Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 03:45, реферат
Кеден саясаты ұлттық экономикамыздың дамуы мен күшеюі, экономикалық және саяси қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өте қажетті сала – экспорт пен импорттың іс-әрекетін, яғни мемлекетіміздің ішкі сауда саясаты мен сыртқы сауда саясатын анықтайды.
Кіріспе 3
1 Кеден саясатының теориялық сипаттамасы 4
1.1Кеден саясатының құралдары 4
1.2 Кедендік-тарифтік реттеудегі әлемдік және ұлттық тәжірибе 8
1.3 Кеден саясаты принциптері және ТМД елдерінде кеден саясатын басқару 12
Қорытынды 15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 16
Кедендік тарифтер көп түрлілігі және орындайтын мәселелері бойынша мүмкіндігіне байланысты экспорт-импорт мәмілелерін реттеуде өте кең қолданылады. Көбінесе импорттық баж салықтары протекционистік шара ретінде пайдаланылады. Дамушы елдерде олар салықтық түсімдерді ұлғайтуға, дамыған елдерде олар сыртқы сауданы реттеуде қолданылады.
Қазіргі таңда кедендік тарифтерді әлемдегі 100-ден астам ел қолдануда. Қандай да елдердің кеден тарифтеріне тән ерекшеліктері бойынша оларды келесі топтарға бөлуге болады:
1.Өнеркәсібі дамыған
елдердің кедендік тарифтері,
әдетте, көп бағаналы болып келеді,
бірдей тауар шығарушы елге
байланысты түрлі баждар
Алыну әдістеріне қарай кедендік баждар арнайы және адвалорлық деп бөлінеді. Адвалорлық баждар тауар бағасы бойынша пайызбен есептеледі. Оны пайдаланған кезде тауардың нақты бағасын білу мақсатымен тауарларды кедендік бағалау процесін жүзеге асыру керек.
Арнайы (спецификалық) баждар ұлттық валютада нақты көрсетілген мөлшерде салмақ, көлем, т.б. бірліктерінен алынады. Тауар салмағына қарай баждарды есептеу «брутто» және «нетто» арқылы есептеледі. Кедендік «брутто-салмақ» тауар қорабын қамтымауы, ал керісінше, «нетто-салмақ» қорапты қамтуы мүмкін.
Ең көп тараған баждар – адвалорлы баждар. Оның мәні мынада: «қалқымалы» валюта курстары кезінде ұлттық валюта құнсызданғанның өзінде адвалорлы баждар қолданғанда кедендік алым-салым мөлшері өзгермейді.
Қазіргі таңда Батыс елдеріндегі кедендік алым-салым қатысты түрде төмен деңгейде. Сонымен, АҚШ, Жапония, ЕО ортақ кедендік тарифі; Швеция, Швейцария, Норгевия, Австрия, Канада және Финляндия кедендік тарифтерінің ортақ арифметикалық деңгейі 6,47 пайыз, ал орта кедендік тарифтердің шектеу функциясы, негізінен, кейбір тауарларға салынатын жоғары баж мөлшерлемесін сақтауға және импортталатын өнімнің өңделу дәрежесіне байланысты кедендік мөлшерлемелерді прогрессивті өсуі арқылы жүзеге асырады.
Ең жоғары кедендік баж, әдетте, еңбекті көп қажет ететін өнеркәсіп салаларына салынады. Оларға тоқыма, тері, аяқ-киім, машиналар және құралдар, бірінші орында – электротехникалық машина құрылғылары жатады.
Отандық өңдеу өнеркәсібін қорғау мақсатында дамыған елдерде баждар эскалациясы (біртіндеп ұлғаюы) кезінде тарифтерді құру әдісі қолданылады, яғни бір технологиялық тізбек бөліктері болып келетін тауарлардың өңделу дәрежесіне қарай мөлшерлемелердің өсуі.
Батыс елдерінің кеден тарифінің ерекшелігі болып тауарларды кодтау және талдау үйлесімділік жүйеге негізделген, ол кедендік одақ кеңесімен жасалынды және 1988 жылдың қаңтарынан бастап кедендік істе кең түрде қолданды.
Өнеркәсібі дамыған елдердің барлығы үйлесімділік жүйеге негізделген жаңа кедендік тарифке көшуді аяқтады. Мұнда әдеттегідей, үйлесімділік жүйенің алты белгілі тауарлық субпозициялары 8 белгіге дейін кеңейтілген. ЕЭО-ға мүше елдерге статистикалық және кедендік ұлттық номенклатураларын құруда код мөлшерін 14 белгіден артық емес етіп пайдалану ұсынылған.
Үйлесімділік жүйені пайдалана алу тек отандық тауарлар экспорты кезінде дамыған елдермен алынатын кедендік мөлшерлемесін білу үшін ғана қажетті емес. Ол сыртқы экономикалық қызмет бойынша мамандардың барлығына қажет, әсіресе түрлі халықаралық ұйымдарға мүше бола бастағаннан кейін.
2.Ал дамушы елдердің кедендік тарифтеріне келер болсақ, дамушы елдердің импортын реттеуде кедендік тарифтердің маңызы үлкен. Дамыған елдермен салыстырғанда бұл елдерге импортталатын тауарларға салынатын баждың орташа деңгейі өте жоғары. Ол ең алдымен, өнеркәсіптің жас салаларын қорғау мақсатына байланысты. Сонымен қатар, баж мемлекеттік бюджетке түсімдердің маңызды көзі болып табылады.
Ұлттық нарықты тарифтік кедергілермен қорғау дәрежесіне қарай дамушы елдерді үш топқа бөлуге болады: Біріншіден, 50%-тен аспайтын кедендік баждар мөлшерлемелері және көптеген тауарлардың бажсыз енгізу режимі тән. Бұл топқа Африка және Латын американдық елдер тобы, соның ішінде Ангола, Нигерия, Боливия, Чили т.б. Азия-Тынық мұхиты аймағының бөлек елдері – Сингапур, Филиппин, Тонга. Бұл топқа Парсы шығанағының да кейбір елдері жатады.
Екінші топқа кедендік баж мөлшерлемелері жоғарырақ елдер жатады. Мөлшерлеме 50-100% мөлшерінде ауытқиды. Оған Алжир, Ливия, Танзания (Африка), Иран, Индонезия (Азия-Тынық мұхит аймағы) және Оңтүстік Корей елдері жатады.
Дамушы елдердің үшінші тобы бар, олардың баждары 100%-тен артады (кей жағдайда айтарлықтай көпке). Оған жататындар: Египет, Ботсвана, Марокко, Колумбия, Пакистан, Индия, Сирия, Таиланд, Турция, баждарының жоғары мөлшерлемелерімен Египет, Эквадор, Пакистан ерекшеленеді.
Дамушы елдердің көбі тарифтер құруды, кедендік достастық кеңесі Брюссель тауарлы номенклатурасы негізінде жасайды, ал елдердің көбі 90-жылдары үйлесімділік жүйеге көшуді көздеді. Дамушы елдердің тарифтер құрылымындағы айырмашылықтары қатты байқалады: бір, екі, үш бағаналы көп елдер қолданатын тарифтермен қатар көп бағаналы тарифтер қолданатын елдер бар (мысалы, Венесуэлада-7, Сенегалда-9, Малиде-17).
Баждармен қатар көптеген дамушы елдердің кедендік тарифтеріне фискалды жинақтар және түрлі салықтар жатады. Сонымен қатар, тарифтерге жиі әкімшілік және ішкі салықтар қосылады. Көптеген елдер тарифтерінде арнайы баждар да колданылады (әсіресе жиі – Сингапур, Таиланд, Индонезияда).
Аргентина мысалында дамушы елдердің тәжірибеде сыртқы сауда реттеуін қарастырып өту дұрыс көрінеді. Бұл Латын америкасында импорттық бақылау тарифтік және тарифтік емес шаралар мен шектеулер арқылы жүзеге асырылады. Лицензиялық жүйе дамыған кезде ғана кедендік тариф, негізінен, тек фискалды қызмет атқарады. Адвалорлы баждар 0-ден 22%-ке дейін өзгеріп отырады. Баж мемлекет бюджетіне түсіп, тек импортты бақылау құралы ғана емес, сонымен қатар ел табысының қайнар көзі болып келеді. Баж СИФ жағдайындағы бағадан алынады немесе факторлық бағалар төмендетілгені анықталған кезде «индекстік» баға негізінде анықталады.
3.Шығыс Еуропа елдерінің кедендік тарифтері, мысалы Венгрияда – 1968, Болгарияда – 1970, Румынияда – 1973, Польшада – 1976, Чехославакияда – 1989 жылдары енгізілді./7/
Шығыс Еуропа елдерінде кедендік тарифтерді қолдану ішкі және сыртқы себептерге байланысты. Экономикалық реформалар жүргізу ұлттық шаруашылық тиімділігін арттыру мақсатында экономикалық құралдарды пайдалануды кеңейту қажеттілігі туады. Импорттық баж баға анықтаушы фактор болды, ол тауарлар бағасына, яғни өнеркәсіптердің шаруашылық жағдайларына әсер етті.
Кедендік тарифтерді пайдалану, әсіресе ТСБА шеңберіндегі келісімдер барысында өзінің сауда әріптестерінен саяси жеңілдіктер (соның ішінде тарифтік) алуына байланысты. Сонымен қатар, кедендік тарифтер халықаралық одақ шешімдеріне сәйкес дамушы елдерге кедендік жеңілдіктер беруді қамтамасыз етуге мүмкіншілік беретін болды.
Шығыс Еуропа елдерінің кедендік тарифтері, әдетте Брюссельдік кеден номенклатурасы негізінде ойластырылған. Тарифтік позициялар саны бірдей емес, өйткені әр елдің нақты қажеттіліктерін көрсетіп отыр. Тарифтегі бағаналар саны да әр түрлі: Румынияда – біреу, Венгрия, Польшада – екі, Болгарияда 1992 жылға дейін – төртеу болды. Мөлшерлемелер тауар құнынан процентпен анықталады, яғни адвалорлы. Олардың мөлшері тауардың елге қажеттілігі бойынша әр басқа. Әдеттегідей, тауар өңделу дәрежесіне қарай баждар өседі.
Шығыс Еуропа елдерінде
жүзеге асып жатқан қайта құру, яғни
шаруашылық қызметті нарықтық реттеу
механизмін қолдануға бағытталған,
бірақ олардың халықаралық
Болгария ұлттық банкінің айырбас бағамы бойынша және тауар Болгария мемлекетінің шекарасына жеткен күні кедендік құн ұлттық валюта бойынша анықталады.
Болгарияның кедендік тарифі екі бағанадан тұрады. Бірінші бағана тауарға баж салығы мөлшерлемесін қалыптастыру, яғни кедендік жеңілдік берген елдер. Бұндай елдер қатарына көбінесе дамушы мемлекеттерді жатқызады. Ал, екінші бағана елден тауарларды импорттағанда қолданылады, яғни келісім немесе әдет бойынша, Болгарияның ұлттық қолайлы режимі бойынша тауарларды таратады. Бұл топқа 44 мемлекет кіреді, яғни өндірістік дамумен айналысатын Шығыс Еуропа елдері мен ТМД елдері кіреді./7/
Қазақстандағы кедендік-тарифтік реттеу мынандай құқықтық-нормативті құжаттарға негізделген: 1991 жылдың 24 желтоқсанындағы ҚР «Кедендік тариф пен баж салығы туралы» заңы; 1999 жылдың 16 шілдесіндегі (ҚР кедендік іс туралы» заңы; 1999 жылдың 13 шілдесіндегі «ҚР-ғы демпингке қарсы шаралар туралы» заңы; 1994 жылдың 14 сәуіріндегі «Жүк түсіру алдындағы инспекция бойынша келісім»; 1999 жылдың 16 шілдесіндегі «ҚР-ғы субсидиялар мен шығынды өтеу шаралары туралы» заңы./6/
Кедендік баж салығы қойылымдарының жүйеленген жиналымы ретіндегі кедендік тариф, тауарларды кодтау мен жазудың қалыпты жүйесіне қатысты кедендік істің нормалары мен принциптерінде құрылған. Қазақстан ТМД елдері үшін әрекет ететін сыртқы экономикалық іс-әрекеттің тауарлы номенклатурасын пайдаланып, ол іс жүзінде қалыпты жүйеге сәйкес келеді./2/
Қазақстан Республикасы дамушы мемлекет болғандықтан сыртқы сауда саясатын тарифтік реттеу тиімді. Бізде бұл мәселені зерттеуші экономистер екі арнаға бөлінген. Бірі тарифтік реттеуді қолдаса, екіншісі бұған қарсы. Ал менің ойымша кедендік-тарифтік реттеу біздің еліміз үшін тиімді. Себебі тариф жас салаларды қорғайды, бюджет түсімдерінің маңызды көзі.
Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінің 3-бабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының кеден саясаты:
1. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.
2. Кеден саясаты өз
өкілеттіктері шегінде
3. Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерін қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып табылады./3/
Төрт мемлекеттің келісімі
бойынша – Қазақстан
Бұл принциптерді аталған 4 мемлекет (Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Републикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы) – Кеден одағы ауқымында жүзеге асырады. Одаққа мүше елдер, халықаралық құқы бар субъект ретінде, сондай-ақ ортақ кеден территориясы жиынтығын көрсетеді.
Талқыланатын мәселелер мен келісімдерге ортақ кеден тарифі және осы территория көлемінде алып келінетін, сыртқа шығарылатын тауарлар мен басқа да заттарға бірдей ішкі салық салу жатады. Тәртіп бойынша осы кеден одағы ауқымында түскен заттардан кеден бажы, салық және т.б. алымдар алынбайды.
Кеден одағының жоғары органы Кеден кеңесі болып табылады, оған мүше елдердің өкілдері, яғни кеден одағына қатысушы елдердің үкіметі мүшелері кіреді. Кеңестің әрбір мүшесінің мүддесін оның орынбасары және үш кеңесшісі немесе сарапшы қорғайды. Кеден одағының мүшелерін арнайы мемлекеттік үкімет сайлайды.
Кеден кеңесінің қызметін толық жүргізу үшін атқару органы және жұмысшы тобы құрылады. Атқару органдары – ұлттық кеден қызметінің жұмысын басқару үшін қажет және мүше елдердің шешімдерін іске асыруды қадағалайды. Кеңестің жұмысшы тобының қызметі оның секретариаты арқылы жүргізіледі, олар мүше елдердің өкілдерінен тұрады. Бұл жерде секретариат мүшелерінің маңызды жұмысы – біртұтас рыноктың мүддесін және кеден одағының жалпы территориясын қорғау болып саналады.