Туризмнің теориялық аспектілері қоғамдық дамудың экономикалық критериясы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 18:41, дипломная работа

Описание

Туризм – демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай – ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты, жәке және ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде жоспарлануы және тәжірибеге енгізілуі тиіс қызмет.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................5

1. ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ
ДАМУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КРИТЕРИЯСЫ РЕТІНДЕ

Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері.....................8

Туризмді жіктеудің теориялық-экономикалық көзқарастары....................13

Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару,
Қазақстанның шетелдерге насихатталуы............................................................19

2. ТУРИСТІК БИЗНЕСТІҢ ОТАНДЫҚ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 “Kami travel” туристік фирмасының қалыптасуы........................................26

2.2 “Kami travel” туристік фирмасының қоғамдық қызмет түрлері мен мақсаты...................................................................................................................28

2.3 “Kami travel” туристік фирмасындағы маркетинг және нарықтық талдау......................................................................................................................45

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ

3.1 Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы........................... 56

3.2 Ұлттық экономиканың тиімді дамуына туризмнің тигізетін әсері.............62


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................66

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................70

Работа состоит из  1 файл

tour_18.docx

— 181.78 Кб (Скачать документ)

 

          Жоғарыда көрсетілген кестеде  Қазақстан Республикасының азаматтарының   қай мемлекеттерге баратыны көсетілген. Сонын ішінде 2005 жылы статистикалық  көрсеткіш бойынша Қазақстан  азаматтары көп барған мемлекет  болып Түркия - 24,5%; БАЭ - 15,8%; Қытай - 13,5% табылды.

          Ал келесі кестеде Қазақстан  Республикасына 2005 жылы келген негізгі  мемлекеттер – басқалары - 29,6% (төмендегі көрсетілген мемлекеттерден  басқа мемлекеттер); Қытай - 17,6%; Германия -  12,3% екені көрсетілген.

 

6-Кесте. Қазақстанға қонаққа  келетін негізгі мемлекеттер  (қорытынды пайызбен)

 

Мемлекеттер

2000 жыл

2001 жыл

2002 жыл

2003 жыл

2004 жыл

2005 жыл

Қытай

0,7

0,3

7,5

7,8

15,9

17,6

Германия

51,9

8,9

31,1

49,5

17,0

12,3

Ресей

4,8

18,6

1,5

2,0

6,5

10,8

АҚШ

7,7

8,5

5,3

6,5

8,5

6,6

Ұлыбритания

7,8

3,4

1,5

4,1

5,7

5,8

Италия

1,5

2,2

0,8

2,2

3,6

4,0

Түркия

0,5

0,8

0,6

2,3

3,6

3,6

Иран

0,6

0,4

1,7

1,1

1,0

0,6

Израиль

0,7

1,0

3,2

1,8

3,1

2,2

Жапония

3,2

6,9

0,7

1,3

2,5

3,5

Литва

1,0

0,2

2,6

2,0

4,7

3,4

басқалары

19,6

48,8

43,5

19,4

27,9

29,6


 

2.3 “Kami travel” туристік  фирмасындағы маркетинг және 

нарықтық талдау

 

          Маркетиг және нарықты талдау.

          1. Дислокацияны таңдау.

          Бұл кезеңде құрылтайшыларға  олардың қай жерде орналасатының  шешу керек және кәсіпорын  үшін болашағы бар ауданды  таңдауға тырысу керек.

          Бұл дипломдық жұмыста біз  Алматы қаласы сияқты ауданды  алып көрсетейік.

          Негіздеме: Алматы қаласының туристік  нарығы бай клиенттерге толы. Осы тұста 3 негізгі фирманы қарастырайық.

          2. Бәсекелестікті талдау.

          Бұл кезеңде біз, белгіленген  ауданда тіркелген фирмалардың  сандық статистикасын зерттейміз. Тур қызметтердің шығару көлемін,  баға белгілеуді талдаймыз және  біздің фирмамен салыстырамыз.

 

7-Кесте. Маркетинг және  нарықты талдау

 

Аты

Орналасқан жері

Нарықтың бөлігі

1

Жана Арка

Қарасай батыр көшесі -85, Сейфуллин даңғылы 

35%

2

World Travel Service

Шевченко көшесі - 112,Байтұрсынов даңғылы

20%

3

Grand Tour

Қонаев көшесі, 132

15%

4

Басқа фирмалар

 

20%


 

          Тур бойынша сұранысты көбейту мүмкіндігін беретін, сенімді және тексерілген  операторлармен жұмыс істеуге үйреніп қалғандықтан, бұл көрсетілген 3 фирманың туристук бағыттарының ассортименттері бар, ал біздің фирма одан да үлкен ассортиментті ұсынады.

          Қызметтің туристік саласындағы  ең қатаң бәсекелестіктің затына (түріне) келесілерді жатқызамыз:

  • баға;
  • фирманың беделі;
  • сапа;

          «Жана Арка» фирмасы жарнамаға  ең ерекше көңіл бөледі (                телетекстерде хабарландыру, баспаларда, теледидардағы жарнамалық бағдарламаларда,  визиткаларды тарату, телефон анықтамаларындағы  жарнама, кірістегі хабарландыру).

          «World Travel Service» (кірістегі хабарландыру, баспалар арқылы хабарландыру, телефон  анықтамаларындағы жарнама).

          «Grand Tour» (кірістегі хабарландыру, қаланың стенттеріндегі жарнамалар, визиткаларды тарату).

          «Kami Travel» туристік фирмасы осы  мәліметтерді талдап қызметтің  бірінші кезеңдерінде жарнамаға  көп мән (көңіл) беру керек  деген шешім қабылдады.

          Атап көрсеткен сұрақтар бойынша,  салыстырмалы артықшылықтарын бағалау  үшін, ақпаратты жүйелендіруге мүмкіндік  беретін негізгі бәсекелестері  бойынша нарықты сегменттеу әдісін  қолдануға болады,бұл ақпаратты  келесі кестеде көрсету ыңғайлы

 

8-Кесте. Бәсекелестері  бойынша нарықты сегменттеу

 

Бәсекеге қабілетті факторлар 

Kami travel

Жана - Арка

World Travel Service

Grand Tour

1

Сыртқы жарнама және ақпарат

10

9

7

7

2

Офистің интерьері

9

9

6

6

3

Менджерлердің сыртқы түрі және қабілеті

10

8

7

7

4

Энтузиазм

10

9

6

7

5

Мамандылық 

7

10

10

9

6

Білім бағыты

8

9

8

8

7

Визалық сұранымдағы сақтандыру түсінігі

9

9

9

9

8

Төлем қабілеті

6

6

6

6

9

Компьютерді қолдану

10

10

10

10

10

Каталогтарды қолдану

10

10

10

10

11

Клиенттің сұранысына сәйкес келуі

10

8

7

6

 

Жалпы ұпай:

99

97

86

85


 

          Бағалау 10 ұпайлық жүйеде жүргізілген. Берілген мәлімет бойынша «Жана – Арка» туристік фирмасы – ең басты бәсекелес екенін көрсетеді. Ең жоғары жалпы ұпай саны – 110, соған ұмтылу арқылы лидерлікке (көшбасшылыққа) жетуге болады.

           Сатып алушыларды зерттеу. Тауарды сатып алушыларын табу және сұранысты зерттеу қажет. Біз келесі әдістерді қолданамыз: сұраныс, интервью алу, сұрақ – жауаптар. Барлық өткізілген жұмыстың нәтижелері, сатып алушылардың жеке сегменттерін анықтау мақсатында біріңғай диаграммаға біріктіреді. Біз тек қана адамдардың төлем қабілетін ғана емес, сонымен қатар, олардың демалысқа деген көзқарастарын, яғни, демалыстың қандай болу керектігін зерттейміз.

          Туризм әртүрлі түрлер мен  формаларға бөлінеді. Біз ішінен  тек жақсыларын ғана анықтап,  өз жұмысымыздағы мәліметтерден  алшақтаймыз.

          Туризмнің келесі түрлерін анықтауға  болады:

  • ішкі туризм;
  • сыртқы туризм;
  • қысқа мерзімді туризм;
  • ұзақ мерзімді туризм;

          Сапардың орташа мерзімі 7 –  14 күнге дейін. Демалыс үшін 10 күн оптималды мерзім, бірақ сапардың  мерзімі, оның мақсатына байланысты.

     -   интенсивтілігі  бойынша.

          Алматыда туризм маусымдық сипатта  болады. Жаздық (60%  сатылым), қыстық (14 – 22%), маусым аралық (23 – 25%), өлі (4%).

  • саяхат мақсаты бойынша.

          Курортты сауықтыру, спорттық, көңіл  – көтеру, танымды – істік,  экологиядық, шоп – турлар, білім  беру, экзотикалық, діни және тағы  басқа.

          Зерттеу жұмысының нәтижесінде,  адамдар туризмнің келесі түрлерін  таңдайды: 

  • шетелге шығу;
  • қысқа мерзімді;
  • жаз немесе қыз маусымында;
  • көңіл – көтеру мақсатында.

Әрі қарай сауалнаманы ұсынамын.

 

Сауалнама

 

  1. Жасы ______________________________________________________
  2. Жұмысы ( оқиды немесе жұмыс істейді) ________________________

     _____________________________________________________________

  1. Жынысы __________________________________________________
  2. Жылдық табысы ____________________________________________
  3. Тұрмыстық жағдайы ________________________________________
  4. Ұлты _____________________________________________________
  5. Тұрғылықты жері __________________________________________
  6. Сізде 18 жастан төмен қанша баланыз бар (жасын көрсетіңіз)

     ____________________________________________________________

  1. Білімі ____________________________________________________
  2. Сіз демалысқа көбіне қанша ақша жұмсайсыз ____________________
  3. Туристік сапарларға барған негізгі мақсаттарынынызды атаныз

     _____________________________________________________________

     12. Қандай тасымал қызметтерін қолданасыз (әуе-, көлік-, темір жол-,

     _____________________________________________________________

     13. Сіз Қайда барғанды қалайсыз (керегін сызыңыз)

     А) Қазақстан  Республикасы

     В) Шетел

     14. Сіз ҚР-да  әлде, шетелде тұрғанды қалайсыз ____________________

    15. Сіздің ең  ұнаған саяхатыныз (қызмет керсетуін  көрсетіңіз)

     _____________________________________________________________

 

         Қолда бар мәліметтердің қолдануын талдау. Туристік фирма болып табылатын «Kami Travel» туристік фирмасы, өзі үшін келесідей қызметтің келесідей түрлерін таңдады:

  • халықаралық туризм;
  • ішкі туризм;
  • Қазақстан бойынша сапарлар;
  • экскурсиялық туризм.

          Бізде бар, материалдық базаны  ескере отырып, оны пайдалану  мүмкіндігіне талдау жүргіземіз. Сол арқылы тек қана туристік  фирма қызметінің негізгі түрінің,  яғни, туристік жолдамаларды өткізудің  нәтижесінен ғана емес, сонымен  қатар, өзінің мүлігін қолданудан  алатын табысты талдай аламыз. Бұған материалдық немесе материалдық  еместігіне байланыссыз кез келген  жеке меншіктен табыс алуға  мүмкіндігін беретін, Қазақстан  Республикасының «жеке меншік  туралы» заңы негіз бола алады.

          Ғимаратты жалға алу. Материалдық – техникалық база.

          Туристік фирманы құру барысында, оның құрылтайшылары туристік фирманың жарғылық капиталына үлес ретінде қосатын, белгілі бір меншіктің иелері болып табылады.

          Кіргізілетін меншік болып келесілер  болып табылады:

  • Pentium 4 маркалы жеке компьтер (бағалау құны 200000 теңге (екі жүз мың теңге));
  • HP Laser Jet 6L принтері (бағалау құны 20000 теңге (жиырма мың теңге));
  • EPSON 3L ксероксі (бағалау құны 30000 теңге (отыз мың теңге));
  • PANASONIC телефаксі (бағалау құны 40000 теңге (қырық мың теңге));.

          Өз ғимаратымыз болмағандықтан, біз жеке иеленушінің 57 кв.м  – лі, офистік жиһазбен жабдықталған, ортақ коридор мен санитарлық  узелі бар пәтерді жалға аламыз.

       

 

            Еңбек қоры.

          Ж.Ш.С «Kami travel» туристік фирмасы  Қазақстан Республикасының азаматтарымен  негізделген қоғам болып табылады. Олар құрылиайшылар және туристік  фирма қызметкерлері болып табылады. Тәжірбие жүзінде анықталған  жаңа құрылған туристік фирма  ретінде «Kami travel» туристік фирмасында  екі негізгі жымысшы және бухгалтер  қызмет атқарады (сурет3).

Информация о работе Туризмнің теориялық аспектілері қоғамдық дамудың экономикалық критериясы ретінде