Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 10:50, курс лекций
2. Кеден органдарының қалыпты қызметіне қол сұғушылық құқықтық бұзушылықтың әкімшілік жауапкершілік ісі туралы өндірісі. Істерді қарастыру.
ӘК 355-бабына сәйкес кеден органының қызметкерінің нұсқауларын және басқа заңды талаптарын орындамау,-лауазымды адамдарға-АЕК 50-ге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға 100-ге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.
Куә, жәбірленуші, сондай-ақ бостандықта жүрген сезікті, айыпталушы жауап алуға олардан қолхат ала отырып тапсырылатын хабарлау қағазы арқылы шақыртылады да, жауап алу тергеу өтеттін жерде жүргізіледі. Жауап алу кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлардан басқасында күндізгі уақытта жүргізіледі және үзіліссіз 4 сағаттан артық жүргізілмеуге тиіс.
Жауап алу жауап алынатын адамға өзіне белгілі мән-жайларды айтуды ұсынудан басталады. Еркін баяндау аяқталғаннан кейін жауап алынып отырған адамға нақтылау мен толықтыруға бағытталған сұрақтар қойылуы мүмкін. Жетектеуші сұрақтар қоюға тыйым салынады және т.б. (213 бап).
Бір іс бойынша шақырылған куәлардан, жәбірленушілерден, басқа куәлардан және жәбірленушілерден бөлек жауап алынады. Сонымен қатар:
Тексеру, эксгумация және куәландыру.
Қылмыс ізін, өзге материалдық объектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында тергеуші, ал ол жоқ болған жағдайда анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жерді, үй-жайларды, заттарды, құжаттарды, көзі тірі адамдарды, мәйіттерді, жануарларды тексереді (222-227 баптар).
Бұрын байқалған адамммен немесе объектімен ұқсастығы немесе айырманы анықтау мақсатында тергеуші тану үшін куәға, жәбірленушіге, сезіктіге немесе айыпталушыға адамды немесе затты көрсете алады. Тану үшін мәйіт те көрсетіледі (228, 229 баптар).
Тінту іс үшін маңызы бар заттарды немесе құжаттарды табу және алу, ал алу іс үшін маңызы бар белгілі бір заттар мен құжаттардың қайда және кімде екені анық болғанда, оларды алып қою мақсатында жүргізіледі Тінту мен алуды тергеуші дәлелді қаулы бойынша жүргізеді. Тінту жүргізу туралы қаулыға прокурор санкция беруге тиіс және т.б (230-234 баптар).
Хат хабарды тұтқындау, хабарламаларды жолдан ұстау, сөйлесулерді тыңдау мен жазу (235-237 баптар), айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, тергеу эксперименті, сот сараптамасы және т.б. (238-268 баптар) ҚІЖК айқындайды.
12 дәріс
Кеден саласындағы қылмыс үшін жауапкершілік.
Жоспары:
Контрабанда, ең алдымен ,мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұқсан келтіреді, себебі , біріншіден-әкелінетін және шығарылатын тауарларға белгіленген алымдар мемлекеттік бюджетке түспейді. (ҚК-тің 209- бабы). Екіншіден,елдің экономикасы үшін өте қажетті болғандықтан сыртқа шығаруға тыйым салынған тауарлар статегиялық мақсаттағы шикізат әкетіледі.
Контрабанданың негізгі
тікелей объектісі-мемлекеттің
Контрабанданың затына және субъектісіне байланысты оның факультативтік объектілеріне қоғамдық қауіпсіздік, мемлекеттік органдардың қызметі, Қазақстан Республикасының саяси мүддесі, Қазақстан халқының денсаулығы, тарихи-мәдени мұралары, қоғамның моральдық бастауы жатады.
Бұл қылмыстың Заттары-тауарлар мен басқадай заттар. Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне сәйкес, тауар дегеніміз-материалдық дүниенің кез келген материалдық заты, оның ішінде валюта, валюталық құндылық,қуаттың электр, жылу немесе басқа түрлері.
Сонымен қатар, кедендік шекара арқылы алып өту үшін арнаулы ереже белгіленген, кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған заттар мен құндылықтар да бұл қылмыстың заты бола алады.
Кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған заттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 ақпандағы "Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы алып өтуді декларациялау және оның тәртібі туралы" қаулысының №5 тіркемесінде берілген. Оған мемлекеттік және қоғамдық құрылысты күйретуге бағытталған, соғысты, террорды, зорлықты, нәсілшілдікті насихаттайтын баспа мен бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұндағы материалдар, өнер туындылары, көне заттар және басқа едәуір көркемдік, тарихи, ғылыми немесемәдени құндылығы бар заттар кірген.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы алып өтуге шектеу салынған заттар тізбесі сол қаулының № 6 тіркемесінде берілген. Оған ғылыми,көркемдік, тарихи немесе мәдени құндылығы бар заттар , есірткі затына жатпайтын дәрі-дәрмектер, радиоэлектрондық құралдар, байланыс құралдары және жоғары жиіліктегі құрылғылар , жарқырауық тастардың құнды тастардан басқа , коллекциялық және сирек минералдардың, палеонтологиялық қалдықтардың үлгілері, авто-мото көлік құралдары және басқалар кірген.
Бұл қылмыстың объективтік жағы-осы Кодекстің 250-бабында көрсетілгендерден басқа тауарларды және басқа заттарды ірі мөлшерде кедендік шекара арқылы алып өтуге бағытталған белсенді әрекетпен сипатталады.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы алып өту дегеніміз-"тауарларды және көлік құралдарын кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасының кедендік аумағына алып кірумен немесе сол аймақтан алып шығумен байланысты әрекет жасау, оған халықаралық жіберулер мен өткізулер, құбырмен тасымалдау көлігін және электр жүйесін пайдалану да кіреді. Көрсетілген әрекеттерге мыналар жатады: Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды және көлік құралдарын алып кіру, оның ішінде, еркін кедендік қоймалардың аумағына Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне алып кіру- Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өту;басқа жағдайларда-Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жаққа, не еркін кедендік зоналар аумағына, немесе еркін қоймаларға тауарлар мен көлік құралдарын алып шығу ниетін жүзеге асыруға тікелей бағытталған әрекеттер жасау, атап айтқанда-кедендік декларация беру".
Сонымен, тауарларды немесе басқа заттарды алып кіргенде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы іс жүзінде кесіліп өтіледі, ал алып шыққанда - кедендік декларация беріледі. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының кедендік аумағына алып кіргенде, оның ішінде еркін кедендік зоналар аумағы мен еркін қоймалардан кедендік аумақтың басқа бөлігіне алып кіргенде тауарлар мен басқа заттардың кедендік шекараны іс жүзінде кесіп өткен кезінен бастап, ал тауарларды кедендік аймақтан алып шыққанда, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасы кедендік аумағының қалған бөлігінен еркін кедендік зоналар аумағына және еркін қоймаларға алып кіргенде - кедендік декларация берген бастап контрабанда аяқталған қылмыс болып саналады.
Алып өту мына тәсілдердің бірі арқылы жасалуы мүмкін:
1. кедендік бақылауды айналып өту;
2. кедендік бақылаудан жасыру;
3. кедендік ұқсастыру құжаттарын немесе құралдарын алдап пайдалану;
4. декларация жасамау;
5. кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған немесе шектеу салынған заттар мен құндылықтарды жалған декларациялау.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік туралы заңдарды қолдану практикасы туралы" қаулысының 5 бөлігіне сәйкес, контрабанда жасаудың жоғарыдағы бірінші тәсілінде - контрабанда заттарын кеден бекеттерін, өткізу пункттерін және кедендік рәсімдеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен және кеден органдарымен белгіленген басқа орындарды айналып өтіп немесе рәсімдеу жүргізетін уақыттан басқа кезде жібереді немесе алып өтеді. Кодекске сәйке, Қазақстан Республикасының кеден органдары белгілеген жерлерден және олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс істеу уақытында ғана тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын кесіп өтуіне жол беріледі.
Басқа жерлерден және Қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмысынан тыс уақытта тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын тек Қазақстан Республикасы кеден органдарының рұқсатымен ғана кесіп өте алады.
Контрабанда жасаудың екінші тәсілі-тауарларды немесе өзге құндылықтар мен заттарды жасыру, оларды құпия жерге тығу немесе табуды қиындататын басқа әдістер қолдану немесе затқа басқа заттың түрін беру.
Заттарды кеден бақылауынан жасырып қалу үшін қолданылатын айланың түрі көп. Заттарды , мысалы, киімге, аяқ киімге, бас киімге, қобдиша түбіне, таяқ, шатыр саптарына, тағам ішіне тығады.
Контрабанданың үшінші тәсілінде кеден органдарына, сондай-ақ шекара бақылауын жүзеге асыратын адамдарға жарамсыз, заңсыз жолмен алынған, жалған, сондай-ақ жалған мәліметтер кірген құжаттар ұсынады, жасанды мөрлер, мөртабандар, пломбалар, кедендік ұқсастырудың басқа да сондай құралдарын пайдаланады немесе басқа объектілерге жататын шын ұқсастыру құралдарын ұсынады. Бұл тәсіл контрабанданың ең көп таралған және қауіпті түрлерінің бірі, себебі- құжаттарды алдамшы жолмен қолдану арқылы шетелге әртүрлі құнды шикізат пен материалдарды, қуат көздерін мұнай, бензин,мазут,т.б. көптеп алып кетуге мүмкіндік туады. Мұндай ірі масштабты операциялардан мемлекет ондаған, жүздеген мың доллар зиян шегеді. Контрабанданы осы тәсілмен жасағанда айыптының әрекетін құжаттарды бұрмалағандығы немесе қолдан жасағандығы үшін қосымша саралаудың қажеттілігі жоқ, себебі бұл әрекеттер контрабанда жасаудың осы тәсілінің міндетті нышандары болып табылады.
Контрабанда жасаудың төртінші және бесінші тәсілдерінде алып өтуге тыйым салынған немесе шек қойылған не айналымнан алынған немесе басқа құндылықтар мен заттарға байланысты, заңда белгіленген ережелерге сай кедендік декларация беру міндетін орындамайды. Республиканың кедендік аумағының іші, сондай-ақ еркін кедендік зоналар мен еркін қоймалардың периметрлері кедендік шекара болып табылады. Айыптының әрекетін саралау үшін тауарлар немесе басқа заттар ірі мөлшерде өтуі тиіс. Осы бапқа берілген ескертуге сәйкес, егер тауарлардың құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асса, контрабанда ірі мөлшерде жасалған деп танылады.
Бұл қылмыстың субъективтік жағы-тіке ниет түріндегі кінә. Айыпты адам тиісті тауарларды немесе басқа заттарды кедендік шекара арқылы ірі мөлшерде өткізіп отырғанын түйсінеді, осы әрекетті жасағанды қалайды. Тауарлар мен басқа заттарды алып өтудің балама тәсілдерінің кемінде біреуін адам ойластыруы қажет.
Бұл бапты қалыптастырғанда жаза тағайындау кезінде ескерілуі мүмкін себеп пен мақсат қалып қойған. Контрабанда жасаудағы мақсат, әдетте пайда табу, ол жазаны жекелеу принципін жүзеге асыру кезінде сот практикасында ескеріледі.
Қылмыс субъектісі - жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам. Осы баптың 2 бөлігіне сәйкес контрабанданың сараланған нышандарына контрабанданы бірнеше рет жасау, өз қызмет бабын пайдаланып лауазымды адамның жасауы, кеден бақылауын жүргізетін адамға күш қолдану жатады.
Контрабанда екі немесе
одан көп рет жасалынса, онда ол бірнеше
рет жасалынды деп саналады. Бұл
жағдайда контрабанда үшін бұрынғы
соттылығының алынбағаны немесе жойылмағаны,
не бұрын жасаған контрабандасы
үшін адамның қылмыстық
Өз қызмет бабын пайдаланып
контрабанда жасаған лауазымды
адамға қызметтік борышы бойынша
кеден немесе шекара бақылауын , Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
Өз қызмет бабын пайдаланып
осындай адамдар жасаған
Қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған өзге лауазымды адамдар жалпы негізде жауапқа тартылады, яғни лауазымдық қылмыстар туралы қылмыстық заң нормаларын қолдану көзделген қылмыстардың жиынтығы бойынша және осы саралаушы нысанға сілтемесіз ҚК-тің контрабанда туралы бабының тиісті бөлігімен жауапқа тартылады.
Контрабанданы кеден бақылауын жүргізуші адамға күш қолдану арқылы жасау дегеніміз- күш қолдану немесе психикалық қысым жасау. Күш қолдануға ұрып-соғу, денсаулығына әр дәрежеде залал келтіру, т.б. жатады. Егер кеден бақылауын жүргізетін адамды өлтірсе, онда бұл әрекет ҚК-тің 206 және 96-баптарының жиынтығы бойынша саралануы тиіс. Психикалық қысым жасағанда денсаулыққа зақым келтіремін немесе өлтіремін деп қорқытады.
Контрабанданың ерекше сараланған нышаны, осы баптың 3 бөлігіне сәйкес, контрабанданы ұйымдасқан топтың, яғни контрабанда жасау үшін алдын ала бірлескен тұрақты бір топ адамның жасауы (ҚР жоғарғы Соты Пленумы қаулысының 10 тармағы).
Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару. Бұл қылмыстың тікелей объектісі - кедендік-тарифтік реттеу саласындағы қоғамдық қатынастар. (ҚК-тің 214-бабы). Бұлар тауарлар мен басқа заттарды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына алып кіргенде және сол аумақтан сыртқа алып шыққанда қолданылатын кедендік тарифтің құрылу және қолданылу тәртібін , сондай-ақ сол тауарлар мен басқа заттарға кеден бажын салу ережелерін белгілейді.
Бұл қылмыстың заты-кедендік төлемдер, олар: кеден бажы, Қазақстан Республикасы кеден органдарының лицензия бергені үшін алынатын алымдар, кедендік рәсімдеу бойынша біліктілік аттестатын бергені үшін алынатын алым, кедендік рәсімдеу үшін алынатын алым, тауарларды сақтағаны үшін алынатын кеден алымы, тауарларды алып жүргені үшін алынатын алым, алдын-ала шешім қабылдағаны үшін төлем. Сонымен қатар, кеден органдары заң актілерінде қарастырылған тәртіпте және жағдайларда сырттан әкелінген тауарларға қосымша құн және акция үшін салық алады.
Информация о работе Кеден органдарының қалыпты қызметіне қол сұғушылық