Кеден саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 03:45, реферат

Описание

Кеден саясаты ұлттық экономикамыздың дамуы мен күшеюі, экономикалық және саяси қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өте қажетті сала – экспорт пен импорттың іс-әрекетін, яғни мемлекетіміздің ішкі сауда саясаты мен сыртқы сауда саясатын анықтайды.

Содержание

Кіріспе 3
1 Кеден саясатының теориялық сипаттамасы 4
1.1Кеден саясатының құралдары 4
1.2 Кедендік-тарифтік реттеудегі әлемдік және ұлттық тәжірибе 8
1.3 Кеден саясаты принциптері және ТМД елдерінде кеден саясатын басқару 12
Қорытынды 15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 16

Работа состоит из  1 файл

кеден ісі.doc

— 117.00 Кб (Скачать документ)

 ЖОСПАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Кеден саясаты ұлттық экономикамыздың дамуы мен күшеюі, экономикалық және саяси қажеттіліктерді  қанағаттандыру үшін өте қажетті  сала – экспорт пен импорттың  іс-әрекетін, яғни мемлекетіміздің  ішкі сауда саясаты мен сыртқы сауда саясатын анықтайды.

Қазақстан Республикасының  Кеден Кодексінің 3-бабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының кеден саясаты:

1. Қазақстан Республикасында  Қазақстан Республикасының ішкі  және сыртқы саясатының құрамдас  бөлігі болып табылатын бірыңғай  кеден саясаты жүзеге асырылады.

2. Кеден саясаты өз  өкілеттіктері шегінде Қазақстан  Республикасының орталық атқарушы  органдарының қарауына жатады.

3. Қазақстан Республикасының  экономикасын дамытуды ынталандыру  және экономикалық мүдделерін  қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып табылады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кедендік түсімдер мен салықтарды жинауды арттыру мақсатында алдымен автоматтандырылған жүйеге көше отырып, кеден қызметін нығайту керектігін айтқан болатын. Осы сөзінен кеден саясатының елбасымыздың да ойында жүрген келелі мәселе екенін анықтауға болады. Ел туралы айтпас бұрын, онымен қарым-қатынас жасамас бұрын әрбір ел әуелі сол елдің кедендік саясаты мен экономикасын зерттеп, содан кейін шешім қабылдайды.

 Елдің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралық сауда қарым-қатынастарды реттеп, үйлестіріп отыратын органның бірі – кеден қызметі. Кеден қызметінің қаншалықты сапалы, ел үшін тиімді әрі экономикамыздың даму беталысына ықпалы кедендік скаясаттың жемісі болып табылады. Тәуелсіздік тұсында құрылған Қазақстанның кеден қызметі соңғы 12-13 жылдың бедерінде қалыптасу кезеңін артқа тастап, бүгінде жасампаздық жолына түсті. 2005 жылғы қаңтар-сәуір айлары ішінде республиканың кеден органдары бюджетке 90,0 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтардың түсімін қамтамасыз етті. 2004 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 20,3 млрд. теңгеге немесе 28,9 % артық.

 

 

 

 

 

 

 

1 Кеден саясатының теориялық  сипаттамасы

1.1Кеден саясатының құралдары

 

Мемлекет шаруашылық субъектілеріне кеңестер беруі және қандай да бір іс-әрекетке ынталандыруы мүмкін.

Мемлекеттің сыртқы саудадағы  өтімді құралдары әр түрлі тыйым салу, мысалға бір өнімнің экспорты мен импортына және бір елге қатысты тыйым салу болып табылады.

  Кеден саясатының құралдарына екі жақты немесе көп жақты келісімдер жүйесі кіреді. Бірақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы, мемлекет шаруашылық субъектілерін мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес шешім қабылдауына мәжбүр еткізеді. Осы құралдарға тарифтік және тарифтік емес шектеулер кіреді.

Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер саналады.

Кедендік тариф – бұл баж  салықтары қойылымының жүйеленген тізімі. Кедендік баж салығы деп  мемлекеттік шекараны өту кезінде  тауарлардың импорты мен экспортына салынатын салығы түсініледі.

Импорттық салықтар механизмінің кіші ел экономикасына іс-әрекетін қарастырайық. Қазақстанда қандай да бір тауардың мысалға мақта өндірісі мен тұтынуы  жүзеге асырылады дейік. 1-ші суретте  S түзуі мақтаның ұсынысын, D түзуі – сұранысты, ал Р0 – ішкі рыноктың бағасын (тепе-теңдік баға) білдіреді. Осы баға кезінде өндірілген және тұтынылған мақта мөлшері Q0-ге тең болады. Бұл жағдай автаркиялық экономикада пайда болуы мүмкін.

                        P

 

 

                                                             S


 

                       P0


                       Pt


                       Pw


 

 

                                                                               D

 

                                 Q1  Q3  Q0  Q4  Q2                              Q


1–сурет. Импорттық тарифтердің іс-әрекетінің механизмі

 

Қазақстан өзінің кедендік шекараларын мақтаның әлемдік бағасы Pw-қа тең кезінде ашты деп болжамдайық. Бұл баға ішкі бағадан төмен болғандықтан, ішкі бағалар төмендеп, мақта өнідірісі Q0-ден Q1 дейін төмендеп, тұтыну Q0-ден Q2 дейін өседі. Тұтыну өсімі импорт есебінен жүзеге асып, оның көлемі (Q2–Q1) тең болады.

Ұлттық мақта өндірушілерінің  мүддесін қорғап, Қазақстан үкіметі  импорттық баж салығын (т) енгізеді. Қазақстан әлемдік бағаға әсер ете  алмайтын кіші ел болсын. Мақтаға Pt-ге тең жаңа баға қалыптасып, T=Pt–Pw болады. Осының нәтижесінде ішкі өндіріс көлемі Qt-ден Q3-ке дейін өседі. Осы жағдай шетелдік өнімге импорттық баға салығын салу салдарынан шетел тауарларына (біздің мысалымызда мақта) бағасының өсуімен түсіндіріледі. Ұлттық өндірушілер сорты мен сана мінездемелері ұқсас өнімді сатқандықтан, өз өніміне бағаны көтеруді тиімді деп санайды. Әрине бұл баға көтерілу деңгейі импорт тауарлар бағасының деңгейіне сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ біздің мысалымызда ол бағалардың сәйкес келуін болжамдайық. Осыған байланысты Pw бағасымен мақтаны өндіру мен сатуды тиімсіз деп санаған кейбір өндірушілер, жаңа жағдайларда өнімдік өзіне тиімді жаңа Pt бағасы бойынша нарықта сатуды жүзеге асыра бастайды.

Мақтаға бағалардың өсуіне байланысты Қазақстанда тұтыну Q2 ден Q4 төмендеп, ол өз кезегінде импорттың азаюына әкеледі. Біріншіден, ішкі өндіріс көлемі ұлғаяды. Ол, ұсыныстың ішкі қисығының иілуіне байланысты әсері әр түрлі болуы мүмкін. Екіншіден, ішкі тұтыну көлемі қысқарады. Қысқару көлемі, сұраныстың ішкі қисығының иілуіне байланысты әсері әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан импорттық баж салығын енгізу, әр түрлі тауарлар үшін әр түрлі нәтижелерге әкелуі мүмкін.

Тарифтердің бағаларға әсер етуі ішкі сұраныс пен әлемдік ұсыныс көлемінің арақатынасына байланысты болады. Әлемдік ұсынысқа қарағанда аз сұранысы бар Қазақстан мемлекеті қойған тариф әлемдік бағаны төмендете алмайды. Ал ішкі баға тарифтің толық сомасына өседі.

Әлемдік баға әсер ете алатын үлкен  мемлекет жағдайында, баж салығы импорттаушы елде тауар бағасын жоғарылатып, экспорттаушы елде төмендетеді. Баға өзгерісінің нәтижесінде тұтынушылар импорттаушы елде ұтылса, экспорттаушы елде ұтады. Өндірушілерге келсек, жағдай керісінше болып, импорттауышы елде ұтып, экспорттаушы елде ұтылады. Кедендік баж салығын енгізген мемлекет болса, табыс алады.

  Баж салығын енгізуден шыққан шығындар келесідей көрсетіледі: Тұтынушылар шығындары – Өндірушілер пайдасы – Мемлекет табысы немесе түсініктерді фигуралармен алмастырса:

(a+b+c+d) –a–(c+e)=b+d–e

Осы арқылы біз шығындарды өлшейтін екі үшбұрыш және ұтысқа сәйкес келетін төртбұрышты алдық. b+d аумағы тариф әсерінен тиімділіктің төмендеуін көрсетсе, е аумағы сауда жағдайларының жақсаруынан алынған ұтысқа тең болады. Өйткені, баж салығы Қазақстан өнімінің бағасын төмендетеді. Баж салығы енгізілгеннен кейін, Қазақстан ірі эскпорт нарығын жоғалтпау үшін өніміне бағаны төмендетуге барады. Бұл құбылыс «Мецлер парадоксы» деп аталады.

Нақты кедендік қорғау көлемі дайын өнім мен шикізатқа баж салығы көлемдері арасындағы айырма мен дайын өнімдегі шикізат үлесі көп болуымен байланысты жоғарылай түседі. Кедендік қорғау тиімділігінің деңгейі мынандай формуламен анықталады:

Бұл жерде: q – дайын импорт өніміне салынатын кедендік баж салығының номиналды деңгейі:

a1 – тарифтің жоқ жағдайындағы аяққы өнім бағасындағы импортталған шикізат құнының көлемі;

t1 – импортты шикізатқа салынатын номиналды тарифі.

Бұл формуладан қорғалу  деңгейінің жоғарылауы дайын өнім мен  шикізатқа салынатын баж салықтар көлемі ұлғайғаннан ғана емес, оны өңдеу дәрежесі жоғарылаған сайын немесе қосымша құнның азаюына байланысты болып отыр. Бұл тәжірибе көбінесе шығарылатын шикізаттың өңдеу деңгейін жоғарылатуға тырысатын дамушы елдерге қатысты дискриминациялық сипат алуда.

Кедендік баж салықты  төмендегідей критерийлер бойынша  бөлінеді:

  1. тауар қозғалысының бағыты бойынша.

Тауар қозғалысының бағытына байланысты импорттық, экспорттық және транзиттік баж салығы болып бөлінеді. Көбінесе импорттық баж салықтары кездеседі. Өйткені олар ұлттық өндірісті, ішкі бағалар деңгейін қорғау мен фискалды және саяси мақсаттарда кең қолданылады.

  1. баж салығын орнату әдісі бойынша.

Орнату әдісіне сәйкес баж салықтары адвалорлы, спецификалық және құрама болып бөлінеді. Әлемдік саудада кең тараған тауар бағасына байланысты пайыз мөлшерімен орнатылатын баж салығын адвалорлы (бағалық) салық деп атайды.

Осыған байланысты импорттық  тауарларды бағалау әдісінің маңызы жоғарылайды. Қазіргі кезде ол көптеген елдерде тариф пен сауда жөніндегі Генералды келісім шеңберінде жасалған кедендік мақсаттарда тауарларды бағалау туралы Келісіммен реттелуде. Адвалорлы баж салықтарының орта көлемі салыстырмалы төмен (6 пайыз) деңгейде болады. Әдетте импорттық баж салығы тауардың өңделу дәрежесі жоғарылаған сайын өсе түседі.

Спецификалық (арнайы) кедендік баж салығы өлшем бірлігінің абсолютті  мағынасында орнатылады.

Құрама (комбинированный), аралас баж салықтары жоғарыда көрсетілген  екі әдіспен орнатылады.

  1. баж салықтарының іс-әрекет бағыты бойынша.

Іс-әрекет бағыты бойынша  преференциалды және дискримниациялық баж салықтары болып бөлінеді. Преференциалды баж салықтары бір  елдер немесе қандайда бір тауарларға тиімді жағдай жасау мақсатында минималды  деңгейден төмен қойылады. Дискриминациялық баж салықтары қандай да бір ел немесе тауарға қарсы орнатылып, оған тиімсіз жағдайларды орнатуға бағытталады.

Ал тарифтік емес кедергілер үш топқа бөлінеді:

  1. белгілі бір отандық өндіріс салаларын қорғауға бағытталған импортты тікелей шектеу шаралары: квоталар, лицензиялар, орнын толтыру алымдары, импорттық депозиттер және демпингке қарсы және орнын толтыру баж салықтары;
  2. тікелей сыртқы сауданы шектеуге бағытталмаған, бірақ сондай нәтижеге әкелетін шаралар: кедендік құжаттарды дайындау, техникалық және санитарлық стандарттар мен нормалар, тауарды орау мен таңбалауға қойылатын талаптар т.б. сияқты.
  3. сыртқы сауданы шектеуге тікелей бағытталмаған, бірақ сол нәтижеге әкелетін басқадай шаралар: квоталар, лицензиялар және басқа да тарифтік емес шектеулер.

Квота (контингент) деп – белгілі кезеңде импорттық немесе экспорттық тауарға құнын немесе мөлшерін шектеуді түсінеміз. 0-ге тең квота қойылған жағдайда, импортқа немесе экспортқа тыйым салыну, басқаша айтқанда эмбарго орын алады. Квота импорт пен экспорт мүмкіндіктерінен жоғары деңгейде де қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда квота шектеу емес, тауардың қозғалысын бақылау әдісі болып табылады.

Импортқа квота енгізудің  елдің әл-ауқатына тигізетін әсері  мен салдары импорттық баж  салығын енгізумен ұқсас болады.

Экспорттық квоталар өте сирек қолданылады. Ол тек осы өнім бойынша елде жетіспеушілік кезінде және саяси мақсаттарда қолданылады. Импорттық квоталар ұлттық өндірісті шет ел бәсекелестерінен қорғау, жұмыссыздықты қысқарту, төлем балансын жақсарту, тауар қозғалысын бақылау үшін қолданылады.

Квотаның бір түрі болып экспортты ерікті шектеу келісімі табылады. Көбінесе ол дағдарыстағы салалар  өніміне байланысты қолданылады.

Квотаның басқа бір  түрі тарифтік квоталар деп аталады. Қойылған квоталар көлемінде тауарлар импорты баж салығынсыз жүзеге асырылып, осы көлемнен асқан импортқа жоғары салықтар салынады. Мысалға, АҚШ-та осындай шаралар арқылы сүт, балық, картоп және мотоциклдің кейбір түрлерінің импорты реттеледі.

Квоталар көбінесе лицензия негізінде бөлініп, осы жағдайда ол экспорт пен импортқа құсат болып табылады.

Мемлекет валютаны пайдалану  әдісін (мемлекетке валютаны сатуға мәжбүр ету және т.с.с.) анықтауға валютамен  төлеуге рұқсат алуға міндеттеуі сияқты валюталық шектеулер орнатуы  мүмкін. Оның салдары мөлшерін шектеу кезіндегідей болады. Одан «айналып өтудің» әдісі клирингтік келісімдер, қарама-қарсы сауда болып табылады.

Сыртқы сауданы шектеуде басқа да тарифтік емес шектеулер  қолданылуы мүмкін. Мысалға: сыртқы саудадағы  мемлекеттік монополия, жергілікті шикізатты пайдалану талаптары, экспорттаушыларға салық жеңілдіктерін беру және т.б.

Экспорттық субсидия дегенімізде  мемлекеттің кәсіпорындардың экспортын  ынталандыру мен олардың өнімдерінің  шет ел рыноктарында бәсекелестігін жоғарылатуға, басқаша айтқанда пайда  мөлшеріне әсер етпестен экспорт бағаларын төмендетуге мүмкіндік беру жолдарын түсінеміз. Ол көмек көбінесе ақшалай формада болады.

1.2 Кедендік-тарифтік реттеудегі әлемдік және ұлттық тәжірибе

 

Кедендік тарифтер қазіргі  кездегі сыртқы сауданы реттеудің  негізгі элементі болып табылады. Кедендік салықтар мөлшерлемелерінің төмендеу тенденциясына қарамастан олар отандық өндірушілерді шетелдік бәсекеден қорғаудың негізгі құралы болып қалып отыр.

Информация о работе Кеден саясаты