Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 21:15, реферат

Описание

Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі

Содержание

Кіріспе
І-ТАРАУ. Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы мен шетелдік тәжірибесі
1.1 Туризм саласындағы маркетингтің мәні мен ерекшеліктері
1.2 Шетелдік-тәжірбені туризм саласындағы маркетингте қолдану
ІІ-ТАРАУ. Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары
2.1 Қазақстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы
2.2 Қазақстан Республикасындағы туристік кәсіпорынның маркетингтік іс- әрекетің талдау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары.docx

— 103.37 Кб (Скачать документ)

 Осыған байланысты туризм индустриясын дамытудың мемлекттік мақсаты бағдарламасы қажет. Іс-жүзіндегі 2005 жылға дейінгі туризмді дамытудың Федеральді бағдарламасы оның қаржылық несие-ақша жоспарымен туризм инфрақұрылым ретінде мейманханалық қонақ-үй бизнесінің дамуымен сәйкестендірілмеген. Сондықтан салынған капиталдың қайтарылымдығының жоғарғы нәтижесіне жету үшін толыгымен бәсекеге қабілетті турөнім жасау керек.

2001 жылы августе  Украина елінің тәуелсіздік алып еркін мемлекет болып құрылуы, экономикалық және саяси жүйелерінің реформалары, Украинаны рыноктық қатынастағы ел деп тануы, объективті әлемдік заңдылықтары – туризмді дамытуға байланысты мемлекеттің ішкі саясатының өзгеруіне негіз болды және Украинаны Халықаралық туристік қызметтер рыногында таныды.

 «Туризм туралы»  (1995 жылы) Украинаның Заңына сәйкес мемлекет туризмді үлттық мәдениет пен экономиканың проиритетті бағыты деп белгіледі және туризмдік іс-әрекет үшін игілікті жағдайлар жасады.

1997 жылы Украина Әлемдік Туристік Ұйымға (ӘТҰ) мүше болып кірді, ал 1999 жылы Сантьяго (Чили) қаласында өткен ӘТҰ Бас ассамблеясында басқарушы орган – Атқарушы советке сайланып, тағайындалды.• 1999 жылы – «Қонақ-үй, қоғамдық тамақтандыру қызметтерін сертификаттау туралы» Украина ГОСТ стандартының қаулысы.

 Заң базасы туризм саласында кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық негізін қамтамасыз етеді.

 Рыноктық қатынастар жағдайында қызметтер рыногында ұлттық турөнімді жылжытудың белсенді әдістері маңызды аспект болып табылады. Бүгінде осы елде туристік Украина және оның жеке аймақтары туралы электрондық тарату, баспа өнімдері арқылы жарнама жасауда. Украиналық туристік ақпараттар жүйесінде интернет-сайт құрылды, Украинаның туристік мүмкіндіктері, «Туристік Киев» атты Украинаның туристік атласы туралы ақпараты бар алғашқы диск жасалды.

 ӘТҰ бас секретары Ф.Франжкалми Украинада (2000жыл, қазан) туризмді дамыту мәселелері туралы Парламент тыңдауына қатысып, «Украина еліне 20 жыл ішінде келетін туристер ағымының үш есе өсуін көруге болады» деген.

 Халықаралық туризм күннен күнге өсуде. 1970-1998 жж бойы халықаралық туристер саны 165 млн.-нан 137 млн. адамға, 3,9 есе, ал туризмнен түскен табыс 17 млрд. АҚШ долларынан 441 млрд. АҚШ долларына дейін, немесе 26 есе өсті.

 Төменде көрсетілген елдердің халықаралық туризмді дамытуда негізгі үлестері бар: Франция, Италия, АҚШ, Испания, Ұлыбритания, Мексика, Канада, Германия, Польша, Австрия, Ресей, Венгрия, Португалия, Греция, Швейцария, Нидерланды, Турция, Тайланд, Украина, Бельгия, Ирландия.

 Осы елдер ішінен  АҚШ пен Франциядағы туризмнің дамуын қарастырайық. 1999 жылы АҚШ-та туристердің келуі – 46,983 млн. адамды, ал табысы – 73 млрд. АҚШ долларын құрады. Осы жылы да АҚШ туристердің келу саны бойынша 3-ші орында, ал табысы бойынша – бірінші орында болды.

 Елде туризм 1960 жылдан бастап дамып келе жатыр. 1961 жылы АҚШ-та туристік бюро құрылды. Бұл ұйым елдегі туризмді дамытуда жауапты болды. 1981 жылы бұл ұйымның атын АҚШ-тағы саяхаттар мен туризм Ұйымы (СТҰ) деп өзгертті. СТҰ осы сфераға қатысты барлық жобаларды жинайтын комитет жұмыстарын және мемлекеттік деңгейде туризм саясатын басқарды. СТҰ өз елінің өнімі арқылы халықаралық рынокқа шығуға ұмтылды. СТҰ көптеген штаттарында ішкі туризмді дамытуда көптеген келіспеушіліктер болады, оны болдырмау үшін елдің экономика және сауда министрлігі оларды бюджетпен бөледі. Штаттағы бюджет көлемі 4-тен 14 млн. АҚШ долларын құрайды. Ұйыммемлекеттік болса да, ал жеке сектордағы кәсіпорындардың жобаларын бақылап отырады.

 Үйымның Парижде, Лондонда, Амстердамда, Миланда, Сиднейде, Франкфуртта, Токиода, Мехикода және Торонтода 9 офисі бар.

 АҚШ-тың туристік офистері жоқ елдерде бұл қызметті коммерция және сыртқы қызмет министрлігі жүзеге асырады.

 АҚШ СТҰ негізгі бюджетті Федеральді несиелер арқылы қаржыландырады. Мысалы, 1993 жылы бюджет 2 млн. доллар қүраса, онда Федеральді несиелер – 17,5 млн. құрайды, ал қалған ақшалар жеке сектордан алынады.

 Бюджет шығындары төмендегідей бөлінеді, %:

 • офис шығындары (елдегі) – 10,5;

 • шетелдегі  офис шығындары – 42,3;

 • ақпарат пен әріптестік шыгындары – 23,7;

 • маркетинг  жэне рынокты зерттеу – 16,8;

 • жеке сектор қызметінің шығындары – 12,5;

 • ақпараттық материалдарды құру шығындары (фильмдер, фотосуреттер,

 брошюралар, презентацияларға дайындық) – 3,5;

 • т.б.-0,7.

 Шығындарды талдау барысында шетел офистеріне кеткен шығындардың көп екенін көрдік. Себебі, АҚШ елге келетін туристерге аса көңіл бөледі.

2002 жылы Франция  елге келетін туристердің саны бойынша әлемде бірінші орында болды, елге 71 млн. 400 мың туристер келген. Ал табыс 24 млрд. 657 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл кезде Франция АҚШ, Италия және Испаниядан кейін 4-ші орында болды.

 Бұл жетістікке Франция «Тһе Маіsоп dе 1а Ғгапsе» ұйымын құрғаннан кейін жетті, негізгі мақсаты шетел азаматтарына француз туризмін, әлем бойынша француз тілінің прогресін қамтамасыз етуін және дамуын көрсету болып табылды. Ұйым 70 штаттан тұрды, бас офисі Парижде болды. 38 офисі Халықаралық байланыспен айналысты, олар 29 елде орналасқан. Бұл офисте 200 адам жүмыспен қамтылған.

 Бұл үйымның ерекше белгісі халықаралық және жеке туристік ұйымдардың, сонымен қатар транспорттық, қонақ-үй агенттіктерінің, аймақтық туристік және т.б. мемлекеттік комитеттер жұмыстарын біріктіреді. Ұйым бюджеті төмендегідей бөлінетін мемлекеттік ақша салымдарынан тұрады, %:

Информация о работе Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары