Кеден органдарының қалыпты қызметіне қол сұғушылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 10:50, курс лекций

Описание

2. Кеден органдарының қалыпты қызметіне қол сұғушылық құқықтық бұзушылықтың әкімшілік жауапкершілік ісі туралы өндірісі. Істерді қарастыру.
ӘК 355-бабына сәйкес кеден органының қызметкерінің нұсқауларын және басқа заңды талаптарын орындамау,-лауазымды адамдарға-АЕК 50-ге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға 100-ге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

Работа состоит из  1 файл

Кеден органдарының қалыпты қызметіне қол сұғушылық.doc

— 101.50 Кб (Скачать документ)

ҚР-ның кеден органдары, сонымен қатар, ҚР-ның заңдарында белгіленген тәртіпте және жағдайларда  демпингке қарсы, қорғаныс және өтемін қайтару баждарын алады  (аталған Заңның 109-бабы).

Тауар ретінде алып өтілетін тауарлар мен көлік құралдарының кедендік құны кедендік төлемдерді есептеуге  негіз болады. Бұл қылмыстың объективтік жағы-толық көлемде немесе жарым-жартылай төлеуге жататын кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару түріндегі әрекетсіздік. Бұл жағдайда, осы бапқа берілген ескертуге сәйкес, төленбеген кедендік  төлемдер мен алымдардың құны  ірі мөлшерде, яғни бір мың  айлық есептік көрсеткіштен асатын болуы тиіс. Сонымен қатар, айыпты адамның нақты кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуге міндеттемесінің және оларды төлеу мүмкіндігінің бар екендігін анықтау қажет. Қазақстан  Республикасының  кедендік шекарасы арқылы тауарлар, көлік құралдарын  алып өтуші адамдар кедендік төлемдерді төлеуге міндетті. Кедендік төлемдер декларация қабылданғанша немесе  қабылданған кезде  төленеді.

Егер кедендік декларация дер кезінде берілмесе, онда кедендік төлемдерді төлеу мерзімі кедендік декларацияны беру мерзімі өткен  күннен бастап саналады. Кеден ісі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган  белгілеген тәртіпте кеден органдары  өнеркәсіптік өңдеуге арналған, сырттан әкелінетін шикізаттар мен материалдарға кеден бажын төлеуді кейінге қалдырады немесе бөлшектеп төлеуге рұқсат береді.

Кедендік төлемдер мен  алымдарды төлеуден жалтару дегеніміз, кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден босатқан немесе мөлшерін азайтқан жалған мәліметтер ұсыну;   төленген кедендік төлемдерді қайтаруға, төлемдер және өтемдер алуға немесе оларды қайтармауға, не толық көлемде қайтармауға құқық беретін жалған мәліметтері бар құжаттар ұсыну болып табылады.

  Кедендік төлемдер мен алымдарды   төлеу мерзімін сақтамау. Бұл қылмыстың құрамы формальды, яғни ол кедендік төлемдер мен алымдарды төлеу мерзімі өткен кезден бастап аяқталған болып саналады.

Қылмыстың субъективтік жағы тікелей ниет түріндегі кінәмен  сипатталады. Айыпты адам өзінің ірі  мөлшердегі кедендік төлемдер мен алымдарды  төлеуден жалтарып отырғанын түйсінеді, соны қалайды.

Қылмыс субъектісі - жасы 16-ға толған есі дұрыс адам. Осы баптың 2 тармағында бұл қылмыстың мынадай сараланған нышандары көзделген:бірнеше рет, өз қызмет бабын пайдаланып лауазымды адамның жасауы, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық сыбайластықтың  қылмыстық ұйымның  жасауы.

Егер кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден екі немесе одан көп рет жалтарғандық фактісі анықталса бұл қылмыс бірнеше рет жасалған деп сараланады. Бұл жағдайда адамның осындай қылмыс үшін бұрынғы соттылығы алынбаған не жойылмаған немесе кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден бұрын жалтарғаны үшін оның қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған фактісі міндетті түрде анықталуға тиіс.

Осы қылмысты жасау үшін алдын ала бірлескен адамдар  тобы жасаса,ҚК-тің 31 бабының 3 бөлігіне сәйкес, қылмысты ұйымдасқан топ жасаған болып саналады.

Егер  қылмысты ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасау үшін құрылған, бірігіп ұйымдасқан топ, ұйым  не нақ сондай мақсатпен құрылған ұйымдасқан топтар бірлесіп жасаса, ол қылмыстық сыбайластық қылмыстық ұйым  жасаған қылмыс деп танылады.          




Информация о работе Кеден органдарының қалыпты қызметіне қол сұғушылық