Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 17:55, реферат

Описание

Жол жүрiсi қауiпсiздiгi мыналар арқылы қамтамасыз етiледi:
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгiн белгiлеу;

Работа состоит из  1 файл

Жол жүрiсi қауiпсiздiгi.docx

— 31.16 Кб (Скачать документ)

 

Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету

саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесi

5-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары

Жол жүрiсi қауiпсiздiгi мыналар  арқылы қамтамасыз етiледi:

- Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жол жүрiсi  қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы  өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгiн  белгiлеу; 

- жол-көлiк оқиғаларының  алдын алу және олардың зардаптарының  ауырлығын азайту мақсатымен  орталық және жергiлiктi атқарушы  органдардың, заңды және жеке  тұлғалардың қызметiн үйлестiру;

- автомобиль, қалалық жер  үстi электр көлiгiнде және жол  шаруашылығында жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi  реттеу;

- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi белгiленген  тәртiппен әзiрлеу және бекiту;

- жол жүрiсiн ұйымдастыру; 

- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды  бағдарламалық-мақсатты жоспарлау; 

- жол жүрiсi қауiпсiздiгi  жөнiндегi шараларды ғылыми, материалдық-техникалық  және қаржы жағынан қамтамасыз  ету; 

- көлiк құралдарының жүргiзушiлердi даярлауды ұйымдастыру және азаматтарға  жүрiс қауiпсiздiгiнiң ережелерi мен  талаптарын оқытып-үйрету;

- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  медициналық жағынан қамтамасыз  ету жөнiнде шаралар кешенiн  жүргiзу;

жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында техникалық реттеу;

- көлiкте сақтандыру саласында  әлеуметтiк бағдарланған саясат  жүргiзу;

- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ету саласында заңдардың,  өзге де нормативтiк актiлердiң,  ережелер мен стандарттардың  орындалуын мемлекеттiк қадағалау  мен бақылау. 

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  қарауына мыналар жатады:

- Қазақстан Республикасы  аумағында жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ету саласында бiрыңғай  мемлекеттiк саясат әзiрлеу және  жүргiзу;

- техникалық регламенттерді бекіту;

- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк  бағдарламалар әзiрлеу және оларды  қаржымен қамтамасыз ету; 

- орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың жол жүрiсi  қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi  жөнiндегi қызметiне басшылық ету,  олардың Заңдарды, Қазақстан Республикасының  Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн  орындауына бақылау жасау; 

- жол жүрiсi қауiпсiздiгi  жөнiндегi орталық атқарушы органды  белгiлеу және ол туралы Ереженi бекiту;

- ережелердiң, стандарттар  мен басқа да нормативтiк актiлердiң  бiрыңғай жүйесiн белгiлеу; 

- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ету саласында халықаралық  ынтымақтастықты жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын пайдалану ережесін және оларды қорғау тәртібін бекіту. 

7-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздігі жөнiндегi орталық атқарушы органның өкiлеттiктерi

Жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органның өкiлеттiктерiне мыналар жатады:

- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк  саясатты iске асыру; 

- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ету саласында бағдарламалардың  орындалуын ұйымдастыру; 

- көлiк құралдарын жүргiзушiлердi даярлау тәртiбiн белгiлеу; 

- алдын алу шараларын  жүргiзу және халыққа жол жүрiсi  қауiпсiздiгiнiң ережелерi мен талаптарын  оқытып үйрету тәртiбiн белгiлеу; 

- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк  маңызы бар ғылыми зерттеулер  мен ғылыми-техникалық талдамаларды  ұйымдастыру; 

жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау;

- Қазақстан Республикасының  жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз  ету саласындағы халықаралық  шарттарын жасасуға қатысу.

жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру;

жолдарды жобалау, салу, жөндеу, күтіп ұстау және басқару кезінде тапсырыс беруші ұсынған нормативтік, жобалық және техникалық құжаттаманы келісу;

автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, темір жол өтпелерін, қалалық электр көлігі желілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу.

техникалық регламенттерді әзірлеу.

7-1-бап. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті

Автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне:

халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол қызметін басқару;

халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, енгізу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету кіреді. 

8-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) өкілді және атқарушы органдардың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті 

1. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ету саласында облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) өкілді органдардың қарауына мыналар жатады:

- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  қамтамасыз етудiң жоспарларын,  аймақтық бағдарламаларын бекiту;

- облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) атқарушы органдар басшыларының жол жүрiсi қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi есептерiн қарау.

2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:  

- тиiстi аумақта жол жүрiсi  қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 

- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  қамтамасыз етудiң аймақтық бағдарламаларын  әзiрлеу және iске асыру, олардың  орындалуын үйлестiру және бақылау; 

- жол жүрiсi қауiпсiздiгi  жөнiндегi орталық атқарушы орган  шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыру  және бақылау; 

- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  медициналық жағынан қамтамасыз  ету жөнiндегi шаралар кешенiн  ұйымдастыру және жүргiзу;

- облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарында, елді мекендердің көшелерінде жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, енгізу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;

аудандардың (қалалардың) автомобиль жолдарында, қалалардың, аудандардың (қалалардың) елдi мекендерiнiң жол тораптарында салу, қайта жаңарту, жөндеу, оларда жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын енгiзу және күтiп ұстау, оларды күтiп ұстау, күзету және жолдарда қызмет көрсету объектiлерiн жайғастыру жөнiндегi жұмыстарды орындау кезiнде  жұмыстың барлық түрлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;

- тиiстi аумақ мүдделерiне  орай жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ету жөнiнде ғылыми  зерттеулер ұйымдастыру; 

облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарындағы, елді мекендердің көшелеріндегі жол қызметін басқару. 

9-бап. 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды

10-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң жай-күйi көрсеткiштерiн есепке алудың мемлекеттiк жүйесi

1. Қазақстан Республикасының  аумағында апаттардың, жол-көлiк  жарақаттарының көрсеткiштерiн, көлiк  құралдарының, жүргiзушiлер санын,  жол жүрiсi саласындағы құқық  бұзушылықтардың, жолдардың көлiк-пайдалану көрсеткiштерiн, сондай-ақ, жол жүрiсi қауiпсiздiгi мен оны қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтiң жай-күйiн көрсететiн басқа да көрсеткiштердi есепке алудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi жүзеге асырылады.

2. 2008.04.07. № 55-IV ҚР Заңымен алып тасталды  

3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар есептiлiк жүйесiне  кiретiн мәлiметтердi белгiленген  тәртiппен сұратып алуға құқылы.

11-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағдарламалары

1. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк  саясатты iске асыру мақсатында  жол-көлiк оқиғаларының, одан зардап  шеккен азаматтардың санын қысқартуға  және осы оқиғалардан болатын  материалдық залалды азайтуға  бағытталған жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  қамтамасыз етудiң салалық және  аймақтық бағдарламалары әзiрленедi.

2. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  қамтамасыз етудiң салалық және  аймақтық бағдарламалары осындай  бағдарламаларға қойылатын талаптарға  сәйкес әзiрленедi, белгiленген тәртiппен  бекiтiледi және бюджет қаражаты  мен бюджеттен тыс көздер есебiнен  қаржыландырылады. 

Жол жүрiсiн ұйымдастыру және оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi талаптар

12-бап. Қазақстан Республикасы аумағындағы жол жүрiсiнiң тәртiбi

1. Қазақстан Республикасы  аумағындағы жол жүрiсiнiң тәртiбi, жол жүрiсiне қатысушылардың құқықтары  мен мiндеттерi, жол жүрiсiн реттеудiң  техникалық және басқа да құралдарының  мақсаты мен қолданылуы Қазақстан  Республикасының Үкiметi бекiтетiн Жол жүрiсi ережелерiмен, Автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын пайдалану ережелерiмен және оларды Қазақстан Республикасы аумағында қорғау тәртiбiмен белгiленедi.

2. Қазақстан Республикасы  аумағында көлiк құралдарының  оң жақпен жүруi белгiленген. 

13-бап. Көлiк құралдарының пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыру кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi талаптар

1. Көлiк құралдарын пайдалануға  байланысты қызметтi жүзеге асыратын  заңды тұлғалар:

- жол жүрiсi процесiнде  қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн талаптарға  сәйкес жүргiзушiлердiң жұмысын  ұйымдастыруға; 

- жүргiзушiлер еңбегi мен  демалысының белгiленген режимiн  сақтауға;

- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ететiн автомобиль  және қалалық жер үстi электр  көлiгi құралдарының жүргiзушiлерi  мен басқа да қызметкерлерiнiң  бiлiктiлiгiн арттыру үшiн жағдай  жасауға; 

- жол-көлiк оқиғаларының  және жол қозғалысы ережелерiн  бұзудың себептерiне талдау жасап,  оларды жоюға; 

- көлiк құралдарының техникалық  жай-күйiн және оның дұрыс жағдайда  пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз  етуге; 

- жүргiзушiлердi сапарға шығар  алдында және мезгiл-мезгiл медициналық  байқаудан өткiзiп тұруды қамтамасыз  етуге; 

- жүргiзушiлердiң жол-көлiк  оқиғаларында зардап шеккендерге  дәрiгер келгенге дейiнгi көмек  көрсету дағдыларын жетiлдiру  жөнiндегi шараларды ұйымдастыруға  мiндеттi.

2. Автомобиль және қалалық  жер үстi электр көлiгi құралдарымен  тасымалдау қызметiн жүзеге асыратын  мамандандырылған кәсiпорындар арнаулы  ережелер белгiлеп, жүктiң түрiн,  оларды тасымалдау ерекшелiктерiн  ескере отырып және қолданылып  жүрген заңдар шегiнде жол жүрiсi  қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн  жүргiзушiлерге қосымша талаптар  қоя алады. 

14-бап. Жол жүрiсiне қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi

1. Азаматтардың жолдармен  жүрудiң қауiпсiздiк жағдайлары  құқықтарына, мемлекет кепiлдiк  бередi және ол құқықтар Қазақстан  Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi  туралы заңдарының, Республика бекiткен  халықаралық шарттардың орындалуы  арқылы қамтамасыз етіледi.

2. Жол жүрiсiне қатысушылардың  өз құқықтарын iске асыруы жол  жүрiсiне басқа қатысушылардың  құқықтарын шектемеуге немесе  бұзбауға тиiс. 

3. Жол жүрiсiне қатысушылардың:

- заңдармен белгiленген  ережелер мен ресiмдерге сәйкес  және солардың негiзiнде жолмен  еркiн, кедергiсiз жүруге;

- лауазымды адамдардан  және жол жүрiсiн қадағалауды  жүзеге асырушы мемлекеттiк органнан  жолмен жүруге тыйым салыну  немесе шектелу себептерi туралы  түсiнiктеме алуға; 

- қозғалыстың қауiпсiз  жағдайлары, жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  қамтамасыз етуге байланысты  өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтер  сапасы туралы, қызметi жол жүрiсi  қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге  байланысты лауазымды адамдардың  құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi  туралы толық және анық ақпарат  алуға; 

Информация о работе Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесi