Кеден саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 03:45, реферат

Описание

Кеден саясаты ұлттық экономикамыздың дамуы мен күшеюі, экономикалық және саяси қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өте қажетті сала – экспорт пен импорттың іс-әрекетін, яғни мемлекетіміздің ішкі сауда саясаты мен сыртқы сауда саясатын анықтайды.

Содержание

Кіріспе 3
1 Кеден саясатының теориялық сипаттамасы 4
1.1Кеден саясатының құралдары 4
1.2 Кедендік-тарифтік реттеудегі әлемдік және ұлттық тәжірибе 8
1.3 Кеден саясаты принциптері және ТМД елдерінде кеден саясатын басқару 12
Қорытынды 15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 16

Работа состоит из  1 файл

кеден ісі.doc

— 117.00 Кб (Скачать документ)

Кеден кеңесінің қызметіне мыналар  жатады:

  • Кеден саясатына жататын ұсыныстарды қарастыру және қабылдау, оның негізгі бағыттары болып саналатындар:
    • Жалпы кеден тарифі, үйлесімділік жүйе негізінде қалыптасқан анықтама және тауарларды кодтау;
    • Кеден бажының мөлшерлемесін өзгерту немесе алып тастау тәртібін қадағалау;
    • Тарифтік жеңілдіктерді және артықшылықтарды беру;
    • Кеден бажын, оның ішінде әдейі арналған, антидемпингтік, өтемақылық тәртіпті қолдану;
    • Кедендік тіркеу және ұйымдастыру тәртіптерін қадағалау;
    • Жалпы кеден тарифінің номенклатурасының бөлігіндегі өзгерістер.
      • Кеден одағы делегацияларының кеден тарифтік реттеу және басқа да сұрақтар жөнінде халықаралық келісімдер мен кеңес жүргізуде берілетін бұйрықтарды қарау;
      • Кеден одағы заңдық актілердің жобаларын және кеден тарифтік реттеу жұмыстары туралы халықаралық келісімдерді қарастыру;
      • Кеден одағына мүше елдердің кедендік қағидалары біртұтас жоғары деңгейге жеткізу мақсатында кедендік ынтымақтастық бағдарламаларын іс жүзіне асыру құралдарын іздестіру;
      • Кеден одағының құжаттарын қолдану жөніндегі пікірталастарды шешу;
      • Кеден тарифтік реттеу және кедендік тіркеудер туралы хабарларды тарату;
      • Кеден одағы мүше елдердінің ісі туралы ұсыныстарын қарастыру;
      • Кеден саясаты сұрақтары туралы халықаралық ұйымдар мен ынтымақтастық.

Кеден кеңесі жұмысында мынаған сүйенеді:

  • Кеден саясаты принциптерінің келісімдері;
  • Кеден кеңесі туралы жағдай;
  • Кеңес жұмысының кесімі (регламенті);
  • Кеден баж мөлшерлемесінің өзгеруі немесе алып тасталуы туралы жағдайлар;
  • Кеден мақсатындағы тәртіптерге баға беру;
  • Елдің шығу тәртіптерін анықтау./5/

1995 жылы 20 қаңтарда Қазақстан  Республикасы, Ресей Федерациясы,  Беларусь Республикасы арасында Кеден одағы құрылды, кейінірек Қырғызстан Республикасы, ал 1999 жылы 20 ақпанда Тәжікстан Республикасы мүше болып кірді. Кремльде маңызды интеграциялық құжаттарға қол қойылды. Жақында Өзбекстанда да мүше болып кірді.

Қазақстан Республикасының Кеден одағына кіру қажеттілігі және экономикалық тиімділігі төмендегі себептерге байланысты:

  • ТМД елдері экономикасының ынтымақтастығы мен өзара бағыныштылығының жоғары көрінісі;
  • Шаруашылық құрылымының артта қалуы;
  • әлемдік рынокта өнімдердің бәсекелесу мүмкіндігінің төмендігі;
  • рыноктық инфрақұрылымының нашар дамуы;
  • халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі және т.б.

Сонымен, осындай жағымсыз фактордың болуы аймақтық интеграциялық  дамудың қажеттілігі бар екенін, оның ішінде кеден одағы ауқымындағы  ынтымақтастықты тереңдету қажеттілігін көрсетті.

Кеден одағының мақсаты  және принципі сыртқы сауданы тарифтік және бейтарифтік реттеу әдістері болып  табылады, осыған байланысты Кеден  одағын құруда жаңа өзгерістер және жаңалықтар енгізіледі:

  • Тарифтік және бейтарифтік реттеу құралы болып біртұтас кеден тарифі жатады. Өңделген Конституциялық жоба бойынша барлық тауарларды үш топқа бөлуді ұсынады. Бірінші топқа импорттық кеден баж салығы тура келетін тауарлар; екінші топқа импорттық кеден баж салығы шамалы және шартты емес болып келетін тауарлар, бірақ өзара келісудің нәтижесінде бірдей мөлшерлеме қойылады, үшінші топқа кеден одағына мүше елдердің айрықша немесе ерекше айырмашылығы бар өнімдері кіреді, бұл жағдайда протекционистік шараларды қолдану қажеттілігі туады.

 

Қорытынды

 

Қазақстан Республикасының  Кеден Кодексінің 3-бабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының кеден саясаты:

1. Қазақстан Республикасында  Қазақстан Республикасының ішкі  және сыртқы саясатының құрамдас  бөлігі болып табылатын бірыңғай  кеден саясаты жүзеге асырылады.

2. Кеден саясаты өз  өкілеттіктері шегінде Қазақстан  Республикасының орталық атқарушы  органдарының қарауына жатады.

3. Қазақстан Республикасының  экономикасын дамытуды ынталандыру  және экономикалық мүдделерін  қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып табылады.

Кеден саясаты тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары арқылы жүзеге асырылады.

Тарифтік реттеу шаралары - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде кедендік тарифті пайдалана отырып, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметті мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шаралар

Тарифтік емес реттеу шаралары - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар мен шектеулер, квоталау, лицензиялау, тауарлардың қауіпсіздігі бойынша стандарттар мен талаптарға (оның ішінде техникалық, фармакологиялық, санитарлық, ветеринариялық, фитосанитарлық, радиациялық, экологиялық стандарттар) сәйкестігін растау және Қазақстан Республикасының заң актілерімен және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларымен белгіленетін өзге де талаптар;

Бізде бұрынғы КСРО елдермен сауда, негізінен, екі жақты үкіметаралық келісімдермен реттеліп, клиринг негізінде жүхзеге асырылды. Қазақстанның сыртқы экономикалық және сыртқы сауда саясаты, оның егемендік алуы мен экономикалық реформаларды жүзеге асырылуы барысында қалыптасты. Тәуелсіз сыртқы сауда саясаты немесе кеден саясаты – Республиканың әлемдік қауымдастыққа кіруінің қажетті шарты болып табылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Елемесов Р.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар //Алматы: Қазақ университеті, 2002, - 389бет 
  2. Жатқанбаев Е.Б. Таможенное тарифное регулирование РК// А Алматы:2003
  3. ҚР кеден кодексі – Алматы: Бизнес информ, 2005,- 273бет
  4. Байгісиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар // Алматы:Санат,1998, - 192 бет
  5. Жақашев Д.С. Кеден органның құқықтық мәртебесі: теориясы мен практикасының мәселелері // Алматы, 2005
  6. Д.М. Мадиярова, А.Е. Қалдыбаева...Кеден ісін ұйымдастыру және басқару// Алматы: Экономика,2000,-190 бет.
  7. Кенжеғара Н. Кеден қызметі құлдырауға да, дамуға да әсер ете алады. // Нұр-Астана, 03.04.2006
  8. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасына жолдауы // Астана, 01.03.2006

 

 

 




Информация о работе Кеден саясаты