Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 10:50, курс лекций
2. Кеден органдарының қалыпты қызметіне қол сұғушылық құқықтық бұзушылықтың әкімшілік жауапкершілік ісі туралы өндірісі. Істерді қарастыру.
ӘК 355-бабына сәйкес кеден органының қызметкерінің нұсқауларын және басқа заңды талаптарын орындамау,-лауазымды адамдарға-АЕК 50-ге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға 100-ге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.
10 дәріс
Кеден органдарының қалыпты қызметіне қол сұғушылық
құқықтық бұзушылықтың әкімшілік жауапкершілігі
Жоспары:
1. Кеден органдарының
қалыпты қызметіне қол
2. Кеден органдарының
қалыпты қызметіне қол
ӘК 355-бабына сәйкес кеден
органының қызметкерінің
Ал кеден органыныңу әкілетті қызметкерінің өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбау, сол сияқты тіл тигізу не зорлық іс-әрекет жасау қатерін төндіру,-АЕК 50-ге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
Кеден ережелерін бұзу туралы іс бойынша өндіріс пен оны қараудың жеткілікті нақты тапсырмалары тәжрибеде мамандандырылған және уәкілітті лауазымды тұлғаларды құрылымдық бөлуді талап етеді. Ондай тапсырмаларды орындау:
1. құқық бұзушылықты ашу және оның жолын кесу;
2. істің мән-жайын дер
кезінде, толық және
3. оны заңға дәл сәйкестендіріп шешу;
4. қаулының орындалуын қамтамасыз ету;
5. кедендік құқық бұзушылықтың
жасалу себебі мен шарттарын
анықтау, оларды жоюдың
6. құқық бұзушылықтың
алдын алу ондай істерді
Кедендік құқық бұзушылығы жағдайында процессуалдық және басқа әрекеттерді кеден ережелерін бұзу жөніндегі істі жүргізуді екі топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа кеден ережелерін бұзу жөніндегі істерді қарастыратын, белгіленген тәртіпке сай жағымсыз әрекетті анықтауға, дәлелдеуге, бекітуге бағытталған кеден органдарының лауазымды тұлғаларының төмендегі процессуалды іс-әрекетін жатқызамыз:
-кеден ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатын тұлғадан сұрақ алу;
-куәлардан сұрақ алу;
-кедендік тексеру;
тану үшін ұсыну;
сараптама;
тауарлар мен көлік құралдарын алып қою процесстері жатады.
Екінші топқа кеден органдарының лауазымды тұлғлары жүзеге асыратын процессуалдық және басқа да әрекеттер құқық бұзушылығы туралы істерді өндіруді қамтамасыз етуге жіберілген істер мен мүмкін болған заттай өндіріп алу санкциялары, сондай-ақ олар тағайындаған тұлғалардың бекітілген іс бойынша мән-жайды ашуын жатқызуға болады. Олар:
-құжаттарды талап ету;
-ақпарат алу;
-қамауға алу;
бақылау, тексеру, түгендеуді жүргізу;
-тұлғаны кеден органына жеткізу;
-әкімшілік ұстау.
Кеден органдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы ӘК 139(бірінші бөлігінде),140 (бірінші бөлігінде), 141, 187(екінші бөлігінде), 400-404, 405(екінші және үшінші бөлігінде), 406-408, 411, 412, 420, 422, 425, 431, 435, 436(бірінші бөлігінде), 438 баптарда көзделген істерді қарайды.
Кеден органдарының бастықтары
немесе олардың орынбасарлары
Әкімшілік процесс дегеніміз әкімшілік-процессуалдық нормалардың жиынтығы, ал мазмұны-оларға негізделген атқарушы билік органдарының (лауазымды адамдарының) оларға жүктелген міндеттерін іске асыру жөніндегі қызметі.
Әкімшілік процесс заңдылық, объективтік шындық, азаматтардың заң және істі қарап шешетін органның алдында теңдігі, жариялылық, кінәсіздік презумпциясы, білікті заң көмегін алуға құқықтарды қамтамасыз ету және т.б. принциптерге негізделеді.
Субъектілері ҚР азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, мемелекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелер болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге (өндіріс) әкімшілік процессуалдық нормалардан және соларға негізделген әкілетті органдар мен адамдардың әкімшілік жазалар қолдану жөніндегі қызметі жатады. Оның негізгі міндеттері мән-жайларды дер кезінде, жан-жақты,толық және объективті түрде анықтау, істі заңға сәйкестендіріп шешу екенін нақтылап айтуға болады.
Әкімшілік іс жүргізуді болдырмайтын жайларға құқық бұзушылық оқиғаның және құрамының болмауы, жасаған кезде 16 жасқа толмауы, құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсіздік жасаған адамның ақыл-есінің дұрыс болмауы, ӘҚБтК-нің 69 бабына сәйкес әкімшілік жауапқа тарту мерзімінің өтуі жатады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іске қатысушылар төмендегіше жіктеледі:
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға уәкілетті лауазымды адамның әкімшілік құқық бұзушылық фактісін тікелей анықтауы, құқық қорғау органдарынан және тағы басқалардан түскен материалдар, жеке, заңды тұлғалардан, бұқаралық ақпарат құралдарынан түскен хабарламалары себеп болады.
ӘК 639-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда (ескерту немесе 1 АЕК мөлшерінде айыппұл), әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттаманы оған уәкілетті лауазымды адам жасайды.
Әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамға хаттамамен және істің басқа да материалдарымен танысу, түсініктеме беру, дәлелдемелер табыс ету, өтініш пен қарсылық беру және т.б. құқықтар беріледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық өндіріс сатыларына әкімшілік тергеу, істі қарау мен қаулыны орындау жатады.
Осылардың ішіндегі ең негізгісі әкімшілік тергеу. Оның кезеңдеріне істі қозғау, нақты мән-жайларды анықтау, материалдарды ведомстволық қарастыруға қарауға жібеуі болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға азаматтардың арыздары мен хаттары, қоғамдық бірлестіктердің, ақпарат құралдарының хабарламасы және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқық бұзушылықты тікелей табуы негіз болады.
Көп жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалынады, оған хаттаманы жасаған лауазымды қызметкер, куәлерi (егер бар болса) және тәртiпсiздiк жасаған адам қол қоюға тиiс.
Істі қараудың кезеңдеріне қарауға дайынаду, қарау(тыңдау) және қаулы шығару жатады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау мерзімдері:
жалпы: материалды алған күннен бастап 15 күнде қаралады, қосымша анықтау қажет болғанда 1 ай;
арнайы: жасалуы әкімшілік қамауға әкеліп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс құқық бұзушылық туралы хаттама мен істің басқа материалдары алынған күні, ал әкімшілік ұстауға ұшыраған адам жөнінде-ол ұсталған кезден бастап 48 сағаттан кешіктірілмей қаралады.
11дәріс
Кеден органдарының құқық қорғау функциялары.
Жоспары:
Кеден құқықбұзушылығынан
қылмыс пен әкімшілік құқық
Қылмыстық іс қозғауға мыналар себеп болады:
Қылмыстық іс қозғауға қылымыстық іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар болмай, қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы негіз болып табылады.
Қылмыс туралы арыз немесе хабар бойынша шешім ол түскен күннен бастап 24 сағаттан кешіктірілмей қабылдануы тиіс. Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер алу, құжаттарды немесе өзге материалдарды талар ету, оқиға өткен жерді қарау, сараптама жүргізу үшін бұл мерзімді анықтау мен тергеу бөлімінің бастығы 10 тәулікке дейін, ал ерекше жағдайларда-бір айға дейін ұзарта алады, бұл туралы 24 сағаттың ішінде прокурорға хабарлануы тиіс.
Осылардан соң төмендегі:
ҚІЖК 177-бабында көрсетілген себеп пен негіз болған кезде анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор іс қозғау туралы қаулы шығарады.
Қаулыда:
Қылмыстық іс қозғау туралы қаулының көшірмесі 24 сағаттың ішінде прокурорға жіберіледі. Қабылданған шешім туралы арыз берушіге және өзіне қатысты іс қозғалып отырған адамға оған қылмыстық ізге түсудің басталуына байланысты құқықтар мен міндеттерді түсіндіре отырып хабарланады, ал қылмыстық іс қозғауға негіздер болмаған кезде қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылады және т.б.
Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін:
1. прокурор істі алдын
ала тергеу немесе анықтау
жүргізу үшін тергеушіге
2. тергеуші алдын ала тергеу жүргізуге кіріседі;
3. алдын ала тергеу
жүргізу міндетті болып
Анықтау – анықтау органдарының ҚІЖК белгіленген өкілеттілігі шегінде істің мән-жайның жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны.
Алдын ала тергеу (алдын ала іздестіру) - уәкілетті органдардың ҚІЖК белгіленген өкілеттілігі шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны болып табылады.
Алдын ала тергеудің міндеттілігін Кодекстің 191 – бабы нақтылайды. Ал қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ішкі істер және қаржы полициясы органдарының тергеушілері жүргізеді. Олардың тергеу ретін ҚІЖК 192 бабы реттейді және алдын ала тергеу қылмыс жасалған ауданда (облыста) жүргізіледі.
Алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарылғаннан кейін ғана жүргізіледі. Тергеуші өзі қозғаған немесе өзіне тапсырылған іс бойынша тергеуге дереу кірісуге міндетті. Істі өзінің іс жүргізуіне қабылдағаны туралы тергеуші қаулы шығарады және қаулының көшірмесін тергеуші 24 сағаттан кешіктірмей прокурорға жібереді.
Алдын ала тергеу
айыптау қортындысын жасау не
қылмыстық істі медициналық
Қылмыстық істер жөніндегі алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғалған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей аяқталуы тиіс. Белгіленген екі ай мерзімді тергеушінің дәлелді қаулысы бойынша:
- істің күрделілігіне байланысты аудандық және оған теңестірілген прокурор-үш айға дейін;
- істің аса күрделі
болуына байланысты облыс
Прокурордың алдын ала тергеу барысындағы өкілеттіктері ҚІЖК 197-бабында қаралған.
Терегеу іс-әрекеттері түрлеріне жауап алу және беттестіру, тексеру, эксгумацияжәне куәландыру, тану, тінту және алу, сот сараптамасы, хат-хабарды тұтқындау, тергеу эксперименті және т.б. жатады.
Информация о работе Кеден органдарының қалыпты қызметіне қол сұғушылық