Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 21:15, реферат

Описание

Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі

Содержание

Кіріспе
І-ТАРАУ. Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы мен шетелдік тәжірибесі
1.1 Туризм саласындағы маркетингтің мәні мен ерекшеліктері
1.2 Шетелдік-тәжірбені туризм саласындағы маркетингте қолдану
ІІ-ТАРАУ. Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары
2.1 Қазақстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы
2.2 Қазақстан Республикасындағы туристік кәсіпорынның маркетингтік іс- әрекетің талдау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары.docx

— 103.37 Кб (Скачать документ)

 Туризм дамуының тарихы 4 кезеңнен түрады:

1 кезең. Ежелгі заманда саяхаттың уәждері: сауда, білім алу, емделу, қажылық болды. Ежелгі Грецияда спорттық сапарлар болған. Орта ғасырларды саяхаттың дiни факторы күшейе түсті-мүсылман және христиан қасиеттеріне табыну басталды. Ренессанс және ағарту кезеңі діни уәждерді әлсіздендіріп, сапарлардың жеке сипаты мен ағартушылық бағытын күшейте түсті.

19 ғ. ортасына дейін саяхаттың ерекшелігі жылжу құралдарының қарапайымдылығы болды. Саяхаттың мақсаты болған жоқ, саяхаттың сауда, білім алу, емделу, қажылық мақсатында қажетті шарты болды.

18-19 ғ. Европа елдеріндегі мануфактура өндірісі мен кәсіпорындарындағы төңкерістері қоғамның экономикалық өмірін түпкілікті өзгертті.

2-кезең-таңдаулы тур және көпшілік туризмнің пайда болуы. Туризм дамуына транспорт дамуындағы төңкерістік өзгерістер ықпалын тигізді. 1807 ж. Фултон пароход; 1814 ж. Стефенс паровоз ойлап табуы, пошта байланысынң жетілуі, Европадағы жол тораптарының кеңеюімен жалғасты.

 Ғылыми техникалық прогресс және еңбеккерлердің әлеуметтік күресі және қоғамның жұмыс қалын жақсартуы жұмыс уақытының кемуін қамтамасыз етті.

1873 ж. Германияда  төленетін демалыс енгізілді. Трансорт тасымалдауының сапасы мен сенімділігінің артуы мен арзандауы жұмыс жұмыс уақытының қысқаруы, саяхатшылар санының өсуіне әкелді. Осыған байланысты уақытша келушілерге қызмет көрсетуге маманданған алғашқы кәсіпорындар пайда болды.

19 ғ. 2-жартысында демалыс индустриясы өз өндіріс аумағын кеңейтті; қонақ-үй шаруашылық кәсіпорындарында бірінші саяхат бюролары қосылды. Олардың мақсаты туристік сапарларды ұйымдастыру және оны тұтынушыларға өткізу. Германияда бірінші саяхат бюросы-«Райзебюро штангенн» 1863 ж. Бреслауда қалыптасты.

3-кезеңөпшілік туризмнің қалыптаса бастауы. Бірінші Дүниежүзілік соғыс және экономикалық дағдарыс, Екінші дүниежүзілік соғыс туризм дамуына кері әсер етті. Көпшілiк туризмнің дамуының 2 мысалын қарастырайық. 1935 ж. Швейцариядағы қазіргі заманда ірі туризм қызметтерін өндірушілердің бірі «Отельпланн» фирмасы құрылды. Оның құрушысы Г. Дуггайвер идеялары: «кішкентай адамның туризмге тарту тоқырайға ұшыраған қонақ үй шаруашылығына бағаланбас көмек береді, арзан көпшілік тур сапарлар фирманың негізгі өнімі болып табылады».

4 кезең: Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін туризм нақты көпшілік сипатта болды: өз институты, өндірістік циклы, өндірісті ұйымдастыру мен басқару әдістері бар күшті демалыс индустриясы қалыптасты.

1950-60 ж. Батыс Европа  елдері үшін -туристік фирмалардың мотельдер, қонақ үйлер тұрғызылуының белсенді кезеңі болды. Қай елде болмасын туризм өсімталдығы елдің қандай бөлігі жылына ең болмағанда 1 рет туристік сапарға баратынын көрсетеді, егер туризм өсімталдығы 50%-дан асса, көпшілік туризм қалыптасқан деге болады.

 Ресейде қонақ үй индустриясының дамуның болашағы туралы жыл сайын Ресейден Турцияға туристер арқылы 7 млрд. АҚШ долларына жуық, Грецияда — 5 млрд. АҚШ долларына жуық кетеді.Бүл инвестициялық ақша қаражаттары қазіргі қонақ үй – мейманханалық бизнес және туризм инфрақұрылымын құруға мүмкірдік береді.

 Ресейдегі қызметтер рыногындағы жағдайды талдау Мәскеу қаласында – 22% , Санкт-Петербургте – 15%, Владивостокта -8-9%, т.б. қалаларда 10-нан 40%-ке дейін қонақ-үйлердің толығу деңгейін көрсетеді. Бұл қонақ-үйлердің төменгі тартымдылығын көрсетеді, сонымен қатар Мәскеу қаласындағы қонақ-үйлердің бағасы АҚШ-лен салыстырғанда 2-3 есе жоғары болып табылады. Дәл осы жағдай туризмде де. Ішкі туризм дамымай жатыр, керісінше сыртқы туризм жоғарғы қарқынмен дамуда.

 Бәсекеге қабілетті турөнімді құру, оны ішкі және халықаралық рынокқа жылжыту стратегиясымен ешкім айналыспайды. Туристтік фирмалар (Ресейде 7000-ға жуық) турагенттер функциясын орындайды және шетелге ақша қаражатының кетуіне алып (20 млрд. АҚШ долларына жуық) келетін импорттық турөнімдерді өткізеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары