзгерістер енгізу (түрлендіру);
3) балама еместігі.
16. Олардың сәйкестік дәрежесі мынадай индекстермен белгіленеді:
ІDT – талаптары ұқсас болғанда;
МОD – өзгерістер енгізілгенде (түрлендірілген стандарттар үшін);
NEQ – талаптардың балама еместігі кезінде.
17. Мемлекеттік стандарттар ретінде халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды қолдану жөніндегі міндеттер мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарына және (немесе) бағдарламасына кіреді.
18. Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарға растау әдісін қолдану кезінде стандарттар көрсеткішінде (каталогта) ұйымдық – өкімдік құжатты жариялау арқылы мемлекеттік стандарт статусы беріледі.
Бұл әдіс мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми аударма нұсқасы болған және халықаралық, өңірлік және ұлттық стандартқа редакциялық өзгерістер енгізу қажеттігі болмаған жағдайда мемлекеттік стандартқа сәйкестіктің балама деңгейімен халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарт үшін қолданылады.
19. Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттың мемлекеттік стандарт түрінде қайта басылу әдісі:
1) аудару;
2) жаңа басылымын құру жолымен қолданылуы мүмкін.
20. Аудару әдісін қолдану кезінде халықаралық стандарттың мемлекеттік және орыс тіліндегі ресми аударма жүзеге асырылады.
Аудару әдісі сәйкестендірілген немесе түрлендірілген сәйкестік деңгейімен мемлекеттік стандарттар үшін қолданылады.
Сонымен қатар халықаралық, өңірлік және ұлттық стандартты басу кезінде атауы және аударма жүзеге асырылған ресми тілдің әріптік белгілеуі көрсетіледі.
21. Жаңа редакцияның құрылуы халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттың мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми нұсқасының болуы жағдайда немесе ресми аудармасы негізде және халықаралық, өңірлік және ұлттық стандартқа редакциялық өзгерістер, техникалық ауытқулар енгізу және (немесе) халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарт құрылымында айырмашылықтар болған жағдайда түрлендірілген сәйкестік деңгейімен мемлекеттік стандарттар үшін қолданылады.
3. Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есептік тіркеу
22. Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есептік тіркеу:
1) жаңа технологиялар мен өнімді енгізумен байланысты халықаралық стандарттар мен шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды шұғыл қолдану талап етілетін;
2) халықаралық стандарттар мен шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар Қазақстан Республикасы аумағында шектеулі пайдалануға ие болатын жағдайларда нақты пайдаланушылар үшін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік және орыс тіліндегі халықаралық стандарттардың және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының түпнұсқалық аудармасы қолдануға жатады.
23. Өнімге және онымен өзара байланысты объектілерге (терминологияға, жіктеуге, сынамаларды іріктеуге, бақылау әдістеріне, тасымалдау, сақтау, буып-түю, таңбалау, пайдалану, кәдеге жарату ережелеріне) арналған халықаралық стандарттар мен шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары есептік тіркеуге жатады.
24. Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есептік тіркеуге алу үшін мынадай құжаттар:
1) уәкілетті органның ведомстволық ұйымы растаған халықаралық стандарт пен шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары мен мемлекеттік және/немесе орыс тіліндегі түпнұсқалық аудармасының екі көшірмесі;
2) стандарттардың түпнұсқалары иесімен жасалған келісім-шарттың, ұйымның, ғылыми-техникалық, инженерлік және басқа қоғамдық бірлестіктердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының, салалық стандарттардың, түпнұсқа иесінің осы құжаттарға қабылданған барлық өзгерістермен тұтынушыларды қамтамасыз етуі жөніндегі міндеті баяндалған техникалық шарттардың, сондай-ақ тұтынушының құжаттарды үшінші жаққа беруге құқығын растау немесе жоққа шығару көшірмесі;
3) егер халықаралық стандарттарда және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарында олардың құзыретіне кіретін өнімдерге, процестерге қойылатын міндетті талаптары бар болса, өнімнің, процестердің қауіпсіздігіне мемлекеттік органдары қорытындысының көшірмесі;
4) өнімнің каталог парағы (салалық стандарттар, ұйым стандарттары және техникалық шарттар, егер олар ТМД елдерінде әзірленген болса).
25. Ұсынылатын халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары нөмірленген, тігілген және мөрмен таңбаланған болуы керек.