Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 17:55, реферат

Описание

Жол жүрiсi қауiпсiздiгi мыналар арқылы қамтамасыз етiледi:
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгiн белгiлеу;

Работа состоит из  1 файл

Жол жүрiсi қауiпсiздiгi.docx

— 31.16 Кб (Скачать документ)

- қызметi жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  қамтамасыз етуге байланысты  ұйымдар мен лауазымды адамдардан  жол-көлiк оқиғасы кезiнде медициналық  көмектiң, құтқару жұмыстарының  кепiлдi көлемi мен басқа да  қажеттi көмектi тегiн алуға; 

- жол-көлiк оқиғасы салдарынан  өздерiне дене жарақаттары келтiрiлген  жағдайларда, сондай-ақ көлiк құралы  мен (немесе) жүк бүлiнген жағдайларда  заңдарда белгiленген тәртiп бойынша  залалды өтеттiруге;

- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгiн  жүзеге асырушы лауазымды адамдардың  заңсыз iс-әрекеттерiне Қазақстан  Республикасының заңдарында белгiленген  тәртiп бойынша шағым жасауға  құқығы бар. 

4. Жол жүрiсiне қатысушылар  осы Заңның және жол жүрiсi  қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге  қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының  өзге де нормативтiк құқықтық  актiлерiнiң талаптарын орындауға  мiндеттi. 

15-бап. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығын алу

1. Көлiк құралдарын жүргiзу  құқығы мыналарға берiлуi мүмкiн: 

- он алты жасқа толған адамдарға - мотоциклдер, мотороллерлер және басқа да мотокөлiк құралдарын («А» санаты) жүргiзуге;

- он сегiз жасқа толған адамдарға - рұқсат етiлген ең ауыр салмағы 3500 килограмнан аспайтын және жүргiзушiнiң орнын есептемегенде, отыратын орын саны сегiзден аспайтын автомобильдердi («В» санаты), сондай-ақ рұқсат етiлген ең ауыр салмағы 3500 килограмнан асатын автомобильдердi («С» санаты) жүргiзуге, бұған «Д» санатына жататындары кiрмейдi;

кемінде үш жыл жүргізушілік стажы, оның ішінде кемінде бір жыл «С» санатына жататын көлiк құралдарын жүргiзу стажы бар, жиырма бір жасқа толған адамдарға – жүргізушінің орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орындары бар және жолаушылар тасымалдауға арналған автомобильдердi («Д» санаты), троллейбустар мен трамвайларды жүргiзуге;

- «В», «С» немесе «Д» санаттарына жататын көлiк құралдарын жүргiзу құқығы бар адамдарға көлiк құралдарының тиiстi санаттарын жүргiзу стажы он екi айдан кем болмаған жағдайда - көлiк құралдарының құрамдарын («Е» санаты) жүргiзуге.

2. Көлiк құралдарын жүргiзу  құқығы тиiстi куәлiктермен расталады.  Қазақстан Республикасы аумағында  Қазақстан Республикасының халықаралық  шарттары талаптарына сәйкес  келетiн ұлттық және халықаралық  жүргiзушiлер куәлiктерi қолданылады. 

3. Көлiк құралдарын жүргiзу  құқығының куәлiктерi осы бапта  белгiленген жасқа толған, медициналық  жағынан кiнараты жоқ, көлiк  құралдарының тиiстi санатының жүргiзушiлерiн  даярлайтын үлгi бағдарламалар  көлемiнде қажеттi бiлiм мен дағдысы  бар және белгiленген тәртiппен  емтихандар тапсырған, Қазақстан  Республикасының аумағында тұрақты  немесе уақытша тұратын адамдарға  берiледi.

4. Көлiк құралдарының тиiстi санаттарына жүргiзушiлер даярлаудың  үлгi бағдарламаларын және рұқсат  беру тәртiбiн жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган мүдделi министрлiктермен, өзге де орталық атқарушы органдармен келiсе отырып әзiрлейдi.

5. Көлiк құралдарының «А»  және «В» санаттарын жүргiзу  құқығына куәлiк алу үшiн азаматтардың  тиiстi бағдарламалар көлемiнде өз  бетiнше даярлануына жол берiледi.

6. Адамдарды көлiк құралдарын  жүргiзу құқығын алу емтихандарына  жiберу, оларды тапсыру, көлiк құралдарын  жүргiзу құқығына куәлiктер беру тәртiбiн және адамдардың көлiк құралдарын жүргiзуiне тыйым салатын медициналық кiнараттарының тiзбесiн жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган белгiлейдi.

16-бап. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығының күшiн тоқтату негiздемелерi

1. Көлік құралдарын жүргізу құқығының тоқтатылуына:

1) жүргізуші куәлігінің белгіленген қолданылу мерзімінің бітуі;

2) жүргізуші денсаулығының көлік құралдарын қауіпсіз жүргізуге кедергі келтіретіндей нашарлап, оның медициналық қорытындымен расталуы негіздемелер болып табылады.

Көрінеу психикалық бұзылулар мен мінез-құлықтың бұзылуы, көру органы дамуының кемістігі, көру функциясын бұзатын жаңадан пайда болған қатерсіз ісіктер, органның туа біткен кемістігі немесе органнан не бүлінген органның қызметін бұзатын оның бір бөлігінен жүре келе айырылу, олардың көлік құралдарын толыққанды жүргізуге кедергі келтіруі көлік құралдарын жүргізуге жарамдылықты растау үшін медициналық куәландыруға жіберуге негіздемелер болып табылады;

3) жүргізушінің жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтиханды тапсырмауы;

4) көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру негіздеме болып табылады.

Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша көлік құралдарын жүргізу құқығының тоқтатылуы уәкілетті органның (лауазымды адамның) талап арызы бойынша, азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Көлік құралын жүргізу құқығы тоқтатылған кезде осы құқық:

осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша – жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтихан тапсырғаннан және медициналық тексеруден өткеннен кейін;

осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша – егер көлік құралдарын жүргізу құқығын тоқтатудың себептері жойылатын болса, сот шешімі бойынша;

осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша – осы Заңның 15-бабында белгіленген тәртіппен;

осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша – емтихан тапсырғаннан және көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі аяқталғаннан кейін қайта қалпына келтіріледі.

2. Жауапкершiлiк шаралары  ретiнде көлiк құралдарын жүргiзу  құқығынан айыруға не сондай  құқықты шектеуге әкеп соғатын  құқық бұзушылық түрлерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.  

17-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық қамтамасыз ету

1. Жол жүрісі қауіпсіздігін  медициналық қамтамасыз ету: 

- көлiк құралдарын жүргiзу  құқығына куәлiк алуға үмiткер  азаматтар мен жүргiзушiлердi мiндеттi  түрде медициналық куәландыруды;

- жүргiзушiлердi сапарға шығар  алдында және ағымдағы медициналық  байқаудан өткiзудi;

- жол-көлiк оқиғаларында  зардап шеккендерге медициналық  көмек көрсетудi;

- жол жүрiсiне қатысушыларды,  жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз  ететiн органдардың лауазымды  адамдарын, сондай-ақ азаматтарды  жол-көлiк оқиғаларында зардап  шеккендерге дәрiгер келгенге  дейiн көмек көрсету тәсiлдерiн  үйретудi қамтиды. 

1-1. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  медициналық қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi үйлестiрудi денсаулық  сақтау саласындағы уәкiлеттi орган  жүзеге асырады. 

2. Жол-көлiк оқиғаларында  зардап шеккендерге медициналық  көмек: 

- жол-көлiк оқиғасы болған  жерде дәрiгер келгенге дейiн  көмек көрсетудi;

- жол-көлiк оқиғасы болған  жерде, медицина ұйымына бара  жатқан жолда және медицина  ұйымында медициналық көмек көрсетудi қамтиды. 

3. Адамдардың көлiк құралдарын  жүргiзуiне тыйым салуға негiз  болатын медициналық кiнәраттардың  тiзбесiн, медициналық куәландыру, тексеру тәртiбiн және олардың  мерзiмдiлiгiн денсаулық сақтау  саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.

18-бап. Көлік құралдарын пайдалану кезінде жол жүрісi қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жалпы талаптар

1. Шығарылған көлiк құралдарының  конструкциясы, оның iшiнде олардың  құрамдас бөлiктерiнiң, қосымша  жабдықтау заттарының, қосалқы бөлшектерi  мен керек-жарақтарының конструкциясы  жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз  етуге жататын бөлiгiнде техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сай болуға тиiс.

2. Көлiк құралдары, олардың  құрамдас бөлiктерi, қосымша жабдықтау  заттары, қосалқы бөлшектерi мен  керек-жарақтары жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  қамтамасыз етуге жататын бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестігі расталуға тиiс.

3. Механикалық көлік құралдарының  және тіркемелердің жекелеген  түрлерінің жалпы пайдаланудағы  жолдармен жол жүрісіне қатысуына  рұқсат беруді жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеу, оларды пайдаланушы, оның ішінде сенімхат бойынша пайдаланушы адамдарды тіркеу мен есепке алу, оларды жүргізу құқығына емтихан қабылдау мен куәлік беру арқылы жүзеге асырады.

Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым алынады.

Жүргiзушi куәлiктерiн, механикалық көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктердi, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн, механикалық көлiк құралының немесе тiркемесiнiң мемлекеттiк техникалық тексеруден өтуi туралы куәлiктi беру үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк баж алынады.

Жеке тұлғалардың көлiк құралдарын тiркеу, қайта тiркеу:

салық төлеушiлер үшiн - Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен көлiк құралдары салығын төлегенiн;

Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес салық төлеушiлер болып табылмайтын тұлғалар үшiн салық төлеуден босату құқығын растайтын құжаттарды бергеннен кейiн жүргiзiледi.

Механикалық көлік құралы мен тіркеменің техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау саласындағы құжаты болмаса, оны мемлекеттік тіркеуге тыйым салынады.

Механикалық көлік құралдары  мен тіркемелердің мынадай түрлері  мемлекеттік тіркелуге жатады:

1) жеңіл, жүк автомобильдері  және автобустар, олардың базасында  жасалған арнайы автомобильдерді  қоса алғанда; 

2) мотоциклдер және мотороллерлер; 

3) автомобильдердің құрамында  жүруге арналған тіркемелер;

4) ҚР 2006.10.01. № 116-III Заңымен алып тасталды

5) басқа мемлекеттерде  тiркелген және Қазақстан Республикасының  аумағына екi айдан артық мерзiмге  әкелiнген жеңiл, жүк автомобильдерi  мен автобустар, бұған қоса олардың  шассилерiнде жасалған арнайы  автомобильдер, мотоциклдер мен  мотороллерлер, автомобильдердiң  құрамында жүруге арналған тiркемелер.

Механикалық көлік құралдары  мен тіркемелердің мынадай түрлері  мемлекеттік тіркелуге жатпайды:

1) жабық аумақтарда технологиялық  көлік ретінде пайдаланылатын  автомобильдер мен тракторлар, олардың  базасында жасалған арнайы автомобильдер  мен тракторларды, өздігінен жүретін  шассилер мен механизмдерді, тіркемелерді  қоса алғанда; 

2) троллейбустар; 

3) трамвайлар және рельспен  жүретін басқа да механикалық  көлік құралдары; 

4) басқа мемлекеттерде  тіркелген және Қазақстан Республикасының  аумағына екі айдан аз мерзімге  әкелінген жеңіл, жүк автомобильдері  мен автобустар, олардың шассилерінде  жасалған арнайы автомобильдерді  қоса алғанда; мотоциклдер мен  мотороллерлер, автомобильдердiң  құрамында жүруге арналған тiркемелер..

4. Тiркелген көлiк құралдарының  конструкциясына, соның iшiнде  оның жол жүрiсi қауiпсiздiгiн  қамтамасыз етуге әсер ететiн  құрамдас бөлiктерiнiң, қосымша  жабдықтау заттарының, қосалқы бөлшектердiң  және керек-жарақтарының конструкциясына  өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті қайта растауды  өткiзу қажет.

5. Жол қозғалысына қатысатын көлік құралдарының конструкциясы, техникалық жай-күйі және жабдықтары жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты мынадай негізгі талаптарға:

1) көлік құралында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тежегіш жүйе, рульдік басқару, артқы жағын шолу айнасы, дыбыс сигналы, шассилер, жарық беру аспаптары болуына;

2) көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға мүмкіндік беретін шолу мен көрудің жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне;

3) адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру қаупін болғызбайтын қосымша жабдық тетіктері, заттары және көлік құралының бейімделген құрылғылары болуына;

4) жол-көлік оқиғасы болған жағдайда жолаушылар және жол қозғалысының басқа да қатысушылары үшін қауіпісіздікті бәсеңдетуді қамтамасыз етуге сәйкес келуге тиіс.

6. Көлік құралдарын пайдалану кезінде олардан қоршаған ортаға бөлінетін шығарындылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген жол берілетін деңгейден аспауға тиіс. 

19-бап. Механикалық көлiк құралдарын мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу

1. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын және жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органда тiркелген механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерi мiндеттi мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзiлуге жатады.

2. Мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы орган белгiлейдi.

3. Механикалық көлiк құралдарын және оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу:

Информация о работе Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесi