Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 21:15, реферат
Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі
Кіріспе
І-ТАРАУ. Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы мен шетелдік тәжірибесі
1.1 Туризм саласындағы маркетингтің мәні мен ерекшеліктері
1.2 Шетелдік-тәжірбені туризм саласындағы маркетингте қолдану
ІІ-ТАРАУ. Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары
2.1 Қазақстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы
2.2 Қазақстан Республикасындағы туристік кәсіпорынның маркетингтік іс- әрекетің талдау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
• бөлім басшысы – бөлімді жалпы басқару; маркетингтік іскерлік стратегиясын құру;
• бөлім басшысының орынбасары – қызмет рыногын оқу, дәстүрлі және жаңа қызметтеріне сұранысты анықтау;
• сыртқы және ішкі ортаны бақылайтын маркетолог, яғни болып жатқан өзгерістердің маркетинг стратегиясына әсерін анықтап, оған тузетулер енгізуі керек;
• туристік өнімдерге сұранысты қанағаттандару үшін қажет өндірістік ресурстарды анықтау бойынша маркетолог;
• балаларды құру бойынша маркетолог;
• басқа ұйымдармен қатынас, жарнама және қызмет сапасы бойынша маркетолог.
Қызметтің бәсекелік қабілеттігі – бұл рынокта жемістілікті анықтайтын қызметтің (тауарды) тұтынушылық және құндық сипаттамалар жиынтығы. Бұл көп фукционалды түсінік, күрделі категория, рынок шарттарында тауарға сәйкес сипатталып, тұтынушылар талаптары тек сапалық, техникалық, эстетикалық сипаттамалары ғана емес, сонымен өткізудің экономикалық және коммерциялық шарттары бойынша анықталады.
«SANAT» компаниясы рынокта табысты әрекет ету үшін қызметтің бәсеке қабілеттілігін анықтап, нәтижесінде туристік қызмет топтарын 3 топқа бөледі:
1. бәсекеге қабілетті туристік қызмет;
2. бәсекеге қабілеттік деңгейіне жеткізуді талап ететін туристік қызметтер;
3. өндірістен шығаруға жататын туристік қызмет.
Рынокқа қызметті жылжыту жүйесінің негізгі құрамдастары – жарнама, жекелей сатулар, сатуды ынталандыру, қоғаммен байланыстар екенін 1.2. тарауда қарастырдық.
Жарнаманы жоспарлау оңтайлы түрде, яғни ең аз шығынмен қалаул нәтижеге жету – рынокқа белсенді әсер ету, өндірушіден тұтынушыға (туристке) қызметтің жылжуын жеделдетуге ықпал ету мүмкіндігін береді. Осыдан басқа, жоспарлау бір мәртебелік акциялардан жете ойланылған, ортақ идеямен байланысқан, бір мақсаттары бар шараларға, яғни жарнама кампаниясына өтуге жағдай туғызады.
«SANAT» компаниясындағы жарнамалық кампанияның мақсаты – берілген өнімнің рынокта жылжуы, отандық туристік фирмалардың арасында жетекші орында болу.
Белгілі мақсатқа арналған мақсатты аудиторияны таңдау: туристік қызметті сегменттеу рыногы туристік қызметтерді тұтынушылардың төрт деңгейі қолайлырақ екендігін көрсетеді.
Бірінші деңгей – тұтынушылар;
Екінші деңгей – ұйымдар – тұтынушылар;
Үшінші деңгей – жергілікті кәсіпорындар – турагенттер басшылары;
Төртінші деңгей – шетел кәсіпорындары – турагенттер басшылары.
Фирманың маркетингтік бюджеті 20000 АҚШ долларын қамтиды. Жарнамалық кампанияның құны – 11350 АҚШ доллары (10 кесте). Таяу шетелдерде өнімнің құны 100 АҚШ долларынан басталады.
Жарнамалық кампанияның құрылымына келетін болсақ, рынокқа шығу мен жарнамалық кампанияларды рационалдау үшін жарнамалық кампанияларды жүргізу бойынша бөлім құру керек.
Жарнамалық кампанияларды
жүргізу
бөлімі
жарнамалық
кампанияны басқару және қадағалау бойынша орталық топтан
тұрады
(өзіне
шығындарды
калькуляциялаумен айналыстатын әріптестерін қосады).
3-кесте – Фирманың маркетингтік бюджеті
Құны Қажеті Шығыны
Көрмеге қатысу Көрмедегі 1шаршы м. Аудан – 2000 долл. Тауардың имиджін жасау -500 долл., дизайн – 500долл. 10 шаршы метр 2000долл.
500долл.
500долл.
Теледидардағы
роликтер
1 мин.- 10000 долл. 5 секундтан 2 ролик тематикалық бағдарлама. 1000долл.
Радио ролик 1 мин.- 1000долл. 10секундтан 6 ролик 1000долл.
Журналдағы жарнама Жарнама ¼ бет – 500 долл. 4 жарнама 1/8 беттен 1000долл.
Газеттегі жарнама Жарнама ½ бет – 600 долл. 8 жарнама ½ беттен 4800долл.
Басылған қағаздар 1 беті – ¼ долл. 1000 бет 250 долл.
Компьтерлік тор Бетті құру – 2000 долл.(тіркеу) +100 долл.
(дизайн) 1 Web бет 300долл.
Нәтижесі: 11350
Ал жарнамалық кампанияны жүргізу уақыты 2005 жылдың қантар- мамыр айлары. Бұл уақытты таңдау, осы маусымдарда ең көп туристік көрмелер болатынымен негізделген.
Өнімнің кеңінен бағытталған түрлеріне берілген өнімге демографиялық мүдделері міндетті түрде ескеру қажет.
Жарнамалық кампаниялар жүзеге асыруды өткізу бөліміне беру керек. Қоғамдық жаналықтарды электронды құрылымдар арқылы қолдану туралы жарнамалық агенттіктерге жүгіну жақсы. Берілген жарнамалық агенттер жарнаманы теледидар мен радиоға жібереді, шағын компаниялар тауар туралы бағдарлама түсіре алады.
Сайтта құру
мен дизайнын жасау дизайнерлік компьютер
фирмаларына жүктеледі.
Қорытынды
Әрбір туристік фирмаға қандай елге саяхаттарды ұйымдастыру, қандай түрімен және қызметтердің қандай түрімен туристік пакетті толықтыру керектігін өзі шешуге тұра келеді. Стратегиялық шешімдер қабылдағанда туристік фирмаларға рыноктың қажеттіліктері мен түріне сүйенеді. Тұтынушылардың қажеттіліктерін білу ең маңызды мәселе екенін бәріне түсінікті. Осының мақсатында туристік фирмалар маркетингтік зерттеулер жүргізеді. Маркетингтік зерттеулердің негізгі бағыттары болып рыноктың сыйымдылығы мен конъюнктурасы, тұтынушылары, бәсекелестер, жабдықтаушылар, делдалдар, өнім табылады. Туристік кәсіпорын маркетингі көптеген факторлар әсеріне байланысты (экономикалық, табиғи, элеуметтік – мәдени және т.б.). Кәсіпорын маркетингі практикасындағы факторлар мен оларды қоладанудағы күрделі өзгерістерді қарастыру керек. Мысалға, қазіргі кезде көптеген елдер бос уақытын спорт пен демалысқа кетіруге тырысады, туристік фирма іс – әрекетіне бейімделуге және туризм сферасындағы т.б. даму беталысын көрстеу міндеті болып табылатын туристік маркетингті дамыту үшін жаңа перспективаларға жол ашады. Мысалы, Қазақстан Республикасында негізінен спорт, жүзу, аң аулау саласына бағытталған. Ғылым мен техниканың дамуы туристік қызметтің массалық өндірісінң құралдарын жетілдіруге мүмкіндік берерді. Туризм индустриясындағы туристік маркетингке компьютерлік техниканы енгізу керек.