Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 21:15, реферат

Описание

Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі

Содержание

Кіріспе
І-ТАРАУ. Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы мен шетелдік тәжірибесі
1.1 Туризм саласындағы маркетингтің мәні мен ерекшеліктері
1.2 Шетелдік-тәжірбені туризм саласындағы маркетингте қолдану
ІІ-ТАРАУ. Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары
2.1 Қазақстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы
2.2 Қазақстан Республикасындағы туристік кәсіпорынның маркетингтік іс- әрекетің талдау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары.docx

— 103.37 Кб (Скачать документ)

 Дамыған мемлекеттерде мемлекетке келетін туристер балансын сақтау үшін баға төмендейді. Туристік қызметтердің бағасы мен сұранысына келесілер әсер етеді:

 • Баратын  мемлекеттегі саяси тұрақтылық;

 • Халықаралық өзгерістер (саяси және экономикалық);

 • Туристердің өздерінің мемлекетіндегі өзгерістер.

 Жылжыту немесе  маркетингтік коммуникациялар жүйесі – бұл турөнімнің сатылу көлемін ұлғайту және сұранысты қалыптастыру үшін бағытталған шаралар кешені.

 Турөнімді сәтті жылжыту үшін әлуетті тұтынушылар мен сауда делдалдарымен тұрақты да, тиімді байланыс орнатылу керек. бұл байланыстың мақсаты-қалыптасқан көзқарастарды өзгертетін және болашақтағы әрекетке әсер ету үшін тауар немесе қызмет туралы пікір туғызу.

 Маркетингтік  кешен төрт компоненттен тұратын жүйе ретінде сипатталады: ақпарат тарататын коммуникатор; ақпаратты қабылдайтын мақсатты адитория; ақпараттың өзі; коммуникациялық жүйе.

 Туристік тауарды  жылжыту үшін қолданылатын 3 негізгі құрал бар (3 -сурет). 

3 сурет – Жылжытудың негізгі құралдары

 Керекті нәтижеге жету коммуникациялық арнаның біреуін қолданып, мүмкін емес. Өнімді жылжыту бағдарламасында әр түрлі тәсілдер қолданылуы керек.

 Жарнама, әрине, туристік тауарлар мен қызметтерді сату мен өткізудің маңызды элементі. Көп турфирмалар жарнаманы сатуды жылжыту үшін қолданады. Сатудан түскен пайданың 5% жарнамаға жұмсалады.

 Жарнаманың көптеген анықтамалары бар, бірақ барлығында ортақ сипат бар:

1. жарнама-тура емес  байланыс құралы;

2. жарнама-жаппай  байланыс құралы; адамдардың үлкен санына арналған.

3. жарнама персоналды  сатумен тығыз байланысты.

4. Мақсаты-тұтынушының назарын аударып, тауарды тікелей емес жылжытатын агентіне айналдыру.

 Жарнаманың мақсаты-тұтынушының назарын аудару, қызығушылығын туғызу, ақпарат беру. Жарнама құралдарын 6 суретте көруге болады.

 Туристік фирма  мұндай әдістерде өткізуді ынталандыру үшін қолданады. Мысалы: бірыңғай топтар (студенттер, зейнеткерлер) үшін өлі сезондарда авиабилеттер, қонақ үй нөмірлері арзанырақ. Сонымен қатар, кәдесый беру, акциялар жасау.

 Қоғаммен байланыстар- ол фирманың коммуникациялық қызметінің бір бөлігі. Мақсаты-фирмаға деген көзқарасты жақсарту. Турөнімді жылжытудағы қоғаммен байланыстардың басты тәсілдері: басылымдардағы ақпарат, пресс-конференциялар, жәрмеңкелерге және т.б. қатысу (8 сурет). көрсету орнын тұгынушыларға жақындату табылады. Жоғарыда аталып кеткен маркетинг кешенінің персонал, орта және процесс сияқты қосымша құрамдастары туристік фирманың қызмет көрсету стандартының негізі болып табылады. Әрбір қызмет түрлері өндіріс, тұтыну, қолдану және белгіленуіне қарай өзгеше ерекшеліктерімен сипатталады. Сол себепті жекелей қызмет түрі маркетингін, оның өзгешелігін есепке ала отырып қарастыру маңызды мәселе. 

1.2 Шетелдiк- тәжiрбенi туризм саласындағы маркетингте қолданылуы. 

Батыстағы экономикалық ғылымдарда қалыптасқан маркетингтің түсініктерін және қағидаларын салыстырмалы талдау арқылы барлық отандық кәсіпорындарға катысты, жекелей республикамыздың кәсіпорындарында маркетинг жүйесінің даму тұжырымдамаларын қүру кезінде келесі ойлар қолданылған:

 • кәсіпорындарда маркетинг жүйесінің қалыптасуы мен дамуы үшін қажетті

 экономикалық шарттарды құру;

 • маркетингтің анықталған функциялар кешені ретінде,кәсіпорынды

 басқарудың орта деңгейінде жүзеге асырылуы және басқару функциясы

 ретінде болуы  сияқты екі жақты табиғатын табиғатын есепке алу;

 • маркетингтің функционалдық құрамдастарын кешенді қолдану;

 • тауар және баға саясаты, өткізу мен тауарды рынокқа жылжыту, рынокты

 зерттеу және маркетинг қызметін басқарумен толықтырылған;

 • маркетинг қызметін құрылымдық ұйымдастырып, маркетинг және басқа да

 кәсіпорынның функцияларының интеграциялануға бағытталуы;

 • басқарудың маркетингтік қағидаларына өту кезінде кәсіпорынның басқару

 жүйесінің өзгеруі

 Қазіргі заманғы туристік индустиря даму кезеңінін ерекшелігін білу үшін оның пайда болуы мен дамуын қарастыру қажет.

 Осы замаңғы туризм -бір жағынан жаңа құбылыс, себебі ол тек Екінші Дүниежүзілік Соғыстан кейін ғана көпшілік сипат алды, бір жағына оның тарихи түп-тамыры терең, өйткені адамзатқа туризм ерте заманнан танымал.

Информация о работе Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары